Су шаруашылығы балансы. Су сапасы

 

Мақсаты:Арал-Сырдария бассейнінің су шаруашылығы балансын қарастыру

Кілт сөздер:су қоры, су ресурстары, СРЫБ, Арал-Сырдария бассейні, су сапасы

Жоспар:

1.АСБ су шаруашылығы балансы

2.Су сапасы

 

1. Бассейннің негізі су тұтынушылары ретінде келесілер саналады:

- Суармалы жер шаруашылығы құрамындағы агроөнеркәсіптік кешен, суарамлы жайылымшаруашылақтары, шөп шабындықтары және ауыл елді мекендерін сумен жабдықтау (82%);

- Өнеркәсіп және энергетика (2,3%);

- Қалалар мен қала типті кенттерді шаруашылық-ауызсу үшін сумен қамту (1,6%);

- Балық шаруашылығы және табиғи кешендер (жайылымдар, өзен сағасы, теңіз)(14%).

Су тұтынудың шығындарын жабу негізінен жерүсті сулары есебінен жүзеге асырылады (93,6%). Жерасыт суларын пайдалану 3,9%, орны толтырылатын және ағын сулар-2,5%. Сонымен қатар көрші елдерден келетін «өзен суларының» 50% қайтарылатын су құрайтынын атап өту керек.

АС БИ мәліметтері бойынша бассейн бойынша тіркелген су пайдаланушылар саны соңғы 7 жылда 550-572 абонент деңгейінде тұрақталған, Оңтүстік Қазақстан облысында Қызылорда облысымен салыстырғанда 2 есе көп.

Бассейнде және өзге де көздерден экономика саласы қажеттіліктеріне болжанған су жұмсаудың салыстырмалы көлемдері келесідей:

3- кесте

Экономика салалары қажеттіліктері үшін су жұмсаудың салыстырмалы көлемдері

Даму кезеңдері Жоба аймағындағы жалпы су жұмс. Млн.м3 Соның ішінде: Қайтарусыз су тұтыну млн.м3 Су бұру (барлығы), млн.м3
Соның ішінде Жераты сулары Шахта-кен орындары Коллекторлы-ағынды сулар барлығы Соның іш. Су нысандары
7756,83 7506,8 215,32 1,4 33,31 6271,41 1485,42 551,2
7218,64 6920,11 263,73 1,45 33,35 5841,46 1377,17 463,2

 

Сырдария өзені суларын пайдалану және қорғау жөніндегі кеңестік кезеңінің (өткен ғасырдың 50-80 жылдары) көптеген Сызбалары, Жобаларында болашақта суағардың аса көлемді тапшылығы болжанғанын атап өту қажет.

Бірақ кестеден көріп отырғынымыздай, 2015-жылдан бастап күнделікті суғару су тапшы жылдары мүмкіндігінше қысқарта отырып қамтамасыз етіледі деп жоспарланған.

Сумен қамтылудың жоғарлығы суғару желісін қалпына келтіру, алынатын өнімді азайтпастан егіс алқаптары аудандарын азайту, су ресурстарын көбейту шараларына байланысты.

Сырдария өзеніне арнап құрылған су шаруашылығы теңгерімдері критерий бойынша орташа алғанда көп жылдар үшін Солтүстік Арал теңізіне келетін ағын көлеміне сәйкес келеді. Сонымен қатар Сырдария өзені сағасының және Қазалыдан жоғары экологиялық жүйелердің сумен қамтылғандығы нормативтікке сәйкес келеді.

Чакир және бұрынғы “Тақыр дала” суландыру аудандарының ауыл шаруашылық су тұтынуы белгіленген лимиттен аспайды.

Төменде Сырдария өзені бассейнінің 2010-жылға дейінгі салыстырмалы су шарушылығы теңгерімдері берілген. Есеп ылғылдылықтың үш көрсеткіштері бойынша орындалған: жылдық ылғылдылғы орташа, сумен қамтамсыз ету 75%-ға төмендеген төмен ылғылдылықты жыл және 95 %-ға төмендеген ылғылдылықты жыл.

 

Су жіберудің санитарлық мөлшері

“Союзводпроект” ұйымның Сырдария өзенінң бассейні бойынша жасалған құжаттарында (елдің су ресурстарын пайдалануды түбегейлі жақсарту шаралары. Орталық Азия республикалары мен Оңтүстік Қазақстан аумақтары “Союзводпроект”, Москва. 1981) су шығының санитарлық ең аз мөлшері ретінде 50 м3/с. көрсетілген.

Бұрынғы КСРО Үкіметтерінің және Қазақ КРО қаулыларына (№1110 және 850 «Арал теңізін қорғау жөніндегі шаралар туралы») сәйкес ең аз мөлшері 30м3/с кем болмауы тиіс.

2. Қызылорда облысы аумағындағы жер үсті суларының ластануын бақылау 1 су нысанында – Сырдария өзенінде жүргізілген.

Сырдария өзенінің төменгі ағысында (Түмен-Арық стансасы, жоғары және төмен Қызылорда қаласы, Қазалы қаласы, Қаратерең ауылы, Жосалы ауылы) МБК артық болған жағдай сульфатта 3,3, мыста 3,0, темірде жалпы 2,4, магнийде 1,9 деп кездеседі.

Сырдария өзенінің жер үсті сулары “орташа ластанған” деп сипатталады.

Қызылорда қаласы бойынша ауызсудың төмен сапасы ашық су қоймаларында байқалды.Ашық су қоймаларда: түстілік-2,8 МБК, мөлдірлік-2,3 МБК, сульфаттар-1,2 МБК, құрғақ қалдық-1,3 МБК, қаттылық-1,6 МБК, хлоридтер-1,0 МБК.

Су құбыры желісіндегі ауызсудың сапасы әлдеқайда жақсырақ: құрғақ қалдық-1,2 МБК, мөлдірлік-2,1 МБК, қаттылық-1,4 МБК, түстілік-1,9 МБК, сульфаттар-1,2 МБК.

Тереңдік ұңғымаларындағы ауызсудың сапасы әлдеқайда жақсырақ: мөлдірлік-1,1 МБК, сульфаттар-1,2 МБК.

Қызылорда қаласы бойынша 2009-жылмен салыстырғанда ашық су қоймаларда концентрацияның ұлғайғандығы байқалады: түстілік-2,3 есе.

Қызылорда облысы бойыншы ауызсуды ластаушы негізгі заттектер – түстілік, мөлдірлік, қаттылық, сульфаттар, құрғақ қалдық, магний, темір, мыс, хлоридтер.

Облыс бойынша МБК шамадан тыс артық болуы ашық су қоймаларында байқалады: түстілік 1,7-4,7 МБК, мөлдірлік 1,9-2,9 МБК, қаттылық 1,3-2,6 МБК, сульфаттар 1,0-1,2 МБК, құрғақ қалдықтар 1,2-1,4 МБК, магний 1,1-3,0 МБК, хлоридтер-1,1 МБК, кальций – 1,1 МБК, темір – 1,1 МБК .

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы жерүсті суларының ластануын бақылау 6 су нысанында (Сырдария, Келес, Бадам, Бұгұн, Үлкен-Бұгұн өзендері және Шардара су қоймасы) жүргізілген.

Сырдария өзенінің химиялық құрамы Өзбекстан Республикасының аумағында қалыптасады. Қазақстандағы шекара Көкбұлақ ауылы болып табылады. МБК шамадан тыс мөлшері сульфатта 4,4 МБК, фенолда 4,0 МБК, нитритті азот және мыста 2,5-3,0 МБК.

Үлкен-Бұгұн өзенінде МБК шамадан тыс көрсеткіші тіркелмеген. Бұгұн өзенінде фенол 4,0 МБК, нитритті азот пен сульфатта 1,2-1,6 МБК. Келес өзеніндегі ластану фенол 6,0 МБК, сульфат 5,6 МБК, мыс 2,0 ПДК және магний 1,6 МБК. Бадам өзенінде фенол 5,0 МБК, мыс 3,0 МБК, сульфат 2,1 МБК.

Шардара су қоймасында сульфат 4,6 МБК, фенол 4,0 МБК, мыс 2,0 МБК, нитритті азот 1,8 МБК түрінде тіркелген.

Барлық зерттелген су нысандарының санынан жерүсті сулары сапасы келесідей етіп бағаланады: суы “таза” – Үлкен-Бұгұн өзені; суы “орташа ластанған” - Сырдария, Келес, Бадам, Бұгұн өзендері және Шардара су қоймасы.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Сырдария өзенінің жер үсті сулары ластану дәрежесі бойынша қалай сипатталады?

2. Қызылорда облысы бойыншы ауызсуды ластаушы негізгі заттар?

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Арал-Сырдария су шаруашылығы бассейні су ресурстарын ықпалдастықаен басқару (СРЫБ) және су жинақтау бассейндік жоспары. –«OST-XXI век», Алматы, 2011.

 

 

№8 Лекция