Тақырыптың негізгі сұрақтары

негізгі білім бойынша:

1. Сабақ тақырыбы бойынша орыс және латын тіліндегі терминология.

2. Жылу процестері. Буландыру.

3. Талдаудың физикалық әдістері.

сабақ тақырыбы бойынша:

1. Экстракциялаудың теориялық негіздері. Экстракциялау тәсілдері.

2. Экстарктар дәрілік түр ретінде. Экстрактардың консистенция бойынша және экстрагенттің табиғаты бойынша жіктелуі. Номенклатурасы.

3. Сұйық экстрактар. Сұйық экстрактарды алу тәсілдері. Сұйық экстрактардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

4. Сұйық экстрактар алудың негізгі сатылары.

СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ

Студенттер жеке лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындауы керек және берілген ситуациялық есептерді шешуі тиіс.

Тапсырма N1.Оқытушының тапсырмасы бойынша берілген бір сұйық экстрактқа лабораториялық регламент жазып, технологиялық және аппаратуралық схемасын сызу. Сығындауға қажетті спиртті есептеу және талаптама жазу.

Лабораториялық жұмысты орындау үшін қажет сұйық экстрактардың номенклатурасы:

1. Су бұрышы шөбінен 70% спиртте;

2. Қалақай жапырағынан 40% спиртте;

3. Жүгері шашағынан 70 %спиртте;

4. Жұмыршақ шөбінен 70% спиртте;

5. Мыңжапырақ шөбінен 40%спиртте;

6. Долана жемісінен 70% спиртте.

Тапсырма N2.Жазылған регламент бойынша перколяция және реперколяция әдістерімен өсімдік шикізатынан 10-15 г сығынды алу. Оны центрифугалау арқылы тазарту.

Тапсырма N3.Дайындалған сұйық экстракты келесі көрсеткіштері бойынша стандарттау:

- сыртқы түрін және органолептикалық қасиеттерін сипаттау;

- қайнау температурасы бойынша этанолдың құрамын анықтау;

Тапсырма N4. Өңделген шикізаттан спирт-рекуператты әртүрлі әдістермен алу:

- шротты 3-5 есе дистилденген сумен жуу;

- қатаң бумен айдау және оны талдау, яғни этанолдың құрамын қайнау температурасы бойынша анықтау;

Тапсырма N5.Сұйық экстракты алу үшін регламентті аяқтау. Материалдық баланс құрастырып, технико-экономикалық көрсеткіштерді өңделген өсімдік шикізатынан алынған спирт-рекуператты есепке ала отырып шығару.

Білім берудің және оқытудың әдістері:кіші топтарда жұмыс.

 

Дебиет

негізгі:

1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

2. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2011.

3. Иванова Л.А.-Технология лекарственных форм.2-том.-1991.

4. Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986.

5. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.

6. Эл.учебник:Чуешов В.И. и др. Промышленная технология лекарств.– Харьков.– 2010.

 

қосымша:

1. Лекциялық материалдар жинағы.

2. Муравьев И.А.-Технология лекарств. 1- том. -М.–1980 ж.

3. ҚР МФ, МФ ХІ басылымы.

Бақылау:

Ситуациялық есептер:

Есеп N1.Магнолияның екі жібітпесінен екі сұйық экстракт алынды. 120 л бірінші экстрактта 13% алколоид, ал екіншісінде 200 л-де 0.08% алколоид бар. Өнімді қалыпты жағдайға қалай келтіруге болады (алколоидтардың стандартты құрамы 0,10% ). Қандай жағдайда стандартты экстрактың мөлшері артады? Сұйылтқанда немесе қанықтырғанда?

Есеп N2.Егер перколяция жылдамдығы 0,08 мл/мин болса 280 г шикізаттан 1:1 сұйық экстракт (перколяция әдісімен) алуда перколяттың алғашқы порциясын алуға қанша уақыт қажет.

Есеп N3.180 л 1:2 қатынастағы шүйгіншөптің сұйық экстрактын алу үшін қажетті 96% этанолдың мөлшерін табу керек. Этанол сіңіру коэффициенті 1,3 тең.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Экстрактарға анықтама беріңіздер. Олар қалай жіктеледі? Номенклатурасы бойынша мысал келтіріңіздер.

2. Сұйық экстрактар дегеніміз не? Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Қандай қатынаста дайындалады? Экстрагент ретінде не қолданылады?

3. Сұйық экстрагенттерді алудың жалпы технологиялық схемасы.

4. Сұйық экстрактарды алудың қандай әдістері бар? Еріту әдісімен қандай экстрактар дайындалады? Неге? Мысал келтіріңіз.

5. Сұйық экстрактар өндірісінде перколяция әдісі қалай жүргізіледі? Оның тұндырмалар алудағы перколяция әдісінен айырмашылығы қандай?

6. Реперколяция дегеніміз не? Оның перколяциядан айыормашылығы. Реперколяцияның қандай варианттары бар?

7. Сұйық экстрактарды жеделдетілген бөлшекті мацерация әдісімен алу.

8. Сұйық экстрактардың қалай сақталады және қолданылады?

 

Тест тапсырмалары:

1. Сұйық экстракттар өндірісіндегі шикізат пен дайын өнім қатынасы ... .

A. 5:1

B. 1:5

C. 1:1

D. 1:10

E. 1:2

2. Сұйық экстрактар өндірісінде экстрагент ретінде ... қолданылады.

A. ацетон

B. сығылған көмірқышқыл газы

C. әртүрлі концентрациядағы этанол

D. ыстық және суық су

E. хлороформ

3. Чулков бойынша реперколяция әдісінің артықшылықтары ... .

A. шикізаттың толық өңделуі, диффузияға экстрагент шығынының төмендігі, жоғары концентрленген сіріңді, қыздыруды қажет етпейді

B. экстрагенттің үлкен шығыны, диффузияға экстрагент шығынының төмендігі

C. іске қосу кезеңінің ұзақтығы, сірінді қыздыруды қажет етпейді

D. аппараттардың көптігі, қыздыруды қажет етеді

E. іске қосу кезеңінің ұзақтығы, аппараттардың көптігі, қыздыруды қажет етеді

4. Қарсы ағынды экстракция – бұл ... әдіс.

A. экстрагенттің барынша өңделгеннен азырақ өңделген шикізатқа оның экстрактивті заттармен толық қанығуына дейін көп сатылы жүретін

B. шикізатты бөліктерге бөліп, әрбір келесі порциясын алдыңғыдан алынған сығындымен экстракциялайтын

C. ісінген шикізат қабаты арқылы оның толық өңделгенше экстрагентті үздіксіз өткізіп отыратын

D. бөлме температурасында есептелінген экстрагенттің мөлшерімен шикізатты ұзақ тұндыратын

E. 2-3 бөлікке бөлінген экстрагенттің әртүрлі порциясында шикізатты кезекпен тұндыратын, ал сығындыларды соңынан біріктіретін

5. Экстрактар дегеніміз ... .

A. бұл дәрілік өсімдік шикізатынан қыздырусыз және экстрагентті аластатусыз алынатын биологиялық белсенді заттардың спиртті сығындылары

B. жас өсімдік шикізатынан сығындау жолымен бөлінген және биологиялық белсенді заттары табиғи жағдайда болатын қою немесе қою емес шырындар

C. бұл дәрілік өсімдік шикізатынан экстрагентті толық немесе бөлшектеп аластатумен биологиялық белсенді заттардың концентрленген сығындылары

D. оқшауланған өсімдік және жануарлар ұлпасында қолайсыз жағдайларда түзілетін заттардың препараттары

E. биологиялық активті заттары табиғи жағдайда болатын, балласты және басқа да заттардан максималды тазартылған дәрілік өсімдік шикізатының сығындылары

 

Сабақ № 9

Кредит 3

Тақырып 2: Қою және құрғақ экстракттар. Дайындау. Стандарттау. Үшжапырақ, су бұрышы, жусан қою экстрактыларын алу.

Мақсаты: Экстрактивті заттар бойынша қою экстрактарды алу үшін есеп жүргізіп, жұмыс жазбасын дайындау, сығынды алудың тиімді әдісін таңдау, стандарттауды дұрыс жүргізу.

Оқыту мақсаты:

студент білуі тиіс:

- экстрактардың дәрілік түр ретінде анықтамасы, жіктелуі;

- қою және құрғақ экстрактардың номенклатурасы;

- қою және құрғақ экстрактардың жалпы технологиялық схемасы;

- қою экстрактардың технологиясының ерекшелігі: экстракциялаудың қолданылатын әдістері, сулы және спиртті сығындыларды тазарту;

- құрғақ экстрактардың технологиясының ерекшелігі;

- құрғақ экстрактар өндірісінде қолданылатын кептіргіш аппараттар;

- кептірудің теориялық негіздері, кептіргіштердің түрлері, олардың құрылыстары мен жұмыс істеу принциптері;

- кептірудің арнайы тәсілдері және олардың қолданылуы.

студент істей білуі тиіс:

- берілген қою экстракты дайындау үшін қажетті шикізат мөлшерін экстрактивті заттар бойынша есептеу;

- қою экстракт дайындау, жылулық дегистеяны дұрыс жүргізу;

- қою экстракты стандарттау.

 

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

негізгі білім бойынша:

1. Сабақ тақырыбы бойынша орыс және латын тіліндегі терминология.

2. Кептіру кинетикасы. Сублимация.

3. Ылғалдылықты анықтаудың физикалық әдістері.

сабақ тақырыбы бойынша:

1. Экстракциялаудың теориялық негіздері. Экстракциялау әдістері.

2. Экстрактар. Анықтамасы. Жіктелуі.

3. Қою және құғақ экстрактар. Анықтамасы. Артықшылықтары мен кемшіліктері. Номенклатурасы. Қолданылуы.

4. Құрғақ және қою экстрактардың жалпы технологиялық схемалары. Сығынды алу әдістері. Қолданылатын аппараттар мен қондырғылар.

5. Сокслет қондырғысының құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.

6. Құрғақ және қою экстрактар өндірісіндегі сулы және спиртті сығындыларды тазартудың негізгі әдістері.

7. Сығындыны қоюландырудың ерекшелігі.

8. Сығындыны кептірудің ерекшелігі.

9. Қою және құрғақ экстрактарды стандарттау. Сақталуы. Қолданылуы.

10. Қою және құрғақ экстрактардың жеке технологиялары.

11. Кептіру. Теориялық негіздері. Кептіру кинетикасы.

12. Кептіргіштердің түрлері. Контактты және ауа кептіргіштерінің жұмыс істеу принциптері.

13. Кептірудің арнайы тәсілдері. Қолданылуы.