СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ

Студенттер жеке лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындауы керек және берілген ситуациялық есептерді шешуі тиіс.

Тапсырма N 1.Оқытушының тапсырмасы бойынша берілген бір қою экстрактқа лабораториялық регламент жазып, технологиялық және аппаратуралық схемасын сызу. 5,0-6,0 г қою экстрактарды экстрактивті заттар бойынша дайындау үшін керекті бастапқы шикізатты есептеу («Руководство к лабораторным занятиям по заводжской технологии лекарственных форм». –под. Ред. Чл.-корр. АМН СССР Тенцовой А.И..-М.-1986).

Лабораториялық жұмыстарды жүргізу үшін керекті қою экстрактардың номенклатурасы:

а) үшжапырақтың қою экстракты;

б) субұрыш қою экстракты;

в) жусанның қою экстракты;

г) қалақайдың қою экстракты.

Тапсырма N 2.Құрылған регламент бойынша есептелген бастапқы шикізаттан сығынды алу .Оларды таңдалған әдіспен тазарту. Стандартты ылғалдылыққа дейін қоюландыру (буландыру) және өлшеу (қою экстрактың массасын анықтау).

Тапсырма N 3. Материалдықбаланс құрастыру және технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеу.

Тапсырма N 4.Қою және құрғақ экстрактардың номенклатуралық тізімін құрастыру. Экстрагентін, дайындау әдісін, қолданылуын және сақтау шарттарын көрсетіңіз.

Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтарда жұмыс.

 

Дебиет

негізгі:

1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

2. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2011.

3. Иванова Л.А.-Технология лекарственных форм.-2-том.-1991.

4. Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986. 71-85 беттер.

5. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.

6. Эл.учебник:Чуешов В.И. и др. Промышленная технология лекарств.– Харьков.– 2010.

қосымша:

1. Лекциялық материалдар.

2. Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 1,2 том. - М. - 1991.

3. ҚР МФ, МФ ХІ басылымы.

Бақылау:

Ситуациялық есептер:

Есеп 1. Тығыз қалдығы 64% болатын 140 кг үшжапырақтың қою экстракты алынды. Өнімді қалай нормаға келтіруге болады (ылғалдылығы 25%)?

Есеп 2. Құрамында 22% морфин бар опийдің 30 кг құрғақ экстракты алынды. Өнімді қалай нормаға келтіруге болады? (Морфиннің стандартты құрамы19,6%-20,4%). Экстрактың жалпы салмағы қанша болады?

Есеп 3.Ылғалдылығы 18% болатын 420 кг мия тамырының қою экстракты алынды. Экстрактты қалай нормаға келтіруге болады (тығыз қалдықтың мөлшері 75% аспауы керек)?

Бақылау сұрақтары:

1. Экстрактардың анықтамасын беріңіз. Консистенциясы және қолданылуы бойынша жіктелуі. Номенклатурасынан мысал келтіріңіз.

2. Қою және құрғақ экстрактарды алудың жалпы технологиялық сатыларын атаңыз.

3. Қою және құрғақ экстрактардың сығындыларын алу тәсілдері. Бөлшекті мацерацияның мәні неде. Қандай аппараттар қолданылады.

4. Қайнаған суды кейбір жағдайларда не үшін қолданады?

5. Кейбір жағдайларда неге суға аммиак және хлороформ қосылады?

6. Перколяция және реперколяция әдістерінің ерекшеліктері. Қандай аппараттар қолданылады?

7. Циркуляциялық экстракцияның ерекшелігі неде? Қандай қою экстракт осы әдіспен алынады? Экстрагент ретінде не қолданылады? Алынған экстракты қалай стандарттайды? Нормаға дейін қалай жеткізеді?

8. Үздіксіз қарсы ағынды экстракцияның артықшылықтары мен кемшіліктері. Қолданылатын аппараттар. Құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.

9. Сығындыны қоюландыру қалай жүргізіледі? Қолданылатын аппараттар. Қандай буландырғыш қондырғыларды білесіз? Жұмыс істеу принциптері.

10. Кептіргіштердің қандай түрлерін білесіз? Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.

11. Алдын-ала қоюландырылған сығындыны кептіру қалай жүргізіледі? Ол үшін қандай кептіргіш қолданылады? Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері. Артықшылықтары мен кемшіліктері.

12. Сығындыны алдын-ала қоюландырусыз кептіру қалай жүргізіледі? Ол үшін қандай аппараттар қолданылады? Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері. Артықшылықтары мен кемшіліктері.

13. Қою және құрғақ экстрактарды стандарттау қалай жүргізіледі?

14. Сулы үшжапырақтың, еркек усасырдың, мия тамырының, жусанның қою экстракттарының жеке технологияларын айтып беріңіз.

15. Кептіру дегеніміз не? Кептіру процесі қандай периодтардан тұрады?

16. Кептіргіштердің түрлері.

17. Қандай кептіргіштер конвективтіге жатады (ауамен)? Жұмыс істеу принциптері мен конструктивті құрылысының ерекшелігі.

18. Қандай кептіргіштер контактіліге жатады? Жұмыс істеу принциптері мен конструктивті құрылысының ерекшелігі.

19. Кептірудің қандай арнайы тәсілдерін білесіздер? Олар қалай жүзеге асады? Қандай жағдайда қолданылады?

 

Сабақ № 10

Кредит 3