Орқыт ата энциклопедиялық жинағы

Қорқыт Ата – энциклопедиялық жинақ. 1999 жылы Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы шығарған. Негізінен 5 бөлімнен тұратын бұл күрделі еңбекке Қорқыт Ата туралы ел аузында сақталған аңыздар мен күйлер,әфсаналар, ата мұрасын зерттеу, әулиенің әдебиет пен өнердегі бейнесі мәселелеріне арналған отандық және шетел ғалымдарының мақалалары топтастырылған. Бұл материалдарда Қорқыт Атаның әлем тарихы мен философиясындағы орны, оның ұлы мұрасының көркемдік ерекшеліктері мен мазмұны, тілдік, түрлік айшықтары, тарихи белгілер мен жәдігерлік деректер хақында жан-жақты мағлұмат беріліп, талдау жасалады. “Қорқыт Ата кітабының” Дрезден кітапханасында (Германия) сақталған толық нұсқасының фотокөшірмесі, орыс және қазақ тілдеріндегі аудармаларының таңдаулы үлгілері берілген. Кітап соңында Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев,С.Сейфуллин бастаған қазақ ақындарының осы тақырыптағы толғау, поэмалары, дастандары жинақталған. Қорқыт Ата өміріне байланысты оқиғалар шежіресі мен әдебиеттер тізімі келтірілген.

 

Орқыт ата күйлері

Қорқыт өзінің ұрпағына ұлы мұра – қобыздық күйлер - “Қорқыт”, “Желмая”, “Тарғыл тана”, “Елімай”, “Ұшардың ұлуы”.

«Ұшардың ұлуы» - Қорқыт Атаның күйі. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, ,аяғы заманда бір заманда бір шаңырақ астында жалғыз ұл бала және ата-анасы өмір сүрген. Ұл баланың өзінің қатты жақсы көрген Ұшар атты иті болады. Бір күні бала өліп қалады да ата-анасы баланы жерлейді. Сол кезде Ұшар жоғалып кетеді. Анасы оны іздеуге барайын десе оны ұл баланың зиратының қасында ұлып жатқанын көреді. Бұл оқиғаны көрген Қорқыт Ата «Ұшардың ұлуы» атты күй шығарады.

«Башпай» - Қорқыт Атаның күйі. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, Қорқыт Атаның қарындасы болған еді. Бірде қарындасы оған тамақ әкелгенде, оның башпайы қарындасына тиеді. Сонда ол «Мені көмгенде, башпайымды сыртқа шығарып көміңдер»,дейді. Бұны айтқан себебі:ертеде қазақ халқы қызды еркелетіп, оны құрметтеген және оған ер адамның кез келген мүшесі тисе арсыздық деп санап, сол адам өмір бақи ұятта өмір сүреді.

 

Орқыт Ата кітабы

Қорқыт Ата кітабы (“Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. 19 ғасырда бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен академик В.В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма “Деде Горгуд” (Баку, 1950), “Книга моего деда Коркута” (М.–Л., 1962) деген атпен жарық көрді. Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 жылы тұңғыш рет басылды. Әдеби әрі тарихи этникалық мұра ретіндегі ‘’Қорқыт Ата кітабында” қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихы мен мәдениетіне қосатын деректер де мол. Сондай-ақ жазбада оғыз тайпаларының этникалық тегі, этнографиясы, мекені, әлеуметтік жағдайы, т.б. мәліметтер көп сақталған. Осы деректерден оғыздардың бірде Сыр бойындағы қыпшақтармен, бірде Кавказ шегіндегі гәуірлермен жауласқаны көрінеді. Жырдағы ерлік сарындары аса елеулі. Қара Бодақ бірде қыпшақ ханына қан құстырған қара күш иесі (3-жыр), енді бірде Хамид, Мардин қамалдарын қиратқан батыр. Қазан – оғыз елінің көсемі. Кітап кейіпкерлеріне Бәмсі-Бейрек, Қара Көне, Қара Бодақ, Қан Төрәлі, Қазан-Салор, Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай-ақ Аруз, Әмен, Әмран Бекіұлы, Бисат, Дүлек Боран, Дондаз, Қиян Селжүк, Қаңлы, Қанық хан, Рүстемдер жатады. “ Қорқыт Ата кітабы” оғыз тайпаларының қонысына қатысты Тана (Танаис – Сырдария), Бану Шешек (Баршын-салор-Гүлбаршын,Баршындария, Баршынкент), Камбура (Байбөрі) секілді атаулар да сақталған. Олар қазақ эпосынан да елеулі орын алған. Жырдың бас кейіпкері – Қорқыт. Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен жырауы. Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи-этникалық атауы да айқын. Бір кездері Қорқыт жинақталған фольклорлық бейне деп ұғынылса, бертін келе оны тарихи тұлға ретінде тани бастады (қазіргі Қорқыт ата). “Қорқыт Ата кітабы’’ Қазақстанда М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Х.Сүйіншәлиев,Н.Келімбетов, М.Жолдасбеков, Ш.Ыбыраев, Т.Қоңыратбай, т.б. еңбектерінде зерттелді. Кітаптың 1300 жылдығы 1999 жылыЮНЕСКО тарапынан халықар. деңгейде атап өтілді, “Қорқыт ата” энциклопедия жинағы жарыққа шықты (1999).

«Қорқыт ата кітабы» — кейіннен түркі халқының құрамына қосылған оғыз тайпасының эпикалық жазба ескерткіші, Кітап оғыздардың өмірі жайында баяндайды. Оғыз — қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған. Кітаптың араб әрпімен жазылған екі нұсқасы саққалған (Дрезден, Ватикан). Әр жырдың өзіндік сюжеті бар. Олардың әрбіріңде көріпкел, тайпа көсемі, ақылгөй Қорқыт ата бейнесі берілген. Әрбір жырдың соңы Қорқыт атаны мақтаумен аяқталады. Кітап ақыл-өсиет, мақал-мәтел, нақыл, шешеңцік сөздерге толы.Ондағы оқиғалар Сыр бойында, Орта Азия, Кавказ жерлеріңде өтеді. Одан кең даланы мекендеген рулардың кұралу, ыдырау тарихы аңғарылады. Бамсы-Байрақ жыры Алпамыспен ұқсас болса, Үсүн қожа — қазақтың үйсін тайпасының атасы. Қорқыт ата жайындағы аңыздар қазақ, қырғыз және т.б. түркі халықтарының арасында сақталған.Кітапта қазіргі қазақ тілінде кездесетін географиялық атаулар көптеп кездеседі. Бұл кітаптың қазақ этносына енген әртүрлі түркі тайпалары мекен еткен қазіргі Қазақстан жерімен тығыз байланысты екенін дәлелдейді. «Қорқыт ата кітабы» түркі халықтарының тарихи ескерткіші больш табылады.Мұраның орыс тіліне толық аудармасын В.В.Бартольд 1922 жылы жасады, ол 1962 ж. жарық көрді. Ал қазақ тіліне аудармасын Ә.Марғұлан, Н.Келімбетов, Ә.Қоңыратбаев сынды қазақ ғұламалары 1986 ж. басып шығарды.Қорқыт атаға арналып 1980 жылы Қызылорда облысының Жосалы стансасынан 18 км жерде, Қорқыт разъезінің түбінде архитектуралық ескерткіш орнатылды. Авторлары — архитектор Б.А.Ыбыраев, физик С.И.Исатаев. Ескерткіш темір бетоннан жасалған 4 тік көктастан (стеладан) тұрады, биіктігі 8 м. Жоғарғы жағында аузы кең түтіктер орнатылған. Аузы кең орталық тесікке түйісетін 40 металл түтік жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шағарады.