Вильямс-Кемпбелл синдромына аса тән белгі

* ішкі ағзалардың кері орналасуы

*+ орта калибрлі бронхтардың шеміршек жүзіктерінің болмауы

* өкпе гипоплазиясының болуы

* тер құрамында хлоридтер көп

* альфа-1 антитрипсиннің дефициті

! 12 жасар бала. 2 жасынан бері жылына 7-8 рет бронходилятаторларға рефрактерлі обструктивті бронхиттермен ауырады. Созылмалы интоксикация. Физикалық дамуы артта қалған. Тұрақты продуктивті жөтел . Аздаған іріңді қақырық. Бронхографиияда 4-6 реттегі бронхтардың бір типті кеңеюі.Жалпы ауруы– өкпенің туа біткен даму ақауы. Анықталатын ауруы:

* өкпе агенезиясы (аплазия)

* өкпе кистасы

* лобарлы эмфизема

*+ Вильямса-Кемпбеллсиндромы

* өкпе гипоплазиясы

! Вильямса-Кемпбеллсиндромының негізінде жатады:

* өкпе паренхимасының жетілмеуі

* цилиарлы эпителий дефектісі

*+ шеміршек тінінің дефектісі

* альвеолаларда гранулемалардың пайда болуы

* интерстициальды тіннің бұзылысы

! Вильямса-Кемпбелл синдромына қарасты:

* өкпенің даму ақауы

*+ бронх қабырғаларының жайылған даму ақауы

* бронх қабырғаларының шектеулі даму ақауы

* генетикалық-детерминделген аурулар

* жүйелі аурулар

! Өкпенің негізгі бронхпен бірге болмауы аталады:

* аплазия

*+агенезия

* атрезия

* гипоплазия

* гиперплазия

! Бронхтармен өкпе паренхимасының жетілмеуі аталады:

* аплазия

*агенезия

* атрезия

*+ гипоплазия

* гиперплазия

! Кеуде қуысының асимметриясы, бұзылыс бар жағында кеуде қуысы кішіреюі, қабырға аралықтарының қысқаруы, тыныстың естілмеуі, жүректің бұзылыс бар жағына қарай ығысу симптомокомплексі тән:

*өкпе гипоплазиясы

*+өкпе агенезиясы

* өкпе секвестрациясы

* өкпе гамартомы

* қосымша өкпе

!Бала 10 жаста. 2 жасынан бері, созылыңқы пневмониямен жиі ауырады. Физикалық дамуы артта қалған, тәбеті төмен. Бозарған, іріңді қақырықпен жиі жөтел. Кеуденің оң жақ бөлігінің асиметриясы. Ренгенде:оң жақ қабырға аралықтары қысқарған. Фиброзды тамырланулар. Оң жақ өкпеде гомогенді қараю ошағы бар. Болжамалы диагнозы:

* оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы

*+ оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің гипоплазиясы

* бронхоэктаздық ауру

* рецедивті пневмания

* оң жақ өкпе поликистозы.

!. Науқас қыз бала., 12 жасар. Шағымы: мазасыз шырышты-іріңді қақырықты жөтел, «үрген», «ешкі маңырағандай».. Өкпеде шашыранды құрғақ сырыл, орта көпіршікті, бронхиалды тыныс. Мүмкін диагноз:

*+ трахеобронхомегалия

* өкпе агенезиясы

* өкпе гипоплазиясы

* Картагенер синдромы

* өкпе секвестрленуі

!. 2 жасар баланы тексергенде анықталады: созылмалы гаймориті, оң жақ бронхоэктаздары, ішкі ағзалардың кері орналасуы. Диагноз:

* Гудпасчер синдромы

* Хамман-РИЧ синдромы

* муковисцедоз

* Картагенер синдромы

* өкпенің идиопатиялық гемосидерозы

!. Нәрестелерде интранатальды кезеңде болады:

*+ашық сопақ терезе

*ҚАПА

*ЖАПА

*қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі

*ашық артериальды өзек (Боталл)

 

!. Оң қарыншалық жетіспеушілікке әкелетін себептерге жатпайтыны:

*өкпе артериясының стенозы

*перикардит

*пневмония(лар)

*бронх демікпесі

*+миокардит

 

!. 3 жасқа дейінгі балалардағы жүректің жедел жетіспеушілігінің себептеріне жатпайтыны:

*қолқа каорктациясы

*ҚАПА

*фиброэластоз

*пароксизмальды тахикардия

*+ревматикалық қызба

 

!. Сол қарынщалық жетіспеушілікке әкелетін себептерге жатпайтыны:

*миокардит

*инфекциялық эндокардит (сол қақпақшалар бұзылысымен)

*қолқа каорктациясы мен стенозы

*артериальды гипертензия

*+пневмония

 

!. ІБЖА кіші қан айналысы артуының басты себебі:

*+қанның артерио-венозды шунты

*қанның венозды-артериалдық шунты

*өкпе артериясының стенозы

*оң қарынша гипертрофиясы

*сол қарынша гипертрофиясы

 

!. Кеуде ағзаларының R-граммасында жүрек көлеңкесі «бүйірлей жатқан жұмыртқа» - тән ауру:

*ҚАПА

*+ірі тамырлар транспозициясы

*ашық артериальды өзек (Боталл)

*өкпе артериясының стенозы

 

!. Эйзенменгер синдромына жатпайтыны:

*ҚАПА субаортальды орналасуы

*өкпе тамырларындағы склерозды өзгерістері

*өкпе артериясы тінінің кеңеюі

*оң қарынша миокардының гипертрофиясы

*+ЖАПА

 

!. Толочинов-Роже ауруы - бұл:

*+қарыншааралық перденің ет бөлігінің кемістігі

*қолқа қақпақшасының стенозы

*митральды қақпақшаның стенозы

*жалғыз қарынша

*ірі тамырлар диспозициясы

 

!. Ентігу-цианозды ұстама келесі аурудың негізгі белгісі:

*+Фалло тетрадасы

*митральды қақпақшаның жетіспеушілігі

*ҚАПА

*ашық Боталл өзегі

* қолқа коарктациясы

 

!. Кубитальды артериядағы пульстің кернелуі сан артериясында пульс әлсіреуі не жоғалуы тән:

*+ қолқа коарктациясы

*өкпе артериясының стенозы

*митральды қақпақшаның стенозы

*үш жарма қақпақша стенозы

*ЖАПА

 

!. Эбштейн аномалиясы:

*+үш жармалы қақпақшасының оңқарынша ішілік дисплазиясы не ығысуы

*қолқа стенозы

*сол қарынша ішінің кішіреюі

*митральды қақпақша стенозы

*қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі

 

!. Фалло тетрадасының анатомиялық белгілеріне жатпайтыны:

*оң қарынша гипертрофиясы

*өкпе артериясының стенозы

* қолқаның оңға ығысуы

*+ЖАПА

*ҚАПА

 

!. ҚАПА-ы шудың жақсы естілетін орны:

*жүрек ұшы

*сол II- қабырғааралық

*оң II- қабырғааралық

*+төстіктен сол Ш-IV қабырғааралық

*оң IV- V қабырғааралық

 

!. Жүректің созылмалы жетіспеушілігінің кардиалдық себебі:

*өкпенің созылмалы арнайы емес аурулары

*+ІБЖА

*бронх демікпесі

*созылмалы бронхит

*бауыр циррозы

 

!. Гипоксемиялық ұстамалар- қозу, тахипноэ, цианоз күшеюі, естен тану мәжбүрлік қалып - тән ІБЖА:

*қолқа коарктациясы

*ҚАПА

*+Фалло тетрадасы

*ЖАПА

*ААӨ (Боталл)

 

!. Жүректің белі айқын, төбесі көтеріңкі, R- сипаты тән ауру:

*қолқа коарктациясы

*ҚАПА

*+Фалло тетрадасы

*ЖАПА

*ААӨ (Боталл)

 

!. Цианоз, ентігу-цианозды ұстамалау, a. pulm. үстінде II-тон әлсіреуі төстіктің сол бойынан естілетін систолалық шу, анда-санда гипоксемиялық криздер тән ауру:

*+Фалло тетрадасы

*ҚАПА

*қолқа коарктациясы

*ААӨ (Боталл)

*декстракардия

 

!. Биік және тез пульс болады:

*+қолқа коарктациясында

*ашық артериалдық өзекте

*митралды қақпақшаның жетіспеушілікте

*қолқа стенозында

*митралды қақпақшаның стенозында

!. Фалло тетрадасының құрамдас элементтеріне жатпайтыны:

*оң қарыншаның гипертрофиясы

*қолқаның оңға транспозициясы

*өкпе артериясының стенозы

*+сол жақ қарыншаның гипертрофиясы

*қарыншаралық перденің биік ақауы

!. 3 жасар баланы тексеруде анықталған жоғары артериалдық қан қысымы көбінде тән:

*ҚАПА

*жекеленген өкпе артериясының стенозы

*+қолқа коарктациясына

*ашық артериалдық өзекке

*декстракардияға

 

!. Ашық артериалдық өзектің ауырлығын айқындайтын көрсеткішті атаңыз:

*перифериялық қарсы тұру

* қолқадан шығу бұрышы

*өкпелік қарсы тұрудың ауқымы

*бала жасы

*+өзектің диаметрі

!. Фалло тетрадасындағы ентігу-цианоздық ұстаманы жоюда қолданылатын дәрі:

*+промедол

*дигоксин

*строфантин

*преднизолон

*папаверин

!. Фалло тетрадасындағы ентігу-цианоздық ұстаманы жоюда қолданылатын дәрі:

*седуксен

*коргликон

*фуросемид

*эуфиллин

*+кордиамин

!. Қанның оң жақтан сол жаққа (көк) лақтырылуымен жүретін іштен біткен жүрек ақаулар тобына жататыны:

*ҚАПА

*ЖАПА

*ашық артериалдық өзек

*+Фалло тетрадасы

* қолқа коарктациясы

!. Қанның сол жақтан оң жаққа (ақ) лақтырылуымен жүретін іштен біткен жүрек ақаулар тобына жататыны:

*Фалло тетрадасы

*ортақ артериалдық баған

*Эбштейн аномалиясы

*+ашық артериалдық өзек

*Фалло пентадасы

!. Аяқтың қандануының азаюымен жүретін жүректің іштен біткен ақауына жатады:

*өкпе артериясының жекеленген стенозы

* ЖАПА

*+қолқа коарктациясы

*Фалло тетрадасы

*ашық артериалды өзек

!. Артериалдық қан қысымның қолда күрт көтерілуі мен аяқта төмендеуі тән:

*сол қарыншаның гипоплазиясы синдромына

*+ қолқа коарктациясына

*жекеленген өкпе артериясының стенозына

* ірі қантамырлардың транспозициясына

*қолқа стенозына

 

!. 1 жасар ұл бала. Объективті: боз. Жүрек шекаралары солға және жоғарыға үлкейген. Төстен сол жақта II қабырғааралықта – систола-диастолалық “машина” шуылы, ол жүрек пен мойын тамырларынан ары қарай беріледі.

Болжам диагноз:

*жүрекшеаралық перде ақауы

*қарыншааралық перде ақауы

*Фалло тетрадасы

*+ашық артериалдық өзек

* қолқа коарктациясы

 

!. Анасы 3 айлық баласымен учаскелік дәрігерге қаралды. Екі рет пневмониямен сырқаттанды. Өкпе патологиясын жоққа шығару үшін кеуде ағзаларының рентгенографиясына жіберілді. R-граммада – жүрек шекараларының барлық жаққа кеңейгені анықталды (шар тәрізді). Жалпы жағдайы ауыр. Ентігу. Аускультацияда – жүрек үндері тұйық.

Болжам диагноз:

*жедел миокардит

*ҚАПА

*ЖАПА

*+іштен біткен фиброэластоз

*өкпе артериясының стенозы

 

!. Анасы 1 жастағы баласымен учаскелік дәрігерге қаралды. Өкпе патологиясын жоққа шығару үшін кеуде ағзаларының рентгенографиясы жасалды. жүрек шекараларының барлық жаққа кеңейгені анықталды (шар тәрізді). Аускультацияда – жүрек үндері тұйық.

Диагноз қоюда ең мәліметті тәсіл:

*ЭКГ

*+ЭхоКГ

*нейросонография

*ЭЭГ

*КТГ

 

!. Ұл бала, 1 жас 2 айлық. 4 айлығынан тері, ерін, көз склерасының цианозы. Физикалық дамудан артта қалған. Салмағын нашар қосады, жүктемеде тез шаршайды.

Қарап тексергенде: тері мен көрінетін шырыш қабаттарының цианозы. Айқын жүрек өркеші. Рентгенограммада жүрек солға, «шұлық» тәрізді кеңейген. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия.

Болжам диагноз:

*ЖАПА

*фиброэластоз

*жедел миокардит

*+Фалло тетрадасы

*ҚАПА

 

!. 5 айлық бала. Физикалық дамудан артта қалған. Тершеңдік айқын, ентігу. Пневмонияны басынан өткерген. Жүрек: үндері тұйықталған. Соңғы айда ентігудің күшеюімен кенеттен болатын мазасыздық ұстамалары пайда болған. Рентгенограммада – оң жүрекшенің кеңеюі, ЭхоКГ – жүрекшеаралық пердеде шунт. Болжам диагноз:

*Фалло тетрадасы

*қолқа коарктациясы

*жедел миокардит

*+ЖАПА

*фиброэластоз

 

!. 5 жасар бала. Анасы жүктілік кезінде екі рет бронхопневмониямен сырқаттанған. Объективті: парастерналдық өркеш, жүрек ұшытүрткісі көтеріңкі, систолалық шуыл p.max. II-қабырғааралықта төстен солға, арқаға беріледі; оң қарынша ЭхоКГ-да гипертрофияланған, a.pulmonalis үстінде II үн акценті. Болжам диагноз:

*ашық артериалдық өзек

*+өкпе артериясының стенозы

*ҚАПА

*ЖАПА

*Фалло ауруы

 

!. Фалло тетрадасының классикалық түрінде аталған барлық анатомиялық көріністер анықталады, біреуінен басқасы:

*өкпе артериясының стенозы

*+ЖАПА

*ҚАПА

*оң қарынша миокардының гипертрофиясы

* қолқаның декстрапозициясы

 

!. Бала 4 жаста. Объективті: жүрек шекарасысолға үлкейген. Аускультативті: дөрекі систолалық шуыл оң жағынан ІІ қабырғааралықта, осы жерде систолалық діріл. АҚҚ – 80/40 мм.с.б. – төмен. Рентгенде: жүрек кеңеюі солға, белі қынамалы, көтеріңкі. Қай ІБЖА болжауға болады:

*ЖАПА

*ҚАПА

*+қолқа стенозы

*ААӨ (Боталл)

*Фалло триадасы

 

!. Бала 3 жасар. Физикалық дамудан артта. Терісі бозғыл, жүрек шекарасының кеңеюі көлденең және жоғары. Жүрек ұшының түрткісі кең, жоғары, аздап төмен ығысқан. Төстен солға III-IV қабырғааралықта ұзақ систолалық шу, осы жерде систолалық діріл. Болжам диагноз:

*ААӨ (Боталл)

*ЖАПА

*өкпе артериясының жекеленген стенозы

*қолқа коарктациясы

*+ҚАПА

 

!. Бала 5 жаста. Анасы жүкті кезінде 2 рет бронхопневмониямен ауырды. Объективті: парастернальды өркеш жүрек ұшының бүлкілі жоғары, солға ығысқан, II-қабырғааралықта төстіктен солға систола-диастолалық шу арқаға беріледі, II-тон a. pulm. үстінде акцентпен, АҚҚ 120/30 мм с.б. Пульсі жоғары, жылдам. Болжам диагноз:

*ашық артериальды өзек

*+өкпе артериясының стенозы

*ҚАПА

*ЖАПА

*Фалло ауруы

 

!. Бала 1 жасар. Жүрек шекарасы солға және жоғары кеңіген. Төстіктен солға II-қабырғааралықта систола диастолалық «машина» шуы, жүрек ұшы мен мойын тамырларына беріледі.Болжам диагноз:

*ҚАПА

*ЖАПА

*Фалло тетрадасы

*+ААӨ (Боталл)

*қолқа коарктациясы

 

!.Бала 10 айлық. Дамылды ентігу. Ауық-ауық ентігу, цианозды ұстамалар. Екі рет тырысу естен танумен. Терісі цианозды. III-IV қабырғааралықта систолалық шу дөрекі. Томограммада-полицитемия. Болжам диагноз:

*+Фалло тетрадасы, ентігу, цианозды ұстамалар

*эпилепсия

*ҚАПА

*ААӨ (Боталл)

*Картагенер синдромы

 

!.Бала 7 жаста, әлсіздік, тез шаршайды. Объективті: жүрек шекарасы көлденең кеңейген, тамырлық бунақ солға жылжыған; төстіктен солға II-III қабырғааралықта дөрекі емес систолалық шу II-үн a. pulm. үстінде акценті. Рентгенде: жүрек көлеңкесінің ұлғаюы оң бөліктер мен a. pulm. есебінен. Болжам диагноз:

*ЖАПА

*ААӨ (Боталл)

*қолқа стенозы

*қолқа коарктациясы

*+Эйзенменгер синдромы

 

!. Бала 4 жаста. Жүрек шекарасының кеңеюі солға шамалы төстіктен солға II қабырғааралықта дөрекі систолалық шу, осы жерде систолалық діріл. АҚҚ қалыпты. Рентгенде: жүрек кеңеюі солға, белі қынамалы, көтеріңкі. Қай ІБЖА?

*ЖАПА

*ҚАПА

*+қолқа стенозы

*ААӨ (Боталл)

*ірі тамырлар транспозициясы

 

!. Бала 3 жасар. Физикалық дамудан артта. Терісі бозғыл, жүрек шекарасының кеңеюі көлденең және жоғары. Жүрек ұшының түрткісі кең, жоғары, аздап төмен ығысқан. Төстен солға III-IV қабырғааралықта ұзақ систолалық шу, осы жерде систолалық діріл. Болжам диагноз:

*ААӨ (Боталл)

*ЖАПА

*өкпе артериясының жекеленген стенозы

*қолқа коарктациясы

*+ҚАПА

 

!. Бала 4 айлық; мазасыз, емізгенде ентігу, массасы 3100,0 г. Терісі бозғыл, «мрамор» түсті. Жүрек ұшы түрткісі солға, төмен. Төстен солға III-IV қабырғааралықта систолалық діріл, дөрекі систолалық шу. Болжам диагноз:

*митральды қақпақшаның жетіспеушілігі

*митральды қақпақшаның пролапсы

*+ҚАПА

*ААӨ (Боталл)

*жүректің хордалық аппаратының аномалиясы

 

!. Миша 7 жаста: әлсіз, тез шаршайды. Жүрек шекарасы солға кеңейген, төстен солға II-III қабырғааралықта систолалық шу дөрекі емес, II-үн a. pulm. үстінде акценті. Болжам диагноз:

*ЖАПА

*ААӨ (Боталл)

*қолқа стенозы

*қолқа коарктациясы

*+Эйзенменгер синдромы

 

!. Нәрестеде үдемелі акроцианоз, ентігу, өкпе артериясы үстінен систолалық шу мен II үн акценті. Рентгенде: кардиомегалия, жүрек формасы сопақ, ұшы көтеріңкі, сагитальды жазықтықта қантамыр бунағы тар. Ангиографияда аортаның контрастпен қарыншадан толуы. Болжам диагноз:

*+аорта траспозициясы

*қолқа коарктациясы

*қолқа стенозы

*ЖАПА

*ААӨ (Боталл)

 

 

!. Іштен болатын қысқа өңешке тән:

*тамақтану және одан кейін тұрақты құсу

*+құсу өмірінің 3-ші аптасында білінеді

*құсу өмірінің 1-ші аптасында білінеді

*эзофагоскопта қысқа өңеш

*эзофагоскопта асқазан кеуде ішінде

 

!. Нәрестелерде органикалық құсу себептеріне жатпайтыны:

*мекониальды илеус

*ішкі қуысының жарықтары

*жүзік тәрізді ұйқы безінің ішекті сығуы

*Гиршпрунг ауруы

*+пилороспазм

 

!. Нәрестелерде лоқсуының ең жиі себебі:

*+өңеш-асқазан шекарасы етінің боламасыздығы

*өңеш атрезиясы

*асқазанның пилорикалық бөлігі етінің іштен болатын гипертрофиясы

*асқазан ішек жолының гипомоторлық белсенділігі

*асқазан пилорикалық жайқышының аса қысқаруы

 

!. Көкеттің өңеш тесігі жарығының белгілеріне жатпайтыны:

*тыныс бұзылыстары

*тамақтанудан кейін құсу

*+диарея

*жабысқан іш

*кеуде ассиметриясы (бұзылыс жағы шағыңқы)

 

!. Нәрестеде алғаш тәулікте меконий көрінбегенде болжанатын диагноз:

*өңеш ахолазиясы

*көкеттің өңеш тесігі жарығы

*Гиршпрунг ауруы

*+аноректальды даму ақаулары

*пилоростеноз

 

!. Нәрестелер пилоростенозына тән емесі:

*«фонтан» тәрізді мол құсу

*гипотрофия үдеуі

*құсық иісі қышқыл

*құсық іріген сүтпен

*+қан аралас құсық аралас

 

!. Нәрестелерде пилороспазм диагнозының қойылу шарттары:

*+лоқсу, құсу өмірінің алғашқы күнінен

*лоқсу, құсу өмірінің 2-ші аптасынан

*«құм-сағат» синдромы

*нәжісі қалыпты

*құсығы запыран аралас

 

!. Пилоростеноздың ажырату диагнозы:

*+пилороспазм

*ішек инвагинациясы

*адреногенитальды синдромның тұз жоғалту формасы

*өңеш атрезиясы

*көкет жарығы

 

!. Нәрестелердің өңеш атрезиясына тән емесі:

*регургитациялар

*құсу алғашқы емізгеннен соң

*ауыздан көбік бөлінуі

*+рентгенде: тамақ деңгейі үстінде үлкен газ көлемі

*өңешті зондылау мүмкін емес

 

!. Нәрестелердің өңеш атрезиясына тән емесі:

*ауыз бен мұрыннан көбік тәрізді шырыш бөлінуі тұрақты

*тамақтандыру кезінде аспирация белгілері

*+ішек парезі

*катетер енгізгенде соқыр қапқа тіреледі немесе екінші ұшы ауызға шығады

*регургитация

 

!.Пилоростеноздың бүгінгі күнгі тиімді диагноздық тәсілі:

*асқазанды контраст арқылы рентгенмен тексеру

*лапороскопия

*+АІЖ-ның эндоскопиясы

*компьютерлік томография

*17-кортикостероид секрециясын анықтау

 

!. Бала 20 күндік, туғандағы массасы 3500 г. Анасында созылмалы холецистит, I жүктілік, асқынусыз. Белсенді емді, 2 аптадан соң құсық басталып, үдеді, тұрақсыз, мол, қошқыл иісті, запыран жоқ. Емуі ашқарақ. Қараған кездегі массасы 3500,0 г. Нәжіс тоқтауына бейім. Контрасты ренгеноскопияда «құм сағат» синдромы. Болжам диагноз:

*өңеш атрезиясы

*өңеш холазиясы

*мекониальды илеус

*төменгі ішек бітелуі

*+пилоростеноз

 

!.Нәрестеде алғаш тамақтандырғаннан кейін құсу болды. Қайта тамақтандырғаннан кейін аузы мен мұрнынан көбік түрінде бөлініс, жиі лоқсу. ФЭГДС жасағанда катетр енгізіле алмады. Болжам диагноз:

*пилоростеноз

*пилороспазм

*+өңеш атрезиясы

*мекониальды илеус

*запыран қабының атрезиясы

 

!.Ұл бала, 8 жасар: іші үлкен, іш қатуы, кейде диареяға ауысады. 1 жасынан ауру. Бозғыл, арық. Іші үлкен, қолға тығыз сигма тиеді. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. Рентгенограммада: тоқ ішектің төменгі бөлігі тар, бұдан жоғары тұсы кең. Болжам диагноз:

*функционалды іш қату

*+Гиршпрунг ауруы

*өт дамуы аномалиясы

*іш бітелісі

*ішек инвагинациясы

 

 

!.Қуық-зәрағар рефлюксінің пайда болу себептеріне жатпайтыны:

*Қуық-зәрағар қосылысы клапандық тетігінің іштен болатын болымсыздығы

*нейрогенді қуық

*қуық тастары

*қуық эктопиясы

*+нефроптоз

 

!.Іштен болатын бүйрек даму ақауларының себептеріне жатпайтыны:

*құрылымдардың тұқым қуалайтын мутациялары

*ата-анасының жасы

*вирустар

*дәрі-дәрмектер

*+жүктілік саны

 

!.Бүйрек агенезиясы:

*тамыр аяқшасы бар да ағза жоқ

*+ағзаның толық болмауы

*ағзаның салыстырмалы массасының азаюы, құрылымы өзгерген

*ағзаның салыстырмалы массасының азаюы, құрылымы өзгермей

*ағзаның типтік емес жерде орналасуы

 

!.Бүйрек аплазиясы:

*ағзаның толық болмауы

*+тамыр аяқшасы бар да ағза жоқ

*ағзаның салыстырмалы массасының азаюы, құрылымы өзгерген

*ағзаның даму темпінің бұзылуы

*ағзаның саны не оның бөліктерінің артуы

 

!.Бүйректің жай гипоплазиясы:

*ағзаның ұлғаюы

*ағзаның өз орнында болмауы

*ағзаның салыстырмалы массасының азаюы, құрылымы өзгерген

*+ағзаның салыстырмалы массасының азаюы, құрылымы өзгермей

*ағзаның толық болмауы

 

!.Бүйректің дисплазиялық гипоплазиясы:

*ағзаның типтік емес жерде орналасуы

*ағзаның даму темпінің бұзылуы

*тамыр аяқшасы бар да ағза жоқ

*ағзаның салыстырмалы массасының азаюы, құрылымы өзгермей

*+ағзаның салыстырмалы массасының азаюы, құрылымы өзгерген

 

!.Бүйректің іштен болатын анатомиялық аномалияларына диагноз қою тісілдеріне жатпайтыны:

*УДТ

*көктамырлық урография

*цистоскопия

*+іш қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы

*компьютерлік томография

 

!.Нефроптоздың клиникалық белгілеріне жатпайтыны:

*іш пен бел ауруы

*+дизурия

*тұрған кезде бүйрек қолға тиеді

*лейкоцитурия

*протеинурия

 

!.Бүйрек гипоплазиясының клиникалық белгілеріне жатпайтыны:

*іш ауруы

*+бүйрек ұлғаюы

*физикалық дамудан артта қалу

*дизэмбриогенез таңбалары

*полиурия

 

!.Екіжақты бүйрек агенезиясы синдромы:

*Лоу

*Луи-Барр

*+Поттер

*Даун

*Баррета

 

!.Балалардың аутосомды рецессивті поликистозының жиі ағымы, біреуінен басқасы:

*бауыр поликистозымен

*бауыр фиброзымен

*СБЖ

*пиелонефритпен

*+митральды қақпақша пролапсы

 

!.Бүйрек поликистозының антенатальды диагностикасының тәсіл:

*ЭКГ

*+генетикалық анализ, ұрықты УДТ

*ядролы магнитті резонанс

*компьютерлі томография

*ұрық рентгенографиясы

 

!.Қуық-несепағар рефлюксіне диагноз қоюда ең алғашқы қолданылатын тәсілді атаңыз:

* цистоскопия

*+цистоуpетpогpафия

*көктамырлық уpогpафия

*ретpогpадтық пиелогpафия

*ультpадыбыстық тексеру

 

!.Бүйрек пен жоғарғы зәр жолдарының жағдайын бағалаудағы ең алғашқы қолданылатын тәсілді атаңыз:

*+бүйрек УДТ

*цистография

*цистоскопия

*сцинтиграфия

*экскреторлық урография

 

!.Зәрдің қалыптағы реакциясы (рН):

*3.0 - 5.0

*5.0 - 6.0

*+4.6 - 7.4

*6.0 - 8.0

*2.0 - 4.0

 

!.Зәрдің салыстырмалы тығыздығы байланысты:

*бүйрек каналшаларының функциясынан

*бүйрек шумақтары функциясынан

*онда еріген салыстырмалы молекулярлық массадан

*+дисталдық каналшалар мен онда еріген салыстырмалы молекулярлық массадан

*бүйрек шумақтары функциясынан және онда еріген салыстырмалы молекулярлық массадан

 

!.Зәрдің флораға себуі шынайы деп саналады, егер:

*бактериялар зәрде болмайды

*+1 мл зәрде бактерия саны 100 мыңнан аса

*1 мл зәрде бактериялар 10 мың клеткадан аса

*1 мл зәрде бактерия саны 5 мыңнан төмен

*1 мл зәрде бактерия саны 50 мыңнан аз

 

!.5 жасар қыз балада іштегі ауыру сезімі оң бауыр астында байқалды. Физикалық дамудан артта қалған, улану симптомдары шамалы, ЖЗС микрогематурия, протеинурия, сал. тығ 1011-1016. Болжам диагноз:

*оң жақтан нефроптоз

*+поликистоз ауруы

*жедел пиелонефрит

*Берже ауруы

*Альпорт синдромы

 

!.3 жасқа дейінгі ҚНР бар балада үстемелдеу антибактериалдық ем ұзақтығы:

*1-2 ай

*+3-6 ай

*8 айға дейін

*1 жыл

*2 жыл

 

!.Бүйректің қүрылымдық аномалиясына жатпайтыны:

*жай гипоплазия

*дисплазия

*+галет тәрізді бүйрек

*поликистоз

*олигомеганефрония

 

!.Бүйректің орналасуы бойынша келесі аномалияны ажыратады, біреуінен басқа:

*+галет тәрізді

*белдік

*жамбастық

*мықындық

*кеуделік

 

!.Жедел екіншілік пиелонефритті емдеуде бірінші кезектегі жасалатын шара:

*+бүйректен зәрдің пассажын орнын толтыру

*қанның микроциркуляциясын жақсарту дәрілері

*бел аймағына «суық»

*физиоем

*дезинтоксикация емі

 

!.Саша Л. 4 жасар: әлсіз, болбыр, зәр мөлшері аз, іші үлкен. Бүйректі УДТ: оң бүйрек ұлғаюы 10%, солы 18%, орналасуы төмен, контуры бұжыр, тегіс емес. Паренхиманың қыртысты қабаты жұқа. Екі бүйрек паренхимасында да эхонегативті ошақтар (қуыстар). Мүмкін диагноз:

*аутосомды рецессивті бүйрек поликистозы

*+аутосомды доминантты бүйрек поликистозы

*оң бүйрек қосарлануы

*рефлюкс нефропатия

*созылмалы пиелонефрит

 

!.Бүйректің іштен болатын даму ақауы: Милық қабаты бұзылысы; клиникасы: полиурия, полидипсия, гипостенурия, физикалық дамудан артта қалу, біртеөбірте үдемелі бүйрек жетіспеушілігінің аты:

*+Фанкони нефронофтиз

*фосфат диабет

*бүйректік тубулярлы ацидоз I-тип

*Поттер синдромы

*іштен болатын нефротикалық синдром

 

!.Марат 2 жаста: зәрі көп мөлшерде, I-ші жүктіліктен, I-триместрінде ЖРВИ. Бозғыл, іші үлкен, кіндіктен төмен тұсын ауырсынады. Бауыр, көкбауыр қалыпты. ЖЗС-да лейкоцитурия. Микционды цистографияда контрастың оң астаушыға лақтырылысы табақшағар деформациясы мен кеңеюі. Болжам диагноз:

*оң бүйрек қосарлануы

*оң ҚЗАР I-дәрежелі

*оң ҚЗАР II-дәрежелі

*+оң ҚЗАР III-дәрежелі

*оң бүйрек гипоплазиясы

!.3 айлық баланың зәр сынағында лейкоцитурия, протеинурия, микрогематурия. Жүктілігі ЦМФ бойында. Ішін басып қарағанда сол бүйірде жұмсақ-эластикалы «құрылым». Полиурия. УДТ: сол бүйрек астауша-табақша жүйесінің кеңеюі мен деформациясы, паренхима жұқаруы. Көлемі қалыпты. Болжам диагноз:

*поликистозды ауру

*сол бүйрек кистасы

*+сол бүйрек гидронефрозы

*пиелонефрит

*рефлюкс нефропатия