Саяси партиялар мәртебесінің конституциялық-құқықтық реттелуі, саяси партиялар түрлерінің ерекше тұстары.

Саяси партиялардың құрылуы мен қызметіне байланысты заңмен келесідей тиымдар салынады: - Саяси партияның халық атынан билiк жүргiзуге құқығы жоқ; - Шетелдердің аумағында басқа мемлекет-тердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының, дiни негiздегi партиялардың қызметiне жол берiлмейдi; - Мақсаты немесе iс-әрекетi Республиканың конституциялық құрылысын күштеп ӛзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемле-кет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағыттал-ған қоғамдық бiрлестiктер (саяси партиялар) құруға және олар-дың қызметiне тыйым салынады; - Әскерилендiрiлген саяси партиялар, сондай-ақ саяси партиялар жанынан әскерилендiрiлген құрамалар құруға және олардың қызметiне тыйым салынады; - Республикада саяси партиялар мен кәсiптiк одақтарды шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi; - Азаматтардың кәсiби, нәсiлдiк, ұлттық, этникалық және дiни белгiлерi бойынша саяси партиялар құруға, сондай-ақ мем-лекеттiк органдар мен жергiлiктi ӛзiн-ӛзi басқару органдарында саяси партиялардың бастауыш партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. - Бiлiм беру ұйымдарының оқу процесiнде саяси партия-лардың бағдарламалық, жарғылық талаптарын насихаттауға жол берiлмейдi; - Саяси партияға ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi. Мемлекеттiң саяси партиялардың iстерiне және саяси пар-тиялардың мемлекет iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi. Саяси партияларға мемлекеттiк органдардың функцияларын жүктеуге де жол берiлмейдi. Азаматтардан кез келген нысанда, оның iшiнде ресми құжат-тарда да, қандай партияға жататынын кӛрсетудi талап етуге тыйым салынады. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiн-деттерiн атқару кезiнде Шетел заңдарының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялар мен олардың органдарының шешiмдерiмен байланысты болмайды. Саяси партиялар келесідей қағидалар негізінде құрылып, қызмет етеді: 1. ерiктiлiк; 2. тең құқықтылық; 3. ӛзiн-ӛзi басқару; 4. заңдылық; 5. жариялылық. Шетелдердің жасы он сегiзге толған азаматы саяси партияның мүшесi бола алады. Саяси партияға келесілер мүше бола алмайды: - шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар; - әскери қызметшiлер; - ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері; - құқық қорғау органдарының қызметкерлерi; - судьялар. Парламент депутаттарының, мемлекеттік қызметшілердің саяси партиялардағы ақы тӛленетiн қызметтерде болуына құқығы жоқ. Қайтыс болу, партиядан шығу, партиядан шығары-лу, басқа партияға кiру саяси партияға мүше болуды тоқтатуға негiз болып табылады. Саяси партия саны бiр мың адамнан кем емес, саяси партия-ның құрылтай съезiн (конференциясын) шақыратын және об-лыстардың, pecпубликалық маңызы бар қаланың және астананың үштен екiсінің атынан ӛкілдiк ететiн Шетел азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады. Азаматтар саяси партияның құрылтай съезiне (конференциясына) жеке ӛзi қатысады. Құрылтай съезiнде (конференциясында) саяси партияны құру, оның атауы, жарғысы, бағдарламасы туралы шешiмдер қабылданады және оның басшы органдары құрылады. Саяси партия жарғылық қызметiн мемлекеттiк тiркеуден ӛткеннен кейiн жүзеге асырады. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеудi ШЕ Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады. Ұлттық заңдарға сәйкес саяси партияны мемлекеттiк тiркеу үшiн оның құрамында партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кемiнде жетi жүз партия мүшесi бар құрылымдық бӛлiмшелерiнiң (филиалдары мен ӛкiлдiктерiнiң) атынан ӛкiлдiк ететiн кем дегенде елу мың партия мүшесi болуға тиiс. Тiркеушi орган Қазақстан Pecпубликасының заң актiлерiнде кӛзделген негiздемелер бойынша, сондай-ақ партия құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзған, берiлген құжаттар, соның iшiнде оның құрылтай құжаттары мен партия мүшелерiнiң, оның құрылымдық бӛлiмшелерiнiң (филиалдары мен ӛкiлдiк-терiнiң) тiзімдерi ШЕ-ның заң актiлерiне сәйкес келмеген жағдайда саяси партияны мемлекеттік тiркеуден бас тартады. Мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған жағдайда саяси партия тiркеушi органға үш ай ӛткен соң оны мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды қайтадан бере алады. Саяси партияның қызметiн тоқтата тұру. Саяси партияның қызметi соттың шешiмi бойынша үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге: 1) Шетелдердің Конституциясы мен заңдарын бұзған; 2) саяси партияның жарғысына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге асырған; 3) саяси партия басшыларының экстремизмдi жүзеге асыруға бағытталған жария шақыруы мен сӛйлеген сӛздерi орын алған; 4) саяси партия мүшелерiнiң саны Заңның талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн. Егер саяси партияның қызметiн тоқтата тұрудың белгiленген мерзiмi iшiнде оның қызметін тоқтата тұруға негіз болған тәртiп бұзушылықтар жойылатын болса, саяси партия ӛз қызметiн қайта бастайды. Саяси партия: 1) ӛзiнiң жоғары органының шешiмi бойынша; 2) аймақтардың кемiнде жартысының ӛкiлi болып табылатын мүшелерiнiң кемiнде елу бiр процентiнiң ұсынысы бойынша; 3) соттың шешiмi бойынша таратылады. Саяси партияны таратуды саяси партияның жоғары органы тағайындайтын тарату комиссиясы немесе Қазақстан Республи-касының заң актiлерiнде кӛзделген тәртiппен сот жүргiзедi. Соттың шешiмi бойынша саяси партия мына жағдайларда таратылады: 1) саяси партиялар туралы заңның талаптарын орындамаған жағдайда; 2) саяси партияның қызметiн тоқтата тұру үшiн негiз болған тәртiп бұзушылықты сот белгiлеген мерзiмде жоймаған жағ-дайда; 3) саяси партияның жарғысына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге асырған жағдайда; 4) ШЕ заң актiлерiнде тыйым салынған қызметтi жүзеге асыр-ған не қызметiн ШЕ заңдарын бiрнеше рет (кемiнде 2 рет) немесе ӛрескел бұза отырып жүзеге асырған жағдайда; 5) мемлекеттiк тiркеу үшiн табыс етiлген құжаттардағы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған кезде саяси партияны мемлекеттiк тiркеудiң заңсыздығы танылған не саяси партияны мемлекеттiк тiркеудiң күшi жойылған жағдайда; 6) саяси партия ШЕ Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының сайлауына қатарынан екi рет қатыспаған жағдайда; 7) шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар қаржыландырған, саяси партия осы Заңда тыйым салынған қайырмалдықтарды қабылдаған жағдайда; 8) саяси партия, оның құрылымдық бӛлiмшелерiнiң (филиал-дары мен ӛкiлдiктерiнiң) қызметiн ШЕ заңдарында кӛзделген жағдайларда қайта тiркеусiз жүзеге асырған жағдайда; 9) ШЕ-ның заң актiлерiнде кӛзделген ӛзге де жағдайларда. Саяси партияның ұйымдастырылуы мен қызметінің мәселе-лері неғұрлым кең түрде “Саяси партиялар туралы” Шетелдердің 2002 жылғы 15 шілдедегі Заңында реттелген.