Capsella bursa pastoris (L.) Medik.

Жұмыршақ шөбі – трава пастушьей сумки – Herba Bursae pastoris

Кәдімгі жұмыршақ – Пастушья сумка – Capsella bursa pastoris (L.) Medik.(Сурет 17)

Қырыққабаттылар тұқымдасы – семейство капустные – Brassicaceae

Сипаттамасы.Биіктігі 10-40 см сабақтары жәй немесе көп тармақты, сабақтарының сыртын қалың түк басқан немесе жалаң болады. Тамыр жапырақтары дөңгелек пішінді, үш бұрышты қауырсын ойықты, жиектері тіс тәрізді, бітеу. Сабақ жапырақтары кезектесіп орналасқан, отырмалы, шеттері тегіс кейде, ойыс тісті ұзынша келген. Жоғарғы жапырақтары таспа пішінді, ұштары жебеге ұқсас. Гүлдері шашақты, гүл тостағаншалары ұзын жұмыртқа пішіндес, күлтелері ақ. Жемісінің аздап ойығы бар бұршаққын. Сәуір-мамыр айларынан бастап бүкіл жаз бойы гүлдеп тұрады. Жемістері мамырдан бастап бүкіл вегетациялық кезең бойы піседі.

Таралуы. Қазақстанның барлық аймағында кездеседі, жол бойында, егін арасында, бақшада, кейде қалың ну құрап та өсе береді.

Дәрілік шикізаты. Шөбін (Herba Bursae pastoris) гүлдеу кезеңінде маусым-шілде айларында құрғақ ауада, тамырымен жұлып жинайды да тамырын кесіп тастайды. Жинап болған соң, шикізатты тез арада көлеңкелі жерлерде жұқалап жайып кептіреді. Кептіргіштерде 450С температурада кептіреді.

Химиялық құрамы.Шөбінде С, К дәрумендері; органикалық қышқылдар – қымыздық, шарап, алма; иілік заттар, флавонды гликозид диосмин, бұдан басқа аминдер (холин, ацетилхолин, тирамин және гистамин) бар. Өсімдіктің дәнінде карденолидтер, майлар, оның құрамында линолен, линоль, арахин қышқылдары, тиогликозидтер-синигрин бар.

Қолданылуы. Тұнбасы мен сұйық экстрактын босанудан кейінгі қан кеткенде қан тоқтату үшін және босану кезінде жатырдың бұлшық еттерінің жиырылуын күшейту үшін қолданады.

 

Сурет 42. Жатаған жебіршөп – Тимьян ползучий (чабрец) –

Thymus serpyllum L.

Жатаған жебіршөп шөбі – трава чабреца – Herba Serpylli

Жатаған жебіршөп – Тимьян ползучий (чабрец) – Thymus serpyllum L.(Сурет 42)

Тауқалақайлар тұқымдасы – семейство яснотковые – Lamiaceae

Сипаттамасы.Биіктігі 15 см көпжылдық бұталы өсімдік. Сабағы жерге төселіп жатады да одан шыққан бұталар жоғары тік өседі. Жапырағы ұсақ, сопақша пішіндес, сағақтары қысқа, жапырақ бездері эфир майына тола болады. Гүлі ұсақ, бұлыңғыр-ақшыл көк түсті. Маусым-шілде айларында гүлдейді.

Таралуы.ТМД-ның Еуропалық бөлігінде, Сібірде, Кавказда таралған. Қазақстанда 27 түрі кездеседі. Батыс Қазақстанның құмды жерлерінде өседі. Ашық құмды жерлерде, бұталар арасында, құрғақ қарағайлы ормандарда, тасты баурайларда өседі.

Дәрілік шикізаты.Жапырықтары, гүлдері және жіңішке бұталарынан тұратын бастырылған шөбі (Herba Serpylli). Жапырақтары қысқа сағақты, жұмыртқа тәрізді, эллипс немесе қияқты пішінді, жиектері тегіс, кәдімгі жебір шөптен ерекшелігі жапырақ жиектері ішке қарай қайырылмаған. Жапырақ ұзындығы 15 мм, ені 7 мм кәдімгі жебір шөбіне қарағанда ірілеу. Гүлдерінің ұзындығы 3-4 мм, жеке немесе бірнешеден гүл шоғырын құрайды. Гүлдері екі ерінді, салбыраңқы қоңырқай-қызыл гүл тостағаншаларынан және екі ерінді көк-күлгін түсті гүл тәжінен тұрады.

Химиялық құрамы. Шөбінде эфир майынан тимол, карвакрол, n-цимол, пинен, γ-терпинен, α-терпинол, борнеол және моноциклды сесквитерпен цингиберин кездеседі. Шикізатында бұдан басқа иілік заттар, минералды тұздар, ащы заттар, қышқылдардан урсол қышқылы бар.

Қолданылуы.Медицинада қайнатпасы мен сұйық экстрактысын жоғары тыныс алу жолдарының катарактында, бронхитте, жөтелде қолданады. Халық медицинасында жатаған жебір шөптің тұнбасын жүйке дерттері мен бел дертінде, іш пен ішек дерттерінде, буын дерттерінде ішеді. Сонымен қатар, жебір шөптің препараттары несеп жүргізетін, іріңді жараларға қарсы әсер көрсетеді. Өсімдіктен алынған қайнатпаның, экстракт пен тұндырманың ағзаны нығайтатын, әсіресе ой еңбегінен шаршау мен ұйқысыздықта тыныштандыратын әсері бар. Зат алмасуы бұзылуына байланысты дерттерде және ревматизм кезінде қабылдайды. Шөбінен дайындалған ұнтағын талма кезінде иіскетеді.

 

Сапалық реакциялар.Алкалоидтардың дәрілік өсімдік шикізатында бар екендігін дәлелдеу үшін жалпы тұнбаға түсу реакцияларын ауыр металдар иодидтерімен, кремневольфраммен, фосфорлывольфраммен, пикрин қышқылдарымен және басқа да алкалоидтармен тұнбаға түсетін реактивтермен реакцияларды пайдаланады. Жеке алкалоидтарға спецификалық реакциялар олардың химиялық құрылысы мен молекуласында функционалдық топқа байланысты.

Сапалық реакция жүргізу үшін қышқылданған судың көмегімен сығынды дайындайды да, оны фильтрлейді, фильтратпен алкалоидтарға жалпы тұнбаға түсіру реакцияларын жүргізеді.