Ертіндінің көлеміне байланысты стерильдеу уақыты

Үлгі көлемі, мл Стерилизацияға минималды Төзім уақыты, мин
100-ге дейін 100-ден 500-ге дейін 500-ден 1000-ға дейін

 

2.Майларды және тоң майларды стерильдеуге болады, 120 С температурада 2 сағат бойына герметикалық тығындалатын құтыларда жүргізіледі.

3. Шыны, фарфор, металл, резина заттары, байлап- таңу материалдары және қосымша материалдар (мақта,дәке,халаттар, фильтр қағаздары,резина тығындар, пергамент және т.б)

120 С температурада 45 минут стерильденеді.

4. Хирургиялық инструментерді, байлап таңу материалдары, арнайы киімдерді 132С температурада (қысым 0,2 МПА) 20 минут қораптарда немесе екі қабат жұмсақ дәке немесе пергамент қағазды орамада стерильденеді.

Ағынды бумен стерильдеу.100 С температурада қаныққан су бумен жүргізіледі (ауасыз және артық қысымсыз).Ағынды бу микроорганизімдердің тек вегенативті түрін жою үшін қолданылады.Объектіде споралық түрлер болған жағдайда бұл әдіс тиімді емес.

Ағынды бумен стерильдеу- бірі термометр үшін, екіншісі бу шығуға арналған екі қуысы бар қақпақпен жабылатын цилиндр формалы металл стерилизаторларға жүргізіледі.Құтының түбіне су құяды, оның үстінде тесіктері бар тұғырық орналастырылады.

 

Ағынды бумен стерильдеу ВКО-16, ВК-75, ВКО-75 аппаратарында жүргізіледі.Осындай мақсатта контактілі манометр стрелкасын 0,1 кг/см мәнге орналастырады.Стерилизатордың су-бу камерасындағы қысым берілген қысымға дейін жеткізілгенде,бу кіретін бу көзі мен стерилизациялық камера арасында трубадағы түтіктегі вентиль ашылады. Бірден стерилизациялық камерадан ауаны және конденсатты шығаратын вентиль ашылады.Стерилизациялық камерадан ауаны түгел шығару үшін, бу шығаруды стерилизатордан қою ағым пайда болғанша 15 минут аралығында жүргізіледі де, кранды жабынқырап қояды.Стерилизациялық камерадағы қысым берілген қысымға 0,1 кг/см (100-102 С) жеткен кезде стерильдеу басталады.Стерильдеу біткен соң, стерилизациялық камераға бу кіргізетін вентиль жабылады,стерилизатордан бу және конденсат шығаратын вентиль ашылады.

Сонымен қатар,ағынды бумен стерильдеуді 0,01 МПА қысым астында автоклавтарда жүргізуге болады.

МФ Х бойынша 100 С температурада ағынды бумен стерильдеу 30-60 минут аралығында жүргізіледі.МФ ХI басылымға стерильдеудің бұл тәсілі енгізілмеген.

Көлемі 100- мл-ге дейін ерітінділерді 30 минут, 101-500 мл-45 минут, 501-1000 мл-60 минут.Көлемі 1л-ден жоғары ерітінділеріді стерильдеуге болмайды.

Стерильдеудің термиялық әдістерін тиімділігін бақылау бақылау-өлшегіш аспаптарымен, химиялық және биологиялық тестер бойынша жүргізіледі. Химиялық тест ретінде стерильдеудің белгілі бір параметрлерінде өзінің түсін немесе физикалық күйін өзгертетін кейбір заттар қолданады. Олар бензой қышқылы (балқу температурасы 122-124,5 С), сахароза (180 С), динитрофенилгидразин (195 С) және т.б. Бу және ауа стерилизаторларының жұмыс тәртібін бақылаудың химияылық тәсілі ҚР ДСМ санитарлық бас дәрігерінің 25 наурыз 2002 ж. «Дәріхана ұйымдарын орналастыру,жабдықтау және пайдалану, санитарлық ережелері мен нормалары» бұйрығының №9 қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

Стерильді фильтрациялау.Жылуға және радияциялық әсерге сезімтал дәрілік заттардың ерітінділері үшін майда саңылаулары фильтрлер арқылы фильтрлеп стерильдеу әдісін қолдануға болады.Микроорганизімдердің тек қана өмір сүруі қабілетін жоятын стерильдеудің басқа әдістеріне қарағанда, фильтрлеп стерильдеу ерітіндінің толығымен апирогендігін қамтамасыз етеді. Фильтрлеп стерильдеу кезінде толық таза ерітіңдіні алу үшін, терең қабатта сүзетін және мембрандық фильтрлер сәйкес фильтрлеуші орталар қолданылады. Терең қабатта (глубинные) фильтрлер: керамикалық және фарфор (саңылауының көлемі 3-4 мкм), шыны (шамамен 2мкм),қағазды-азбесті (1-1,8мкм) сонымен қатар мембрандық (ультра) фильтрлер «Владипор» (0,3 мкм)және т.б. қолданылады.

Терең қабатты фильтрлер микрооргонизімдерді ұстап қалу механизімдерінің күрделілігімен (адсорбционды, инерционды, елеуіш тәрізді) сипатталады.Фильтрлердің қалыңдығына байланысты, фильтрде оның саңылауынан кіші мөлшердегі бөлшектер де ұсталынып қалады.

Керамикадан жасалған (свечалар) фильтрлерге саңылауларының көлемімен ажыратылатын «бактериялды фильтрлер» Л-56 және Ф-5 жатады.Олар бір жағы жабық,ал екінші жағы қуыс болатын бос цилиндр түрінде жасап шығарылады.Ерітінділерді фильтрлеу қысым астында немесе жиі вакуумен жүргізіледі.Біріншісінде алдын-ала фильтрленген ерітіндіні бактериологиялық фильтр ішінде енгізіледі. Ерітінді, фильтрдің қабырғалары арқылы сорылып, стерильді ыдысқа ағады (Шамберлен свечкасы).Екінші жағдайда сұйықтық свечканың қабырғасы арқылы сорылып, одан сыртқа шығарылады (Беркефельда свечкасы). Свечалардың саңылауларының мөлшері 3-4 мкм.

Фарфорлы фильтрлер жұмыс алдында термиялық тәсілмен стерильденген болуы керек (МФ XI).

Стерильдеудің бұл тәсілі фильтрлеу баяу жүретіндігімен және ерітіндінің едәуір мөлшерінің қалың қабатты фильтрдің саңылауларында қалып жоғалуымен сипатталады.

Шыны микросаңылауыфильтрлердің диаметрі 2 мкм, балқытылған шыны түйіршігінен дайындалады. Фильтрлер шыны түтікке бекітілген, диск немесе пластина формалы болады.Шыны фильтрлер басқа кіші саңылаулы фильтрлермен салыстырғанда дәріхана іс-тәжірбиесінде қолдануға ыңғайлы. Фильтрлеуші пластиналарды жұмыстан соң, бетіндегі механикалық бөлшектерден аластау үшін, тазартылған су ағынында жуады.

Керамикалық және фарфор фильтрлерінің кемшілігі стерильдеу уақытының ұзақтығы, ертіндінің қалың фильтр саңылауларында жоғалуы, фильтрдің сынғыштығына байланысты микрожарықтардың пайда болуы, демек стерильдеудің сенімсіздігі сонымен қатар,фильтрлерді ұзақ қолданғанда, оларда микрооргонизімдер өсіп кетуі мүмкін.Фильтрлерді ерітінді қалдығынан тазарту өте қиын,сондықтан әр ерітіндіге бөлек фильтр қолдану керек.

Қағаз-асбесті фильтр пластина түрінде, фильтрлеуші беті,(Сальников фильтрі) екі сфералық дискінің арасына қосылған металл рамадан тұрады.Басқа түрі Зейц фильтрі, ол клетчаткалы пластиналардан және саңылауларының мөлшері 1-1,8 мкм болатын асбестен тұрады.Бұл фильтрлер шашуға арналған ерітінділерді өндірісте дайындаған кезде қолданылады, бірақ емдеу – профилактикалық мекемелерінің үлкен дәріханаларында да қолданылуы мүмкін.

Микросаңылаулы мембраналық фильтрлердебұл кемшіліктер жоқ, олар (100-150 мкм) полимер материалынан тұратын жұқа пластиналар.Стерильді фильтрат алуға мүмкіндік беретін фильтр саңылауларының орташа мөлшері 0,3 мкм. Мембраналардың тез бітелуін болдырмау үшін, олар саңылаулары ірілеу фильтрлдермен бірге қолданылады.

Қазіргі кезде әртүрлі полимерлер негізінде синтетикалық қара сағыздардан (смола) микросаңылаулары фильтрлер шығарылып жатыр.РФ экспериментальды зауытында МФА типті целлюлоза ацетатынан тұратын «Владипор» мембраналық фильтрлер жасалынады.Саңылау мөлшерлері 0,05тен 0,95 мкм диапазонында 10 нөмері (түрі) шығарылады.

Дәрілік заттардың ерітінділерін стерильдеу үшін МФА-3 и МФА-4 саңылауларының орташа көлемі 0,25-0,35 және 0,35-1,45 мкм болатын фильтрлер қолданылады.Олар мастика және әртүрлі диаметрлі дискілер түріде шығарылады МФА типтегі фильтрлер алдын-ала стерильденеді.

Перспективті- ядролық фильтрлер цилиндрлік саңылаулы полимер пленкалар болып табылады.

Стерильді филтрацияның термиялық стерильдеуге қарағанда артықшылығы бар.Көптеген термолабильді дәрілік заттар (апоморфин гидрохлориді, викасол, натрий барбиталы және т.б) үшін жалғыз қолайлы стерильдеу тәсілі.Стерильді фильтрлеу көз тамшыларын стерильдеуге перспективті.Мембраналық фильтрлерді қолдану ерітінділерінің тазалығын, стерильдігін және апирогендігін қамтамасыз етеді.

Ултракүлгін (УК) саулелермен стерильдеу.УК- сәуле микроорганизімдердің вегетативті және споралық формаларын жоюға қабілітті.Қазіргі кезде УК –сәулелелері бөлме ауасын тазарту үшін халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қолданылады.Ультракүлгін радиация-толқын ұзындықтары 300 нм төмен кңүн сәулелерінің көрінбейтін қысқа толқынды бөлігі.УК- радиация микробтық клеткаларының ферментік жүйелерінің фитохимиялық бұзылуын тудырады, клетка протоплазмасына улы органикалық қоспалар түзе 330-331

отырып әсер етеді. Дәріхана іс- тәжірибесінде УК –сәулелерінің көзі арнайы БУВ(бактерицидная увиолевая лампа ) лампалары болып табылады. Дәріхана іс-тәжірибесінде УК лапмалары ауаны, тазартылған суды, қосымша материалдарды және тб стерильдеу үшін қолданылады. БУВ лампалары барий және стронций гидрокарбонаттарымен жабылған, ультра күлгін сәулелерін өткізетін ұзын вольфрам спиралімен электроды бар, арнайы увиолды шыныдан жасалған түзу түтік. Түтікте сынаптың аз ғана бөлігі және қысымы сынап бағанасы бойынша бірнеше мм болатын инертті газ аргон бар. Ультракүлгін сәулелерінің көзі кернеу берген кезде электродтар арасынан шығатын, сынап разряды болып табылады. Увиолды шыны құрамына 72% дейін кремний, алюминий, барий тоқтары кіреді.

БУВ лампаларының сәулелері жоғары бактерицидті әсерге ие. Өндірісте БУВ -15, БУВ -30, БУВ-60 және басқа лампалар шығарылады.

Қабырғаға ілінетін және бөлме төбесіне ілінетін бактерицидті сәулеленгіштерді еденнен 1,8-2м биіктікте орналастырады. Ауаны стерильдеу адамдар жоқ кезде, есеп бойынша бөлменің 1м*3 қуаттылығы 3 Вт болатын экрандалмаған лампалармен жүргізіледі. Стерильдеу уақыты 1,5-2 сағат.

Ауаны УК-радиациямен стерильдеу негізінде, ағзаға жағымсыз әсерін болдырмау үшін техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек.

УК-радиация шаншуға арналған суды да стерильдейді. Суды стерильдеу үшін батырылатын және батырылмайтын УК-радиация көздері бар аппараттар қолданылады. Бірінші типтегі аппаратта кварцті шыны қаптамасы бар бактерицидті лампа, су құбырының ішіне орналастырылып, сумен айнала жуылады. Батырылатын лампалы аппараттарда олар сәулелендірілетін судын бетінде орналастырылады.

Ультракүлгін сәулелі лампаларды дәріханаға түсетін рецептерді және қағаздарды зарасыздандыру үшін қолдану орынды. Себебі олар ауа және ассистент қолының микробтарымен ластауының негізгі бір көзі болып табылады. Сонымен қатар ультракүлгін радиациясы асептикалық жағдайды әзірлеуде маңызы зор, көмекші материалды және дәріханалық инвентарды стерильдеуге қолданылады.

Иондаушы сәулемен стерильдеу (радиациялық әдіс). Жоғары эффективті және перспективті стерильдеу әдісі болып табылады. Иондаушы сәулелердің бактерицидті эффектісі клеткалардағы метаболизмдік процестеріне әсер ету нәтижесінде көрінеді. Сәулемен стерильдеуге 60 Со және137 Со изотоптарының гамма – сәулелері, сонымен қатар антимикробты әсері бірдей сызықты жеделдеткіштерден жылдам элетрондар қолданылады. Стерильденетін доза материал табиғатына, сонымен қатар объектінің инициалды контаминациясына байланысты.

Негізгі артықшылықтары: жоғары дәрежедегі микроорганизмдер инактивациясы, төмен температурада эфективтілігі, процесті автоматтандыру мумкіндігі, заттарды рамасымен стерильдеу мумкіндігі. Радиациялық стерильдеу үлкен өндірістерде жоғары эффективті болып табылады.

Стерильдеудің химиялық тәсілі. Резина, полимер материалдары, шыны, коррозияға төзімді материалдардан жасалынған бұйымдарды стерильдеу үшін газдармен ерітінділерлі пайдаланып, стерильдеудің химиялық әдістерін қолданады. Газбен стерильдеу үшін таза этилен тотығын

331-332

қолданады(бромды метил, көміртегі қос тотығы, фреондар және тб) Стерильдеу газды стерилизаторларда жүргізіледі.

Стерильденетін объектілерді алдын-ала полиэтилен пленкалардан тұратын пакеттерге немесе пергамент қағазға орамдайды. Газды әдіспен стерильденген бұйымдарды олардың түріне және белгілеріне байланысты бірнеше тәулік бойына вентиляциялық бөлмелерде ұстайды.

Ертінділермен химиялық стерильдеу үшін 6% сутек асқын тотығы ерітіндісі және қышқылға айналатын ( кетондар, альдегидттер:дезоксан-1) қолданылады. Стерильдеу шыныдан, пластмассадан жасалынған жабық ыдыстарда жүргізіледі. Бұйымдарды толығымен ерітінділерге салып, біраз уақыт ұстап сонан соң асептикалық жағдайда стерильді сумен шаяды.

Химиялық жолмен стерильдеу микрофлораға химиялық затпен әсер ету арқылы жүргізіледі. Осы заттардың кейбіреулері микроорганизмдерді өлтіреді, яғни оларға бактерицидті әсер етеді. Ондай химиялық заттарды антисептиктер деп атайды. Кейбір заттар микроорганизмдерді өлтірмейді, бірақ олардың әрі қарай дамуын тоқтатады. Бұл заттарды консерванттарға жатқызады. Қазіргі кезде медицинада антисептикалық және консервілеуші заттар ассортименті кеңеюде. Фармацевтік іс-тәжірибеде келесі консерванттар қолданылады:

Нипагин- параоксибензой қышқылының метил эфирі -0,25% дейінгі концентрацияда қолданылады.

Нипазол- параоксибензой қышқылының пропил эфирі. Іс- тәжірибеде 7 бөлік нипагиннен және 3бөлік нипазолдан тұратын 0,07% ерітінді қоспасы қолданылады.

Хлорбутанол гидрат- (хлорэтон)- 0,5% дейінгі концентрацияда қолданады.

Трикрезол– метилфенол- фенолға қарағанда бактерицидтік әсері жоғары (0.3% дейін).

Фенол-0,5% дейінгі концентрацияда қолданылады. Консерванттар ретінде сонымен қатар спирт, глицерин, кейде сулы сығындыларына қосылатын хлороформ, салицил қышқылы (0.1%) қолданылады.

Химиялық стерильдеудің ерітіндімен стерильдеуінде бақылау параметрлік әсер етуші заттың бастапқы және жұмысшы ерітінділердегі құрамын, сонымен бірге жұмысшы ерітіндінің температурасы анықтау арқылы жүргізіледі.

Стерильдеудің жаңа әдісі- температураны бірден төмендету, немесе жоғарылатуға негізделген. Микроогрнизмдер температураның бірден өзгеруіне өте сезімтал болады. Объектіні 155-160*С дейін 20-40сек жылдамдықта қыздырады, 0,25секунд уақыт ұстап, 50-40секунд жылдамдықпен температураны тез төмендетеді. Барлық процесс 5 секунд аралығында жүргізіледі. Бұл кезде микроорганизмдер өліп, ал дәрілік заттар ыдырап үлгермейді.

Дәріханада дайындалатын инъекциялық дәрілік препараттардың стерильділігін бақылау, ҚРДСМ санитарлық бас дарігерінің 25.04.2002ж № 9<<Дәріхана ұйымдарын орналастыру, жабдықтау және пайдалану, санитарлық ережелерімен нормалары>>бұйрығының 12 қосымшасына сәйкес санитарлық- эпидемиялық станцияларда (СЭC) жүргізіледі. СЭС тоқсанына екі рет инъекциялық ерітінділердің, көз тамшыларының, оларды дайындауга қажетті

332-333

инъекциялық сулардың стерильділігін бақылайды; тоқсанына бір рет іріктеп суды және инъекциялы ерітінділерді МФ ХI басылымына сәйкес, пирогендікке тексереді.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай дәрілік түрлер асептика жағдайында дайындалады?

2. Стерильденген объектерді қандай нормативтік құжаттар негізінде жүргізіледі?

3. Дәріханаларда асептика жағдайлары қалай ұйымдастырылады?

4. Дәрілік түрлер технологиясында стерильдеудің қандай әдістері қолданылады?

5. Термиялық стерильдеу қалай жүргізіледі?

6. Термиялық стерильдеуді бақылаудың қандай әдістері бар?

7. Ағынды бумен стерильдеуде неліктен қаныққан буды қолданады?

8. Дәріхана жағдайында фильтрлеп стерильдеудің мүмкіндіктерімен перспективалары қандай?

9. Ультракүлгін сәулелермен стерильдеу дәріхана жағдайларында қалай жүргізіледі?

10. Шаншуға арналған дәрілік түрлердің пирогендігі қандай қауіп тудырады?