Исламнан бұрынғы Меккедегі діни ахуал

 

Тайпалардың ортақ қолданатын пұттары болатын. Мысалға Химярилердің Санада Риям, Тай тайпасының Фәлс, кағб тайпасының Руда атты пұттары бар еді. Әр тайпаның өздеріне тиісті құлшылық орындары секілді, жеке пұттарыда болатын. Сақиф тайпасының Лат , Қурайш және Кинананың Ғүзза, Аус пен Хазраждың Мәнат атты пұттары бар еді.. Кағбаның ішіне 360 пұт орналастырылған еді. Пұттардың ең үлкені Һубәл атты пұт болатын.
Алла тағала жер бетінде адам баласын жаратқалы бері, түрлі кезеңдермен мекендерге елшілерді жіберіп отырған. Сол елшілер өз қаумдарын Алланың дініне және бірлігіне яғни таухидке шақырған. Қоғамда сол елшілерге иман келтіріп, кейбіреулер оларға сенбей өткен. Жекелеген кісілер болмаса тарихта жалпы дінсіз қоғам болмаған. Уақыт өте келе қоғамда діннен алшақтау байқалған кезде; Алла тағала жаңадан елші жіберіп отырған. Таухид иманынан алыстаған Мекке халқын Һидаят жолына шақыру мақсатында Алла таға соңғы пайғамбар Мұхаммед с.а.у. ді елші етіп жіберді. Сол кезде Ибраһим пайғамбардың діні иман негіздерін жоғалтып, қағидалары бұзылып, елде көпшілік адам пұтқа табына бастап кеткен . Бірақ «Ханиф» дінін ұстанатын бір топ кісілер, Ибраһим дінін жалғастырып өмір кешіретін. Араб түбегінде жалпы хрестиан яһудилерден басқа, азда болса отқа және жұлдыздарға табынатын кісілерде бар еді.

Бүкіл осылардың қасында кағба діни орталық қасиеттілігін жоғалтпай, ел тынбай келіп зиярат жасайтын.

 

6.1.Отқа табынушылық

Ибраһим пайғамбардың ұрпақтарынан тараған солтүстікті мекендеген арабтар баста таухид яғни бірқұдайшылық дінінде болатын. Отқа табынушылық, Алла тағалаға серік қосу кейіннен пайда болды. Мүсіндерге, тік қойылған тастарға, пұттарға табыну күнделікті әдетке айналды. Сол пұттарды сақтайтын үйлерде соғып алды. Жағдайы келген әр бір кісі табынатын үй салып алуға тырысатын еді. Ал үй салып алуға күші жетпейтіндер, кағбаның, немесе басқада табынатын үйлердің айналасына сол пұттарын қойып тауаф жасайтын болған. Отырықшы арабтар құлшылық үйлерін жасап алса, көшпенділер шатырларының арасынан біреуін құлшылыққа арнайтын еді. Кез келген үйдің ішінде табынатын бір пұты болар еді. Үйден сапарға шығарда немесе қайтқан кезінде міндетті түрде келіп табынатын, жүзіне сүртетін болған.

Құранда бұл жайлы Алла тағала хабарлап былай дейді: «Лат пен Ғұззаны көрдіңдер ме? ,Үшінші басқа Менатты?[14] ». Құранда олардың табынған басқа да пұттары жайлы: «Және олар: “Тәңірлеріңді тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғұс, Яғұқ және Насырды әсте тастамаңдар” деседі. [15]» - деп хабар береді. Пұтпарастар пұттарының айналасында тауаф жасап, құрбандықтар шалып, дұға жасап табынатын еді.

(Мұхаммед Ғ.С.) расында олардан: “Көктерді жерді кім жаратты” деп сұрасаң, әрине олар: “Алла” дейді. “Көрдіңдер ме? Егер Алла маған бір зиян беруді қаласа, Алладан өзге шоқынғандарың Оның апатын айықтыра ала ма? Немесе Алла маған бір игілік қаласа, олар Оның игілігін тоса ала ма?”,- де. “Алла маған жетеді. Тәуекел етушілер Оған тәуекел етсін” де. (38). Зумәр сүресі
Сол пұттарына келіп, мал дүние, бала шаға,соғыста жеңіс секілді текқана дүниелік мақсаттарын сұрайтын болған. Уақыт өте құрайштың арабтары пұттарын кағбаның айналасына орналастырып, балгерлік оқтарында сол жерге тігіп тартатын болды.

Арабтар сапарға шығу, сауда жасау,үйлену,күмәнді туған баланың тегін анықтау, құдық қазу секілді тіршіліктерде келіп сол балгерлік оқтарын таңдайтын. Таңдаған оқта не жазылған болса, соған қарай қимылдайтын еді[16]. Балгерлік оқтары өздерінің пайдасына шықпай қалған кезде мүшріктердің ішінде пұттарға әдепсіздік жасайтындарда болатын. Мысалы Зүлхуласа құлшылық үйіне келіп өш алу үшінбалгерлік оқтарын тартады. Бірақ тартқан оқта өш алуға рұхсат шықпайды. Ашуланып “егер сенің әкеңді өлтірсе менің қолымнан қақпайтын едің “ деп,- тартқан оқтарын пұттың бетіне атып салады.

Һубал атты пұттың үстіне “айып пұл, мақұл, жоқ, сіздерден, сізден емес, байланысы бар, сулар” деп жазылған оқтар ілулі тұратын. Ниеттеніп келген кісіні арнайы қызметкер қолынан ұстап пұттың қасына апарады. Сөйтіп ол кісі, “Ей тәңіріміз, мен пәленше пәлен ұлы, осындай ниетпен келдім дұрысын көрсет‘, деп оқтардың біреуін тартатын болған.  

 


Жәһилиет арабтарының назарында пұттар, Алла тағала жеткізетін және оның ырзашылығын тапқызатын жол деп есептейтін еді. Пұтқа табынушылар Аллаға иман келтірумен бірге, пұттар бізді құдайға жақындатады деп сенетін болған. Бұл жайлы Құран кәрімнің Зумәр сүресінің 3 – аятында былай айтылған: “Көңіл бөліңдер! Дін нағыз Аллаға тән. Сондай Алладан өзгені дос тұтқандар: “Біз бұларға, Аллаға жақындастырсын деп қана табынамыз” (дейді). Күдіксіз олардың араларындағы таласқан нәрселеріне Алла (Т.) үкім береді. Расында Алла, кім өтірікші, өте қарсы болса, оны тура жолға салмайды. (3)[17] “

 

 

Хұзаға тайпасынан Амир бин Лухай Ибраһим пайғамбардын ханиф дініне өзгеріс ендіріп Араб түбегінде пұтқа табынуды, Аллаға серік қосуды бастатқан кісі. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.с : « Тозақтатоқ ішегін сүйреп бара жатқан Хұзағалық Амир бин Лухайды көрдім» деген.  
Бұл кісілер Алла тағалаға иман еткедерін, сонымен бірге пұттарданда көмек сұрайтын болған. Мұндай кісілерді құранда мүшриктер деп атаған. Мүшриктер, аспан жерді,өздерінде Алла тағала жаратқан деп қабылдайтын. Бірақ жердегі пұттардыңда үлесі бар деп адасатын.

 

 

Ханифилік діні

Ханифтің тілдік мағынасы, адасушылықтан тура жолға түскен кісіге айтады. Шариғатта әз пайғамбар Мұхаммад с.а.с нан бұрын арабтардың арасында жалғыз бір Алла тағалаға иман келтірген, пұтқа табынбаған кісілерге «Ханиф» деп айтқан. Басқаша айтқанда: Ибраһим пайғамбардың алып келген дініне иман келтірген кісілерге қойылған есім. Бұл термин құранда Ибраһим пайғамбарға қолданылған.Құранның Әл имран сүресінде: «Ибыраһимм (Ғ.С.) Яһуди де, Христиан да емес еді, нағыз Мұсылман еді. Ортақ қосушылардан емес еді.(67)», депкелген. Мұхаммед с.а.с нің алып келген ислам діні мен Ибраһим пайғамбардың ханиф діні таухидқа негізделген екенін құран былай дейді: «Шынында Раббым мені тура дінге, Ыбырайым (Ғ.С.) ның нағыз жолына салды. Ол ортақ қосушылардан емес еді» де. (161)»[18]. Құран кәрімде Ибраһим пайғамбарға иман келтіріп жолымен жүрген кісілерді мақтаған аяттар бар. Мысалы Ниса сүресігің 125- аятында:

«Кім діни тұрғыдан жақсылық істеуші болып, жүзін Аллаға тапсырып, нағыз Ибраһим (Ғ.С.) ның дініне ерген кісіден жақсы бола алады? Алла (Т.) Ибраһим (Ғ.С.) ды дос тұтқан. (125)» деп келген.Жәһилиет кезеңінде бір Аллаға иман келтірген, жәһилиет әдетерінен алыс, оған серік қоспаған жандар табылатын. Мұндай кісілер, Ибраһим пайғамбардың жолымен жүріп, яһуди және хрестиян діндеріне қатысы жоқ, пұтпарастықты қолдамайтын еді. Сол пұттардың жолында сойылған құрбандықтарды ауыздарына да алмайтын, қыз балдарын тірідей жерге көмуге қарсы болатын. Олар оқу жазудан хабардар, Ибраһим пайғамбардың жолын жеке жеке ұстанатын «ханиф» деп аталатын кісілер еді.

Хадиша анамыздың немере ағасы Уарақа ибн Науфәл, Қус ибн Сағидә, Омардың әкесінің бауыры Зәйд ибн Амр, Хамзаның жиені Убайдулла бин Жахш, Таифтық атақты ақын Умәйя ибн әбус Салтсекілді кісілер сол ханифтік діннің атақтылары еді. Бұл кісілер халыққа, жансыз, мылқау, пайдасы болмаған, ешқандай зиянды қайтара алмайтын пұттарға иіліп сыйынудың, оларға сәжде жасаудың қорлық екенін жариялаған болатын. Жалпы Ханифтер жаһилиеттік қателіктерге қарсы келген иманды бір топтар еді.

Ойланайық ЕЙ адамзат! Кел тыңда,түйіп ал ғибраттан. Тірілер өледі, өлгендер жоқ болады, маңдайға жазған болады. Жаңбыр жауады, жерден көк шығады. Балалар туып әке шешесінің орнын басады. Сөйтіп баршасы дүниеден көшеді. Бұл келме кезек өмір жалғасып отырады. Бірі бірінің орнын басады. Құлақ сал, көңіл бөл. Аспанда хабар, жерде ғибрат алатын жайттар көп. Бұл дүние екі есіктен тұратын төбесі жұлдыздармен әріленген үлкен үй. Бұл уйге кірген қалмайды, шыққан қайтып келмейді. Ең бастысы, жеткен жерінде ырзама? Әлде сол жерде терең ұйқыға кетема?  

 

 

6.3. Кағба және қажылық

 

Кағба- харам мешінің ортасында орналасқан төрт бұрышты солтүстік-шығыс қабырғасы 12,63 м, ал солтүстік-батыс қабырғасы 11,03 м, оңтүстік-батыс қабырғасы 13,10 м, оңтүстік-шығыс қабырғасы 11,22 м, ал биіктігі 13 м. Жалпы көлемі 145 шаршы м болған тастан қаланған құрылыс үй ғимарат. Алғашқы кағбаңың есік пен терезесі болмаған, Құсай бин Киләбтің кезінде жасалды. Кағба салынғалы бері арабтардың қасиетті орыны болып саналып келді.Құран кәрімде:

Құранда кағбаның атын ; “әл-Бәйту’лХарам” (Мәида, 2.), “әл-Бәйту’лМухаррам” (Ибраһим, 37.), “әл-Бәйту’л-Aтиқ” ( Хаж, 29-33), “әл- Бәйту’л Ma’мур” (Тур, 4.), “әл-Бәйт” (Бақара, 125-127.) деп атайды.
Харам сөзінің тілдік мағынасы, тыйым салынған , қол сұғылмайтын, ешкім тиіспейтін, қорғауда деген мағына береді. Діндегі арам сөзінеде келеді. Терминдік мағынасы, Мекке мен Мәдинаның белгіленген аумағына харам деп айтылады. Бұл аумақта зиянсыз жандік және жануарларды өлтіру, өсімдік пен шөп шалаңдарды жұлу харам. Сондықтан Меккені Бәләд әлхарам, ал Кағбаны бәйт әлхарам, айналасындағы мешітке масжид әлхарам деп есім берілген.  
«Негізінен адам баласы үшін, бүкіл әлемге мүбарак және тура жол ретінде Меккеде алғаш құрылған үй (Қағба).»[19],- деген аят бар.Бұл аятқа қарағанда жер бетінде кағба алғаш салынған құлшылық үйі болып табылады. Баста кағба қарапайым төрт бұрыш үй болатын еді. Оны қашан және кім салғаны жайлы нақты бір мағлұмат жоқ. Құранның аяттарына қарасақ, кағба Ибраһим пайғамбардан бұрын болып, қирағаннан кейін Ибраһим пайғамбар қайта салғанын байқаймыз. Ал бұрын кағбаны кім салғаны жайлы құранда ешқандай хабар берілмеген.Ибраһим мен баласы Исмаил пайғамбардың кағбаны салғаны жайлы құранның бақара сүресінде дәлел бар: «Сол уақта Ибраһим мен Исмаил (Ғ.С.) үйдің (Қағбаның) ірге тасын көтере: «Бізден қабыл айла, күдіксіз Сен тілекті тым естуші, толық білушісің», деген. Одан кейін құранда кағбаның қызметі Ибраһим мен Исмаил пайғамардың еншісіне өткені жайлы мынадай аят бар: «Сол уақытта үйді (Қағбаны) адам баласы үшін орталық әрі бейбітшілік орны етіп жасадық. Ибраһим (Ғ.С.) ның орнынан намаз орны қылып алыңдар. Және Ибраһим, Исмаил (Ғ.С.) екеуінен: «Үйімді (Қағбаны) тауап етушілер, ғибадатқа отырушылар және рүкүғ, сәжде қылушылар үшін тап-таза ұстаңдар» деп, уәде алғанбыз. (125)»[20]. Исламнан бұрын діни ритуалдар кағбаның ішінде жасалып кейіннен адам сыймай қалды. Кағбаның айналасындағы бос майдан қасиетті саналып, оған «Харам» атымен аталып кетті. Ислам келгесін намаз парыз болғанға дейін кағбаның айналасында намаз оқылып бастады. Сондықтан оған «масжид әл- харам » деп ат қойылды. Халифа омардың кезіне дейін кағбаның айналасы қоршалмаған етін. Халифалық кезінде кағбаның айналасына адам көбейгесін, майданды кеңейтіп сыртынан дуар өрдіреді. Айналадағы үйлер сатып алынып, кағбаға қосып жібереді. Осылайша харам мешіті барған сайын өз көлемін кеңейтіп келді. Кағба Меккеліктер үшін қасиетті саналып, барлық тіршілігінде соның ішіндегі Һубал пұтына балгерлік оқтарын тарта шешім қабылдап отырған. Кағбаның Меккеліктер үшін тағы маңызды болатыны, айналасында сауда саттық жасалып, жәрменке ұйымдастырылатын. Қажылық айларының сыртындада келіп ел зиярат жасай беретін. Арабтар Меккенің харам аумағында соғыс жасамауға келісім жасаған, сол себепті харам аумағына кірген кісі ар уақыт қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп аманда болған.

«Хаж» сөзінің тілдік мағынасы, « Аллаға бет бұру» күнәдан тазару дегенді ұқтырады. Ал шариғатта, Меккедегі қасиетті орындарды белгілі уақыттарда қағидасына сәйкес зират жасауға айтамыз.

 

 

Османлының

Кағбаға үлесі

Кағбаның жөндеу жұмыстары 1040 (1630) жылына дейін Әмауи және Аббасилер кезеңіндегі жасалғанан жөндеулерден кейін ешкім тиіскен емес. 16. ғасырдың соң жағында кағбаның солтүстік батыс жағнда жарықтар пайда болды. Стамбул ғұламалары кағбаны жығып қайта салуға рұхсат бнрмеген.I Ахмет сол кездің бас ұстасы Мехмет ағаға Кағбаны қалпына келтіруді тапсырады.1021 жыл мухаррам(Maрт 1612) айында ел қазынасынан сексен мың алтын жұмсалып Кағба қайта жөнделеді. Стамбулда жасалған, қабырғасын іргесінен мықтылап ұстайтын алтын мен күмістен қапталған төрт аяқ он алты темірден жасалғанконсрукциялық арқалық, шатыры мен жаңбыр су ағатын науасын алып келіп орнатқан. Кағбаның күміс жазуларының орнына алтыннан жасалған есік қойылды. IV. Мұрат кезеңінде Меккеде қатты жаңбыр жауып сел алады. Кағбаның жартысына дейін су басып қабырғасының көп жерін құлайды. Мекке әмірі мамандармен кеңесіп, кағбаның астыңғы жағын ағашпен қоршап, үстін жасыл матамен қаптатады. Сөйтіп Стамбулға хабар береді.

Кағбаның кезекті қалпына келтіру жұмысы Мысырлық Ридуан аға мен Мәдина қазысы Мехметке тапсырылады.1631 жыл шілде айында алты айға созылған құрылыс аяқталады. Кағбаның қаратас қойылған бұрышынан басқа барлық тастары іргесінен ауыстырылып, негізгі қалпын өзгертпей жасап шығады. 1517 жыл Мыср жаулап алынған соң, Османлы патшалары, кағбаның сыртқы матасын ауыстыруды өз міндеттерін алған олатын. Султан Селим оны бұрынғыдай Мысырғатапсырыс беріп жылда ауыстырып отырды. Султан Сулейман кезеңінен бастап,Кағбаның сырт матасы Мысырдан , ал іш жағы Стамбулда жасалатын болды. Ол матада Мысырда тоқылатын еді. III. Ахмет кезеңінен бастап, Кағбаның матасы түгел Стамбулда тоқылатын болды. Ішкі жабуыды ең соң 1861 жылы Султан Абдулазиз таққа отырған кезде жіберіліп, ол 1943 жылға дейін ілулі тұрды.( туркия дианет вакфы энцклопедияы)