Бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi жүзеге асырушы органдар

1. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Мемлекеттік органдардың басшылары мен жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, ұйымдардың, оның ішінде мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз құзыреттері шегінде осы Заңның талаптарын орындауды және бұл үшін кадр, бақылау, заң қызметтері мен басқа да қызметтерді тарта отырып, онда көзделген тәртіптік шараларды қолдануды, сондай-ақ өздеріне белгілі болған барлық сыбайлас жемқорлық жағдайларын тіркеуді және олар туралы осы баптың 2-тармағында аталған органдарға хабарлауды қамтамасыз етеді.
2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесудi, алдын алуды және олардың жасалуына кінәлі адамдарды жауапқа тартуды өз құзыретi шегiнде прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, мемлекеттік кіріс, әскери полиция органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi жүзеге асырады.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған органдар өз өкiлеттiктерiнен туындайтын шараларды қолдануға және жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар анықталған барлық жағдайлар туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және ақпарат органдарына дереу жiберуге мiндетті.
Ocы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған лауазымды адамдар мен органдар сыбайлас жемқорлық қылмыстар, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстi, материалды, хаттаманы, ұсынымды жолдаған адамға немесе органға заңдарда белгiленген мерзiмде оларды қарау нәтижелерi туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.
Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар туралы мәліметтері бар материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде заңда көзделген шараларды қолдануға міндетті.
4. Қазақстан Республикасының Президентi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк орган құруға, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн айқындауға хақылы.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.07.12 № 240, 2002.08.09 № 346, 2003.09.25 № 484, 2007.07.27 № 315 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2013.01.16 № 71-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдарға тиiспеушiлiк кепiлдiктерi

1. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетiн адам мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адам туралы ақпарат мемлекеттiк құпия болып табылады және осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған органдардың немесе соттың сұратуы бойынша заңда белгiленген тәртiппен ғана табыс етiледi. Бұл ақпаратты жария ету заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2-1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адам Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртiппен көтермеленедi.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.
4. Осы баптың ережелерi көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап беруге тиiс адамдарға қолданылмайды.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол үшiн жауаптылық

Бап. Мемлекеттiк функцияларды орындауға үмiткер адамдарға және мемлекеттiк ұйымдарда, мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдарда басқару функцияларын орындауға үмiткер адамдарға қойылатын арнайы талап

Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

1. Мемлекеттік функцияларды орындауға, мемлекеттік лауазымдарға орналасуға не мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын орындауға үмiткер адамдар өздерiнiң мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында осы Заңмен және өзге де заңдармен белгiленген шектеулердi қабылдайды, бұл ретте аталған адамдар мұндай iс-әрекеттердiң құқықтық салдары туралы хабардар етiледi.
2. Аталған адамдардың шектеулердi қабылдауға келiсiм жазбаша түрде тиiстi ұйымдардың кадр қызметi белгiлейдi. Шектеулердi қабылдамау ол адамды мемлекеттiк не соларға теңестiрiлген мiндеттердi атқаруға шақырудан бас тартуға не жұмысынан босатуға немесе заңдарда көзделген тәртiппен аталған мiндеттердi атқарудан өзгедей босатуға әкеп соғады.
3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелi жоғары мемлекеттiк лауазымға орналасуға үмiткер адамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу нысанасына арнайы тексерудiң өздерiне қатысты қолданылу мүмкiндiгi туралы өздеріне мiндеттеме алады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелі жоғары лауазымдардың тізбесі мен оларды анықтау әдістемесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу нысанасына арнайы тексеруді жүзеге асыру тетігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.01 № 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.