Жүкқұжатты және тасымалдау құжаттарын ресімдеу

Жүктерді вагондап және ұсақ жөнелтімдермен тасымалдау жүкқұжатпен немесе мынадай:

1) жүкқұжаттың түпнұсқасынан (жүкпен бірге жүреді және тасымалдаушы жүк алушыға береді);

2) жол тізімдемесінен (жүкпен бірге жүреді және тасымалдаушыда межелі станцияда қалады);

3) жол ведомосі түбіртегінен (жөнелту станциясында тасымалдаушыда қалады);

4) жүкті қабылдау туралы түбіртектен (жүк жөнелтушіде қалады)

тұратын құжаттармен ресімделеді.

Тасымалдау құжаттары жөнелту станциясынан межелі станцияға дейін поезд құрамындағы вагонның (контейнердің) барлық жүру жолында жүкпен бірге және тасымалдаушы өкілінде болады.

Пошта жөнелтілімдерін тасымалдауға арналған құжаттарды ресімдеу

 

Жолаушылар тасымалдарын басқарудың автоматтандырылған жүйесін пайдаланумен ресімдеуге пошта операторы бөлімшелерінің өтінімдері негізінде жөнелту станцияларында жолаушылар поездарының (вагон бойы жөнелтулер) құрамындағы пошта вагондарында пошта жөнелтілімдерін тасымалдауға арналған құжаттар жатады.

Жолаушылар тасымалдарын басқарудың автоматтандырылған жүйесімен пошта тасымалдарына арналған құжаттарды ресімдеу кезінде пошта вагоны жүрісінің құны (тасымалдау төлемі) есептеледі.

Пошта вагоны жүрісінің құны (тасымалдау төлемі) мемлекет шекарасын және жүрістің вагон-километрге тарифтік ставкасын негізге ала отырып, есептеледі.

Кез келген темір жол станцияларының арасында пошта вагондары жүрісіне төлеуге арналған Ф.РС-97 түбіртектерін бастапқы жөнелту пунктінде жолаушылар тасымалдарын басқарудың автоматтандырылған жүйесін пайдалана отырып, ресімдеу кезінде есепке алуға тасымалдау төлемі сомалары ғана жатады, вагон-километр жұмысты есепке алу жүргізілмейді.

Пошта вагонының айналу пунктінде Ф.РС-97 түбіртектер деректері негізінде тасымалдау құжаттары ресімделеді (пошталық вагондарды жөнелтуге құқық беретін), олар бойынша пошта тасымалдары бойынша вагон-километр жұмыстарын есепке алу жүргізіледі.

Пошта тасымалдарын қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша ресімдеуге рұқсат етіледі.

Тасымалдау құжаттарын тексеру

1. Тасымалдаушы темiр жол көлiгi жүкқұжатында көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыстығын

тексередi, ол үшiн:

1) жүкке тексеру жүргiзуге;

2) жүк жөнелтушiден, жүк алушыдан, экспедитордан және вагондардың (контейнерлердiң)

операторынан заңды тұлғаның тiркелгендiгi туралы нотариус куәландырған куәлiктiң көшiрмесiн

алуға;

3) жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор және вагондардың (контейнерлердiң) операторы

ретiндегi жеке тұлғалардың өз басын куәландыратын құжаттарын тексеруге құқылы.

Жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, экспедитордың өкiлi тасымалдаушыға жүктi қабылдауға

(жөнелтуге) немесе беруге (алуға) сенiмхат тапсыруға мiндеттi.

Жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор осы баптың 1-тармағының тармақшасында және

2-тармағында көрсетiлген мәлiметтердiң қандай да болмасын өзгерiстерi туралы жүктi қабылдағанға

немесе бергенге дейiн тасымалдаушыға хабарлауға мiндеттi

 

Актілер, кінә қою, талап қою

1. Тасымалдаушыға тасымалдау шартынан туындайтын кiнә қоюға жолаушының, жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының) құқығы бар.

Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде вагондарға, контейнерлерге иелік ететін тұлға вагондар, контейнерлер жоғалған, бүлінген жағдайларда тасымалдаушыға кінә қоюға құқылы.

2. Жеке немесе заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тасымалдау шарты бойынша кінә қою құқығы бар тұлғалардың атынан кінә қоя алады.

3. Өтiнiш берушiде кінә қою құқығы бар екендігін куәландыратын құжаттар кiнә қоюға қоса берілуге тиiс.

4. Өтiнiш берушiнiң талаптарын растайтын мына құжаттар түпнұсқа түрiнде кiнә қоюға қоса берілуге тиiс:

1) жолаушының өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талап қойылған жағдайда – жол жүру құжаты (билет) және жазатайым оқиға туралы акт;

2) жолаушылар поезының жөнелтiлуi кiдiртiлген немесе ол кешiгiп келген, жол жүргені үшін төлемді қайтару туралы талап қойылған жағдайда – жол жүру құжаты (билет);

3) багажды, жүк-багажды жоғалтқан, жеткiзiп беру мерзiмiн бұзған, багажды, жүк багажды тасымалдағаны үшін тасымалдау ақысын қайтару туралы талап қойылған жағдайда – багаждың, жүк-багаждың түбіртегі;

4) багаж, жүк-багаж жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) жағдайда – багаж, жүк-багаж түбіртегі мен коммерциялық акт;

5) жолаушыны, багажды, жүк-багажды тасымалдағаны үшін тариф дұрыс қолданылмаған, багаждың, жүк-багаждың салмағы қате анықталған, тасымалдау төлемдерін айқындау кезіндегі есептеуде қате жіберілген жағдайларда – жол жүру құжаты (билет), багаждың, жүк-багаждың түбіртегі;

6) жүк түгелдей жоғалған жағдайда – жүктің келіп түспегені туралы межелі станцияның белгісі қойылған жүкті қабылдау туралы түбіртек және жөнелтілген жүктің саны мен құнын растайтын құжат;

7) жүк жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) жағдайда – темiр жол көлiгi жүкқұжаты, межелі станция берген коммерциялық акт және жөнелтілген, жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) жүктің саны мен құнын растайтын құжаттар.

Жүк жөнелтуші мен жүк алушы арасындағы есеп айырысу нормаланған және іс жүзіндегі ылғалдылық ескеріле отырып, жүргізілетін жүк жетіспеген жағдайда, кінә қоюға жүкті жөнелту және беру кезіндегі оның ылғалдылығын растайтын құжаттар қоса беріледі.

Жүкті беру кезінде оның бағасын арзандату немесе сортын төмендету жүргізілген жүк бұзылған (бүлiнген) жағдайда кінә қою актісіне сараптама актісі қоса беріледі;

8) жүктi жеткiзiп беру мерзiмдерi бұзылған жағдайда – темiр жол көлiгi жүкқұжаты;

9) тариф артық төленген жағдайда – темiр жол көлiгi жүкқұжаты немесе жүкті тасымалдауға қабылдау туралы түбіртек және төленгенін растайтын құжаттар;

10) тасымалдау орындалмаған жағдайда – тасымалдаушының жүкті қайтарғаны туралы белгісі қойылған жүкті тасымалдауға қабылдау туралы түбіртек;

11) жүк тасымалдаумен байланысты алымдар мен айыппұлдар артық төленген жағдайда – олардың есептелгенін және төленгенін растайтын құжаттар;

12) тасымалдаушы заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі немесе олар жалға алған вагондарды, контейнерлерді жоғалтқан, зақымдаған жағдайда – межелі станциядағы тасымалдаушының вагондардың, контейнерлердің жеткізілмегені туралы белгісімен жүкті тасымалдауға қабылдау туралы түбіртек, техникалық паспорттар мен оларға меншік құқығын немесе жалға алынғанын растайтын құжаттар.

5. Бір кінә қоюда осы бапта көрсетілген әртүрлі жағдайлар бойынша талаптар біріктірілмеуі тиіс.

Жүктің жоғалғаны, жетіспеуі, бүлінгені немесе бұзылғаны үшін кінә қою әрбір жөнелтілім бойынша жеке қойылады.

Бір атаудағы, бір станцияда бір ғана жүк жөнелтуші бір межелі станцияға бір жүк алушының мекенжайына жөнелткен жүктер бойынша тасымалдауды ресімдеу кезінде тасымалдаушы олар бойынша бір коммерциялық акт жасаған жүк жөнелтілімдері тобы бойынша бір кінә қоюды ресімдеуге рұқсат етіледі.

Маршруттық немесе топтап тасымалданған жүктер бойынша кінә қою коммерциялық актіде көрсетілген вагондар санына қойылады.

Жүкті жеткізу мерзімі асып кеткен кезде олар бір тәулік ішінде келсе, бірнеше жүк жөнелтілімін бір кінә қоюда біріктіруге рұқсат етіледі.

 

Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау

Жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру

Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Үкiметi айқындайды.

Ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаудың ұйымдастырылуын жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар немесе тасымалдаушы айқындайды

Жолаушыны, багажды және жүк-багажды тасымалдау шарты

1. Жолаушыны тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы оған жол жүру құжатына (билетiне) сәйкес поезда орын берiп, оны баратын жерiне жеткiзуге мiндеттенедi, ал жолаушы жол жүру ақысын төлеуге мiндеттi.

2. Багажды, жүк-багажды тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы багажды, жүк-багажды баратын жерiне жеткiзiп беруге, ал жөнелтушi оның тасымалдау ақысын төлеуге мiндеттi.

3. Жолаушыны тасымалдау шарты - жол жүру құжатымен (билетпен), багажды тасымалдау - багаж квитанциясымен, жүк-багажды тасымалдау жүк-багаж квитанциясымен ресiмделедi.

Тасымалдаушы жолаушы көрсеткен межелі станцияға дейiн жол жүру құжатының (билеттiң) сатылуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Тасымалдаушы жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды жолаушы агенттіктерінің билет кассалары арқылы ұйымдастыра алады.

4-1. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату және орындарды резервке қою жолаушы тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады, Ұлттық теміржол компаниясы оған қол жеткізуді уәкілетті органмен келісім бойынша ұйымдастырады.

5. Жолаушыға жол жүру құжатына (билетiне) сәйкес орын бермеген немесе тасымалдауды жалғастырудан бас тартқан тасымалдаушы өз есебiнен жолаушыны баратын жерiне жеткiзуге немесе жолаушыға шартты тиiсiнше орындамаудан келтiрiлген барлық залалды өтеуге мiндеттi.

6. Жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) нысаны, оларды сату тәртiбi мен қолданылу мерзiмдерi тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.

Багажды және жүк-багажды тасымалдау

2. Жолаушы (жөнелтушi) багажды тапсыру кезiнде оның құнын жариялауға құқылы, ал жүк-багажды тапсыру кезiнде оның құнын жариялауға мiндеттi.

3. Багажбен, жүк-багажбен тасымалдауға өзiнiң мөлшерiне, буып-түйiлуiне және қасиеттерiне қарай багаж вагонына қиындықсыз тиелiп, орналастырылатын және тасымалдаушының мүлкiне және басқа жолаушылардың (жөнелтушiлердiң) багажына, жүк-багажына зиян келтiрмейтiн заттар мен нәрселер қабылданады

Тасымалдаушы жолаушыдан немесе жөнелтушiден багажды және жүк-багажды қабылдап алуға және осы операциялар үшiн ашық кез келген темiр жол станциясына дейiн жөнелтуге мiндеттi.

Жөнелтушінің жүк-багажы жол жүру құжатын (билетті) ұсынбай тасымалдау құжаты (жүк-багаждың түбіртегі) бойынша қабылданады.

Жөнелтушiнiң багажы, жүк-багажы таяу арада жүретiн багаж вагоны бар поезбен жөнелтiледi. Бұл орайда тасымалдаушы жолаушының багажын, жүк-багажын бiрiншi кезекте жөнелтудi қамтамасыз етуге мiндеттi. Жолаушының жол жүру құжатында (билетiнде) көрсетiлген маршрут бойынша жеткiзiлетiн багаж, жүк-багаж жолаушы отырған поезбен немесе таяу арада жүретiн багаж вагоны бар поезбен жөнелтiлуге тиiс.