Оғамдық денсаулық сақтау факультеті

1. Деканат, факультет Кеңесі, деканат Кеңесі жайлы ереже.

2. Құрылым: Декан: Саттаров Адильгерей Икрамович

Декан орынбасарлары: Мукашева Марал Сакеновна

Абирова Акмарал Адильхановна

Хатшы: Мойынбаева Шарапат Марқашқызы

Онгарбай Арайлым Кожамуратовна

 

«Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің құрамына кіреді:

1. Эпидемиология кафедрасы(меңгеруші,профессор Жакипбаева Б.Т.)

2. Жалпы гигиена және экология кафедрасы(меңгеруші, профессор Кенесариев У.И.)

3. Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы (меңгеруші, профессор Камалиев М.А)

4. Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы(меңгеруші, профессор Рамазанова Б.А.)

5. Коммуналдық гигиена және Балалар мен Жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы (меңгеруші, профессор Бекбосынов Т.Қ.)

6. Нутрициология кафедрасы(меңгеруші,профессор Синявский Ю.А.)

7. №4 ішкі аурулар кафедрасы(меңгеруші, профессор Касенова С.А.)

8. Еңбек гигиенасы кафедрасы(меңгеруші,профессор Тогузбаева К.К.)

9. Денсаулық сақтаудағы саясат және басқару кафедрасы(меңгеруші,профессор Турдалиева Б.С.)

10. АИВ-инфекциясы және инфекциялық бақылау модулі(модуль меңгерушісі, профессор Нугманова Ж.С.)

11. Халықаралық денсаулық сақтау кафедрасы(меңгеруші,профессор Аканов А.А.)

12. Тіршілік негіздерінің қауіпсіздігі модулі (меңгеруші, профессор Зикриярова С.М.)

13. Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы менджмент модулі(меңгеруші Хаджиева А.Б )

14. Денсаулық сақтаудағы экономика модулі (меңгеруші Садыров Г.А.)

15. Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері модулі (меңгеруші Аманбеков Н.А.).

 

3. Санитарлық-гигиеналық факультет Қазақ мемлекеттік медициналық институтында (ҚазММИ) 1943 жылдың 14 мамырында КСРО ДХК №234 бұйрығының негізінде ашылды. 1964-1985 жылдар аралығында Қарағанды медициналық институтының құрамында болды. 1985 жылдан бастап қайтадан Алматы қаласындағы медициналық университеттің құрамына кірді. 2004 жылы факультеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен (12.10.2004 ж. №2 хаттама) «гигиена және эпидемиология» мамандығы «медициналық-профилактикалық іс» деп өзгертілуіне байланысты факультеттің аты медициналық-профилактикалық деп аталады. 2013 жылдың қыркүйегінен бастап факультеттің аты “Қоғамдық денсаулық сақтау” болып өзгерді.

Факультет декандары:

· Попов Николай Николаевич 1943 жылдан 1958 жылға дейін санитарлық гигиеналық факультеттің деканы, ҚазССР ғылымының еңбек сіңірген қызметкері, медицина ғылымының докторы, профессор. 1912 жылы Москва университетінің медицина факультетін бітірген. 1940 жылы докторлық диссертациясын қорғаған, тақырыбы “Алматы қаласының реконстукциясын санитарлық негіздемелеу”.46 ғылыми жұмыс авторы. “Знак почета” орденімен, ҚазЦИК президиумының “Қазақстанға 15 жыл”, “Денсаулық сақтаудың үздігі” төсбелгісімен марапатталған.

· Смирнов Владимир Александрович 1958 жылдан 1959 жылға дейін санитарлық-гигиеналық факультетінің деканы, ҚазССР еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымының кандидаты,доцент. 1928 жылы Ленинградтың бірінші медицина институтын бітірген. ҚазССР Жоғарғы кеңес Президиумының грамотасымен, . “Знак почета” орденімен, В.И.Лениннің 100 жылдығы медалімен Ұлы Отан соғысының 35 жылдығы медалімен марапатталған.

· Кудияров Петр Михайлович 1959-1960 жылдары факультет деканы,ҚазССр еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымының кандидаты, доцент.Москва медицина техникумын бітіргеннен кейін ОК мед.сан.еңбек бөлімінде жұмыс істеді.1931 жылыҚазақстанға жіберілді. 1941 жылы Алматы медицина институтын бітірді. Қалалық және облыстық денсаулық сақтаудың кадрлар бөлімін басқарды. 1950-1958 жылдар аралығында санитарлық-гигиеналық факультеттің деканы болды. 1955 жылдан коммуналдық гигиена кафедрасының меңгерушісі. “Знак почета” орденімен, “За доблестный труд” медалімен,“Денсаулық сақтаудың үздігі” төсбелгісімен марапатталған.

· Даулбаев Файзи Ахметович 1960-1961 жылдары факультет деканы, медицина ғылымының докторы,профессор. 1951 жылы Алматы медицина институтының емдеу факультетін бітірді. 1959 жылы докторлық диссертациясын қорғады, тақырыбы «Қазақстанның түсті металлургия кәсіпорынындағы өндірістік ағынды сулардың санитарлық-гигиеналық сипаттамасы». 100-ден аса ғылыми жұмыстардың авторы, төрт медицина ғылымының кандидатын даярлады. ҚазССР Жоғарғы кеңес Президиумының грамотасымен ,“Денсаулық сақтаудың үздігі” значогімен марапатталды.

· Чокин Алихан Ризаевич 1961-1963 жылдары факультет деканы, м.ғ.д.,профессор. 1950 жылы Алматы медицина институтының емдеу факультетін бітірді. 85-тен аса ғылыми жұмыстардың және бір монографияның авторы. Бір докторды және 9 м.ғ.к. даярлады. ҚазССР Жоғарғы кеңес Президиумының грамотасымен “Знак почета” орденімен, ,“Денсаулық сақтаудың үздігі” төсбелгісімен және “Ұлы Отан соғысының 1 дәрежесі” орденімен марапатталды.

· Корытный Давид Лазаревич 1963-1964 жылдары факультет деканы, м.ғ.д., профессор. 1949 жылы Киевтің стоматология институтын бітірген. 1969 жылы докторлық диссертациясын қорғаған. 100-ден аса ғылыми жұмыстардың және 4 монографияның авторы. 11 медицина ғылымының кандидаттарын даярлады.

· Щурин Виктор Алексеевич 1989-1995 жылдары факультет деканы, медицина ғылымының кандидаты,доцент. 1963 жылы Алматы медицина институтын бітірген. 1984 жылы кандидаттық диссертациясын қорғаған. 16 мақаланың және 4 әдістемелік нұсқаулардың авторы. ,“Денсаулық сақтаудың үздігі” төсбелгісімен марапатталды.

· Шортанбаев Алихан Абжанович 1995-2006 жылдары факультет деканы. М.ғ.д., профессор, профилактикалық медицина Академиясының академигі,РАЕН академигі,1972 жылы Алматы медицина институтының емдеу факультетін бітірді.200-ден аса ғылыми еңбектердің авторы, сонымен бірге клиникалық иммунология және аллергология оқулығының авторы.23 кандидат және 2 медицина ғылымының докторын даярлады. ОК ВЛКСМ грамотасымен,ҚазССР Жоғарғы кеңес Президиумының грамотасымен, “Тың жерлерді игеру” медалімен,КСРО және Қазақстан Республикасының ,“Денсаулық сақтаудың үздігі” төсбелгісімен марапатталды.

· Табаева Әлия Әбілқызы 2006-2008жылдары факультет деканы, м.ғ.д., профессор. 1987 жылы Қарағанды медицина институтының санитарлық-гигиеналық факультетін үздік бітірген. Солан соң дәрігер-иммунолог,эпидемиолог болып жұмыс атқарған.1990 жылдан бері медицинаның жоғарғы білім беру жүйесінде жұмыс атқаруда.1995 жылы кандидаттық, 2002 жылы микробиология мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады.2003 жылы арнайы диссертациялық кеңестің және ғылыми проблемалықкомиссияның мүшесі.2004-2006 ж.ж. аймақтық кандидаттық емтихан өткізу орталығының ұйымдастырушысы,бірінші басшысы лауазымын атқарған. Қазіргі таңда мамандығы бойынша педогогикалық іспен қоса, сапа және менеджмент жүйесі бөлімін басқаруда.

· Саттаров Адильгерей Икрамович 2008 жылдан қазіргі кезге дейін факультет деканы,медицина ғылымының докторы, профессор.

 

4. Факультетте болған жәйттердің академиялық күнтізбесі:

· 1 қыркүйек-Білім күні ҚазҰМУ студенттері үшін жаңа оқу жылының ашылуы.

· Ұстаздар күні-Барлық білім саласының жұмысшыларының кәсіби мерекесі.

· Қарсы алу кеші-білім мен салт-дәстүр эстафетасын табыстау.

· Факультеттің студенттік үкіметі мен деканын сайлау.

· Факультет күндері (1 күн-университеттік оқулар, 2 күн- факультеттер күні, ,3 күн- студенттердің Гиппократ антын қабылдауы.)

· Ұлттық мәдениет күндері- «Біз Қазақстандықпыз» атты халықтардың достық этнофестивалі.

· Қараша мен сәуір айлары аралығында бірінше курстарға арналған тетрлық мерзім.

· Игі істер эстафетасы

· Ғылым күні-сәуір айы

· Медициналық жұмысшы күні-маусым айы

· Талапкерлерге арналған ашық есіктер күні

· 30-маусым- бітірушілер баллы(бітірушілердің alma mater-мен қоштасуы)

Оқу-білім:Қазіргі уақытта Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің құрамына келесі мамандықтар кіреді: 5В110200-“Қоғамдық денсаулық сақтау” оқу мерзімі-5 жыл. Академиялық дәреже- денсаулық сақтау бакалавры. 5В110400-“медициналық-профилактикалық іс” оқу мерзімі-5 жыл. Академиялық діреже- медициналық- профилактикалық іс мамандығының бакалавры. Біліктілік: гигиена және эпидемиология маманы. 5В110100 «мейірбике ісі» оқу мерзімі – 4 жыл. Академиялық дәреже- денсаулық сақтау бакалавры. 050507-“Менеджмент” оқу мерзімі -4 жыл. Оқу бакалавриат бағдарламасы бойынша жүргізіледі. 5В050700-“Менеджмент” жоғарғы білімнен кейін, ара қашықтықтағы білім алу, оқу мерзімі-2 жыл. 5В050700-“Менеджмент” орта білім негізінде, оқу мерзімі – 4 жыл. Академиялық дәреже: менеджмент бакалавры.

5В110200-“Қоғамдық денсаулық сақтау”мамандығының денсаулық сақтаудағы бакалаврлық біліктілікпен келесі дәрежеге ие бола алады.Қоғамдық денсаулық сақтау менеджері(медициналық қызметтің сапасы бойынша, медициналық қызметтің стратегиясы және маркетингі бойынша, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және әдістемелеу бойынша) денсаулық сақтау саласы бойынша қызметкерлермен жұмыс жасайтын менеджерлер(hr менеджер) ҚДС маманы (валеолог, эпидемиолог,статистик,әдіскер).Денсаулық сақтау ұйымының құрылымы бөлімінің жетекшісі, денсаулық сақтау ұйымынәң жетекшісі. Бітіруші түлек ары қарай оқуын магистратурада жалғастыруға құқығы бар.

5В110400-“медициналық-профилактикалық іс”Бітіруші түлек бакалавриат бойынша оқуын аяқтаған соң эпидемиология, коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, еңбек гигиенасы, радиологиялықгигиена, вирусология, бактериология, паразитология салаларында маман ретінде жеке кәсіби жұмысқа кірісе алады.

5В110100 «мейірбике ісі»5.04.019-2011 ҚР МЖМБС нағыз қалып негізінде әзірленген және 5В110100 «мейірбике ісі» мамандығы бойынша денсаулық сақтау бакалаврларын дайындау дәрежесінде және кәсіби білімнің мазмұнын, сонымен қатар құрылым талаптарын тағайындайды.Профилдік пән-“Биология”.Денсаулық сақтау бакалавры «мейірбике ісі» мамандығы бойынша келесі лауазымдарға ие бола алады: бас мейірбике (директордың мейірбике ісі жөніндегі орынбасары);аға мейірбике/ мейірбике (аға фельдшер, аға акушер); учаскі мейірбикесі/аға мейірбике жалпы практика мейірбикесі/ағасы; мамандандырылған мейірбике/ аға мейірбике; акушер(ка),диеталық мейірбике және т.б. Бітіруші түлек ары қарай оқуын магистратурада жалғастыруға құқығы бар.

050507-“Менеджмент”осы мамандық бойынша(менеджмент бакалаврлары) түлектердің кәсіби қцызметтік шеңберлері болып экономикалық,банктық-есептік жүйе, бизнес және кәсіпкерлік шынайы секторлары болып табылады. Осы маммандық бойынша түлектер әртүрлі басқарушылық, кәсіпкерлікғ шаруашылық субъектілерінің финанстық істері секілді әртүрлі қызмет атқара алады.

Мүмкүншіліктер: -“Қоғамдық денсаулық сақтау” және “медициналық-профилактикалық іс” мамандақтары бойынша магистратура. Оқу мерзімі 2 жыл.

Мемлекеттік оқу гранты бойынша түскен студенттерге шәкіртақы тағайындалады.«Жақсы» және «өте жақсы» оқитын студенттерге Ректорлық және Атаулы шәкіртақылар тағайындалады.Президенттік шәкіртақы тек қана «өте жақсы» оқыған және университеттік іс шараларға белсене ат салысқан студенттерге тағайындалады.

3-4 курс студенттері арасында келесі қайырымдылық іс-шаралар атқарылады:студенттер белсенді волонтерлық жұмыстармен №15 мектеп-интернатында,Хосписте,мейірбикелік күтімдегі ауруханаларда атқарды.

Факультет студенттері арасындағы академиялық ұтқырлық: 2012-2013 оқу жылында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 5 курстан 1 студент –Испанияда (Барселона) қаласында.Ішкі ұтқырлық: Қарағанды қаласы-25 студент, Астана қаласы-9 студент. 2013-2014 оқу жылы ішкі ұтқырлық бойынша: Қарағанды қаласы-7 студент, Астана қаласы- 10 студент.

Факультет өмірі: Факультет студенттері-университет мақтанышы! Жыл сайын халықаралық дәрежедегі ғылыми конференцияларға қатысатын студенттердің саны ұлғаюда. Факультеттің белсенді студенттері орта білім беретін мектептер мен қаламыздың ЖОО-да тренингтер мен дәрістер өткізеді.Сонымен қатар факультет студенттері мен ұстаздары Қысқы және Жазғы мектептеріне белсенді қатысады.Студенттер ғылыми үйірмелерге қатысып,жүлделі орындарға ие болады.Жазғы демалыс кезінде студенттеріміз Студенттік Құрылыс Жасағы жұмыстарына белсенді қатысады.