Тарау. ЭСКЕРИ ҚЫЛМЫСТЫҚ Қ¥ҚЫҚ БҮЗУШЫЛЫҚТАР

§1. Әскери қылмыстың түсінігі және жалпы сипаттамасы. Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері

Қазақстан Республикасында эскери қызмет атқарудың тэртібі Қазақстан Республи-касының Конституциясында, эскери міндеттілік жэне эскери қызмет турапы заңда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы жарғыларында, басқа да норма-тивтік-құқықтық актілерінде көрініс тапқан. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 18-тарауы эскери қылмыстарға арналған.

Қылмыстық кодекстің 3-бабы 6-тармағында эскери қылмыстық құқық бұзушылықтың зандылық ұғымы берілген. Онда: эскерге шакыру бойынша не келісім-шарт бойынша Қазакстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да эскерлері мен әскери құрамаларында эскери қызмет атқарушы эскери қызметшілердің, сондай-ақ, запастағы азаматтардың жиындардан өтуі кезінде эскери қызмет аткарудың белгіленген тэртібіне карсы осы тарауда кез келген кылмыстық құкық бұзушылықтарды жасауы эскери қылмыстық құқық бұзушылықтар деп танылады - делінген.

Осыған орай Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да эскерлер мен эскери құрылымдарда эскери қызмет атқарудың белгіленген тэртібін реттейтін қоғамдық қатынастар осы қылмыстық кұқық бұзушылықтың топтық объектісі болып табылады. Әскери қызметшілердің эскери қызмет атқарудың белгіленген тэртібімен байланысты жоқ басқадай коғамға қауіпті жэне құқыққа қайшы іс-эрекеттері эскери қылмыс бо­лып табылмайды, олардың мұндай іс-эрекеттері жалпы қылмыстық кұқық бұзушылық құкықтық норма бойынша сараланады.

Эскери қылмыстық қүқық бұзушылықтың екінші бір өзіндік белгісі - қылмыстық кұқық бұзушылықтың арнаулы субъектісі болып табылады. Олар - эскерге шақыру бойынша не келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да эскерлері мен эскери құрамаларында эскери қызмет атқарушы эскери қызметшілер, сондай-ақ жиындардан өту кезінде эскери қызмет атқарушы запастағы азаматтар.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне Қорғаныс министрлігі жэне оған бағынышты құрлық эскерлері, ракеталық эскерлер, соғыс-теңіз флоты, соғыс-эуе күштері, эскери-космикалық күштер Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен эскери құрамалары, шекаралық эскерлер, қауіпсіздік қызметі эскерлері, үкіметтік байла-ныс эскерлері, азаматтық қорғаныс эскерлері, Ішкі істер министрлігінің ішкі эскерлері, т.б. жатады.

Егер қылмыстық құқық бұзушылық эрекеттер эскери қызметті өткеру кезінде жасал-са жэне қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімдері өтпеген болса, адам эскери қылмысы үшін эскери қызмет аяқталған сон, да қылмыстық құқық бүзушылық үшін жауапқа тартылуға жатады.

Әскерге шақырудың, келісімшарт бойынша эскери қызметке, оның ішінде эскери жиындарға шақырудың жэне өтудің, эскери қызметтен босатудың жэне жиындарды аяқтаудың тэртібі Зандармен, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен, езге де нормативтік-қүқықтық актілермен анықталады.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік-құқықтық ак-тілер туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының талаптарына сэйкес эскери қызметгі өткеруді жэне онымен байланысты өзге мэселелерді реттейтін Қазақстан Республи­касы Заңцарының нормалары арасында қарама-қайшылық туындаған кезде кейін-гі қабылданған заңның нормалары қолданылады. (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Әскери қылмыстар жөніндегі істер бойынша сот тэжірибесі туралы» 2005 жылғы 28 қазандағы № 6 нормативтік қаулысының 3-тармағы.)

Әскери қылмыстық қүқық бұзушылықтар тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне байланысты мына төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді:

Бағыныштылық тэртібіне жэне эскери қызметшілердің жарғылық ережелеріне сай қарым-қатынасына қол сүғатын кылмыстар: Бұйрыкда бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (437-бап). Бастықкд қарсылық көрсету немесе оны кызметтік міндеттерін бүзуға мэжбүр ету (438-бап). Бастыққа қатысты күш колдану іс-эрекеттері (439-бап). Бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде эскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-катынастардың жарғылық ережелерін бұзу (470-бап).

Әскери қызметті өтеу тэртібіне қарсы бағытталған қылмыстар: бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (441-бап). Қашқындық (442-бап). Әскери қызметтен атқарудан жалтару немесе бас тарту (443-бап).

Әскери кезекшілікпен жэне басқа да арнаулы қызмет тэртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар: жауынгерлік кезекшілікті атқарудың қағидаларын бү_зу (444-бап). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі қағидаларды бұзу (445-бап). Қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бүзу (446-бап). Ішкі қызмет атқарудың жэне гарнизонда патруль болудың жарғылық ереже-лерін бүзу (447-бап). Бақылаушы қызметін атқару қағидаларын бұзу (448-бап). Қоғамдық тэртіпті сақтау жэне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет атқару қағидаларын бұзу (449-бап).

Қару-жарақ, сондай-ақ заттар мен нэрселер, эскери мүліктерді, техниканы пайда-лану мен оны сақтаудың ережелеріне карсы қылмыстық құ_қық бұзушылықтар: эскери мүлікті қасақана жою немесе Бұлдіру (459-бап). Әскери мүлікті абайсызда жою неме­се Бұлдіру (460-бап). Әскери мүлікті жоғалту (461-бап). Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бү_зу (463-бап). Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін заттармен жэне нэрселермен жүмыс істеу қағидаларын бүзу (462-бап). ¥шу немесе оған даярлану ережелерін бүзу (464-бап). Корабль жүргізу қағидаларын бүзу (465-бап). Адамның алкогольдік, есірткілік немесе уытқүмарлық масаң күйде маши­наларды жүргізуі, корабльдерді жүргізуі, эскери үлгу аппаратын басқаруы, эскери тех­никаны осындай адамның жүргізуіне немесе басқаруына беру не жүргізуіне немесе басқаруына жол беру (466-бап).

Белгіленген тэртіп пен эскери қүлияны сақтауға қарсы қылмыстық қү_кық бұзушылықтар: Әскери сипаттағы қүпия мэліметтерді жария ету немесе эскери сипаттағы қүлия мэліметтері бар қүжаттарды жоғалту (458-бап).

Әскери лауазымды қылмыстық кұқык бұзушылықтар: билікті теріс пайдалану (450-бап); билікті асыра пайдалану (451-бап); биліктің эрекетсіздігі (452-бап); қызметке салғырт қарау (453-бап).

Шайқас даласында және соғыс жүріп жатқан ауданда эскери қызметті атқару тэртібіне қарсы қылмыстық құкық бұзушылықтар: батып бара жаткан эскери кемені тастап кету (454-бап); соғыс жүргізу құралдарын карсыласқа беру немесе тастап кету (455-бап); тұгкьшға өз еркімен берілу (456-бап); мародерлік (457-бап).

Әскери қылмыстар объективтік жағынан алғанда әрекет немесе эрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады.

Жедел қызмет бойынша эскери қызметшілер, келісімшарт жэне шақыру бойынша эскери қызметшілер, эскери жиындардан өту кезіндегі запастағы азаматтар үшін эскери қызметті өткерудің басталуы эскери қызмет туралы заңдар мен өзге де нормативтік-кү_кықтык актілерде мазмүддалған ережелерге сэйкес анықталады.

Әскери бөлімнің жеке күрамының тізімдерінен шығарған күн эскери қызметшілердің барлық санаттары үшін эскери кьізметті өткерудің аяқталған уақыты болып табылады.

Әскери қызметшінің нақты эскери қызметтің лауазымдык міндеттерін орындағаны туралы мэселені шешу кезінде эскери қызмет туралы нормативтік-кү-қықтық актілерді басшылыққа алу қажет.

Қылмыстық іс жүргізуші орган Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 18-тарауының бірқатар баптарының диспозициясы бланкеттік (сілтемелік) болып ке-летінін ескеріп, эрбір нақты жағдайдағы эскери қылмыстар үшін адамды жауапқа тартқанда эскери қызметті өтеудің жалпы тэртібіне, сондай-ақ тэуліктік наряд қызметін атқаруға, қарауылға, мемлекеттік шекараны күзету бойынша нарядқа, жауынгерлік ке-зекшілікке жэне эскери жарғыларда, өзге де нормативтік-құкықтық актілерде көзделген қоғамдық тэртіпті қорғау бойынша нарядтың эскерлер қү_рамына қатысты бұзылған ережелердің мазмүлын анықтау қажет. (ҚР Жоғарғы Сотының аталған қаулысының 4-тармағы.)

Қылмыстык құқьіқ бұзушылық кұрамдары формальдық та, материалдық та болып кездеседі. Оларға жеке құрамдарға талдау жасағанда толық тоқталамыз.

Субъективтік жағынан алғанда бү_л қылмыстьщ құқық бұзушылықтардың көпшілігі касақаналыкден, азын-аулағы абайсыздықпен істеледі. Енді осы кьілмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген тобына жэне түрлеріне талдау жасайық.

§2. Бағыныштылық тәртібіне жэне эскери қызметшілердің жарғылық ережелерге сай қарым-қатынасына қол сұғатын қылмыстық құқық бүзушылықтар