Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бассейндік басқару. Бассейндік су шаруашылығы басқармасының міндеттеір мен функциялары

1. Бассейндiк су шаруашылығы басқармалары (бұдан әрi - бассейндiк басқармалар) - уәкiлеттi органның облыстарда бөлiмдерi бар, су қорын пайдалану және күзету саласындағы өңiрлiк органдары (екi және одан да көп облыстардың аумақтарында олардың қызметi жүзеге асырылады және оның өкiлеттiктерi қолданылады), олардың негiзгi мiндетi тиiстi бассейн аумағында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру болып табылады.

2. Бассейндiк басқармалар мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) бассейндiк принцип негiзiнде гидрографиялық бассейннiң су ресурстарын кешендi басқару;
2) оң экономикалық әсерге, орынды, әдiл және экологиялық жағынан тұрақты су пайдалануға қол жеткiзу мақсатында су қатынастары субъектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
3) тиiстi бассейн шегiнде су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келiсiмдерді дайындау және iске асыру; 4) су қорын пайдалану мен қорғауға, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңдарын сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру; 5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп бассейндер бойынша мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингін жүргізу; 6) осы Кодексте белгiленген тәртiппен арнайы су пайдалануға рұқсат беру, оның қолданысын тоқтата тұру, оны ұзарту және қайта ресімдеу, сондай-ақ арнайы су пайдалану құқығын тоқтату; 6-1) салық органына ұсынғанға дейін жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша салық есептілігін растау; 7) мыналарды:
тиiстi бассейннiң су объектiлерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының жоспарларын;
судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды; судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды салу мен реконструкциялаудың жобалау алдындағы құжаттамасы жобаларын;
су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын;
су пайдаланушылардың су объектiлерiн сақтау, олардың жай-күйiн жақсарту жөнiндегi iс-шаралар жоспарларын келiсу; 8) судың жай-күйiне әсер ететiн өндiрiстiк, ауыл шаруашылық және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың нәтижесiнде туындаған зардаптарды жою жөнiндегi жұмыстарға қатысу;
9) су пайдаланушылар деңгейiнде және тиiстi бассейн бойынша су пайдалану лимиттерiн айқындау;
9-1) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; 10) жер асты суларының қорларын бекiтуге қатысу;
11) бiрлесiп пайдаланылатын су қоймаларының салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар iрi су қоймаларының жұмыс режимiн бақылауды жүзеге асыру;
11-1) оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерін пайдаланған кезде жеке және заңды тұлғалардың белгіленген су сервитуттарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
12) облысаралық, аймақаралық, мемлекетаралық су объектiлерi бойынша су алу мен су бөлу жоспарларын әзiрлеу және олардың сақталуын бақылау; 13) тиiстi бассейн суларын кешендi пайдалану мен қорғау схемасын, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiн келiсу; 14) тиiстi бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге қатысу;
15) cу объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдалану шарттарын келiсу; 16) судың жай-күйiне әсер ететiн, су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында белгiленген нормалар мен ережелердi бұзып жүзеге асыратын су шаруашылығы объектiлерi мен өзге де объектiлердi қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талаптар қою; 17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту үшiн Қазақстан Республикасы су заңдарының бұзылуы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа беру; 18) Қазақстан Республикасының су заңдары бұзылған жағдайда мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу туралы сотқа талап-арыз беру;
19) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы, судың жай-күйi мен сапасын жақсарту жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету;
20) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелерi бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;
21) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау iсiнде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзу; 23) арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалайды; 24) бассейндік кеңестің жұмысын ұйымдастыру, бассейндік кеңестің мүшелерімен бассейн аумағындағы су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша консультациялар өткізу, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдау, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен су пайдаланушыларға жеткізу. 25) тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді. Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2007.01.09. N213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.10. N 180-IV, 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

 

Лекция №14