Тақырып 3 : Биогенді стимуляторлар, олардың қасиеттері және алу жағдайлары. Ағашты алоэден алоэ сөлін алу.

Мақсаты: Теориялық материалдарды оқу негізінде және іс-тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында, биогенді стимуляторлардың препараттарын дайындауды (алоэ экстрактын және сөлін алу арқылы) үйрену. Сығынды алудың тиімді әдісін таңдай білу, тазарту әдістерін білу және тұрақтандыруды үйрену, технологиялық процесті дұрыс жүргізуді үйрену.

Оқыту мақсаты:

студент білуі тиіс:

- жас және арнайы дайындалған өсімдік шикізатынан алынатын препараттардың негізгі топтары;

- тканьдік терапияның негізгі теориялық жағдайлары;

- биогенді стимуляторлардың химиялық табиғаты және физико-химиялық қасиеттері;

- биогенді стимуляторлар препараттарының номенклатурасы;

- биогенді стимуляторлар препараттарының жеке технологиялары;

студент істей білуі тиіс:

- алоэ жапырағын биостимуляциялау үшін қажетті жағдайларды дұрыс таңдау;

- технологиялық режимді қатаң сақтай отырып, алоэ экстрактын алу технологиясын дұрыс жүргізу;

- биогенді стимуляторлар препараттарын стандарттауды дұрыс жүргізу.

 

Тақырып бойынша тапсырмалар:

негізгі білім бойынша:

1. Сабақ тақырыбы бойынша орыс және латын тіліндегі терминология.

2. Өсімдік шикізаты құрамындағы биологиялық белсенді экстрактивті заттардың сипаттамасы.

3. Клетканың биофизикасы: моделді липидті мембраналар.

4. Терапевтикалық белсенділікке ие бейорганикалық тұздардың қасиеттері мен номенклатурасы.

5. Терапевтикалық белсенділікке ие органикалық және бейорганикалық қышқылдардың қасиеттері мен номенклатурасы.

6. Ароматтық қатардағы қышқылдардың физико-химиялық қасиеттері.

7. Талдаудың физико-химиялық және химиялық әдістері.

сабақ тақырыбы бойынша:

1. Ұлпалық терапияның негізгі теориялық жағдайлары.

2. Биогенді стимуляторлардың пайда болуына әсер ететін факторлар.

3. Биогенді стимуляторлардың химиялық құрылысы және физико-химиялық қасиеттері.

4. Биогенді стимуляторлар препараттарының номенклатурасы. Биогенді стимуляторлар препараттарын алудың негізгі тәсілдері.

5. Алоэ экстрактының, ФиБС, пелоидодистилляттың жеке технологиялары.Биогенді стимуляторлар препараттарын стандарттау. Олардың босатылу түрлері. Қолданылуы. Сақталуы.

6. Жылу процестері. Өткір және қатаң бумен қыздыру.

7. Су буымен айдауға арналған қондырғының негізгі элементтері.

8. Жылу алмастырғыштардың түрлері. Конденсаторлардың түрлері.

 

Студенттердің тәжірибелік жұмысы

Студенттер лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындауы керек(бригадамен):

Тапсырма N 1.Оқытушының тапсырмасы бойынша алоэ экстрактына лабораториялық регламент жазып, технологиялық және аппаратуралық схемасын сызу. Алоэ сөлін алу үшін технологиялық өндірсінің типтік схемасын («Технология лекарственных форм» /Под ред. проф. Л.А.Ивановой . – 2-том . – 1991) сызу.

Тапсырма N 2.Құрастырылған регламент бойынша берілген өсімдік шикізатынан алоэ экстрактын дайындау, көлемін өлшеу, тотығуын анықтау.

Тапсырма N 3.Материалдық баланс құрастырып, технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеу.

Алоэ экстрактысын алу әдісі

Алоэ жапырағын биостимуляциялау үшін 10-12 тәулік қараңғы жерде, 40-80 температурада сақтайды. Кейін оларды жуып, кептіріп, тісшелерін алып тастап, келіде ұнтақтайды. Алынған қоймалжың массаға 3 есе көп тазартылған су құйып, бөлме температурасында тұндырады. 2 сағаттан соң қыздырамыз, 1-2 минут қайнатамыз және фильтрлейміз. Фильтратты салқындатып, көлемін өлшеп, тотығуын анықтаймыз. Фильтратты 0,01 н. калий перманганаты ерітіндісімен күкірт қышқылының қатысында титрлейміз. Талдаудың көрсеткіштеріне сай фильтратты (тотығуы 1500 мг 1 л-ге болғанша) сумен сұйылтады. Кейін натрий хлоридін тұрақтандыру үшін қосып, 2 мин. қайнатады және фильтрлейді. Алоэның сулы экстракты ашық сары түстен қызыл сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық.

Иньекцияға арналған препаратты дайындау үшін мөлдір экстракты ампулаларға 1 мл-ден құйып, 1200 температурада 1 сағат стерильдейді. Қараңғы жерде сақтайды.

 

Білім берудің және оқытудың әдістері:кіші топтарда жұмыс.

Дебиет

Негізгі:

1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

2. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2011.

3. ИвановаЛ.А.-Технология лекарственных форм.-2-том.-1991.

4. Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986.- 272 бет.

5. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.

6. Эл.учебник:Чуешов В.И. и др. Промышленная технология лекарств.– Харьков.– 2010.

 

Қосымша:

1. Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 2 том. - М. - 1980.

2. Лекциялық материалдар.

3. Оқу әдістемелік өңдеу И.М.Сеченов атындағы 1 ММИ "Препараты биогенных стимуляторов".- М. - 1978, 30 стр.

4. В.П. Филатов Тканевая терапия.-М. Знание -1975

5. ҚР МФ, МФ ХІ басылымы.

 

Бақылау:

Бақылау сұрақтары:

1. Ұлпалық терапия. Оның негізгі жағдайлары.

2. Жануарлар мен өсімдіктердің оқшауланған ұлпаларында биогенді стимуляторлардың синтезделуіне қандай факторлар әсер етеді? Биогенді стимуляторлар препараттары өндірісінде бастапқы шикізатты арнайы дайындау үшін қандай факторларды қолданады?

3. Биогенді стимуляторлардың химиялық табиғаты және физико-химиялық қасиеттері.

4. Биогенді стимуляторлар препараттарының номенклатурасы.

5. Биогенді стимуляторлар препараттары өндірісінде қандай негізгі тәсілдер қолданылады?

6. Алоэ сұйық экстрактын алудың ерекшелігі неде? Берілген препаратты қалай стандарттайды?

7. Биосед препаратын қандай шикізаттан алады? Препараттың алыну ерекшеліктері мен қолданылуын көрсетіңіз.

8. Лиман балшығынан алынатын препараттарды атаңыз, олардың технологиясының ерекшеліктері қандай?

9. Пелоидин және пелоидодистиллят өндірістерінің айырмашылықтары мен ерекшеліктері неде?

10. Биогенді стимулятолар препараттары қандай дәрілік түр ретінде босатылады? Олар қалай қолданылады? Сақталуы.

11. Жас өсімдік шикізатын дайындау және экстракциялау ерекшеліктері. Жас өсімдік шикізаты препараттары өндірісінің қиындықтары неден туындайды?

12. Жас өсімдік шикізатынан алынатын препараттардың жіктелуі мен номенклатурасы және қысқаша сипаттамасы.

13. Жас өсімдік шикізатын қалай ұнтақтайды және осы мақсатта қандай машиналар қолданылады.

14. Жас өсімдік шикізатынан тұндырмаларды алу ерекшелігі. Оларды қандай көрсеткіштері мен белгілері арқылы стандарттайды?

15. Сөлдер өндірісінің жалпы технологиялық схемасы қандай?

16. Сөлдер өндірісінде тазартудың қандай әдістері қолданылады?

17. Сөлдерді қалай тұрақтандырады? Неге?

18. Жолжелкен сөлінің технологиялық ерекшелігі?

19. Алоэ және каланхоэ сөлдерін алудың ерекшелігі қандай және ол немен түсіндіріледі? Бұл сөлдерден қандай дәрілік түрлер алынады?

20. Жас өсімдік шикізаттарынан алынатын препараттар өндірісінің даму перспективалары қандай?

 

Сабақ № 11

Кредит 3