Уықтың құрылысы мен қызметі

Қуық. Қуық – қуыс мүше. Оның сырты дәнекер және бұлшық ет ұлпаларынан тұрады. Сиымдылығы 300-800 мл. Қуықтың несеп шығатын жерінде сақина тәрізді бұлшық еттері күшті сфинктер (грек. Сфинктер – қысып ұстайтын) бар. Бұл еттер жиырылып, қуықты аштырмай, несепті ұстап тұрады.

Сфинктердің ашылуы еріксіз рефлекторлы түрде болады. Нәрестенің қуығының ішіне жиналып, оның қысымы су бағанымен 12-15 см-ге дейін көтерілгенде қуықтың қабырғасындағы рецепторлар тітіркенеді. Пайда болған қозу импульстері орталыққа тепкіш нервтермен жұлындағы және мидағы орталықтарға барады. Орталық жүйке жүйесінен орталықтан тепкіш нервтері арқылы қозу қуыққа келеді де, қуықтың қабырғасындағы еттері жиырылады, сфинктер еті босайды, содан соң қуық ашылады.

Ересек балаларда несептің сыртқа шығуы ерікті рефлекс тәртібімен жүреді. өйткені несеп шығару рефлекісінің орталығы ми қыртысында да бар.

Нәрестенің қуық еті, әсіресе оның сфиктер еті жетілмеген, сондықтан несеп жиі және реіксіз рефлекторлы түрде шығады.олардың бүйрек түтікшелерінің эпителий клеткаларының зат өткізгіш қасиеті жоғары болғандықтан несеп құрамында лактоза, аздаған (із мөлшерінде) мөлщерде белок, мочевина, фосфатты және хлорлы қосындылар болатыны байқалған. Кейін 1 жасқа жақындағанда лактоза мен белок мүлде болмайды, ал қалғандарының мөлшері азаяды.

1 жаста балалардың организміндегі осмостық қысым мен иондар алмасуының тетіктері толық жетіледі.

2 жасқа жақындағанда нефрондардың сүзілу және иірім каналдардағы кері сүзілу мен секреция деңгейлері ересек адамның көрсеткештеріне жақын болады.

Баланың алғашқы жылдарында бүйректің қызметін реттейтін вазопрессин мен адреналин гармондарының мөлшер деңгейі аздау болғандықтан, бүйректің эпителий клеикаларының және қан тамырларының қабырғасындағы рецепторлардың сезімталдығы төмен болады. Ал альдостерон гармоны жөнінде мұндай мәліметтер әлі белгісіз.

Энурез. Несептің денеден рефлекторлы еріксіз түрде шығарылуы емшектегі балаларда болатын жағдай, ал ересек балалар өз еркімен несеп шығаруды тоқтата алады. Екі жастан аса баланың несеп шығаруды реттеу тетіктері толық жетіледі де рефлекторлы еріксіз несеп шығару тоқталуы тиіс. Бірақ сәбилердің 5-10%-ында 13-14 жасқа дейін түнде рефлекторлы еріксіз несеп шығару, яғни энурез байқалады. Несептің тоқтамауы немесе энурез (грек. ен – шығамын + ур – несеп) баланың ерекше аруларының бір түрі. Ол ерте балалық шақта жиі кездеседі және ұзақ, кей кезде ем қонбайтын, кейде өткінші, жыныстық жетілу кезінде өзінен-өзі тоқталатын сырқат. Бұл сырқаттың себептері әртүрлі болуы мүмкін. Энурез кейде қуықтағы қабыну ауруларына, кейде бүйректің немесе нейрогендік себептердің әсерінен болуы ықтимал. Соңғысы психикалық дамудың кемшілігіне, немесе психикалық травмаға, немесе ауруға байланысты болуы мүмкін. Ондай балалар сүйіспеншілік көрсетуді, ересектердің немесе достарының мазағынан қорғауды қажет етеді. Ал баланы қорқыту арқылы қойғызамын деп тырысу мүлде жарамсыз әдіс.

Энурезі бар балаларды 4 топқа бөлуге болады:

1. емделмейтін, тәрбиесі дұрыс болмаған ақылы кем балалар. Олардың несебінің тоқтамау себебі, көбінесе баланың ұйқысының жөнсіз қатты болуынан болады.

2. ұзақ сырқаттылар, бірақ дұрыс тәрбиелеп, тамақтандырып (сусынды аз ішкізіп) емдесе, басылатын сырқат, бұларда энурез жыныстық жетілу кезінде гармон түзілу қызметі реттелгеннен соң ұйқының тереңдігі жөнделіп, түнде несеп тоқтамауы жиі басылып кетеді.

3. үнемі емес, кейде мезгіл-мезгіл энурез байқалатын балалар.

4. өте аз, анда-санда ғана энурез байқалатын балалар тобы. Энурез қыздардан гөрі ер балаларда жиірек байқалады.

Бұл ауру кейде басқа аурулардың (мысалы, тері ауруының, ішек құрттарының болуына байланысты) салдарынан да болады. Сол сияқты, бұл ауру кейде жыныс мүшелерінің жағдайына байланысты туады, сондықтан балаларды жыныс мүшелерін таза ұстауға әдеттендіру керек. әсіресе қыз балалардың жыныс мүшелерін жылы сумен жиі жуып, тазартып отырған абзал.

Түнде несептің еріксіз шығуына жатар алдында сұйықты көп ішу де себеп болады.

Ауруды емдеу арнайы диетаны ұстануға негізделеді. Энурез жиі байқалатын балаларға түске дейін қалыпты тамақ жеп-ішіп, түстен кейін тұзы аз тамақ (ет, жұмыртқа, май) ұсынылады немесе, керісінше, ұйықтар алдында тұздалған тамақ беріледі, кейде жатарда тұзды су беруге болады.