Білім берудің әлеуметтік-мәдени теориялары

Әлеуметтік-мәдени теорияның негізінде психолог Лев Выготскийдің жұмысы жатыр, оның пікірі бойынша, ата-ана, тәрбиешілер, құрдастар және мәдениет жоғары сатылы функциялардың дамуы үшін жауапты болады.Выготскийдің айтуына қарағанда, «Баланың мәдени дамуындағы кез келген қызмет екі түрлі келбетте сахнаға екі мәрте шығады: біріншісі – әлеуметтік, содан соң – психологиялық, әуелі интерпсихикалық санат ретінде адамдар арасында, содан кейін интрапсихикалық санат ретінде баланың жан-дүниесінде көрініс табады». Әлеуметтік-мәдени теория үлкендер мен құрдастардың индивидтің оқуына ықпал етуіне ғана емес, сондай-ақ, мәдени сенімдер мен қатынастардың оқу және тәрбие үдерістеріне қалай ықпал ететініне көңіл аударады.. Выготскийдің айтуы бойынша, жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) – оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Выготскийдің пікірі бойынша, оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін

жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады. Оқушының аса епті және хабары мол адаммен интерактивті вербалды алмасу нәтижесінде біртіндеп сыртқы, әлеуметтік-жанама диалог орнатуы, күнделікті міндеттерді шешуге қатысуы әлеуметтік тәжірибе ретінде бала бойына сіңіп, оның өз бетімен ойлануына қатысты ішкі жеке қоры ретінде қалыптасады. «Көпіршелер» – оқушыға ЖАДА бойынша қолдау көрсетіп, біреудің көмегінсіз орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру үшін мұғалімдер ұсынатын интерактивті мүмкіндіктерді сипаттау үшін қолданылатын метафора. Метафораға сәйкес, көпіршелер уақытша құрал және баланың білім-дағды, білік және өз бетінше әрекет ету мүмкіндігін дамытуға орай берік орнығып, нығайып немесе бөлшектеліп не толығымен жойылу мүмкіндігіне ие. Бастапқыда Вуд, Брунер және Росс (1976) әзірлеген алғашқы сөйлеуді игеру және сәбилерге ата-ананың тәрбие беруі мәнмәтініндегі көпіршелер – әлеуметтік құрастырылған үдеріс ретінде оқудың алғышарттарына негізделген метафора (Выготский бойынша) болумен бірге, оқудың

басқа да мәнмәтіндерінде араласу және қолдауды бейнелеу үшін жиі қолданылады (Wood, 1998).Мерсер және Фишер (1993) ЖАДА-ның тапсырманы орындау жауапкершілігін білім алушыға беру қасиетін көпіршелердің басты мақсаты деп қарайды. Көпірше деп саналу үшін оқыту мен оқуда мынадай жағдайлар болу керек:

а) оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру;

ә) оқушыны тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін құзыреттілікке жеткізуді мақсат ету;

б) көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзіндік құзыреттіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағдай тудыру (Wells, 1999).

Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады.

Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Диалог түрінде оқыту Бахтин (1981), Мерсер (2005), Велс (1999) және Вуд (1998) жұмыстарында бейнеленген. Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «салауатты» келе-шек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара іс-әрекеттер оқуда маңызды рөл атқарады. «Мұғалім-оқушы» және «оқушы-оқушы» жағдайындағы қарым-қатынас түсінікті дамыту мен мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды.

Оқудың қай жерде өтетініне қарамастан, жалпы белгілері

:• Адамдар ассоциацияларарқылы, мнемоника, жаттығулар, имитация, нұсқаулық беруді пайдалана отырып, білім алады, бұл түсінік пен дағдылардың кезең-кезеңмен қалыптасуына ықпал етеді.

• Адамдар белсенді зерттеулер –зерделеу, эксперимент, басқалардың жетекшілігімен зерттеу, тапсырмаларды орындау, ойлау арқылы түсінік пен дағдыларды құра отырып

білім алады.

• Адамдар диалогәдісін қолдана отырып, мәселен, талқылау, дебат, ынтымақтастық,

білімді бірлесіп құру арқылы түсінік пен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім

алады.

Барлық әдістер мыналарға назар аударады:

• оқушының белсенділігі;

• күтілетін қажетті нәтижелерге сай сындарлы қызмет бағыттарын жүзеге асыру;

• кері байланыстың маңыздылығы;

• шоғырлану (тәжірибе) және ықпалдасу мүмкіндігі.

 

Екін ші деңгей бағдарламасының жалпы мазмұны екі басым бағытта әзірленген:

Біріншісі – мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы туралы заманауи түсініктерге

сай келетін бай білімді игеруі. Екіншісі –мұғалімнің құзыреттілігін жетілдіру және өз әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал етуі үшін оның коучинг және тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру сияқты өзара бай-

ланысты үдерістерге көңіл бөлу.