Кпенің төменгі жиегінің шекаралары

Марат Оспанов атындағы БҚММУ

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: жалпы медицина

Дисциплина: Жалпы дәрігерлік тәжірибе

Кафедрасы: Жалпы дәрігерлік тәжірибе

Курс: 5

Тақырыбы: Тақырыптық науқастардың анамнезін жинау

Орындау әдісі: эссе жазу

Орындаған: Махаева Ж

Тобы: 515 «б»

Тексерген: Есенгалиева И.Е

Ақтөбе 2016

 

 

І.Паспорттық бөлімі.

 

Науқастың аты-жөні: Мінсізбаева Рабиға Рамазанқызы

Жынысы:әйел

Жасы: 52 жаста

Туған күні:13.06.1964ж

Ұлты:қазақ

Мамандығы:Бухгалтер

Жұмысы:Жұмыссыз

Тұрақты мекен- жайы: Ақтөбе қаласы,Есет батыр 39

Емханаға қаралған күні:5.09.2012ж

Алғашқы диагноз: Апластикалық анемия,өте ауыр түрі

Клиникалық диагноз: Апластикалық анемия,өте ауыр түрі

Асқынуы:Анемиялық синдром

 

 

Науқастың шағымы:

жалпы әлсіздік, күш түскен кезде ентігу, бас айналуы, құлақтың шулауы,мұрыннан қан кету .

 

 

Anamnez morbi: науқас өзін 2012 жылдын шілде айынан бастап ,аурудың алғашқы симптомдары(айқын жалпы әлсіздік ,физикалық жүктеме кезінде ентікпе,бас ауруы,субфебрильди дене температурасы)осы симптомдар пайда болгалы бері аурумын деп санайды. 23.07-30.07 аралығында гематологиялық орталықта бақыланды. 9 –шы поликлиникаға апластикалық анемия ,өте ауыр түрі диагнозын нақтылау үшін жолданды.1 тамыздан бастап 300мг циклоспорин таңертең және 300мг кешке,преднизалон 3 таблеткі таңертең және 3 таблеткіден түс қайта қабылдайды. Аймақтық ВОП дәрігеріне тексерілуге келіп отыр.

 

 

Науқастың өмір тарихы (Anamnesis vitae): Мінсізбаева Рабиға Рамазан қызы 1964 жылы маусым айының 13 күні Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

1970 жылы ең алғаш мектеп табалдырығын аттайды. № 21 мектепті бітірген. Мектепте орташа үлгеріммен білім алған.

Балалық шақта дамуы қалыпты болған. Отбасында бірінші бала .Балалық шақтағы аурулар болмаған(қызылша,қызамық,скарлатина,күл ауруы).Туберкулез, гепатит, венералогиялық аурулармен ауырмаған.ЖРВИ мен ауырған.апендицит болған.Гематрансфузия болмаған.

Отбасы жағдайы:Қазыр жұбайы және екі баласы бар.

Тамақтануы үнемі біркелкі, құнарлы, тұрақты.

Жыныстық қатынасқа 18 жастан бастап түскен.

Зиянды әдеттері;Темекі шекпейді. Алкагольді шектелген мөлшерде қолданады.

Аллергологиялық анамнез Дәрілік препараттарға және тағамдық өнімдерге аллергиялық реакциялар жоқ.

Жанұялық анамнез және тұқымқуалаушылық Тұрмыс құрған, екі баласы бар. Қазіргі уақытта жұмыс істемейді. Қант диабеті, қан ауыруы, психикалық аурулары ата-анасында, туысқандарында жоқ.

Апластикалық анемия, өте ауыр дәрежесімен Д есепте тұр.

 

 

Status praesens

 

Жалпы жағдайы

1.Жалпы жағдайы қанағаттанарлық .Есі – анық;

Төсектегі жағдайы – белсенді,контакт орнатады;

Дене бітімі – дұрыс қалыпта, қанқа деформациясы жоқ ;

Бойы 170 см, салмағы 74 кг;

Дене қызуы –36,8 0С;

Дене бітімі нормастеникалық;

Бет әлпеті ешқандай ауру сезімін білдірмейді.

2.Тері және көрінетін шырышты қабаттары.

Терісі құрғақ,таза. Тері жамылғысының түсі-қуқыл,терінің эластикалығы сақталған.Теріде қанды сүйел түріндегі геморрагиялық бөртпелер бар,тыртықтар жоқ.Еккен жерлерде аумақты гематомалар бар.Түктенуі әйел типтес.

Тері қосалқылары:

Тырнақ плстинкалары дұрыс формада.Тырнақтары сынғыш және тырнақ пластинкалары қабыршақтанады.

Шаштары – жасына сай өзгерістер байқалмайды.

Көзге көрінетін кілегей қабаттары:

Түсі – қуқыл-қызғылт түсті,ылғалды және сарғыштық рең көрінеді.

 

Тері асты шел майы –жеткілікті дәрежеде,біріңғай таралған. Ісіктер,акроцианоздар жоқ.

3.Лимфа түйіндері:

Қарап тексергенде лимфа түйіндері көрінбейді;

Жақ асты – екі жақта бірдей пальпацияланады,кіші бұршақ көлеміндей,жұмсақ консистенциялы, ауру сезімінсіз, қозғалмалы,бір-біріне және айналасындағы тіндермен жабыспаған;

Шүйде, құлақ арты, құлақ маңы, иек асты, беткей мойын, бұғанаастылық, қолтық астылық, шап, шынтақ асты,тізе асты лимфа түйіндері пальпацияланбайды.

4.Бұлшық ет жүйесі:

Шағымдары жоқ.Бұлшық ет қабаты жақсы дамыған.Жекелеген бұлшық еттердің атрофиясы мен гипертрофяисы анықталмайды.Пальпация жасағанда ауру сезімі жоқ.Бұлшық еттің күші қанағаттанарлық. Гиперкинетикалық өзгерістер анықталмайды.

5.Сүйек-буын жүйесі:

Сүйектері – буындары үйлесімді.Тексергенде бассүйек, омыртқа, жамбас және аяқ-қол сүйектерінде деформация анықталмайды.Сипап тексергенде ауырсыну сезімі жоқ. Туа біткен ақаулары жоқ. Саусақтарында өзгеріс жоқ.Буындары қалыпты конфигурациялы. Олардың үстіндегі тері жабындылары өзгеріссіз.Буындарға пальпация жүргізгенде ісінулері, деформациялары, ауру сезімі анықталмайды.Буындардағы активті және пассивті қозғалыстар көлемі шектелмеген.Сықыр және крепитация жоқ.

 

 

Тыныс алу жүйесі

Жоғарғы тыныс жолдары:

a) Мұрын пішіні - өзгеріссіз, қалыпты;

b) Тыныс алу түрі – мұрынмен, еркін;

c) Мұрында құрғақтық сезімі жоқ, патологиялық бөлінділер анықталмайды;

d) Иіс сезу сақталған;

e) Маңдай және гайморов қуыстарының проекциясында ауру сезімі жоқ;

f) Көмекей – дауыс ырғағы қалыптты, дауысы таза.

 

v Өкпені тексергенде

Қарап тексеру және пальпацияада: Кеуде торы цилиндр формасында.Бұғаналар бір деңгейде,қабырғалар қиғаш көлденең орналасқан.Қабырға аралықтары ісінбеген,қалыпты өзгеріссіз.Кеуде клеткасы симетриялы түрде тыныс алуға қатысады.Дауыс дірілін өткізеді Тыныс алу жиілігі 22рет минутына.Мұрын арқылы тыныс алуы еркін,ырғықты.Ентікпе бар.Өкпеде перкуторлы түрде анық өкпелік дауыс,дауыстың жергілікті өзгеруі жоқ.Тыныс алуы везикуляры,шулар плевраның үйкеліс шулары жоқ.Сырылдар естіледі.

Кеуде қуысы пальпацияда ауырсынусыз,эластикалылығы жақсы.Дауыс дірілі екі жақта бірдей.

Өкпе перкуссиясы:

Салыстырмалы перкуссия: симметриялы аймақтарда бірдей анық өкпелік дыбыс.

Топографиялық:

1. Өкпе ұшының биіктігі – алдыңғы жағында бұғанадан 4 см жоғары.

2. Өкпе ұшының биіктігі –артқы жағынан 7-ші мойын омыртқаның жота өсіндісі деңгейінде.

3. Крениг кеңістігі 5 см.

 

кпенің төменгі жиегінің шекаралары

N Топографиялық сызықтар Оң жақ Сол жақ
Төс сүйек маңындағы сүйек VI қабырға аралық  
Бұғана орталық сызық VII қабырғаның тұсы  
Қолтық астының алдыңғы сызығы VIII қабырғаның тұсы VIII қабырға тұсы
Қолтық астының ортанғы сызығы IX қабырғаның тұсы IX қабырға тұсы
Қолтық астының артқы сызығы X қабырғаның тұсы X қабырға тұсы
Жауырын сызығы XIқабырғаның тұсы XI қабырға тұсы
Омыртқа жанымен жүретін сызық XII кеуде омыртқасының тұсы XII кеуде омыртқасының тұсы