Пайдаланған әдебиеттер

Жоспары

1. Спирография, спирограф туралы түсінік.

2.Спирографияны жүргізу алгоритмі.

3.Спирография жүргізуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер.

 

 

Спирография (лат.spiro-тыныс алу,грек.grafe-жазу) – өкпенің тыныс алғандағы көлемінің өзгерісін графикалық тіркеу арқылы зерттеу әдісі. Бұл әр түрлі тыныс жүйесінің ауруларын диагностикалайтын қауіпсіз әрі ақпаратты әдіс. Оның көмегімен науқастың тыныс алу қызметінің көрсеткіштерін анықтауға болады.Медициналық диагностикада спираграфия жүйесі айтарлықтай жаңалықтар ашты, олар өкпе сыйымдылығын анықтап қоймай испираторлық және экспираторлық тыныстауды бірдей зерттейді.

Спирографбұл медициналық компьютерлік диагностикалық аспап.Ол ересектер мен балалардың сыртқы тыныс қызметін пневмотахометрия көмегімен зерттейді.

Компьютерлік спирограф СП-3000 ол жадылар сақталған модульмен USB шнуры арқылы ноутбукқа жалғанады. Программаны қамтамасыз ету ушін Windows-98/2000/XPжүйесі қолданылады.

Спирографияның көмегімен анықталатын көрсеткіштер:

Тыныс алу жиілігі–1мин. Ішіндегі тыныс алу қозғалысы (қалыпты жағдайда орташа 16-17).

Тыныс алу көлемі–1рет тыныс алғандағы өкпеге түсетін ауаның көлемі(ерлерде 300-1200мл,әйелдерде 250-800мл).

Минуттық тыныс алу көлемі -1мин ішінде өкпеге келіп түсетін ауаның көлемі (4-10л).

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы – терең тыныс алғаннан кейін терең тыныс шығарудағы максимальді ауаның көлемі(2,5-7,5л)

Тифно индіксі 4/5ы.

Спирография жүргізуге қарсы көрсеткіштер:

Спирография өткізуге мүмкіндік болмайтын науқастың жалпы жағдайының ауырлығы.

Үдемелі стенокардия,миокард инфарктісі,жедел ми қан айналымының бұзылысы.

Қатерлі артериаьді гипертензия, гипертензиалық криз.

Жүктілік токсикозы, жүктіліктің екінші жартысы.

Үшінші дәрежелі қан айналым жетіспеушілігі.

Ауыр өкпелік жетіспеушілік.

Спирография әр түрлі созылмалы өкпе ауруларын диагностикалауда маңызы зор. Мысалы: созылмалы бронхит,өкпе эмфиземасы,пневмосклероз, созылмалы тыныс тұншықпасына жүргізу өте қажет болып табылады. Сонымен қатар зиянды өнеркәсіптегі халықты профилактикалық тексерулер кезінде, дене шынықтыру және спортпен айналысу барысында, медициналық бақылау жүргізгенде де қолданады.

Спирографиялық зерттеуге дайындық

Спирографияны таңертеңгілік уақытта ашқарынға немесе тамақтанғаннан соң 1-1,5 сағат өткеннен соң жүргізеді. Тексерілу алдында темекі шегуден жане қою шай немесе кофе ішуден бас тарту қажет. Егер науқас тексеруден бұрын дәрігер тағайындаған тыныс жүйесіне әсер ететін препараттар қабылдаған болса, оларды зерттеуден 6-24 сағат бұрын қабылдауды тоқтатады. Зерттеу науқастың спирограф алдында отырған қалпында жүргізіледі . Орындықтың биіктігі науқасқа ыңғайлы болатындай реттелетін болуы керек. Әйтпесе зерттеу нәтижесі дұрыс болмауы мүмкін. Киімі терең дем алып, терең дем шығару үшін кеуде қуысын қыспайтын бос әрі ыңғайлы болуы қажет.

Спирография жүргізуге көрсеткіштер:

Өкпе жеткіліксіздігінің түрін және дәрежесін анықтау.

Аурудың үдеуін және дәрежесін анықтау мақсатында өкпелік вентиляцияның көрсеткіш мониторингі.

Бронхиальді обструкцияны бронходилятатормен, холинолитиктермен,ингаляциялық глюкокортикостероидтармен және мембрана тұрақтандырушы препараттармен курстық емдеудің тиімділігін бағалау.

Өкпелік және жүректік жетіспеушіліктің басқа да зерттеу әдістер кешенімен дифференциялды диагностикасын жүргізу.

Өкпе ауруларына қауіп төнген адамдарда немесе зиянды факторлар әсер ететін жерлерде қызмет ететін адамдарда вентиляциялық жетіспеушіліктің бастапқы белгілерін анықтау.

Жұмысқа жарамдылық экспертизасы және клиникалық көрсеткіштермен қоса өкпелік вентиляция негізінде жүргізілген әскери экспертиза.

Бронхиальді обструкцияны анықтау мақсатында бронходилятациялық тесттер жургізу және бронхтардың гиперреактивтілігін анықтау үшін ингаляциялық тесттер жүргізу.

Пайдаланған әдебиеттер

Поликлиническая терапия

В.А Галкин Москва 2009 ж

Поликлиническая терапия

Г.К Нанаева

Д.З. Мамытбекова Бишкек 2004 ж

. Ішкі аурулар

Қ. А. Жаманқұлов Ақтөбе 2008

Русский медицинский журнал

22.02.10 ж 2-10 бет

Поликлиническая терапия

Г.И. Сторожаков Москва 2009 ж

И.И. Чукаева

Интернет, сайт www.google.ru