Лабораториялық зерттеу әдістері.

1. Қанның жалпы анализінде атарлықтай өзгерістер болмауы мүмкін немесе темір, В12 витамин тапшылықты анемияның белгілері болады.

2. Қанның биохимиялық анализінде гипоальбуминемия, жалпы липидтер фосфолипидтер, холестерин концентрациясының төмендеуі кейде электролиттердің ( калий, натрий), кальцийдің, темірдің азаюы анықталады.

3. Мүмкіндігінше , энтериттің этиологиясын анықтау үшін қан құрамында дизентерия, иерсиния таяқшаларының, т.б. антигендерін зерттейді.

4. Жіңішке ішектің ас қорыту функциясын зерттеу. Ол үшін ішектің сөлінде нәжісте энтерокиназаның және сілтілі фосфатазаның белсенділігін тексереді. онекіелішектің сөлінде энтерокиназаның қалыпты мөлшері – 48- 225 б/мл, сілтілі фосфатазаның – 10 -45 б/мл. Созылмалы энтеритте ферменттердің мөлшері азаяды.

5. Ішектің сіңіру функциясын зерттеу. Осы салада пайдаланатын сынамалардың түрі көп, солардың ішіндегі ең жеңілдеуі – калий йодидімен сынама. Науқасқа 0,25 г калий иодідін ішкізіп, сілекейінде йодтың пайда болу уақытын крахмалдың 10% ерітіндісімен анықтайды (йод пайда болса сілекейдің түсі өзгереді). Қалыпты жағдайда йод сілекейде 6 – 12 минуттан кейін пайда болады.

6. Копрологиялық зерттеу (нәжістің микроскопиялық, химиялық және бактериологиялық анализдер). Копрологиялық зерттеуде жіңішке ішекте тағамның жеткілікті қорытылмауынан, тез айдалуынан энтериттік копрологиялық синдром анықталады: сары, сұйық, сілтілі реакциялы нәжіс; полифекалия,креаторея, ішектік типті стеаторея( май қышқылдары мен сабынның көбеюінен); амилорея және қорытылмаған клетчатканың көптігі; энтерокиназа мен сілтілі фосфатазаның мөлшерінің көбеюі.

Дисбактериозды анықтау үшін нәжістің микробтық құрамы зерттеледі. Созылмалы энтеритте қалыпты флора( бифидолактобактериялар) азаяды, ал гемолиздеуші, лактозонегативті ішек таяқшалары, протей, стафилококк, гемолиздеуші стрептококк көбейеді.

Аспаптық зерттеу әдістері:

1. Рентгендік тексерудің маңызы оншалықты емес. Оны көбіне ішек рагынан күдіктенгенде қолданады.

2. Эндоскопиялық зерттеу. Фиброгастроскопиямен онекіелішектің проксимальді бөлігін және колоскопия арқылы мықын ішектің дистальді бөлігін көріп, биопсия алынады. Бұл зерттеулерді қатерлі ісіктен, Крон ауруынан, ішек туберкулезінен (туберкулездік илеотифлиттен) күдік туған жағдайларда жасалады.

3. Морфологиялық зерттеу диагнозды анықтауда маңызды. Биологиялық материал эндоскопия арқылы немесе арнайы биопсиялық зондпен алынады. Гистологиялық зерттеуде энтероциттердің дистрофиясы, ішек бүрлерінің түрлі деңгейдегі атрофиясы, строманың инфильтрациясы анықталады.

Дифференциалды диагноз. Созылмалы энтериттің диагностикасы көбіне қиындық туғызбайды. Аурудың әдетте , жедел ішектік инфекциядан басталуы, ішектік бұзылыстардың біртіндеп баяу өрістеуі диагноздың дұрыстығын дәлелдейді, бірақ оны кейбір жағдайларда , ең алдымен , диарея синдромымен жүретін аурулардан айыру керек, мысалы бактериялық дтзентериядан, салмонеллезден, тағамдық уытты инфекциядан.

Емдеу принциптері.

Емдәммен емдеу. Өршу кезінде №4 диарея азайып ремиссия болғанға

дейін №4б, ал ремиссия кезінде №4в емдәм беріледі.

Ішектің эубиозын қалпына келтіру. Оны екі этаппен жүргізеді: 1) ішектің патологиялық флорасын жою, 2) ішектің қалыпты микрофлорасын енгізу( реимплантациялау). Патологиялық флораны жою үшін , нәжістің микробиологиялық зерттеу нәтижесіне қарай таңдап алынған антибактериялық дәрмектерді 5- 7 күн ішкізеді. Антибактериялық дәрмектер илеоцекальдік қақпаға дейін , яғни жіңішке ішекте басым әсер етуі тиіс. Мұндай дәрмектерге жататындар тетрациклин 0,25 г 4рет, левомицетин 0,25 г 4 рет, эритромицин 0,25 г 4 рет, ципрофлоксацин 500 мг тәулігіне, фурозалидон 0,1 г 4 рет, интетрикс 1 капсуладан 4 рет т.б.

Ішектің қалыпты флорасын пробиотиктерді ішкізу арқылы енгізеді: егерде аэробтық флора анықталса – колибактерин 2 – 4 дозадан күніне 4 рет 2 – 4 апта, лактобактерин 3 – 6 дозадан күніне 3 рет, 2 – 4 апта, анаэробтық флорада – бифидумбактерин 1 - ампуладан ( 5 доза) күніне 2 – 3 рет 2 – 4 апта, аралас флорада – бификол, бифиформ 5 дозадан күніне 2 рет 2 – 4 апта, линекс 1 капсуладан күніне 3 рет. Осылармен қатар қалыпты флораның өсіп өнуіне қолайлы жағдай жасайтын пребиотиктерді ішкізуге болады: хилак – форте 60 тамшыдан күніне 3 рет 1 апта. Антидиареялық дәрмектер. Бұларды іштің өтуі әбден тиылғанға дейін қолданады. Реасек 1 таб. 2 – 3 рет, имодиум әр іш өткен сайын 1 капсуладан, бірақ тәулікке 4 капсуладан асырмай, кодеин фосфаты 0,15 г 4 рет ”өттік диареяда” ( мықын ішектің басым зақымдануында өт қышқылдары сіңірілуінің бұзылуынан болатын)ең тиімдісі өт қышқылдарын байланыстыратын дәрмектер: холестирамин немесе билигнин 5 – 10 г тамақтан 30 -40 минут бұрын күніне 3 рет, алюминийдің гидрототығы 2 ас қасықтан 2 рет. Ферменттік дәрмектер. Мальдигистия немесе дисбактериоз болса тамақ қорытылуын жақсарту мақсатында ферменттік препараттарды ішкізеді: панкреатин дәрмектері ( панцитрат, мезим – форте, панкреатин, панкурмен т.б.) ферменттермен бірге өт қышқылдары , гемицеллюлоза қосылған қоспалы дірмектер: фестал, полизим, дигестал, котазим – форте және асқазан кілегей қабығының сіріндісі мен аминоқышқылдар қосылған панзинорм форте. Қоспалы дәрмектер созылмалы энтеритпен бірге гастрит, холецистит, өт тас ауруы, ішектің гипокинезиясы болғанда берілуі тиіс. Ферменттік дәрмектерді үнемі немесе курсты түрде ішкізеді. Курстық емде 4 таб. Күніне 3 реттен бастап, апта сайын 3 таб. Азайтып барып тоқтатады. Егерде ұйқы безінің экскрециялық функциясының қайтымсыз шамасыздығы болса, онда ферменттік дәрмектерді үнемі ішкізеді. Ішектік эпителий мембранасының тұрақтылығын арттыру емі. Эссенциале 2 капсуладан 3 рет, карсил немесе легалон 1 -2 дражеден 3рет 2 – 3 ай.

Ішектік абсорбцияны арттыру. Осы салада қолданатын дәрмектер: нитросорбит 20 мг 3 рет, кофеин 0,1 г 3рет, эуфиллин 0,15 г 3 рет, трентал 200 мг 3 рет.

Іштің ауыруын басу. Іштің ауырсынуын спазмолитиктермен басады: но – шпа , галидор, хлорозил т.б.

Метаболизмдік бұзылыстарды жою.

1. Сіңіру бұзылысының I дәрежесінде ретаболил 50 – 100 мг 1 – 2 аптада 1 рет бұлшықетке енгізіп немесе неробол 5 мг күніне 3 рет 1 – 2 ай. Поливитаминдер ( «ундевит»,декамевит, триовит, юникап, дуовит) кальций дәрмектері( глюконат, лактат, карбонат) 1 г күніне 3 рет 1 – 2 ай, кальций д 0,5 г 2 рет.

2. Сіңіру процессінің II – III дәрежелі бұзылуында: альвезин, полиамин 250 – 500 мл, альбумин ( 5 – 10 % ерітіндісі) 250 мл , құрғақ плазма 100 – 200 г , гидролизин, казеин гидролизат вена ішіне тамшылатып, эссенциале 10 – 20 мл глюкозаның 5% ерітіндісінің 200 мл қосып 15 – 30 күн вена ішіне тамшылатып құю, анаболиктик гормондар – ретаболил 100 мг аптасына 1 рет б/ етке ( 4 – 5 инъекция), электролиттер дисбалансын жою – панангин 20 –50 мл немесе калий хлориді 1,8 – 3,0 г , кальций глюконатының 10 % ерітіндісі 20 – 40 мл, магний сульфатының 25 %ерітіндісі 2 – 5 мл, инсулин 4 Б глюкозаның 5% ерітіндісінің 500 мл қосып, аптасына 4 – 5 рет тамшылатып вена ішіне енгізу. Гипонатриемия болса, вена ішіне 50 мл натрий хлоридінің 10 % ерітіндісін салады. Витаминдерді парентеральді енгізіледі (В1,В612, РР,А, Е ). Темір дәрмектерінен : ферроплекс, феррокал, ферроградумент, тардиферон, гемсинерал – ТД беріледі.

Гельминтоздар

Гельминтоздардеп адам организміне паразиттік өмір сүретін ішек құрттарымен шақырылатын аурулар аталады.Ішек құрттарының улары ішек қызметін бұзады,аллергия тудырады,зат алмасуына әсерін тигізеді,құрттар өте көбейіп кетсе,ішегін бітеп,іші жүрмейц қалады.Гельментоздардың ішінде жиі кездесетіні энтеробиоз және аскаридоз.

Аскаридоз.Аскаридозды шақыратын ішек құрты аскаоида,25-40 см келетін ақ түсті жұмыр құрт.Олар ащы ішекте өмір сүреді,жұмыртқалары нәжіспен бірге сыртқы ортаға шығады.Жуылмаған жеміс-жидек жегенде,қолын жумай тамақ жегенде кір қолдары арқылы қайтадан ішекке өтеді.Ащы ішекте жұмыртқалардан личинка өсіп-өнеді де,қаша кетеді.Қан арқылы личинка жүрекке ,одан әрі өкпе альвеолаларына жетеді.Өкпеден дем алысы кезінде ауа ағынымен ауыз қуысына шығып, одан әрі қайталап ауыз қуысы өңеш- асқазан –ұлтабар – ащы ішекке жетеді.Ащы ішекте личинкадан аскарида құртына айналып өсіп-өнеді.Осылай аскариданың өсіп-өнуі циклы айналып,қайталанып отырады.Бір циклдың ұзақтығы 2-2,5 айға созылады.Аурудың клиникалық айқындалуы личинкалардың қай жерге өткенімен байланысты әртүрлі болады.Личинкалар қанға қанға өткен кезінде әлсіздік,жөтел пайда болады,тері қабатында аллергиялық бөртпелер анықталады.Аскаридалар ішекте болған кеде жүрегі айнып,іші ауырады,тәбеті төмдейді,салмағы кемиді,тез шаршағыш болады,жалпы жағдайы бұзылады.

Энтеробиоз.Энтеробиоз – ұзындығы 4-12 мм келетін кішкентай жұмыр ақ құрттармен шақырылатын гельментоз түрі.Остицалар тоқ ішекте өмір сүреді.Ұрғашылары түнге қарай анус қатпарларына шығып,сол жеоге жерге жұмыртқалайды.Осы кезде құйрығы қатты қышыды да,науқас қолмен қасыған кезде тырнақтарының астында жұмыртқалары жиналып қалады.Ертеңіне қолын жумастан тамақ ішкенжағдайда жұмыртқалар қайтадан ішке өтіп,өзіне – өзі қайта жұқтырады – аулоинвазия.Құрттар ішекте өмер сүрген кезде тәбеті төмендейді,іші ауық-ауық бүріп ауырады,салмағы төмендейді.

Емдеу:Ішек құрттарына әсеріне ететін препараттар: пиперазин де карие,комбаитрин,пирантел,аллергияны төмендететін антигистаминді дәрілер ьағайындалады.Оттегімен емдеу жүргізіледі асқазанға зонд арқылы өте жай 100-150 мл/жасына оттегі жіберіледі.Энтеробиозда түнге қарай тазалағыш клизма немесе сарымсақтың сөлін қосқан сумен клизма жасау қолданылады.Халық емінен асқабақтың дәнін жегізуді пайданануға болады.

Гименолепидоз.Бұл гельментоз түрі қортық цепень (карликовый цепень) деп аталатын ішек құртымен шақырылады.Құрттың үлкендігі, аты айтып тұрғандай өте кішкентай 0,7-3 мм,жұмыртқалары да өте майда болады.Аурудың жұғу жолдары басқалардағыдай,ішек құрты ащы ішекте өмір сүеді.Клиникалық белгілері барлық уақытта анық білінбейді.Науқас мазасыз,басы ауырады,іші де аауырып,тәбеті төмендейді,жүрегі айнып құсуы мүмкін.

Емі.фенасал,асқабақтың дәні.

Трихелнез.Спираль тәрізді ішек құрттары –трихинеллаларымен шақырылатын гельминтоз түрі. Жұғу жолдары –ауру малдың еті арқылы.Бұл құрттардың личинкалары ішектен бұлшық еттерге өтіп ,сол енген жерде спираль тәрізді оралып жатады.Сыртында қалың қабықша пайда болады,ұзақ уақыт сақталады.

Клиника.Личинка енген жерлердегі бұлшық еттердің қазғалғанда,ұстап көргенде қатты ауырсыну байқалады,беті ісініп,температурасы көтеріледі.Қанда эозинофилия анықталады.

Емі.Вермокс тағайындалады.

Трихоцефалес- власоглав деп аталатын ішек құртымен шақырылатын гельминтоз түрі.Бұл құрттардың үлкендегі - 3-3.5 см бас жағында шашқа ұқсас түрі болады.Власоглав соқыр ішекте өмір сүреді,сол жеоге жұмыртқа салады.

Клиникасы соқыр ішек ауруының клиникасына ішек ауруының клиникасына ұқсас- субфебрмльді температура,жүрегі айнып құсады,іші кебеді немесе тоқтап қалады,науқас мазасыз ,ұйқысы бұзылады.

Емі.нафтоман,вермокс,тік ішекте оттегін жіберу.

Лямблиоз.Лямблиялармен,қарапайым құрттармен шақырылады.Жұғу жолдары алдыңғы гельментоздардағыдай кір қолдар арқылы.Бұл құрттар ұлтабар және ащы ішектің жоғарғы бөліктеріде өмір сүреді.Сондықтан да негізінен гостродуоденит,дуоденит,энтероколит белгілермен сипатталады.Кейбір өткір холецистит белгілеріне ұқсас ұстама түріндегі ауырсыну белгілері байқалады.Организімнің созылмалы улану белгілері анықталады-тәбеті төмендеу,тері қабатының бозаруы,әлсіздік,тез шаршағыштық,салмақ төмендеу,т.б.Анық диагноз ұлтабар сөлінде және нәжісте лямблиялар табылған жағдайда белгілі болады.

Емі.Фуразолидон,аминохинол,трихопол,тинидазол.

Гельментоздарға диагноз қою.Гельментоздарға диагноз қою үшін және бір-біріне ажырату үшін анаменз,клиникалық белгілеріне сүйене отырып келесі лабораториялық тексерістер жүргізіледі –нәжісті ішек құрттарына тексеріске алу(кал на яйца глист),анус қатпарларынан сүртінді алу(ішек құрттарының острицалардың,жұмырқаларын аныұтау үшін),ұлтабарды зонттау(лямблияларды анықтауға болады).

Профилактика.

- Жеке басының гегиенасын қатаң сақтау

- Шыбындармен күрес жүргізу

- Көкөніс ,жеміс-жидектерді міндетті түрді жуып жеу

- Малдың еті мен сүтін жақсы пісіріп қолдану

- Тамақ өнеркәсібі.тамақ дүкендері,мекемелердегі қызметтерді жүйелі түрде гельментоздарға тексеріп тұру.