Еңбекке қабілеттілік және реабилитация шаралары

Еңбекке жарамдылық ісіктің өсу сатысына, қолданған ем әдістеріне, оның нәтижелеріне тікелей байланысты келеді. Жалпы радикальды операциядан кейін ауруларға 1-2 жылға дейін 3-топтық мүгедектік беріледі. Бөгелме ісік пайда болып, ісік қайталанғанда, оларға 2- топтық мүгедектікке, не 1-топқа жатқызылады.

Химиотерапия берілгендерге (ем кезінде) еңбекке жарамсыз болып саналады.

Егер аурудың хал-жағдайы жақсы болса, бөгелме ісік жоқ болып, ісік қайталанбаған жағдайда, онда науқас жеңіл-желпі жұмыстар, кейде тіпті физикалық еңбекте істеуге болады.

Диспансерлік бақылау жалпы онкология ережеге сәйкес келеді. Әр 6, 12, 24, 36 айдан кейін ультрадыбыс, колоноскопия, ирригоскопия қажет. Егер мезгілсіз аурудың хал-жағдайы нашарласа, онда диспансерлік тексеру уақытын күтпей ауруды жан-жақты тексеру керек.

Науқаста шағым болмаса, арнайы реабилитациялық шаралар жүргізілмейді. Санаториялық-курорттық емдер асқазан рагына сәйкес болады.

Сабақ қортындысы:

1.Тоқ ішектің жиекті бөлік рагы барлық қатерлі ісіктер ішінде Қазақстанда сегізінші орында тұр.

2.Жалпы Қазақстан бойынша тоқ ішектің жиекті бөлік рагының аурушаңдық орташа көрсеткіші 7,6%ооо-ке тең болса, ал оның әрбір облыстарында бір қалыпты тарамаған.

3.Тоқ ішектің жиекті бөлік рагының ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның Шығыс (13,0%ооо), Орталық (10,3%ооо) және Солтүстік (12,1%ооо) өңірінде және Алматы (11,0%ооо) мен Астана (7,5%ооо) қалаларында анықталса, ең төменгі көрсеткіші Оңтүстік (2,9%ооо) пен Батыс (6,3%ооо) аймақтарда тіркелген.

4.Тоқ ішектің жиекті бөлік рагының Шығыс аймақтағы аурушаңдық көрсеткіші, Оңтүстік өңірмен салыстырғанда 4,5 есе артық болған.

5.Бұл айырмашылық сол өлкелердегі этностардың құрамы мен тағамдану ерекшелігіне байланысты.

6.Шығыс, Орталық және Солтүстік аймақтарда жергілікті ұлтың өзіндік салмағы, Оңтүстік және Батыс аймақпен салыстырғанда 2 есеге жуық аз болса, керісінше аурушаңдық көрсеткіші жоғары аймақтарда басқа еуропалық ұлттар басым болып отыр.

7.Осыған байланысты тағам түрлерінің рөлі айқын көрініп тұр.

8.Бұдан 5-6 жылғымен салыстырғанда тоқ ішектің жиекті бөлік рагының аурушаңдық көрсеткіші сәлде болса өсуде. Бұл заңдылық еркектерде де, әйелдерде де бірдей сақталады. Әр 10 жасқа өскен сайын ісік 2-3 есе жиіленеді.

9.Жанұясы аурғандардың ішінде, тұқымқуалаушылық үш есе жиі байқалады.

10.Әлеуметтік мәселе де маңызды. Қала тұрғындары ауыл тұрғандарына қарағанда жиі аурады. Бұл мәселе тағамдану ережесіне байланысты.

11.Ісіктің пайда болу себептерінің ішінде, өт қышқылы ерекше орын алады. Нәжісте екінші өт қышқылы мал-жануарлардың майын көп қолданғандықтан болуы мүмкін.

12.Қабылдаған тағамда, дөрекі талшықтар неғұрлым көп болса, ішекті тітіркендіреді, қоздырады, тербелісін жылдамдатады, сондықтан нәжіс тоқтаусыз жүріп, екіншілік өт қышқылының жиналмауына себеп болады да, ісіктің пайда болуына мүмкіншілік туғызбайды.

13.Нақты ісік алды ауруы болып жанұялы тұймешіктер саналады, ал нақты емес ісік алды ауруға - жеке дара түрдегі түймешік, ойық жаралы қабыну мен Крон ауруы жатады.

14.Тоқ ішектің жиекті бөлік рагы 90-95% жағдайда түймешіктерден пайда болады.

15.Қауіп-қатерлі топтарға жататындар: ісік алды ауруы барлар, жыныс және сүт бездеріндегі, жатырдағы рак ауруынан емделіп шыққандар, тұқымында тоқ ішек рагы барлар, жамбас қуысына сәуле алғандар, өт қабын алып тастағандар.

16.Тоқ ішектің жиекті бөлік ішінде соқыр және тік ішек жиі рак ауруына шалдығады.

17.Тоқ ішектің жиекті бөлігінің оң жағында көбінесе экзофитті, ал сол жағында-эндофитті ісіктер кездеседі.

18.Тоқ ішектің жиекті бөлігінің оң жағында біткен рагына 5 ең негізгі клиникалық белгілер: :ауырсыну сезімі, қан азайуы, тәбеттің жоқтығы, әлсіздік және сипаған кезде анықталынатын ісік түйіні.

19.Сол жақтағы тоқ ішек рагының белгісі негізінде мүше қуысының біртіндеп бітеліп, түйнек белгісімен білінеді және соған байланысты нәжістің жүруі нашарлайды, онда қан көрінеді

20.Тоқ ішектің жиекті бөлігінің рагын анықтаудың негізгі әдісінің бірі рентгенологиялық тексеру, ол кездегі белгілері: ішек қабырғасындағы толу кемістігі, сақина тәріздес мүше қуысының тарылуы және осы жерде ішек қабырғасының қатайуы, толу кемістігі көрінген жердің ортасында барий тұзының қалдығының қалып қойуы және осы жердегі жара жиектерінің бұлтиып шығып тұруы.

21.Тоқ ішектің жиекті бөлігінің рагын тек хирургиялық жолмен толық жазылып шығады: оң жақ және сол жақ орналасуында ішек толығымен сылынады- гемиколэктомия, ал сигма және көлденең бөлігіндегі ракта - резекция жасалынады

22.Тоқ ішектің жиекті бөлігінің рагында мынадай асқынулар кездеседі: «нәжіс» жүрмей түйнек болуы, қан кетуі, ісік жатқан жердің қабынуы және ішектің тесілуі.

23.Асқынған тоқ ішектің жиекті бөлігінің рагы - оң жағында болса, гемиколэктомия жасалынып, сол жағында болса-Гартман операциясы орындалады.

24.Тоқ ішектің жиекті бөлігінің рагында химиотерапия - 5-фторурацил левамизолмен немесе лейковоринмен қосарланып, қолданады.

25.Тоқ ішектің жиекті бөлігінің рагына радикалды операция жасалса. ісіктің І- сатысында 85-100%, II- сатысында- 70%, ал III-сатысында 30% 5-жыл өмір сүре алады.

26.Операция жасамағандардың санаулысы ғана 5 жыл өмір сүруі мүмкін, бірақ олардың көбісі жақын арада ісіктің асқынуынан қайтыс болады.

27.Тоқ ішектің жиекті бөлігінің рагында алысқы бөгелме ісік өте сирек кездеседі.