Физиотерапевті әсер етудің әдістері.

Физиотерапия (табиғат+ емдеу; синонимі: денелік терапия, физикалық терапия, физиатрия)- табиғи және жасанды құрылған физикалық әдістердің физиологиялық, емдік әсерін оқып- зерттейтін және оларды емдік,профилактикалық мақсаттарда қолдану әдістерін құрастыратын медицинаның облысы; емдеудің физикалық әдістерінің жиынтығы мен оларды тәжірибеде қолдану.

Электрмен емдеу көптеген әдістерді біріктіреді (электр өрісін, тұрақты, айнымалы, үздіксіз және үздікті электр токтарын, айнымалы магнит өрісін, электромагниттік өрістерді қолданатын әдістер).

Электротерапияда фарадизация, гальванизация, жүйке мен бұлшықеттерді стимулдайтын аппараттар, дарсонвализация , диатермия, микротолқынды терапия, магнитті терапия; жарықпен емдеуде- ультракүлгін және инфрақызыл сәулелер қолданылады.

Физиотерапевті процедуралар негізінен парездерді (жартылай салдану), салдануларды, буын- сіңір аппаратының ауруларын, тері, тыныс алу мүшелерінің ауруларын, зат алмасудың бұзылуын емдеуде қолданылады. Физиотерапияның электротерапия, жарықты терапия, батпақпен жылулық емдеу, гидротерапия, массаж және т.б. түрлері қолданылады. Физиотерапияның негізгі әдістері ішкі мүшелердің барлық ауруларына көрсетілген; ал оларға қарсы көрсетілімдер салыстырмалы сипатта ғана болады.

Ультрадыбыстық терапия –аса жоғары жиілікті (АЖЖ) механикалық тербелістерді емдеуде қолдану. Әсер етуінің негізі факторлары:
механикалық -жасушааралық деңгейде ұлпалардың вибрациялы микромассажы, осының нәтижесінде ұлпалардың тіршілікке қабілеттілігі мен алмасу үрдістері қуаттанады; жылулық- қанайналымды жақсартуға, алмасу үрдістерін арттыруға, тыртықтың жойылуына, ісіктің азаюына ықпал ететін ұлпаларда «терең» жылудың түзілуі;

физика-химиялық – ұлпалардың қалпына келуін, олардың ремодельденуіне жәрдемдесетін ұлпалардағы химиялық реакциялардың өту жылдамдығының үдетілуі.

Құрамды терапия – бір құралда электрлік және ультрадыбыстық терапия әдістерінің үйлесуі.

Микротолқынды терапия – электрмен емдеудің негізгі әдістерінің бірі. Осы кезде науқасты аса жоғары жиілікті электромагниттік толқындармен сәулелендіреді, және осы жағдайда көптеген ауруларды емдеу үшін қуаты аздаған болатын аса жоғары жиілікті электромагниттік өрістің энергиясы пайдаланылады. Микротолқындар (микрорадиотолқындар, аса жоғары жиілікті тербелістер) ультра жоғары жиілікті толқындар мен инфрақызыл сәулелердің аралығындағы орынды алып жатыр. Микротолқындар ультра жоғары жиілікті радиотолқындарға тән қасиеттермен де ( биологиялық ұлпаларға өту қабілеттілігі), инфрақызыл сәулелерге тән (шағылу, сыну, биологиялық ұлпалармен жұтылуы) қасиеттермен де сипатталады.

Аса жоғары жиілікті терапия (микротолқынды терапия- АЖЖ)- толқын ұзындығы 1мм-ден 1м-ге дейінгі электромагниттік тербелістермен науқасқа әсер етіп, электрмен емдеу әдісі (немесе 300-30000 МГц жиіліктегі электромагниттік тербелістермен әсер ету). Емдік тәжірибеде дециметрлі (0,1-1 м) және сантиметрлі (1-10 см) диапазондардағы микротолқындар қолданылады, осыған сәйкес аса жоғары жиілікті терапияны екі түрге бөлуге болады: дециметрлі толқынды (ДМТ-терапия) және сантиметрлі толқынды (СМТ-терапия). Микротолқындар ультра жоғары диапазондағы электромагниттік толқындар мен инфрақызыл сәулелер аралығындағы бөлікті алып жатқандықтан, кейбір физикалық қасиеттері бойынша олар жарық , сәуле энергиясына жақын. Олар жарық сияқты шағыла, сына, шашырай, жұтыла алады, оларды жіңішке шоғырға жинақтауға және бір бағытта локальді әсер ету үшін қолдануға болады.

Адам денесіне түскен микротолқындардың 30-60 %-ы ағза ұлпаларымен жұтылады, ал қалған бөлігі шағылады. Микротолқындар шағылған кезде, әсіресе электр өткізгішті әртүрлі ұлпалармен шағылғанда, түскен және шағылған энергия қосылып, ұ лпалардың жергілікті қызып кету қаупін тудырады. Ұлпалармен жұтылған микротолқындар энергиясының бір бөлігі жылуға айналып, жылулық әсер туғызады. Осымен қатар айрықша осцилляторлы эффект орнайды. Ол электромагниттік энергияның резонансты жұтылуымен байланысты, өйткені бірқатар биологиялық заттардың (амин қышқылдарының, полипептидтердің, судың ) тербеліс жиілігі микротолқындар жиіліктерінің дипазонына жақын. Осының салдарынан микротолқындардың әсерінен әртүрлі биохимиялық үрдістердің белсенділігі артады, биологиялық активті заттар (серотонин, гистамин және т.б.) түзіледі.

Микротолқынды терапияның әсерінен қантамырлары кеңейеді, қанағысы артады , бірыңғай салалыбұлшықеттің спазмасы (түйілуі) төмендейді, жүйке жүйесінің тежелу және қозу үрдістері қалыпқа келеді,жүйке талшығымен импульстердің өтуі үдетіледі, ақуыздың, липидтің, көмірсудың алмасуы өзгереді.

Микротолқынды терапия симпатика-адреналды жүйенің қызметін белсендіреді, қабынуға қарсы әсерді, ауырсынбау әсерін тудырады.

Дециметрлі және сантиметрлі микротолқындардың әсерінде кейбір айырмашылықтар бар. Сантиметрлі толқынның (СМТ) энергиясы ұлпада 5-6 см тереңдікке өтеді, ал дециметрлі толқындар (ДМТ) – 10-12 см. СМТ-ң әсері кезінде жылу ұлпалардың беттік қабатында жақсы түзіледі, ал ДМТ кезінде жылу ұлпаның беттік қабатында да, терең қабаттарында да түзіледі.

Дециметрлі диапазондағы толқындар жүрек-қантамыр жүйесіне қолайлы әсер етеді, миокардтың жиырылғыштық функциясы жақсарады, жүрек бұлшықетінде алмасу үрдістері белсенеді, перифериялық (шеткі) қантамырлардың тонусы төмендейді. Аса айқындалған қолайлы динамика (жақсару) бүйрекбездер (бүйрек үстіндегі ішкі секреция безі) аймағына әсер еткенде білінеді.

Сәулелендіргіш пен пациент денесінің контактісін электронды бақылау әсіресе стоматологияда ауыз қуысы мен жақ- бет аймағының ауруларында, оториноларингологияда, педиатрияда, урологияда, гинекологияда жүргізіледі.

АЖЖ-ті өрістің аз мөлшерімен зақымдану ошағына жергілікті әсер етуге арналған компактілі аппарат 2-ші суретте көрсетілген. Орташа жиілікті токтар:

орташа жиіліктіекі полюсті ток- амплипульс-терапия,бұлшықетті белсендіру үшін орташа жиілікті токтар.

Төменгі жиілікті токтар:гальваникалық ток. Ультрадыбыс: бөлек не біруақытта емдеу, жиілігі 1 МГц.

Амплипульстерапияныңемдік әсері жүйке жүйесінің сезімтал аймағына әсері болып табылады. Жиілігі жүйкелер мен бұлшықеттердің әрекет потенциалдарының жиілігіне жуық болатын токтардың тербелістерінің қозғыштық әсері рецепторлардан орталық жүйке жүйесіне серпіністердің ырғақты реттелген ағынын тудырады, оны науқас вибрация түрінде сезінеді. Осы ағын ауырсыну импульсациясын жабаотырып, ауырсыну синдромын тоқтатады не төмендетеді, зақымданған аймақтағы қан және лимфа айналымын едәуір жақсартады, көктамырдағы қанның тоқтап қалуын, ишемияны төмендетуге жәрдемдеседі, ұлпалардың ісінуінің, алмасу үрдістерінің белсенділігінің төмендеуіне ықпал етеді.

Синусты модульденген токтар қолданылатын әсерінің тәсілі мен параметрлеріне байланысты бұлшықеттердің жиырлғыштық қабілеті мен тонусына әртүрлі бағытта әсер етеді. Осы жүйке-бұлшықет жүйесінің патологиясы кезінде ғана емес, парездер мен салданулар кезінде, бұлшықеттер мен жүйкелердің электростимуляциясы жүргізілгенде, және көптеген мүшелер мен жүйелердің қызметтерін қалпына келтіру үшін қолданылады.

Микротолқынды терапия — аса кіші амплитудалы электр тогының модульденген серпіністерімен ағзаға комплексті әсер ету әдісі.

Микротоктарэпидермиске, дермаға, тері астындағы майлы клетчаткаға, қантамырларға, бұлшықеттерге жұмсақ әсер етеді. Микротоктарды пайдалана отырып, ақуыздардың, амин қышқылдарының, липидтердің ажыратылуы жүргізіледі, зат алмасу өнімдерінің шығарылуы орындалады.

Микротоктар қабынуға қарсы әсер етеді, жұмысы қалыпқа келеді.

Магнитотерапия– тұрақты, айнымалы немесе серпімді (импульсті) төменгі жиілікті магнит өрістерін емдік мақсатта қолдану. Жоғары жиілікті электромагниттік өрістерден айырмашылығы магнитотерапия кезінде ішкі ұлпалардың жылулық эффектісі болмайды не минимумға дейін төмендетілген, бұл физиотерапияның басқа түрлерінде көрсетілмеген ауруларға бірқатар қолдануға мүмкіндік береді. Ағза ұлпалары диамагнитті болғандықтан, (яғни магнит өрісі әсерінен олар магниттелмейді) бірақ ұлпалардың көптеген құраушы элементтері (мысалы, су, қанның пішінді элементтері) магнит өрісінде магниттік қасиеттерге ие болулары мүмкін.

Магнитті-резонансты терапия (индуктотермия) – емдік мақсатта жоғары жиілікті магнит өрістерін қолдану. Олар ұлпаларда құйынды токтардытудырады, соның есебінен жылу пайда болады, осы жылу жылуды реттеу механизмдерінің тиімділігін төмендетеді.

Лазерлі терапия – ұлпалардың 1 градус Цельсиядан артық қызуын тудырмайтын, оптикалық сәулеленудің лазерлі көзінен алынатын төменгі жиілікті жарықты медицинада қолдануға негізделген емдеу әдісі. Лазер – тығыздығы жоғары және жоғары бағытталған когерентті оптикалық сәулелену көзі. Терапевтік лазер аппаратынан шыққан жарықтың кәдімгі шам (лампочка) беретін жарықтан айырмашылығы мынада:

• лазер сәулесі монохроматты, яғни берілген толқын ұзындықты сәулемен емдеуге болады;
• поляризацияланған, яғни қоршаған кеңістікте шашырамайды;
• ультра төменгі жылулық энергиясы бар;
• мөлшерлеуі (доза) жеңіл, ол жиілікті-уақытты сипаттамалардың өзгерісімен алынады;
• тері арқылы 5-7 см тереңдікке өтеді, ол емдеуге тиісті бөлікті тура емдеуге мүмкіндік береді.
Бірақ ең негізгісі- табиғаты жағынан сезілмейтін керемет лазер сәулесінің кванты тамаша емдік эффектілер жиынына ие:
• аллергиялық реакцияларды жояды,
• қорғаныш жүйесін қалыпқа келтіреді (иммунитет),
• қанайналымды жақсартады,
• зат алмасуды қалыпқа келтіреді,
• ағзаны тұздар мен шлактардан тазартады,
• қуатты ауырсынбау мен қабынуға қарсы әсерді туғызады,
• атеросклерозға қарсы әсерді тудырады.

Күре тамырдың ішін лазерлі сәулелендіру- төменгі интенсивті лазер сәулесінің адам ағзасына жоғары эффективті әсер ету тәсілі. Кардиологияда, пульмонологияда, эндокринологияда,

гастроэнтерологияда, гинекологияда, урологияда, дерматологияда қолданылады.

Сәулелену көзі 0,63 мкм толқын ұзындықтағы жартылай өткізгішті лазер болып табылады. Ем шарасын (процедура) жүргізу кезінде стерильді бір реттік инесі бар жарық диодтары қолданылады. Лазерлі терапияның аса әсерлі әдісі ішкі және сыртқы әсердің үйлесімі болып табылады (күре тамыр ішін лазерлі терапия). Сыртқа қолдану кезінде лазер сәулесі ауыратын мүше орналасқан дене бөлігіне бағытталады. Жарық ұлпамен терең өтіп, зақымданған ұлпалардағы зат алмасуды белсендіреді. Күре тамырмен емдеу кезінде қолдың күре тамырына енгізілетін стерильді жіңішке жарық өткізгіш арқылы лазер сәулесі қанға әсер етеді. Ұлпалардың оттегімен қамтамасыз етілуіне, сенімді иммунді қорғанышқа жауап беретін қан түйіршіктерін төменгі интенсивті сәулелендіру нәтижесінде «белсенді» қан келіп жеткен ағзаның барлық «бұрышында регенерация, энергия алмасу, зат алмасу үрдістері белсендіріледі (стимулданады). Ағзаның өзін- өзі реттеуінің бұзылған үрдістері белсендіріліп, әрекетсіздікке ұшыраған күйден өзін-өзі емдеп, өмір сүру үшін активті күреске ауысады.

Компрессиялы терапия – сығылған ауаның секцияларға бөлінген екі қабырғалы ауа кірмейтін манжетаға тізбекті берілуін автоматты бақылауға негізделген. Құралдың жұмысы бұлшықеттердің жиырылуын білдіреді және тамырлар ішіндегі қан мен лимфаның жүрекке қарай қозғалуына ықпал етеді.

Жарықты терапия – ағзаны емдеу әдісі, бұл кезде жарықтың элементар бөлшектері- фотондар ағзада жүріп жатқан үрдістерге ықпал етіп, қоршаған ортадан хабардың берілуін, ағза ішіндегі жасушалар арасында, ұлпалар мен мүшелер арасында хабардың берілуін жүзеге асырады, иммунды жүйенің күйін жақсартады, көптеген гормондардың қызметін жақсартады (олардың 20- сы жарыққа тәуелді), солардың ішінде мелатонин- ағзаның ішіндегі сағаттың ролін атқарушы ісік түріндегі бездің (эпифиздің) гормоны; тәуліктік тербелістердің ырғағын анықтап, қолдап отырады, теріде сүйек ұлпасында кальцийдің жинақталуы үшін қажетті Д витаминінің түзілуін белсендіреді.

Гидротерапия. Гидротерапиямен бальнеотерапияның негізіне температуралық, химиялық және механикалық әсер етудің факторлары жатады. Біртұтас жүйе болып табылатын ағза оларға терінің өзінің, жүрек-қантамырлар, жүйке, эндокринді, бұлшықет жүйелерінің, жылу алмасу, тотығу- қалпына келтіру үрдістерінің реакцияларымен күрделі жауап береді,

УЖЖ-терапия – науқастың белгілі бір бөлігіне ультра жоғары жиілікті үздіксіз немесе импульсті электр өрісімен әсер етіп, емдеу әдісі. Ол өріске түскен барлық мүшелерге қабынуға қарсы, басылып қайту, ауруды басатын әсер туғызады.

УЖЖ- 30М – ультра жоғары жиілікті (УЖЖ) электр немесе магнит өрісімен емдеуге арналған аппарат. Осы аппарат терідегі және тері астындағы клетчаткадағы қабынудың ауыр үрдістерінін емдеуде, әсіресе іріңді қабыну және буындардың, бұлшықеттердің, сүйектердің жарақатты ауруларында, ауыр миелитте, полиомиелитте, невралгияда, жарақат алғанда, бронхы астмасында, бронхо-эктатилді ауруларда, өкпе абсцессінде емдеуде қолданылады.

Физиотерм-С – аурулар туралы бағдарламары, көрнекті графикті дисплейі бар үздіксіз және импульсті қысқа толқынды терапияға арналған аппарат. Үздіксіз жұмыс істеу режимі локальді термальді эффектіні тудыру үшін қолданылады, ал импульсті режим- субтермальді эффектілер үшін қолданылады. Сыйымдылық әдістемелері ұлпалардың барлық қабаттарын бір мезгілде қыздыру үшін қолданылады, ал индуктивті әдістемелер- өткізгіштігі жақсы ұлпаларға (дәнекер ұлпалар немесе бұлшықеттер) таңдамалы әсер ету үшін қолданылады.

Физиотерм М – үздіксіз және импульсті микротолқынды терапияға арналған (СМТ) аппарат.
Жұмыс істеу режимінің кең спектрінің болуы мүмкіндік береді:
- науқастың жеке бас ерекшеліктерін есепке ала отырып, емдеу курсын таңдауды жүргізуге; қысқа толқынды жиілікті терапияның процедурасына әдеттенуін болдырмау;

- балалар үшін, қарт адамдар мен науқастардың ерекше категориясы үшін ыңғайлы режимді таңдауға;
- емдеу курсын баяу және кезеңдері бойынша жүзеге асыруға және біртіндеп шығуға.

Дециметрлі терапия (ДМТ-терапия) – емдік мақсатта ұзындығы 69,65 және 33 см болатын дециметрлі толқындарды пайдалану әдісі. Науқастың қазіргі жағдайына (күйіне) сәйкес ДМТ-ң емдік мөлшерімен әсер еткен кезде, ағзада нейрогуморальды жүйе қызметінің жаңа басқа бір жоғары деңгейі орнайды, бұл ағзаның бейімделу механизмдерінің белсенділігіне және ағзаның айрықша емес резистенттілігінің артуына әкеледі.

Шекті жоғары жиілікті терапия(шекті жоғары жиілікті немесе миллиметрлі диапазондағы электромагниттік толқындармен емдеу). Биообьектілерге электромагниттік толқындардың әсер ету эффектісі энергетикалық не ақпараттық болуы мүмкін. Энергетикалық әсер (ықпал) кезінде пайдалы эффект жоғары қуатты тербелістер есебінен орындалады және ол ұлпалардың жалпы не жергілікті қызуын тудырады.

Ақпараттық әсер кезінде әлсіз сигнал қолданылады: ұлпалардың біраз орташа қызуының физиологиялық мәні жоқ.

"Яхта-3"қондырғысы қатерлі құрылымдарды комплексті емдеудің тиімділігін арттыру үшін қолданылады – тері рагі, сүт безі рагінде, жұмсақ ұлпалар, көмей, мойын, тік ішектің рактарын емдеуде қолданылады. Құрылысы жағынан қондырғы жұмыс жасайтын төрт блок түрінде жасалған: генератор блогы, автоматты реттеу блогы, температураны үш каналды өлшеуіш блогы, мұздатқыш блогы (суытқыш). Қондырғы электромагниттік энергияның аса жоғары жиілікті генераторы болып табылады. Генератордан аса жоғары жиілікті энергия аппликатор арқылы қыздырылатын дене бөлігіне беріледі. Қыздырылу аймағына температура датчигі қажетті түрде орнатылады. Температураны өлшеуіштен, датчиктерден сигнал автоматты басқару блогына беріледі, осы басқару блогы қыздырылу аймағындағы температураға байланысты генератордың шығу қуатын басқарады. Биологиялық ұлпалардың бетін салқындату үшін және тереңдікте температураның таралуын арттыру үшін суытқыш блогы мен арнайы құрылымды контактілі аппликаторлар қолданылады. Аппликаторлар жинағы сызықтық өлшемдері 10 см-ге дейін болатын ісіктерге гипертермия жүргізуге мүмкіндік береді. Медицинада қолдануға рұқсат етілген диэлектрлік материалдан жасалған арнайы қабықшасы бар қуысты аппликаторлар иілгіш сәулелендіру бөлігі бар иілмелі коаксиалды кабель түрінде жасалған. Сәулелендіргіштер ағзаның қиын қуыстарындағы қатерлі ісіктердің гипертермиясын жүргізуге мүмкіндік береді. Қондырғы ішек-қарын жолының, қозғалыс-тіреу жүйесінің, тыныс алу мүшелерінің, бүйректер және зәр шығару жолдарының ауруларын емдеуде, травмотология мен косметологияда, жаралар мен тыртықтарды емдеуде, онкологиялық ауруларды емдеуде, наркологияда, радиоактивті сәулелермен сәулеленген адамдарды емдеуде, неврологиялық, терапевтік, педиатрлық тәжірибеде және де профилактикалық мақсаттарда қолданылады.Физиотерапия- қабыну және дистрофты үрдістерінің механизмдеріне, функционалдық патологияға бағытталған емдеудің патогенетикалық белсенді әдістерінің бірі болып табылады.

Физиотерапияның артықшылықтары:
• көптеген аурулардың емдеу мерзімін қысқарту;
• аурулардың асқынуы мен рецидивтерінің (қайталануының) профилактикасы (сақтандыру шаралары);
• дәрі-дәрмектік емдеуге тән қарсы көрсетілімдердің болмауы;
• дәрі- дәрмектің қолданылу тиімділігін арттыру;
• тағайындалған дәрілер мөлшерін едәуір төмендету не олардан толық бас тарту.

Физиотерапияның көрсетілімдері:
• ішкі мүшелердің ауруларында (күрделі және созылмалы бронхиттер, бронхылы астма, гастриттер, асқазанның жарақат ауруы, ұлтабарұшы, созылмалы холециститтер, панкреатиттер, созылмалы колиттер);
• жүйке ауруларында (невриттер, невралгия, радикулиттер, плекситтер. Омыртқааралық дискінің жарығын емдеу);
• қозғалыс – тіреу аппаратында (артроздар, кіші және ірі буындардың артриттері);
• урологиялық, проктологиялық және гинекологиялық ауруларда;
• тері ауруларында;
• құлақ, таңдай және мұрын патологиясында;
• жарақаттан және операциядан кейінгі реабилитация;
• күйіктен кейінгі ауырсыну сезімдерінде;
• тыртықтар және тыртықты деформациялар кезінде.