Емтихан тапсыруға ұсыныстар» жаттығуы.

Мақсаты:Оқушылардың табысқа жету мотивациясын қалыптастыру, ұсыныстарды жағымды түрде беруге үйрету.

Мазмұны: Жетекші қатысушылардан мына жағдайда көз алдарына елестетуді ұсынады: олардың жақындарының бірі дәл қазір өте маңызды емтиханға бармақшы. Оған ұсыныстар айту қажет. 1-2 минуттан соң әрбір оқушы өзінің сол жақтағы көрінісіне бұрылып оған ұсыныс айта бастайды.

Талқылау. Көршіге берілген кеңестерден табысқа жетуді қалыптастыратын жол болсын тілектері естіледі. Қатысушылардың арасынан кімнің тілегі жақсы шықса, жарнама ретінде жазып, іліп қоюға болады.

 

Мәтін ішіндегі тест» ойыны.

Мақсаты: Оқушылардың жұмысқа деген ынтасын, мотивациясын жетілдіру.

Балалар сыныпта қалаған ретімен отырады. Жетекші әрқайсысына «Мәтін ішіндегі тестті» таратып оны толтыруды ұсынады.

Сіз нұсқауға бағына аласыз ба? Үш минут ішінде жаттығуға қарай іс-қағазды толтырып шығыңыз.

1. Орындалмас бұрын бәрін мұқият орындап шығыңыз.

2. Нарықтың оң жақ жоғары бұрышына баспа әріптерімен өз атыңызды жазыңыз.

3. Атыңызды қоршаңыз.

4. 4. Сол жақ жоғары бұрышқа бес шағын шаршы салыңыз.

5. Әр шаршыға (х) белгі қойыңыз.

6. Парақтың жоғары жағына өз фамилияңызды жазыңыз.

7. Есіміңіз жазылған оң жақ жоғары бұрыштың астына телефон нөміріңіздіжазыңыз. Телефоныңыз жоқ болса, 100 санын жазыңыз.

8. Жазған нөмірді барлығы еститіндей дауыстап айтыңыз.

9. Осы нөмірді қоршаңыз.

10. Парақты сол жақ төменгі бөлігіне қанатшы (х) қойыңыз.

11. Осы белгіні үшбұрышты белгілеңіз.

12. Әдеттегі дауысыңызбен 10-нан 1-ге дейін кері санаңыз.

13. Парақтың жоғары бөлігіне қарындаштың немесе қаламсаптың ұшымен үш кішкентай тесік жасаңыз.

14. Мен «Мен біттім» деп дауыстаңыз.

 

Енді барлығын мұқият оқып шыққаннан кейін 1 және 2 тапсырманы орындаңыз.

Талқылау. Топ тапсырманың мағынасын түсінгенде бөлмеде күлкі таралады және жаттығуды неге толтырғандарын айтады. Барлық қатысушылар жетекшінің «қармағына» түседі. Жоғары сынып оқушылары қабілеттілікті тексеруге арналған тапсырма деп жауапкершілікпен қабылдайды. Ойын соңында ешкім өзін алданып қалғандай сезінбейді, керісінше тапсырма босаңсуға, демалуға мүмкіндік береді.

 

Зіндік бағаны дамытуға арналған жаттығулар.

Мақтаншақтар» ойыны.

Мақсаты:Ойын баланың өзіндік бағасының жоғарылауына, ұжымдағы маңыздылығын көтеруге бағытталады.

Мазмұны: Барлық балалар шеңбер жасап отырады. Олардың міндеті-бірде тапсырманы керемет орындағанын айту. Сөйлемді “Бір күні мен ... деп бастау қажет. Мысалы: “Бір күні мен мектепте жолдасыма көмектестім” немесе “Бір күні мен үй тапсырмасын жылдам орындадым”.Ойлануға 2 минут уақыт беріледі, мұнан кейін балалар шеңбер бойымен қысқа хабарлама жасайды. Барлық балалар өз ойларын айтып болғаннан кейін жетекші сөйлемдерді жинақтауға көмектеседі.

Анам мені не үшін жақсы көреді?” ойыны.

Мақсаты:Құрбылар алдында әр баланың маңыздылығын жоғарылату.

Мазмұны: Барлық балалар шеңбер бойынша отырады. Әр балаға анасы оны не үшін жақсы көретінін айтып өтуді ұсынады. Топтың ішінен бір баладан қатысушы бала-анасы оны не үшін жақсы көретінін қайталауы қажет.

Ескерту: Балалар өзгелер үшін маңызды екендіктерін көрсеткісі келіп: анасы баланы ыдыс жуғандығы үшін, кітап жазуға кедергі келтірмегені үшін, кішкентай қарындасын ренжітпегені үшін жақсы көретінін айтады.

 

Шыбық тимес шыңқ етер” ойыны.

Мақсаты:Ойын баланың өзіндік бағасының жоғарылауына, эмпатиялық дамуды жетілдіреді.

Мазмұны: Тәрбиеші балалармен бірге бірнеше сабақтарда пиктограммалы үлестірмелі қағаздар суретін салады. Балалармен әрбір пиктограммалар қандай мағына беретінін пікірлесу қажет. Мысалы: күлімсіреп тұрған адамның суреті-көңілділіктің, бірдей салынған конфеттердің суреті-жақсылық пен адамгершіліктің мағынасын білдіреді.

Егер балалар оқи алатын болса жаза алса пиктограмманың орнына қандай да бір жағымды мінез сапасын жазуға болады (міндетті түрде жағымды). Әр балаға 5-8 үлестірмелі қағаз берілді. Жетекші белгісінен кейін балалар жолдастарының арқасына барлық үлестірмелі қағаздарын жапсырып шығулары тиіс.