СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ

Студенттер жеке лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындауы керек.

Тапсырма N 1. Батыру әдісімен жұмсақ желатинді капсулаларды алу және майсана майымен толтыру үшін регламент құрастыру. Керекті компоненттердің мөлшерін есептеу.

Тапсырма N 2.Желатинді капсулаларды сатылы бақылау жүргізе отырып дайындау. Дайын өнім сапасын МФ Х басылымы бойынша бағалау. Дайын дәрілік түрді безендіріп, оқытушыға өткізу.

 

Білім берудің және оқытудың әдістері:кіші топтарда жұмыс.

Дебиет

негізгі:

1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

2. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2011.

3. Иванова Л.А.-Технология лекарственных форм.-2-том.-1991.

4. Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986.

5. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.

6. Эл.учебник:Чуешов В.И. и др. Промышленная технология лекарств.– Харьков.– 2010.

қосымша:

1. Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 2 том. - М. - 1991.

2. Лекциялық материалдар.

3. МФ ССРО Х, ХІ басылымы.

Бақылау:

Ситуациялық есептер:

1. Желатинді капсулаларды батыру әдісмен алған кезде масса температурасын регламенттегі көрсеткішінен төмендетсе (көтерсе) капсула сапасына қалай әсер етеді?

2. Қабырғалары жұқа, сынғыш қатты желатинді капсула алынды. Технологиялық процестің қай сатысында қате жіберілді және қандай?

3. Алынған жұмсақ желатинді капсулалардың қабырғаларында ауа көпіршіктері, механикалық қоспалары бар. Технологиялық процесте қандай қате жіберілген?

4. Желатинді капсулалардың ыдырағыштығын анықтау кезінде су ерітіндісі лайланды. Жағымсыз шіріген иісі шықты. Ол нені білдіреді?

 

Бақылау сұрақтары:

1. Медициналық капсулалардың дәрілік түр ретінде анықтамасы. Сипаттамасы. Артықшылықтары мен кемшіліктері.

2. Капсулалардың жіктелуі.

3. Капсулалар қандай тәсілдермен алынады?

4. Желатиннің суда еруінің температуралық режимінің бұзылуы капсулалардың қандай қасиеттеріне әсер етеді? Желатинді масса қандай тәсілдермен алынады?

5. Капсулаларды батыру әдісімен алудың ерекшелігі, не себептен желатинді массаны ұзақ уақыт қойып қояды?

6. Батыру әдісімен алынатын жұмсақ және қатты желатинді касулалардың технологиясының ерекшелігі неде? Қолданылатын машиналар. Олардың жұмыс істеу принциптері.

7. Қатты және жұмсақ желатинді капсулаларды толтыру және дәнекерлеу ерекшеліктері. Қандай қондырғылар қолданылады? Бракераж қалай жүргізіледі?

8. Жарамсыз желатинді капсулаларды регенерациялау қалай жүргізіледі?

9. Желатинді капсулалар өндірісінде қандай консерванттар қолданылады?

10. Капсулаларды престеу әдісімен алудың ерекшелігі неде? Қандай автомат қолданылады? Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.

11. Капсулаларды тамшылату әдісімен алудың ерекшелігі неде? Қандай автомат қолданылады? Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.

12. Ішекте еритін капсулаларды алу кезінде қандай көмекші заттар қолданылады?

13. Медициналық капсулалардың сапасын бағалау қандай көрсеткіштері бойынша жүргізіледі? МФ ХІ басылымы бойынша медициналық капсулаларға қойылатын талаптар.

14. Қатты және жұмсақ желатинді капсулалардың қалыңдығы қалай тексеріледі?

15. Капсулалардағы дәрілік заттардың дәл дозалануын қалай тексеруге болады?

16. Капсулалардың механикалық беріктілігін және ыдырағыштығын анықтау қалай жүргізіледі?

17. Микрокапсулалау дегеніміз не? Анықтама беріңіздер. Олардың артықшылығы мен кемшіліктері.

18. Микрокапсулаларды алудың қандай әдістерін білесіз? Әр әдіске толық сипаттама беріңіздер.

19. Микрокапсулалаудың физикалық әдісі қандай әдіспен жүзеге асырылады? Қандай қондырғылар қолданылады?

20. Микрокапсулалаудың физико-химиялық әдісі қандай әдіспен жүзеге асырылады? Қандай қондырғылар қолданылады?

21. Қрапайым коацервация әдісімен микрокапсулалар алуда қандай қосымша заттар тобы қолданылады?

22. Микрокапсулалаудың химиялық әдісі қандай әдіспен жүзеге асырылады? Қандай қондырғылар қолданылады?

 

 

Кредит 4