Уық асты без рагының пайда болу себептері, даму механизмдері

Қуық асты без рагының негізгі пайда болу себептері әлі белгісіз, толық шешілмеген. Бірақта, бұл мүше ағзадағы гормондармен күрделі жолмен реттелінетін ішкі секретті без болғандықтан, сол гормондардың қатынасына байланысты өзгерістерден пайда болатындығы даусыз. Себебі бұл бездің қызметі үлкен ми қыртысы, мишық және ағзаның өз ішіндегі клеткаларды реттеп отыратын факторларға байланысты. Қалыпты жағдайда осы мүшелердің гормондары бір деңгейде тұрады. Егер олар өсіп немесе кеміп кетсе, қуық асты безде қауіпті жағдай пайда болады. Бездің сырт жағына орналасқан клеткаларда өніп-өсу үрдісі жылдамырақ жүреді; ортасында орналасқан тіндерде орташа, ал зәр жүргішке жақын жатқан жерлерде тым баяу жүріп, бұл жерде физиологиялық апоптоз (өлу) басым қалыптасады. Осылардың бәрін реттейтін ағзадағы ең негізгі гормондар – андрогендер болып саналады.

 

№№2- сурет. Қуық асты без рагының Қазақстан облыстары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2012 жж.)

 

№3- сурет. Қуық аты без рагының Қазақстан аймақтары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2012 жж.)

Егер бездегі апоптоз көлемі өссе, клеткалардың сандық, сапалық қасиеттерін теңестіру үшін, онда пролиферация үрдісі басымырақ жүруге мәжбүр болады. Клеткалардағы осы қасиетті анықтайтын, Вах және Bcl-2 деген екі ген бар. Бұған қосымша, мүшедегі тіндерді өсуді қоздыратын эпидермальды және фибробластарды белсендіретін (6ҒGҒ) гендер болады. Гендер күрделі белок – полипептидтер, олардың рецепторлары клетканың беттерінде орналасады. Осы рецепторларды химиялық реакцияға қатыстырмай қойса, онда сол ген өз қызметін атқара алмайды.

Қазір қуық асты бездегі рактың пайда болу және даму механизмін былай түсіндіреді: жайылмалы қауіпті ісік клеткасы, қалыпты без клеткасында гормондардың әсерінен мутация арқылы ДНК мен РНК-сы өзгеріп, гендері бөлектенген жаңа клетка пайда болады. Бұларға дамылсыз өніп-өсу тән қасиет болғандықтан, осы қасиет басқа да клеткаларға беріліп, бір жерден екінші бір жерге көшіп бөгелме ісік береді. Сонымен қуық асты бездегі рак клеткасы андрогендерге сезімтал болмай қалады. Бұлай болуға бірнеше себептер бар:

1- адамның қартайуына байланысты, бұл ісік50 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. 50 мен 60 жастың аралығындағы адамдардың қуық асты безін микроскоп арқылы зерттегенде, олардың 30%-да көзге көрінбейтін ракты байқауға болатындығы анықталған.

2- гормондық өзгерістер, рактың гормон арқылы пайда болатындығын дәлелдейтін болжамға жатады. Оған дәлел ісік эстроген бергенде кері қайтып отыруы. Бірақ осыларға қарамастан қазіргі таңда гормондардың тікелей рак туғызатындығына біржақты пікір жоқ. Тек қуық асты бездің қызметі қалыпты болуы үшін тестостерон мен дегидротестестеронның мөлшері қалыпты болуы қажет.

3- тағамданудың ролі маңызды, себебі қуық асты бездегі рактың пайда болуына майлы тағамдардың әсері анықталған. Осыған байланысты қуық асты без рагы салмағы артық, дене қозғалысы шектелген семіз адамдарда жиі байқалған. Сонымен майлы тағам витамин А-ны және сол сияқты бета-каротинді кемітеді, ал бета-каротин көптеген ісіктерден ағзаны қорғайды. Азия елдеріндегі қуық асты без рагы өте аз кездеседі, себебі бұл жердегі адамдар витамин А және эстрогендерге бай өсімдіктерді тағамға көп қосады. Бұлар андрогендердің қуық асты безге зиянды әсерлерін кемітеді, әсіресе, эстрогенге бай тағамдар, артық андрогендерді тежеп отырады.

4- генетикалық фактор да қуық асты без рагының пайда болуына ықпал етеді.Тұқымында қуық асты без рагымен ауырғандардың үрпақтарында 2-3 есе бұл ісік жиі кездеседі. Қазіргі кезде, қуық асты без рагы, 9,0% жағдайда тұқым қуалайтындығы мәлім. Бірақ қандай генде қандай кемістік бар, ол неге рак туғызатындығына тікелей дәлел әлі анықталған емес.

5- жұқпаның әсері эпидемиологиялық зертеу кезінде, қуық асты без рагында, соз және жыныстық әрекет арқылы таралатын басқа да жұқпалармен байланыстығы дәлелдеген. Бірақ тікелей осы аурулар ракты қоздыратындығына нақты мәлімет жоқ..

6- қуық асты бездің гиперплазиясы мен қатерсіз ісік - аденомасы 1,5-24,0% жағдайда, қуық асты без рагымен қосарланып келетіндігі тәжірибеде жиі кездеседі (№ 4- сурет).