М.Х.Дулати және К.Қосымұлы еңбектеріндегі тәрбие және білім беру мәселелері.

Кейін есейіп ер жеткен шағында Мұхаммед Хайдар шын мағынасында Кұншығыстағы даңқты адамның бірі болып, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының әдебиетіне, оның тарихына зор үлес қосады.

 

Күншығыс халқын зерттеуші ғалымдардың айтуынша Мұхаммед-Хайдардың атын жоғары көтеріп, оны жұртқа танытқан, әсіресе, оның “Тарихи-Рашиди” атты кітабы болды. Бұл шығарманың Күншығыс жазушыларына берген әсері сонша еді, олар мұхаммед-Хайдардың тарихи жазуларына ерекше баға беріп, оның кейбір жерлерін өзерінің жазған кітаптарында пайдаланып отырады. XVI – XVII ғасырлардағы Үнді мен Орта Азия тарихшыларынан Мұхаммед – Хайдардың “Тарихи-Рашиди” кітабын пайдаланбағандары кем де кем-ақ. Оның ішінде Үндістанның Европа әдебиетіне белгілі тарихшысы Мұхаммед-Қасым Ферште Бадахшан, Қашмир уәләяти туралы жазғанында, оның мағлұматын бір ғана “Тарихи-Рашиди” кітабынан алады, Мұхаммед-Қасымның айтуынша “Тарихи-Рашиди” – Орта Азия тарихы туралы жазылған шығармалардың ішінде ең мағыналысы және мағлұматтың ең дұрысы, ең толығы болып санлған.

 

Мұхаммед Хайдарды оқыған күншығыс ғалымдарының ол туралы жылы сөз айтпай қалған бірде бірі жоқ. Үндістанның атақты ғалымының бірі – Ағзам. Ол Мұхаммед-Хайдардың Қашмир өлкесі туралы жазғанына зор қуаныш көрсетіп, өзінің “кашмир тарихы” деген кітабында Мұхаммед-Хайдардың әдебиеттегі орнына ерекше баға береді. “Мұхаммед-Хайдар күншығыс ғылымның терең білген данышпан еді оның үстіе ол қаламынан сөз құйылған талантты ақв болды. Оның “тарихи Рашиди” кітабы болған оқиғаны төндіре айтуда ең инабатты шығарманың бірі” дейді.

 

Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым-қатынасы, көрші елдермен жайында кеңінен сөз болады. Әсіресе ғалымның өз заманы, соның ішінде Қазақ хандығының құрылуы, бұл Орданың қалыптасуы кезеңіндегі ОА-дағы саяси оқиғалар туралы егжейлі-тегжейлі мәліметтер берген деректері аса құнды болып отыр. Оның тарих саласындағы құнды еңбектері арқылы біз Ұлы ғалымды қазіргі Қазақ тарихы ғылымының бастау кеөздерінің бірі және ұлттық тарихтың негізін салушы ретінде танимыз.

Жалайыр Қосымұлы Қадырғали (1530-1605) – орта ғасырдағы қазақтың ғұлама ғалымы, атақты биі. Тарихи шығармаларда оны «Қайырғали Жалаири» деп көрсетеді. Бұл – тарихи тұлғаның аты-жөнінің соңына оның қай мекеннен екені білдіру үшін туған жерін көрсететін бұрынғы қалыптасқан дәстүр бойынша алынған. Бірақ мұнда ғұламаның туған жері емес, тайпасының аты көрсетілген. Оның шыққан тегі – Ұлы жүздің тарақ таңбалы Жалайыр тайпасынан. Оның «Жалайри» аталуы осыдан. Тарихи шығармаларда оның есімін Қыдырғали, Қыдырәли, Қадырғали деп құбылтып атай береді. Туған жері – Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы.

Жастай білім алып, бірнеше тіл меңгерген Қадырғалидың өзі де хан сарайында қызмет атқарып, хан балаларын тәрбиелеу ісімен айналысқан.

Шығай ханның баласы «Ұзын оқты» атанған Ондан сұлтан жау қолынан өлген соң, оның 13 жасар баласы Ораз-Мұхаммедті алып, өзіне қараған елмен Сібірдің Көшім ханының қол астына көшіп кетеді. Онда Қадырғалидың білімділігіне, ақыл-парасатына риза болған Көшім хан оны Төбе би етіп сайлайды, өзінің ақылгөй кеңесшісі етеді. Бірақ ол онда ұзақ бола алмайды, кейін Сібір кінәзі Сейдектің ықпалымен, онымен бірігіп, Көшім ханға қарсы шығады. Сөйтіп ол енді Ораз-Мұхаммедпен бірігіп, Сейдектің мәртебесін көтереді. Осында жүргенде оларды Сібір воеводасы Д. Чулков алдап тұтқынға түсіреді. Қадырғалиды Ораз-Мұхаммедпен бірге Москваға жөнелтеді. Кейін шведтерге, Қырым хандығына қарсы соғыста ерлік көрсеткені үшін орыс патшасы Ораз-Мұхаммедке Ока бойындағы Қасым хандығынан иелігіне жер бөліп береді. 1600 жылы орыстың жаңа патшасы Борис Годунов оны Қасым хандығының ханы етіп қояды. Қадырғали оның төрт биінің бірі болып тағайындалады.

Ол осында ғылыммен шындап айналысады. Ана тілімен бірге араб, парсы тілдерін де жақсы меңгеріп, Шығыстың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын терең зерттейді. Соның нәтижесінде ол Орта Азияның сол кездегі атақты ғұламаларының деңгейіне көтеріледі. Кейін «Жами ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы») деген атпен әлемге әйгілі болған өзінің атақты еңбегін жазады. «Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөздерге қанық көптеген кітап оқыған адаммын» деп жазады ол өзі жайында.

«Жылнамалар жинағы» - орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда қазақ хандығының Х ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген.