Медициналық симуляцияның сценариі

Клиникалық оқиғалар: «Жедел дизентерия (шигеллез)»

 

Ситуациялық есеп:Сіз – кезекшілік дәрігерсіз. Бөлімшеде 26 жастаға пациент жатыр, сұйық нәжіске шағымданады. Мерзімі-тамыз айы.

Ø Анамнез жинау (эпидемиологиялық анамнез, ауру анамнезі, өмір анамнезі)

Ø Науқасты қарап тексеру

Ø Болжама диагнозды тұжырымдап, негіздеңіз

Ø Зерттеу жоспарын анықтаңыз

Ø Лабораторлық-аспаптық зерттеулердің көрсеткіштерін талдау

Ø Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз

Ø Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз

Ø Емдеу жоспарын құрыңыз

Ø Қорытынды диагнозды тұжырымдау

 

Қорытынды нәтиже (outcomes):

Ø Ішектің жедел инфекциясына тән шағымдар анықталды:

- интоксикация синдромы

- колиттік синдром

Ø Эпидемиологиялық мәліметтер анықталды:

- аурудың жеке бас гигиенасын сақтамаумен байланыстылығы

Ø Физикалды қарағанда анықталды:

- ауру сезімінің орналасқан жері мен сипаты

- сигма ішегінің спазмы

Ø Болжама диагноз қойылды

Ø Болжама диагноз тұжырымдалды

Ø Зерттеу жоспарында тағайындалды:

- ҚЖА, ЗЖА

- копрограмма

- Қанның биохимиялық анализі

- Бактериологиялық анализдер (дизентерияға, сальмонеллезге нәжісті жіберу)

- Серологиялық анализдер (Қос сары суда дизентериялық АГ ТГАР)

Ø Зертханалық тексеру нәтижелері талданды (қанның, зәрдің жалпы анализдері, қанның биохимиялық анализі)

Ø Сальмонеллезден ажырату жүргізілді

Ø Орташа ауырлықтағы жедел дизентериямен ауырған науқасты жүргізу тактикасы анықтаалды

Ø Науқасты емдеу жоспары құрылды:

- 4емдәм

- этиотропты ем

- патогенетикалық ем

Ø Қорытынды диагноз қойылды

 

 

Бағалау беті (check-list)

Клиникалық жағдай «Дизентерияның диагностикасы»

 

Емтихан тапсырушының Т.А.Ә: ______________________________________

Күні __________

Экзаменатор _____________________________________________________________

 

Критерилерді бағалау адымдары Баллдық бағалар
Дұрыс орындады Ескертулермен орындады Орындамады
Шағымдарын анықтау 1,0 0,5
Аурудың даму анамнезін анықтау 1,0 0,5
Эпидемиологиялық анамнезін анықтау 1,0 0,5
Физикалық тұрғыдан асқазан˗ішек жолдарын зерттеу– беткейлік пальпация 1,0 0,5
Асқазан-ішек жолдарын физикалық қарау: сигма тәрізді ішекті терең пальпациялау 1,0 0,5
Болжам диагнозды қою 1,0 0,5
Болжам диагнозды негіздеу 1,0 0,5
Зерттеу жоспарын тағайындау: (клиникалық анализдер) ҚЖА, ЗЖА, қанның биохимиялық анализі 1,0 0,5
Зерттеу жоспарын тағайындау: (бактериологиялық анализдер) дизентерияға нәжісті бактериологиялық зерттеу 1,0 0,5
Зерттеу жоспарын тағайындау: (серологиялық анализ) дизентериялық АГ ТГАР 1,0 0,5
Салыстырмалы диагнозды жүргізу 1,0 0,5
Қанның және зәрдін жалпы анализдерін талдау 1,0 0,5
Қанның биохимиялық анализдерін талдау 1,0 0,5
Бактериологиялық анализдерді талдау 1,0 0,5
Әрі қарай жүргізу тәсілі анықтады 1,0 0,5
Этиотроптық терапияны дұрыс тағайындау 1,0 0,5
Инфузионды терапияны дұрыс тағайындау 1,0 0,5
Қорытынды диагнозды қою дұрыстығы 1,0 0,5
Емдеудің тиімділігін анықтайтын критерийлерді білу 1,0 0,5
Дизентериямен ауырған науқасты ауруханадан шығару ережелерін білу 1,0 0,5
БАРЛЫҒЫ

 

 

Актерға үлгіленген мәтін сценприі (науқас) және рөлінің баяндалуы:

Пациент 26 жаста

Шағымдары: кенеттен пайда болатын әлсіздікке, тоңуға, ішінің ауруына, жиі сұйық нәжіске. Жалғыз өзі ауырған.

 

Сұрақтың маңызы Актерға сұрақтарды қалыптастыру Жауап
Аурудың басталуын анықтау Қашан ауырдыңыз? 2 күн бұрын, саяжайда кенеттен тоңып, басым ауыра бастады, кейіннен ішім өтті
Аурудың динамикасы аеықтау Дене температурасын өлшедіңіз бе? Ия, дене қызуыным 37,5 С дейін жоғарылады
Ішіңіз ауырды ма? Ия
Ішіңіздің қай жері ауырады? Төменгі жағы
Ішіңіз үнемі ауырады ма, әлде бкейде бүреді ме? Бүріп, үлкен дәретке барар алдында қатты толғақ тәрізді ауырады
Ішіңіз неше рет өтті? 20 ретке дейін
Үлкен дәреттен кейін ішіңіздің ауру басылады ма? Жоқ, ауыра береді
Әжетханаға барғанда үлкен дәрет үнемі болады ма? Жоқ, кейде барғың келетін сияқты, барсаң түк шықпайды
Нәжістің мөлшері мен түсі қандай Нәжіссіз шырыш, қан араласқан
Үйде емделдіңіз бе Ия, 2 таблетка линекс іштім
Емнен нәтиже болды ма? Жоқ
Неге жедел жәрдем шақырдыңыз? Әлсіздік мазалап, нәжісімде қан пайда болғансоң қорқып кеттім
Дамуы мүмкін асқынуды анықтау Қашан соңғы рет кіші дәретке бардыңыз? Үлкен дәретке барған сайын аздап бірге барамын
Эпидемиологиялық анамнезін анықтау Ауруыңызды немен байланыстырасыз? Саяжайда жуылмаған бүлдірген және қызанақ жеген
Іштің қай жерінде аурырады Ішіңіздің қай жері ауырады? Сол жақ бүйірі
Өмір анамнезін анықтау Бұрын немен ауырдыңыз?   Гастритпен
Белгілі бір ауру бойынша диспансерлік бақылауда тұрасыз ба? Жоқ? Кейде бүйрегім мазалайды? Бірақ дәрігерге бармағам.
Бұрын азқазаныңыз мазалаушы ма еді? Ия? Бірақ барлығы тез басылатын
Бір нәрсеге аллергиялық реакиялар байқалған ба? Жоқ

 

Анамнезінде:Зәр шығару жүйесінде ауру (созылмалы пиелонефрит 17 жасынан бастап), емделмеген.

 

Объективті: Науқас төсекте отыр. Жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғылары түсі қалыпты. t-37,2. Ауқастың есі анық, сұрақтарға белсенді жауап береді. Тілі құрғақ, аздап ақ жабындымен жабылған. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ-18рет/ мин. Жүрек тондары тұйықталған, ритімі дұрыс АҚҚ-100/60 мм.рт.ст., ЖСЖ-78 рет/мин. Іші жұмсақ сол жақ мықын аймағында ауру сезімді, сигма тәрізді ішектің аздап ауру сезімді. Ішастар тітіркену симптомы жоқ. Нәжіс сұйық, аз мөлшерде, шырыш қан аралас. Зәрі нәжіспен бірге. Ұрғылау симптомдары екі жақта теріс.

Жалпы қан анализі Гемоглобин – 168 г/л Эритроцит - 4,1 х 1012 /л Түсті көрсеткіш- 0,9 Тромбоциттер – 280 х109/л Лейкоциттер – 11,6 х 109/л Таяқша ядерлы нейтрофилдер – 6% Сегменттыядерлы нейтрофилдер –82% Эозинофилдер – 1% Базофилдер – 1% Моноциттер – 4% Лимфоциттер – 6% ЭТЖ – 20 мм/час   Жалпы қан анализі Көлемі – 0 мл Түсі – сары Тұндылығы – тұ Салыстырмалы тығыздығы – 1010 Реакциясы – қышқыл Белок – 0,033 г/л Жалпақ эпителий – 0 – 2 көру алаңында Лейкоциттер - 4 –9 көру алаңында Шырыш +++    
Биохимилық қан анализі Мочевина – 20 ммоль/л Креатинин – 88 ммоль/л АЛТ – 0,32 ммоль/л АСТ – 0,28 ммоль/л Глюкоза – 5,8 ммоль/л Бактериологиялық нәжістің анализінде: Shigellae flexneri 2a