Жөтел, араласентікпе, крепитациялық сырыл

 

***

Бала 6 айлық. Балалар клиникасында стационарда жіті бронхиолиттен ем алуда. Осы диагнозда тыныс алу мүшелерінің АФЕ-н ескере отырып аз әсерлі терапияны анықтаңыз://

антибактериальды//

вируста қарсы//

+бронхоспазмолитикалық//

муколитикалық//

қақырық түсіруші

 

***

Бала 11 жаста. Балалар клиникасында стационарда пневмониядан ем алуда. Дене температурасы 38,5С. ТАЖ минутына 50рет. Пульсі минутына 96 рет. Енжар. Тәбеті төмен. Ернінде ұшық. Жөтелі ылғалды. Оң жақ жауырын ұшынан өкпенің төменгі шекарасына дейін – дауыс дірілі күшейген, өкпелік дыбыс қысқарған, тынысы әлсіз, крепитация. Өкпеге Р-логиялық зерттеу жасалынды – оң жақ өкпенің төменгі бөлігі көлеңкеленген. Пальпация кезінде дауыс дірілінің динамикасы оң жақ жауырын ұшында әлсірейді, қалған физикалық өзгерістері қалыпты. Ауруда дамыған асқынуды анықтаңыз://

+ателектаз//

пневмоторакс//

плеврит//

пиоторакс//

плевры эмпиемасы

***

Бала 10 айлық. Дене температурасы 38С. Жөтелі ұстамалы, қақырық шығуы қиын. Экспираторлы ентікпе. Тынысы қатты, құрғақ ысқырықты және өкпенің барлық бөлімінде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Перкуссияда өкпеде қораптық дыбыс. Болжамды диагноз қойыңыз://

жіті пневмония//

жіті ларингит//

+обструктивті бронхит//

жіті бронхиолит//

бронх демікпесі

***

Бала 12 жаста. Жағдайы ауыр. Тыныс алу мен жөтел кезінде ауырсыну мен ентікпеге шағымданады. Боз. Айқын акроцианоз.Физикалық жүктемеден ентікпе күшейеді. Кеуде клеткасының оң жақ бөлігі тыныс алуда кешігеді, қабырғааралықтары тегістелген. 4-ші қабырғадан бастап өкпелік дыбыс тұйықталған, тынысы тыңдалмайды. Өкпеге Р-логиялық зерттеу жасалынды – оң жақ өкпенің төменгі бөлігі көлеңкеленген, көкірек аралық сол жаққа ығысқан. Қан талдамасында: Нв 110 г/л, лейкоцит 16 мың., п/15, с/60, э/1, м/5, л/19, ЭТЖ 30 мм/сағ. Аурудың асқынуын анықтаңыз://

абсцесс//

булла//

ателектаз//

+плеврит//

пневмоторакс

 

***

Бала 11 айлық. Шағымдары: мазасыздық, дене температурасы 37,5С-қа дейін көтерілуі, жиі жөтелуі, 3 күн аралығында тұмаурату. Жалпы қарауда екі өкпесі тыныс алуға бірдей қатысады, симметриялы. ТАЖ минутына 30 рет. Перкуссияда ашық өкпелік дыбыс. Тынысы қатты, өкпенің барлық бөлімінен құрғақ сырылдар тыңдалады. Болжамды диагноз//

жедел ларингит //

+жедел бронхит //

жедел обструктивті бронхит //

жедел бронхиолит//

жедел пневмония

 

***

Бала 2 жаста. Балалар клиникасынына стационарға келесі шағымдармен түсті дауысының қарлығуы, үзік үрген жөтел, суық тиген, енжар, тәбеті төмен. Объективті: аран гиперемияланған. Тынысы шулы, тыныс алуы қиындаған. Тыныс алу типі құрсақтық. Кеуде клеткасы дұрыс пішінді. Тыныс алу актісіне бірдей қатысады, симметриялы. Перкуссияда ашық өкпелік дыбыс. Өкпелік тыныс қатты, сырылдар байқалмайды. Болжамды диагноз://

фарингит//

+ларингит//

трахеит//

бронхит//

пневмония

 

***

Бала 5 жасар. Жедел респираторлы вирусты инфекция бойынша ем қабылдайды. Дене температурасы 36,5С. Суық тиген. Аңқасы гиперемияланған. Тыныс алу типі кеуделік. Кеуде клеткасы дұрыс формалы, екі бөлігіде симметриялы және тыныс алу актісіне бірдей қатысады. Перкуторлы өкпеде анық өкпелік дыбыс естіледі. Тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Баладағы тыныс жиілігін анықтаңыз://

15 – 20 рет мин.//

20 – 25 рет мин./

+25– 30 рет мин.//

30 – 35 рет мин.//

35 – 40 рет мин.

 

***

Балаларда пневмония кезінде ателектаз дамуына әкелетін фактор://

жақсы дамыған өкпе васкуляризациясы//

өкпенің жақсы дамыған дәнекер тіні//

+өкпенің әлсіз дамыған эластикалық тіні//

бронхтардың әлсіз дамыған бұлшықеттік тіні//

кеуде клеткасының бөшке тәрізді формасы

 

***

Бала 3 жасар. Балалар емханасының стационарында пневмония бойынша ем қабылдайды. 5 күн бойы дене қызуы 38-39 С-қа дейін жоғарылаған. Тәбеті төмендеген. Солғын. Тыныс алуына қосымша бұлшықеттер қатысады. ТАЖ мин. 50 рет. Суық тиген. Аңқасы гиперемияланған.Жиі жөтеледі. Жөтелі ылғалды.Оң жақ жауырын бұрышы астында тынысы әлсіреген, ұсақ көпіршікті сырылдар. осы аймақта перкуторлы дыбыста қысқарған. Осы аурудағы тыныс ырғағының ерекшелігін ескере отырып, жүректің жиырылу жиілігін анықтаңыз.//

80 рет мин.//

85 рет мин./

90 рет мин.//

+100 рет мин.//

110 рет мин

 

***

Денісау 10 айлықнәрестедеТАЖменЖЖЖқатынасықұрайды://

1: 1//

1: 2//

+1: 3//

1: 4//

1: 5

 

***

Баланың жасы 3-де. Балалар емханасының стационарына мынадай шағымдармен түсті: дене температурасы 38 С, дауысының қарлығуы, үрген тәрізді жөтел, тұмаурату, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі. Тынымсыздық кезінде тынысы шулы болып, алыстан естіледі. ТАЖ мин.40 рет. Перкуторлы өкпеде анық өкпелік дыбыс естіледі. Өкпеде тынысы қатаң, сырылдар жоқ. Баладағы тыныс ырғағының өзгеруін анықтаңыз//

тахипноэ//

чейн-Стокс тынысы//

+инспираторлы ентігу//

экспираторлы ентігу//

аралас ентігу

 

***

2 жасар бала бөгде затпен асфиксия салдарынан жүрек-өкпе қызметі тоқтаған соң 2 аптадан бері ӨЖВ алды. Спонтанды тынысқа ауысқан соң, бала жасыл түсті қақырық бөлінуімен бірге жөтеледі, дене температурасы 40 С-қа көтерілді, оң жақ жауырын асты аймағында – өкпелік дыбыс қысқарған, дәл осы жерде тынысы әлсіреген, крепитация. Өкпеге Р-логикалық зерттеу жүргізу нәтижесінде оң өкпенің төменгі бөлігінің гомогенді қараюы анықталды. Ауру синдромдарының анализдері мына ауруды дәлелдейді.//

бронхит//

+пневмония//

бронхиолит//

плеврит//

пиоторакс

 

***

Нәрестеге 14 күн. Балаға күтім жасау барысында анасы өмірінің 6-шы күні кіндік жарасынан іріңді бөліністі байқады. Өмірінің 10-күні дене температурасы 39-40 С-қа жоғарылаған. Ентігу пайда болған, әлсіз, боз, тәбеті жоқ. Өкпе перкусиясында-оң жауырын бұрышы астынан өкпенің төменгі шекарасына дейін дыбыстың қысқаруы. Аускультацияда – бронхиальды тыныс, ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар. Өкпеге Р-логикалық зерттеу жүргізу нәтижесінде оң өкпенің төменгі бөлігінің гомогенді қараюы анықталды. Ауру синдромдарының анализдері мына ауруды дәлелдейді//

бронхит//

+пневмония//

бронхиолит//

плеврит//

эмфизема

 

***

Бала 8 жаста. ЖРВИ фонында ысқырықты тыныс, жиі продуктивті емес жөтел пайда болды. Өкпе аускультациясында тынысы әлсіреген, барлық аймақта ысқырықты сырылдар етіледі. Перкуссияда – қораптық дыбыс. Осындай белгілер мысықпен қатынас кезінде, дене шынықтыру сабағында тез жүгіру кезінде периодты байқалады. Баланың анасында - жиі түшкіру және күз мезгілінде жас ағу болады. Синдромальды диагноз қойыңыз//

обструктивті бронхит//

жедел пневмония//

жедел трахеит//

+бронхиальді демікпе//

созылмалы бронхит

 

***

1 жасар бала стационарға айқын токсикоз, 2-дәрежелі ТТ, гектикалық характерлі температура 40 С белгілерімен келіп түсті. Перкуссияда оң жауырын асты аймағында өкпелік дыбыс қысқарған. Осы аймақта кенет әлсіреген тыныс фонында тұрақты ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Р-логикалық зерттеуде горизонтальды деңгейлі сұйықтығы бар қуыс анықталды. Пневмонияның қандай асқынуын болжауға болады?//

ателектаз//

плеврит//

+абсцесс//

пиоторкс//

пневмоторакс

 

***

Обструктивті бронхит кезінде бронхообструктивті синдром (БОС) байланысты://

+бронх шырышының ісунуі, секреция, бронхоспазммен//

бронх шырышының ісунуі, секреция, склерозбен//

бронх шырышының ісунуі, секреция, бронхтар деформациясымен//

бронх шырышының ісунуі, секреция, бронхтар кеңеюімен//

бронх шырышының ісунуі, секреция, бөнде затпен

 

***

Бронхиальді обструкциясимптомдары келесі ауруға тән://

ларингит//

трахеит//

острый бронхит//

+бронхиальді демікпе//

өкпе гипоплазиясы

 

***

Бронхиальді демікпе кезінде балаларда БОС дамуының себебі болып табылады://

созылмалы инфекциялық қабыну//

+созылмалы аллергиялық қабыну //

созылмалы инфекция-аллергиялық қабыну //

созылмалы аутоиммунды қабыну//

созылмалы токсико-аллергиялық қабыну

 

***

Балаларда обструктивті бронхит дамуының себебі болып табылады://

+парагрипп//

грипп//

риновирус//

пневмококк//

стафилококк

***

Бронхиальді демікпе диагностикасы мен емді қадағалау үшін келесі әдіс қолданылады://

кеуде клеткасы ағзаларының Р-графиясы//

өкпенің компьютерлі томографиясы//

компьютерлі спирография//

+пикфлоуметрия//

пневмотахометрия

 

***

Бронхиальді демікпенің лабораторлы диагностикасында шешуші фактор болып табылады://

эозинофил деңгейінің жоғарылауы //

+иммуноглобулина Е деңгейінің жоғарылауы //

қандағы көмірқышқыл газы деңгейінің жоғарылауы//

қақырықта Куршман спиарльдарының анықталуы//

рентгенологиялық өзгерістерің анықталуы

 

***

Нәресте 6 айлық. Профилактикалық қарау жүргізіліп жатыр. Нәресте белсенді. Дене температурасы 36,6 С. Тыныс алу типі құрсақтық. Кеуде клеткасы цилиндрлі формалы. Екі бөлігі симметриялы және тыныс алу актісіне бірдей қатысады. Перкуторлы өкпеде анық өкпелік дыбыс естіледі. Тыныс алу жиілігін анықтаңыз.//

15 – 20 рет мин.//

20 – 25 рет мин.//

25– 30 рет мин.//

+30 – 35 рет мин.//

35 – 40 рет мин.

 

***

Бала 5 айлық. Профилактикалық қарау жүргізіліп жатыр. Нәресте белсенді. Температурасы 36,6 С. ТАЖ мин.30 рет. Кеуде клеткасы цилиндрлі формалы. Екі бөлігі симметриялы және тыныс алу актісіне бірдей қатысады. Перкуторлы өкпеде анық өкпелік дыбыс естіледі. Өкпе аускультациясы кезіндегі тыныс сипатын анықтаңыз//

+пуэрильді//

везикулярлы//

қатаң//

бронхиальді

 

***

Балалардағы пневмонияға тән симптомокомплекс://

барлық аймақта қатаң тыныс, құрғақ сырылдар//

барлық аймақта қатаң тыныс, ылғалды ірі көпіршікті сырылдар//

барлық аймақта әлсіз везикулярлы тыныс, ысқырықты сырылдар//

барлық аймақты әлсіз тыныс, ылғалды майда көпіршікті сырылдар//

+локальды әлсіз тыныс, крепитацияланатын сырылдар

 

***

Бала 12 жаста. Балалар емханасының стационарында ем қабылдайды. Дене температурасы 38,5 С. ТАЖ мин. 50 рет. ЖЖЖ мин. 96 рет. Кеуде клеткасының оң бүйір жағындағы ауру сезіміне шағымданады – жөтелгенде, терең тыныс алғанда ауру сезімі күшейеді. Солғын. Тәбеті төмендеген. Ернінде ұшық. Жөтел тот басқан тәрізді қақырықты, ауру сезімімен жүреді. Оң бет терісі гиперемияланған. Оң жауырын бұрышы асты аймағынан өкпенің төменгі шекарасына дейін – өкпелік дыбыс тұйықталған, тынысы әлсіреген, крепитация. Өкпенің Р-логикалық зерттеуі жүргізілді – оң өкпенің төменгі бөлігі қарайған. Айтылған белгілер бойынша осы аурудың негізгі диагностикалық критерийін көрсетіңіз//

+тахипноэ//

тахикардия//

кеуде клеткасындағы ауру сезімі.

жөтел//

әлсіздік

 

***

Бала 3 жасар. Балалар емханасының стационарында пневмония бойынша ем қабылдайды. 5 күн бойы дене қызуы 38-39 С-қа дейін жоғарылаған. Тәбеті төмендеген. Солғын. Тыныс алуына қосымша бұлшықеттер қатысады. ТАЖ мин. 50 рет. Суық тиген. Аңқасы гиперемияланған.Жиі жөтеледі. Жөтелі ылғалды.Оң жақ жауырын бұрышы астында тынысы әлсіреген, ұсақ көпіршікті сырылдар. осы аймақта перкуторлы дыбыста қысқарған. ҚР ДСМ Протоколына сәйкес антибактерияальді терапия тағайындаңыз//

+амоксициллин//

ампициллин//

цефуроксим//

азитромицин//

гентамицин

 

***

Нәресте 4 айлық. Профилактикалық қарау жүргізіліп жатыр. Шағымдары жоқ. ТАЖ мин.32 рет. Кеуде клеткасы цилиндрлі формалы. Екі бөлігі симметриялы және тыныс алу актісіне бірдей қатысады. Перкуторлы өкпеде анық өкпелік дыбыс естіледі. Өкпе аускульациясында естілетін тыныс сипатын анықтаңыз//

пуэрильді//

әлсіз пуэрильді//

везикулярлы//

+әлсіз везикулярлы//

қатаң

 

***

Бала 3 жасар. Балалар емханасының стационарында пневмония бойынша ем қабылдайды. 5 күн бойы дене қызуы 38-39 С-қа дейін жоғарылаған. Тәбетітөмендеген. Солғын. Тыныс алуына қосымша бұлшықеттерқатысады. ТАЖмин. 50 рет. Суықтиген. Аңқасыгиперемияланған.Жиіжөтеледі. Жөтеліылғалды.Оңжақжауырынбұрышыастындатынысыәлсіреген, ұсақкөпіршіктісырылдар. осыаймақтаперкуторлыдыбыстақысқарған. Осы аурудағы тыныс ырғағығының ерекшелігін ескере отырып, жүрк жиырылыу жиілігін анықтаңыз//

80 рет мин.//

85 рет мин./

90 рет мин.//

+100 рет мин.//

110 рет мин.

 

***

Бала 3 жаста. 5 күн бойы дене қызуы 38-39 С-қа дейін жоғарылаған. Тәбеті төмендеген. Солғын. Тынысы қосымша бұлшықеттер қатысуымен. ТАЖ мин. 40 рет. Тұмауратқан. Аңқасы гиперемияланған. Жиі жөтеледі. Жөтелі ылғалды. Оң жақ жауырын бұрышы астында тынысы әлсіреген, ұсақ көпіршікті сырылдар. осы аймақта перкуторлы дыбыста қысқарған. Болжамды ауру://

ЖРВИ//

баспа//

ларингит//

бронхит//

+пневмония

 

***

Баланың жасы 2-де. Балалар емханасының стационарына мынадай шағымдармен түсті: дене температурасы 38 С, дауысының қарлығуы, үрген тәрізді жөтел, тұмаурату, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі. Тынымсыздық кезінде тынысы шулы болып, алыстан естіледі. ТАЖ мин 40 рет. Перкуторлы өкпеде анық өкпелік дыбыс естіледі. Өкпеде тынысы қатаң, сырылдар жоқ. Балада тыныс ырғағының өзгеруін сипаттаңыз//

тахипноэ//

чейн-Стокс тынысы//

+инспираторлы ентігу//

экспираторлы ентігу//

аралас ентігу

 

***

Бала 2 жаста. Дене қызуы 38,5 С. Әлсіз. Тәбеті төмендеген. Жөтеледі. Жөтелі ылғалды. ТЖ 48 рет/мин. Оңжақ жауырын астында өкпелік дыбыс қысқарған. Осы аурудағы сырылдың түрін анықтаңыз//

құрғақ//

ысқырықты//

ірі көпіршікті ылғалды//

орташа көпіршікті ылғалды//

+ұсақ көпіршікті ылғалды

 

***

Бала 6 жаста. Сегментарлы пневмониямен стационарда жатыр. Кеуде қуысының рентгенологиялық зерттеуінде оң жақ өкпенің S4 аумағында гомогенді көлеңке анықталды, көкірекорта оң жаққа ығысқан. Аускультацияда осы аумақта тыныс алуы әлсіреген. Оң жақ өкпенің УД-зерттеуінде 5-6 қабырға деңгейінде ауасыз тін аумағы анықталған. Осы ауру асқынуындағы перкуторлық дыбыстың түрін анықтаңыз//

ашық өкпелік дыбыс//

+өкпелік дыбыстың қысқаруы//

өкпелік дыбыстың тұйықталуы//

қораптық дыбыс//

тимпаникалық дыбыс

 

***

Қыз бала 11 жаста. Пневмония бойынша ем қабылдап жатыр. Ентікпеге, жөтел және терең тыныс алу кезіндегі кеуде қуысындағы ауыру сезіміне, ауыру сезімімен жүретін ылғалды жөтелге шағымданады. Физикалық жүктеме кезінде ентікпе күшейеді. Тыныс алу актісінде кеуде қуысының оң жағы қалып қояды, осы жерде қабырғааралық тегістелген. 4 қабырға деңгейінен бастап өкпелік дыбыстың тұйықталуы анықталады, тыныс естілмейді. Кеуде қуысының рентгенографиясын жүргізген кезде оң жақ өкпе бөлігінің көлеңкесі анықталды. Көкірекорта сол жаққа ығысқан. Қан анализі: Нв 110 г/л, лейкоциттер 15 тыс., т/я14, с/я61, э/1, м/6, л/20, ЭТЖ 32 мм/сағ. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеулер жүргізу керек. Пневмонияның қандай асқынуын болжау мүмкін://

абсцесс//

ателектаз//

+плеврит//

пневмоторакс//

эмфизема

***

Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеу мақсатында 7 жастан үлкен балаларда осы зерттеу әдісі қолданылады://

пикфлоуметрия//

+спирография//

бронхография//

бронхофонография//

пневмотахометрия

 

***

Бала 5 жаста. Балалар ауруханасында емделіп жатыр. Шағымдары: дене қызуының 39 С дейін жоғарылауы, ылғалды жөтел, әлсіздік. ТЖ 42 рет/мин. Кеуде торының перкуссиясы кезінде – жауырынасты аумақта оңжақ өкпенің 9, 10 базальды сегменттері деңгейінде өкпелік дыбыстың қысқаруы. Осы аумақта бронхиалды тыныс, крепитация анықталды. Балада тыныс ырғағының өзгерісін анықтаңыз://

тахипноэ//

биот тынысы//

инспираторлы ентікпе//

экспираторлы ентікпе//

+аралас ентікпе

 

***

6 айлық бала. Профилактикалық қарау жүргізіліп жатыр. Бала белсенді. Дене қызуы 36,6 С. Тыныс алу түрі – іштік. Кеуде торы цилиндр тәрізді. Екі жағы да симметриялы, тыныс алу актісіне бірдей қатысады. Перкуссия кезінде өкпе үстінде ашық өкпелік дыбыс. Баладағы тыныс алу жиілігін анықтаңыз//

15 – 20 рет/ мин.//

20 – 25 рет/мин.//

25– 30 рет/мин.//

+30 – 35 рет/мин.//

35 – 40 рет/мин

 

***

Бала 7 жаста. Шағымдары: тыныс алудың қиындауы, ұстамалы жөтел. Анамнезінде: емшек жасынан атопиялық дерматит көріністері; ентікпемен, ұзаққа созылған продуктивті емес құрғақ жөтелмен жүретін жиі респираторлық аурулар (жылына 7 ретке дейін), анасында поллиноз. Қарау кезінде дистантты ысқырықты тыныс. ТЖ 40 рет/мин. Кеуде торының перкуссиясында өкпенің барлық бөлігінен қораптық дыбыс естіледі. Өкпенің барлық бөлігінде тынысы әлсіреген, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Баланың тыныс ырғағының өзгерісін анықтаңыз://

тахипноэ//

биот тынысы//

инспираторлы ентікпе//

+экспираторлы ентікпе//

аралас ентікпе

***

Бала 5 жаста. Сегментарлы пневмониямен стационарда жатыр. Кеуде қуысының рентгенологиялық зерттеуінде оң жақ өкпенің S4 аумағында гомогенді көлеңке анықталды, көкірекорта оң жаққа ығысқан. Аускультацияда осы аумақта тыныс алуы әлсіреген. Оң жақ өкпенің УД-зерттеуінде 5-6 қабырға деңгейінде ауасыз тін аумағы анықталған. Осы ауру асқынуындағы перкуторлық дыбыстың түрін анықтаңыз://

ашық өкпелік дыбыс//

+өкпелік дыбыстың қысқаруы//

өкпелік дыбыстың тұйықталуы//

қораптық дыбыс//

тимпаникалық дыбыс

 

***