Оқу уақытының бөлінуі

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

Пәннің барлық сағаты – 4 кредит,

оның ішінде, аудиторлық сабақтар - 180 сағат:

дәріс - 30 сағат; ЗТС - 60 сағат;

СОӨЖ - 30 сағат; СӨЖ - 60 сағат

Бақылау түрі – Емтихан

 

Астана 2015

 

ZhKZh 2205 - «Мал шаруашылығы және мал азықтандыру» пәнінің бағдарламасы мамандандыру циклі бойынша дипломдандырылған мамандарды (бакалавр) дайындау деңгейіне ҚР Үкіметінің 23.08.2015 ж. № 1080 қаулысымен бекітілген типтік оқу бағдарламасы; «Жоғарғы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» және С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ ғылыми кеңесі 07.08.2015 ж. бекіткен 5В120200 - Ветеринарлық медицина мамандығының оқу жұмыс жоспары мен таңдау пәндер каталогына сәйкес құрастырылған.

 

 

Бағдарлама «Мал шаруашылығы өнімін өндіру және өңдеу технологиясы» кафедрасының отырылысында қаралып, ұсынылды

(__ ______ 2015 ж. № __ хаттама).

 

Кафедра менгерушісі, доцент Н.Қажғалиев

 

 

Бағдарлама «Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы» факультетінің әдістемелік комисиясында қаралып, мақұлданды

(__ _______ 2015 ж. № __ хаттама).

 

Әдістемелк комиссия төрайымы, доцент А.Бегенова

 

1 ОҚЫТУШЫЛАР ЖӨНІНДЕ МӘЛІМЕТ:

- дәріскер – ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Н.Омарқожаұлы

- оқытушы – ауылшаруашылығы ғылымдарының магистрі, Долдашева Г.Қ.

Ақпараттық мерзімі мен кеңес беретін, студенттердің өзіндік жұмыстарын қабылдайтын уақыты – күнделікті 900 – 1500 сағат аралығында 206-ші аудитория мен 210-шы кабинетте

2 ПӘН ЖӨНІНДЕ МӘЛІМЕТ:

Пән коды мен атауы – «Мал шаруашылығы және мал азықтандыру»

Оқыту семестрі – 1, 2; көлемі – 4 кредит: оның ішінде, аудиторлық сабақтар - 180 сағат, дәріс - 30 сағат; ЗТС - 60 сағат; СОӨЖ - 30 сағат; СӨЖ - 60 сағат

Бақылау түрі – Емтихан

Сабақ өткізілетін жері – 206-ші аудитория

3 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Пәннің мақсаты мен ұғымдары және оқу үдерісіндегі орны

Пәнді оқыту мақсаты – ветеринарлық медицина студенттеріне мал басын өсіріп, көбейту әдістері мен денсаулығын сақтап, өнімділігін арттыру шараларын үйрету

Пәнді оқыту мақсатына сәйкес қойлатын міндеттері:

- төрт түлік мал түрі және тұқымдарымен таныстыру;

- мал басының өнімділігін бағалау әдістерін үйрету;

- өсірілетін мал басын сұрыптап, жіктеу арқылы асылдандыруды үйрету;

- мал азығының құрамы мен қоректілігін бағалау өлшемдерін беру;

- мал азығын жіктеу және мал азықтандыруда тиімді пайдалану жолдарын көрсету;

- азықтандыру құнарлылығын бақылау әдістерін меңгерту.

Осыны ұстана отырып «5В120200 - Ветеринарлық медицина» мамандығының студенттері білуі керек:

- мал басының өнімдік бағыты мен өнімділігін бағалауды;

- сырт пішіні мен дене бітімі бойынша денсаулығын болжауды;

- онтогенез заңдылықтары мен мал өсіру әдістерін жетілдіруді;

- мал табынның көбеюі мен мал түліктерді өнімдерін өндіру технологиясын;

- азық химиялық құрамын талдап қоректілігін бағалауды;

- мал азығының энергиялық, протеиндік, минералдық және жәрумендік құндылығы мен құнарлылығын бағалауды;

- мал басын өнімділігіне сәйкес нормалап азықтандыруды ұйымдастыруды;

- азықтандыру деңгейі мен сапасын бақылап, мал денсаулығын сақтауды.

Пән мазмұнын игерген студент мынаны орындай алуы керек:

- мал денесінің өлшемдерін алып, индекстерін есептеуді;

- мал өнімділігі мен өнім сапасын бақылап, бағалауды;

- азық орташа үлгісін алып, химиялық құрамын зерттеуді;

- мал азығының қоректілігі мен құнарлылығын бағалауды;

- мал азығын жіктеп, түрлі жемшөп дайындау технологиясын білуді;

- азықтандыру нормасын анықтап, азықтандыру рационын құрасытруды;

- азықтандыру рациондарының құнарлалаған бақылауды.

Пәнді аяқтағаннан кейін ол іс жүзінде орындай білуі керек:

- мал басының өнімдік қасиеттерін бағалауды;

- азық құрамы мен қоректілігін бағалауды;

- малды нормалап азықтандыруды;

- азықтандыру нәтижесін бағалауды.

Оқу уақытының бөлінуі

  №   Пән бөлімдерінің атаулары Барлық сағаты оның ішінде
Аудиториялық сабақ Өзіндік жұмыс
семестрі дәрістер ЗТС СОӨЖ СӨЖ
   
Мал шаруашылығы      
Мал азықтандыру      
  Барлығы

4 ПӘН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ:

«Жануарлар морфологиясы», "Мал физиологиясы", «Мал гигиенасы» "Анорганикалық химия", "Органикалық химия", «Биологиялық химия», «Анатомия», "Гистология", "Цитология", "Қалыпты физиология", «Жалпы микробиология», «Зоогигиена»

5 ПӘН ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ:

"Қалыпты физиология", "Патологиялық физиология", «Жалпы микробиология», «Ветеринарлық микробиология», ", Ветеринарлық-санитарлық гигиена", "Клиникалық сараптау", "Паразитология", "Эпизоотология"

Оқыту нәтижелерін бағалау:

Пәнді оқып, үйрену нәтижесінде білім алушылар мынаны білулері керек: дескриптор А – пән мазмұнын толық біліп, негізгі түсініктер мен қағидаларын жете меңгеруі керек;дескриптор В – пән мазмұнын біліп, негізгі түсініктер мен қағидаларын іс жүзінле қолдана білуі керек;дескриптор С – пән мазмұнын түсініп, қағидаларын пайдалан керек;дескриптор Д – пән мазмұнының негізі жағдайлары жөнінде түсінігі болуы керек;дескриптор Е – пән мазмұнын білмейді.

 

 

Пән мазмұны