Виртуалды дүкендерде ... тіркелген.

А. онлайн-дүкені ұсынатын бағалардың офлайн-дүкендерімен салыстырғанда бағаларының төмен болатындығын түсіндіретін 3 экономикалық концепциясын келтіріңіз.

1. Сатушыларға ғимарат жалдап, оған қыруар қаржы төлеудің қажеті жоқ.

2. Кейбір интернет-дүкендердің өзіне тие­сілі материалдық базасы жоқ болған­дықтан, оффлайн-сауда (кәдімгі дүкен саудасы) мен интернет-аудиторияның ара­­сында делдал қызметін атқарады. Бұларда тауар түрі көп болғанымен, тасы­мал жағынан ұтылады. Есесіне, жеке қой­масы бар дүкендер бес күннің ішінде жет­кізеді. Оның өзі қойма мен сатып алу­шы­­ның арасындағы қашықтыққа бай­ла­­нысты. Аймақтарда интернет-дүкеннің онша кең таралмауының бір себебі осы.

3. Онлайн-дүкені ұсынатын бағалардың офлайн-дүкендерімен салыстырғанда бағаларының төмен болатындығы, онлайн-дүкеннің баға саясаты бәріне ортақ десе де болады: тұтынушы тарту үшін шегерім­нің жинақтама жүйесін, тегін тасымал ұсы­нады. Баға жағынан онша ерекшеленбейді. Кеңсе техникасы мен компьютерлік тауар сататындар зауыттың кепілдемесін ұсыну­ды ұмытпайды.

 

В. Бағаның төмен болуымен қатар, е-бизнес қоғамға тағы қандай 3 пайдасы бар?

1.E-бизнес көптеген адамдарға үйде ешқайда шықпай, кептелістерге қалмай және физикалық түрде дүкен араламауға мүмкіншілік береді.

2. E-бизнес ауылдық округтарда тұратын халыққа үлкен таңдау және қызмет көрсету мүмкіншілігіне ие бола алады.

3.E-бизнес денсаулық сақтау, білім жүйесі және т.б. мемлекеттік қызметтер жүйесі тең дәрежеде қолдануға мүмкіндік береді.

 

С. Қазақстанның басқа қалаларында е-бизнес даму үшін қандай мәселелер шешілуі тиіс?

Ал отандық кәсіпкерді е-коммерцияға көптеп тарту үшін бірнеше түйінді шешуге тура келеді. Ол үшін ең әуелі логистиканы дамытып, қызмет көрсету сапасын көтеру керек. Одан басқа виртуалдық саудада алаяқтықтың жолын кесу, яғни тұтынушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, электрондық ақшаны айналымға енгізу, салық мәселесі бар. Ең бастысы, отандық өнімдер мен қызмет көрсетуді ынталан­дыру жағы да қалыс қалмауы қажет.

 


 

9) Электронды төлем жүйелері қандай талаптарға жауап беруі тиіс:

1. Sequrity — қауіпсіздік — жеке мәліметтерді қорғау және авторизацияланбаған әрекеттерден қорғау.

2. Scalability- масштабтау — клиенттердің кіші де, үлкен де санымен орнықты түрде жұмыс жасау.

3.Robustness — орнықтылық — жүйенің кейбір элементтері істемеген жағдайда жұмыс жасау.

4. Extensibility — кеңейу мүмкіндігі - Басқа да қызметтерге зиян келтірместен, клиенттердің үлкен санымен жұмыс жасау.

5.Traceability- ізін таба алу. Бизнес транзакцияның қашан және қайда жасалған жөнінде ақпаратпен қамтамасыз етуі тиіс.

6. жүйенің үздіксіз жұмыс жасауы - Жүйе жұмысы 24/7 принципіне негізделуі тиіс.

7. Flexibility — икемділік — жүйе саладағы және замануи технологияларға жылдам бейімделуі тиіс.

8. Конверттеу – қолма-қол ақшаны жеңіл түрде төлем құралына ауыстыру мүмкіндігі.

9. Коммерциялық ақталу – төлем жүйесін пайдалану тиімді болу керек.

10. Қарапайымдылық – жүйе интерфейсі жеңіл түсінікті болуы қажет.

 

А) Электронды төлем жүйелерінің қасиеттері:

1-қасиеті: клиенттерге төлемдерін бақылап отыруға мүмкіндік береді;

2-қасиеті: клиенттердің жеке ақпараттарының қауіпсіздікте болуын қамтамасыз етеді;

3-қасиеті: жүйенің жұмысындағы қателер клиенттердің төлемдеріне әсер етпеуін қамтамасыз етеді.

 

В) Бұл қасиеттер жүзеге асу үшін е-бизнес архитектурасының келесі талаптары орындалуы тиіс:

1) Traceability- ізін таба алу. Бизнес транзакцияның қашан және қайда жасалған жөнінде ақпаратпен қамтамасыз етуі тиіс.

2) Sequrity - қауіпсіздік — жеке мәліметтерді қорғау және авторизацияланбаған әрекеттерден қорғау.

3) Robustness- орнықтылық — жүйенің кейбір элементтері істемеген жағдайда жұмыс жасау.

 


 

10) Е-бизнестің негізгі концепцияларына анықтама беріңіз:

А) Электронды Коммерция (e-Commerce) — нәтижесінде меншік құқығы не тауар/қызметті пайдалану құқығы бір жақтан екінші жаққа өту болып табылатын және электронды түрде жүзеге асатын процесс. Бұл жағдайда, е-коммерция е-бизнестің бір бөлігі болып есептеледі.

E-commerce компаниялар немесе жеке тұлғалар арасындағы коммерциялық транзакцияларды желілік өзара байланыстар негізінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүзеге асыру.

Коммерциялық транзакциялар - компаниялар немесе жеке тұлғалардың тауарға не қызмет түріне меншік иесі

Электронды бизнес(e-business) — басты мақсаты ретінде бизнестің тиімділігін арттыруды ұстанатын және негізгі бизнес-процесстерді интернет-технолгияларын ендіру арқылы оңтайландыру қызметі. Басқаша айтқанда, компанияның ішкі және сыртқы байланыстарын оңтайландыру үшін ғаламтордың мүмкіндіктерін барынша қолданатын іскерлік түрі.

E-business— көп жағдайда компанияның ішінде пайда болатын транзакциялар және процесстерді сандық технологиялар арқылы іске асыру.