Ылмыстық жазаның жүйесі және түрлері

Заңда жаза түрлерінің және олардың көлемі және қолданылу ретінің көрсетіп орнықтырылуының сотталғандарға жаза тағайындау және оны жекешелеу кезіндегі негізгі қағидаларды жүзеге асыру үшін аса маңызды мағынасы бар. Жазалар толық тізімінің мағынасы сот сотталушыға осы тізімде көрсетілмеген жазаны тағайындай алатындығында жатыр.Жаза жүйесі деп қылмыстық заңмен бекітілген, салыстырылмалы ауырлығы ескеріле отырып, белгілі тәртіппен орналастырылған жаза түрлерінің соттар үшін міндетті және толық тізімі айтылады. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексінде жаза жүйесі 39-баптың бірінші бөлігінде орнықтырылған. Жаза жүйесін белгілеудің сот әділдігі міндеттерін іске асыру үшін әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан айтарлықтай мәні бар. Әдістемелік мәні -әрбір жазаның қолданылу тәртібі, нақты шегі, жағдайлары белгіленген толық тізімнің қылмысқа қарсы жазалау саясатының бірлігіне, соттың қызметінде заңдылық қағидаттарының сақталуына ықпал ететігінде. Қарастырылып отырған жүйенің тәжірибелік мәні –жаза түрлерінің бірізді орналасуында.

Бұл – сотқа бұған дейін сот жұмысының тәжірибесін, қоғамдық-құқықтық сана мен ғылыми ұсыныстарды ескере отырып, сотталушыға заң негізінде ықпал ету шараларын орынды әрі мүмкіндігінше тиімді қолдануға жол ашады. Заң жүзінде бекітілген жазалар жүйесінің мәні –осы жүйеге сүйене отырып, жазаның қайсысы –ең қаталы, ал қайсысы –жұмсақтау екендігін анықтап білуге болатындығында. Ал оның жаза тағайындау үшін ғана емес, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңілдеу жаза түрінде ауыстырған кезде де пайдасы бар. Жаза түрлерінің тұтас жүйесі де, жеке алғандағы әрқайсысы да, сотталушыға ықпал жасаушы кешендер тәсілдерінен тұрады. Бұл – сотқа қылмысқа қарсы күрес жүргізу үшін ең ұтымды шараларды таңдап алуға мүмкіндік жасайды. Сонымен, жаза түрлерінің салыстырмалы көптігі –жасалған қылмыспен қатар, оны жасаған қылмыскердің де қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, оның алдында тұрған мақсаттарына жету үшін әсер ететін әділ жаза тағайындауға мүмкіндік береді.

Жазаның жүйесі мен түрлері сонымен қатар қылмыстылыққа қарсы күрес тәсілдеріне қатысты қоғамда қалыптасқан көзқарастарды да білдіреді. Тарих –жаза түрлері мен тәртібінің сан-алуан бостандығының куәсі. Адамның өмірі, денесі, бойындағы абыройы және оның мүлкі –жазалау объектісі болып келсе, -өлім, мертіктіру, күш көрсетіп қорлап-зорлау, қамау, қудалау,мүлкінен айыру, масқаралау –мұның барлығы жаза қолданудың салдары болды.

Айта кетерлік жайт –жазаның әрқашанда қылмыскерді мемлекет атынан айыптаумен қоса, жүретіндігі. Қылмыстық жаза қоғамда көпшілік қолдайтын, яғни қоғамда үстем саналатын және қоғамның өмір сүруінің негізгі шарттарымен үйлесетін көзқарастарға сәйкес келіп отырды және қазіргі кезде де солай болып отыр. Қазіргі заңнамаға ескірген жазаларды кіргізу қоғам үшін тарихи анахронизм болып қабылданып, олардың еш ықпал ету күші болмас еді. Бұған керісінше, қоғамдық, саяси, адамгершілік тұрғыда қабылдауға әлі де пісіп –жетілмеген жазаларды заңға кіргізу де осындай ахуалға ұшыраған болар еді. Жаза жүйесі –ауырлығы ескеріліп белгілі бір ретпен орналасқан, сот үшін міндетті болып табылатын мемлекеттік қылмыстыұ заңда белгіленген, бекітілген жаза түрінің түпкілікті тізімі. Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Жүйеге енетін жаза түрлерінің барлығы үш топқа бөлінеді: негізгі, қосымша және әрі негізгі әрі қосымша қолданылатын жазалар. Жзалардың неізгі және қосымша болып бөлінуінің тәжірибелік маңызы бар.

Атап айтқанда, қосымша жазаларды қолдану – жазаның жекелену қағидасын іске асыру тәсілдерінің бірі. Жазаның қандай түрлерінің негізгі, ал қандай түрлерінің – қосымша екендігін дәл атап көрсету заң талаптарына толық жауап береді. Негізгі жазалар – жазаның дербес түрі ретінде ғана тағайындала алатын түрлері, оларды басқаларына қосымша ретінде біріктіруге болмайды, және де , жазаның мақсаттарына жету негізінен, осы негізгі жазалармен байланыстырылады. ҚК – тің 39- бабына сәйкес жазаның негізгі түрлері мыналар болып табылады: 1.қоғамдық жұмыстарға тарту; 2.түзеу жұмыстары; 3.әскери қызмет бойынша шектеу; 4.бас бостандығын шектеу; 5.қамау; 6.тәртіптік әскери бөлімде ұстау; 7.бас бостандығынан айыру; 8.өлім жазасы. Қылмыс жасаған тұлғаға Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормаларының аясында тағайындалатын негізгі жазалардың тек біреуі ғана қолданыла алады.

Мысалы, түзеу жұмыстары бас бостандығынан айырумен қатар тиісті санкцияда қарастырылғанымен, бас бостандығынан айыруға қосымша еш жағдайда да тағайындалмайды. Қосымша жазалар – негізгі жазаға қатысты көмекші сипатқа ие жаза түрлері. Жазалардың бұл түрі негізгі жазаларды ғана қолдану жазаның мақсаттарын қамтамасыз етпейтін жағдайда қолданылады.

Қосымша жазаларды қолдану кезінде белгілі бір талаптар сақталу тиіс. Қосымша жазалар өздері ғана дербес түрде тағайындалмайды, олар жазаның негізгі түрлеріне біріге алады. Жаза негізгі түрлеріне оның қосымша түрлері аса ауыр қылмыс жасалған немесе заңда көрсетілген жағдайларда қосылады. Тұлға заң бойынша қолдануға болмайтын қосымша жазалардың тағайындалуына жол берілмеуі тиіс; мысалы, шартты түрде соталған тұлғаға мүлкін тәркілеу жазасы қолданылмайды. Қосымша жаза негізгі жазадан қатал болмауы тиіс, әйтпесе негізгі және қосымша жазалардың үйлесімділік қағидатының өзі іске аспай қалады.

Сол сияқты, қосымша жазаның үйлесімділік қағидатының өзі іске аспайды. Сол сияқты қосымша жазаның түрі негізгі жаза түрімен бірдей болмауы керек, себебі мұндай жағдайда орын алса, қандай да бір жазаның заңда рұқсат етілгеннен көбірек мерзім мен мөлшерге асып кетуіне әкеліп соқтырар еді. Ең бастысы жазалаушы элементтері негізгі жазаның элементтерімен сәйкес келетін қосымша жазаны да тағайындауға болмайды. Егер жасалған қылмыс сараланатын заң бойынша міндетті түрде қосымша жаза тағайындалуы тиіс болса, ҚК-тің 55-бабында қарастырылған жағдайлар болса ғана, ондай жаза қолданбау мүмкіндігі орын алады.

Қосымша жазалардың қатарына жазаның екі түрі ғана жатады: 1.арнаулы әскери немесе құрмет атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемелекеттік наградаларынан айыру; 2.мүлікті тәркілеу. Айыппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазалаудың неізгі де, қосымша да түрлері ретінде қолданылуы мүмкін.