Іс-әрекеттегі зерттеу 84-94

Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі бірінші қадам – оны тиянақты орындау жөнінде саналы түрде жауапкершілік алу. Кембридж ниверситетінің тәсіліне сәйкес кәсібилік ұғымының діңгегі – зерттеу жүргізе білу қабілеті, яғни басқалар солай болуы тиіс деп қабылдаған ерекше жағдайларда да сұрақ қоя білу

Бір сөзбен айтқанда, іс-әрекетегі зерттеуді жүргізу – мұғалімнің өзін қажетті рөлде көре білуіне, таным және даму әлемінде оқушыларға бағдар беріп, өзін-өзі сын тұрғысынан қарастыра білетін жан ретінде тануына мүмкіндік беретін тәсіл.

Сонымен бірге біз мұғалімдерден күнде өз уақытының 10 минутын бөліп, өздерінің сабақтары туралы жазып, ой түйіндеп, рефлексия жасап отыруын сұраймыз. Зерттеу әзірлейміз

Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуді әзірлеу барысындағы ең күрделі іс – мәселенің қырларын ашу мақсатында бағдар беретін сұрақтарды дұрыс қоя білу. Бұл бағытта жауаптары «иә» немесе «жоқ» бо-

лып келетін сұрақтарға қарағанда, дұрыс таңдалған сұрақтардың ерекшелігі неғұрлым толық жауап беруді талап етеді және олардың жауаптары мұғалімдерге алдын ала белгілі болмайды. Іс-әрекеттегі

зерттеу мұғалімдерге қандай да болмасын бір әрекеттің салдарларын түсінуге көмектеседі. Не істеу керек?

Талқылауына уақыт бөлуді талап ететін бір сұрақ (тақырып) таңдап алыңыз. Өзіңізден

сұраңыз: Бұл сұрақ сізді неліктен қызықтырады, оған қалай жауап берер едіңіз және ол сұраққа берілетін жауаптың ерекшелігі неде? Осы мәселелер төңірегінде толғанып көріңіз.

Проблеманы нақтылаймыз

21-суретте келтірілген мысалды орта мектептің физика мұғалімі ұсынды, себебі ол

жаңа оқу жоспарының әзірлемесіне қанағаттанбады. Сондықтан ол «Ғылым қалай жұмыс істейді?»тақырыбындағы жаңа тұжырымдамасын оқыту жөніндегі өзінің әдістерін жетілдіргісі

келді. Тұжырымдаманың анықтамасы тым жалпылама сипатта болды, сол себепті бастапқыда оқушыларға негізгі идеяны тұжырымдау үшін көмек көрсетуге басты назар аударылды.

Бұдан арғы бөлімдерде рецензияланатын журналдан алынған, белгілі бір сыныпта іс-

әрекеттегі зерттеуді жүргізудің нақты мысалы келтірілген (Tsafos, 2009).

Мысал: Өзекті проблема

. Пәнді бірнеше жыл қатарынан оқыта отырып және мүлдем басқа тәсілдің қолдаушысы бола отырып, мен іс-әрекеттегі зерттеуге кірісуді және негізінен оқушыға

бағытталған оқыту әдістерін сынақтан өткізуді ұйғардым. Сабаққа енжар оқушыларды белсенді оқушыларға айналдыру менің түпкілікті мақсатым. Зерттеу негізі – іс-әрекеттегі

зерттеудің стандартты көп сатылы құрылымы: жоспарлау – іс-әрекет – бақылау – ойластыру (Kemmis and MсTaggart, 1988).

Іс-әрекеттегі зерттеу өзгеріс енгізу үдерісімен сабақтас. Автор жүзеге асырған өзгерістер 2-мысалда келтірілген.

А) мысал: Іс-әрекет және білім: үдеріске енуМен Афиныдағы пилоттық орта мектептің 3-сыныбында (14–15 жас тобы) «Қазіргі заманғы және Ежелгі Греция тілі мен әдебиеті» пәні бойынша мұғалім болып жұмыс істедім. «Пилоттық» термині эксперимент жүргізуді көздемеген болатын. 2 (б) мысал: Іс-әрекет және білім: жалпы жоспар

Өзімнің педагогикалық тәжірибеме және тиісті анықтамалық әдебиетке сүйене отырып,мен осы тәжірибемде жіктеу, классификациялау әдісін қолдануды ұйғардым. Екі командаға бөлінген оқушылар мәтінде не айқын көрінетін, не

Деректер жинаймыз