Телеарналардың ұқсастықтары мен ерекшеліктері.

1)2012 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының медиа кеңістігінде маңызды оқиға орын алды – елімізде бұрын болмаған тәулік бойы хабар тарататын «24 KZ» жаңалықтар арнасы эфирге шықты! «24 KZ» - бұл Қазақстанда тәулік бойы жұмыс істейтін тұңғыш сандық жаңалықтар арнасы. Телеарна көрермендері мемлекетіміздегі және одан тысқары жерде болып жатқан барлық жаңалықтарды қазақ және орыс тілдерінде көре алады. Жаңалықтар топтамасы эфирге әрбір 30 минут сайын шығып тұрады. Күн сайын сіздердің назарларыңызға саясат, экономика, технология, мәдени өмір және басқа да қайнаған оқиғаларға толы 20 ақпараттық-тақырыптық бағдарлама ұсынылады. Біздің телеарнаның ең басты басымдығы – бұл жеделділік, нақтылық және болған оқиғаны барынша тез жеткізу. Біздің түсіру тобымыз нақты уақыт тәртібінде көрерменді маңызды да қызықты оқиғалардан хабардар ете алады. Тілшілері, жүргізушілері, режиссерлері мен операторлары барынша шапшаң қимылдап, тек қана тексерілген мәліметтерді ала отырып, жедел жұмыс істеуге тырысады. «24 KZ» командасы құрамында қазірдің өзінде 100-ге тарта қызметкер бар. Орталық кеңсесі Астана қаласында «ҚазмедиаОрталығы» телерадиокешенінде орналасқан. Сонымен қатар, республика бойынша «24 KZ» арнасының өкілдіктері ашылды. 2) «Хабар» телеарнасы Қазақстан Республикасының заманауи медиа кеңістігінде халыққа қоғамда орын алған жайттар туралы жаңалықтар мен талдамалы бағдарламаларды үздіксіз, әрі жедел ұсынатын ақпараттық-телевизиялық агенттік болып табылады. Телеарна «билік – БАҚ – қоғам – тұлға» тізбегін құрайтын саясат, әлеуметтік-мәдени құндылықтар мен дәстүрді байланыстырушы басты құрал болып табылады. Сондай-ақ қазіргі таңда әртүрлі жанрдағы бағдарламалар қатарын толықтырып, дамытып отыр. Телеарнадағы ақпарат таратудың басты қағидаттары – мемлекеттік ақпараттық саясатты дамыту. Агенттік өзінің төл туындыларынан басқа, әріптестік келісім негізінде әлемдегі басты ақпараттық агенттіктердің өнімдерін қолданады. Бүгінде «Хабар» телеарнасында ақпараттық-отбасылық тұрпаттағы 39 бағдарлама қазақ және орыс тілдерінде эфирге шығуда, форматы – ақпараттық-отбасылы. Эфирге шығарылатын бағдарламалардың75%-ытелеарнаның төл туындыларынан құралады, яғни телеарнада түсірлетін бағдарламалар, фильмдер мен телехикаялар. Оның ішінде телеарна мамандары аударатын көркем және деректі фильмдер де бар. Телеарна тікелей эфирде спорттық көрсетілімдерді (Олимпиада ойындары, футболдан әлем және Еуропа чемпионаты, Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, т.б.) көрермен назарына ұсынып отырады. Арнаның техникалық және шығармашылық қоры саяси, мәдени және спорттық іс-шараларды оқиға орынан тікелей эфирде көрсетуге мүмкіндік береді. 3) «КТК» үздіктер қатарында! Арна осымен 13-ші рет өткізіліп отырған«Жыл таңдауы» байқауында Қазақстанның №1-ші телеарнасы атанды. Ал әйгілі Артур Платонов «үздік тележүргізуші» деп танылды.КТК телеарнасында тұңғыш қазақ тіліндегі ақпараттық бағдарлама «Бір күн» деген атпен 1998 жылдың тамыз айында шыққан. Бір айдан кейін «Күндерек» деп аталды. 2000 жылдан бастап «Күндеректің» сапасы арта түсіп, телекеңістікке жаңадан «Шарайна» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы келіп қосылды. Бұл хабардың сол кезде жаппай шығып жатқан апталық сараптамалық телебағдарламалар арасында өзіндік ерекшелігі болды. 4) «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясы АҚ құрамына кіреді. Отандық телевизияның алғашқы қарлығашы ретінде 1958 жылы ірге көтерген телеарна алғашында 5 сағаттық хабар тарата бастаған. Техникалық әлеуеті жыл сайын ұлғайған телеарна 1987 жылы телетаратылым бойынша одақтас республикалар ішінде төртінші, көркем және деректі фильмдер өндірісі бойынша екінші орынды иеленді. Бүгінгі таңда еліміздегі ең ірі медиа құрылым. Телеарнаның техникалық әлеуеті Республика аумағының 100 пайызына жуық, көршілес Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Моңғолия және Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы өңірлеріне хабар таратуға мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ, заманауи телетаратылымның барлық талаптарына сай. Қазіргі заманғы ең үздік құрылғылар техникалық аса күрделі тікелей трансляцияларды жүргізуге де зор мүмкіндік туғызып келеді. Мәселен, Мемлекет басшысының елдің барлық облыстарымен жүргізген телекөпірлері немесе әскери мерекелік парадтар, НАТО Саммиті, ЕҚЫҰ елдері-қатысушылары Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі, дүбірлі Азиада, Euro-2012 сияқты көптеген шаралар Ұлттық телеарнаның толықтай техникалық қолдауы арқылы өткізілді. Бүгінгі таңда Ұлттық телеарна эфирінде әр түрлі жастағы көрермендерге арналған жаңалықтар мен ерекше ток-шоу жанрлары, ойын-сауық және танымдық бағдарламалар, қоғамдық-саяси, экономикалық хабарлар, сондай-ақ, мемлекеттік тілді дамытуға негізделген жобалар көп. Әлемнің түкпір-түкпірін қамтитын тілшілік желі жаңалықтар қызметіне елдегі және төрткүл дүниедегі барлық маңызды оқиғаларды шұғыл түрде жариялап отыр.

 

 

ӨЗ СӨЗІМЕН ЖАЗҒАНЫМ:

Жалпы арналардың барлығы да тілшілер мен онда қызмет ететін журналистердің шапшандылығымен, ақпаратты халықты тез әрі жылдам жеткізуімен ерекшеленеді. Бірақ, Ұлттық арналарда көрсетілетін жаңалықтар көбіне саяси, ақпаратты –танымдық болып келеді. Тек еліміздің жетістіктері мен алға қарай ұмтылуымыз, еліміздің дамуы, көркейіп, өсіп-өнуі жайлы, игі іс-шаралар жайлы көпшілікті хабардар етумен телеарна тілшілері айналысады. Ұлттық арналар жаңалықтарын көрген кезде, бір сәтке өмірге деген көзқарасың өзгеріп, өмір сүргің келіп, көңіл-күйін біршама көреледі. Ал, мысалға, «КТК» коммерциялық арнасында Ұлттық арналарға қарағанда өзгеше. Ондағы ақпарат таратуы да, әртүрлі бағдарламал да ерекше. Ащы шындықты тікелей халыққа көрсетіп, батыл әрекет жасайтын ержүрек журналистердің адал қызметіне тәнті боламыз. Халықтың өмірі бітпес жан-дауасымен бөлісіп, проблемаларымен ортақтасып, жоғарғы үкімет органдарында отырған ағаларымызға үндеу тастау арқылы біршама болсада қалың жұртқа көмек көрсетеді. Әрдайым көпшілікпен бірге жүретін, халықтық ойын тыңдап, олармен пікір алмасатын да осы коммерциялық, соның ішінде «КТК» телеарнасын атап айтпасқа болмайды. Мұндағы әр бағдарламаның, әр саяси-танымдық, сараптамалық, ақпараттық хабарлары үлкен сұранысқа ие, рейтингі жоғары, көрермені көп. Сесебі, халыққа – шындық керек, ақиқат керек, ал бұл хабарлар дәл соның айғағы.