Тілдік емес пәндерді когнитивтік-коммуникативтік технологиямен оқыту

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарда іске асатын тілдік емес пәндер бойынша бағдарламалық материалды өңдеу механизмі дайындалды; көптілдікті дамыту бойынша білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері сипатталды; тілдік емес пәндерді көптілдік технологиямен оқыту жобаланды; мектепте когнитивті-коммуникативті технологиясы байқаудан өткізілді.

Жаңа технологияларды байқаудан өткізу бойынша эксперименттік база құрылды, көптілдікті дамыту мәселесі бойынша жұмыс жасайтын мұғалімдер іріктелді. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар дайындау бойынша експеримент жүргізуші мұғалімдермен арнайы әдістемелік семинарлар өткізілді.

Дайындалған когнитивті -коммуникативті технологияның мәні:

1) тілдік емес пәндер (физика, биология, география, тарих) мазмұнын өңдеу механизмінде; 2) бақылау және зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру талаптары сақталған оқу материалын күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау механизмінде; 3) ірілендірілген тақырып бойынша оқылатын теориялық материалдың когнитивтік құрылымы негізінде функционалды-семантикалық кесте құрастыру механизмінде; 4) бағдарламалық материалды және шетел тілімен бейіндік-бағытты, дәлірек, сабақтардың типологияларын меңгеру бойынша қатар жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру бойынша бірізді әрекеттер механизмінде;
5) сабақтың әр типі үшін дайындалған жаттығулар жүйесінде; 6) зерттелетін тақырыптық блок аясында типтік жағдаяттар бойынша диалогтік қарым-қатынас ұйымдастыру әдістемесінде; 7) шетел тілінде монологтық айтылымның репродуктивті-продуктивті нәтижесін ұйымдастыруда.

Қолданыстағы оқулықтардың құрылымы пән аясында пән мазмұны мен шетел тілін қатар меңгеруге бейімделмеген; табиғи тілдік орта болмаған жағдайда белгілі бір технологиясыз тілдік емес пәндерді шетел тілінде оқытуға деген әрекет теріс нәтиже береді; оқушылар шетел тілін репродуктивті деңгейде байланыссыз меңгереді және бұл орайда материал толық игерілмейді; тілдік емес пәндер оқытушылары мен мұғалімдері тілді оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін білмейді және өздігінен көздеген нәтижеге – шетел тілінде белгілі бір тақырып аясында коммуникативті құзыреттілікке қол жеткізе алмайды.

Тілдік емес пәндерді көптілді оқытудың дайындалған технологиялары негізінде физика/биология/әдебиет/химия/тарих және т.б. пәндер бойынша бағдарламалық материалды қатар игеру және бейіндік пән аясында шетел тілін әлемдік виртуалды кеңістікте кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігі туды.

Оқытудың орта сатысында көптілдікті дамыту үшін тудырылған жағдайдың бірі гимназиялық компонент есебінен ағылшын тілінде қосымша курстар жүргізіледі. Курстардың мазмұнын іріктеуде әр тақырып бойынша оның когнитивті құрылымы, осы тақырып аясындағы әлеуетті тілдік ниеті және жағдаяттары ескеріліп, оларға қызмет ететін лексикалық және грамматикалық құралдары таңдалынып алынады. Курстардың практикалық маңызы – оқушылар өсімдіктер мен жануарлар әлемі, адам денсаулығы туралы ағылшын тілінде әңгімелеу білігіне ие болады.

Тілдік емес пәндерді оқыту 7-9 көптілді сыныптарындағы «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» пәндерін қазақ тілінде оқытуда когнитивті-коммуникативті технологияны пайдалану билингвалды тұлғаны тиімді қалыптастыруға ықпал етеді.

Білім берудің барлық деңгейлері үшін ағылшын тілін сатылай енгізу шаралары жоспарының жобасы құрастырылды, ол:

· 12 жылдық мектеп үшін жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша 3 тілде оқытудың оқу бағдарламаларын дайындаудан;

· ағылшын тілінде мектеп пәндері бойынша лексикалық-грамматикалық минимумды іріктеуден;

· оқу пәндері (математика, информатика, биология, химия, физика, география) бойынша екі- және үш тілді мектеп сөздігін дайындаудан;

· 11 жылдық мектептің 1-4-сыныптары үшін, 12 жылдық мектептің
1-12-сыныптары үшін «Ағылшын тілі» пәні бойынша оқу бағдарламаларын дайындаудан;

· тілдерді меңгеруді жеңілдету мақсатында бастауыш сыныптар үшін «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» пәндерінен тіл дамыту бойынша тақырыптарды кіріктіруден (біртұтас тақырыптық негіз);

· 5-6-сыныптарда (алдағы уақытта пәндерді оқыту тілінде және ағылшын тілінде оқытуға әзірлеу мақсатында) ағылшын тілін тереңдете оқыту үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындау және басып шығарудан;

· 5-6-сыныптарды информатика және математикадан екі тілде (70% оқыту тілінде, 30% ағылшын тілінде) оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету, себебі информатикадан терминология және үлгілік математикалық амалдар грамматикалық құрылғылардың шектеулі санынан тұратындықтан, оқушылар ағылшын тілінде тез игереді;

· «Музыка» пәнінің мазмұнын ағылшын тілінде меңгеру үшін қажет ОӘК қамтамасыз етуден;

· 7-9-сыныптарда «Математика» және «Информатика» пәндерін ағылшын тілінде оқыту процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуден;

· орыс тілінде оқытатын мектептердегі 5-6 сыныптарда қазақ тілін тереңдете оқытуға арналған оқу-әдістемелік әдебиеттің көлемін арттырудан;

· 7-9-сыныптарда қазақ тілінде «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша сабақ өткізу үшін оқу-әдістемелік құралдар дайындаудан;

· 7-9-сыныптарда «Физика», «Химия», «География», «Биология» пәндері бойынша екі тілде (оқыту тілінде және ағылшын тілінде) қатар, ЖМББС қарастырылған оқу жүктемесі аясында меңгерілуін қамтамасыз ететiн оқу-әдістемелік құралдар дайындаудан

тұрады.

 

Қорытынды.

 

2012-2013 оқу жылында «Таңшуақ» шағын орталығында «Халық педагогикасы арқылы көптілді және этномәдениетті тәрбие беру»тәжірибелік экспермиенттік бағдарламасы іске қосылды.

Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасына сүйене отырып, Қазақстан Республикасының «Тіл» Заңына тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, үш тілді -қазақ, орыс және ағылшын тілдердін жетік меңгертуді мектепке дейінгі тәрбиеден бастадық.

XXI- ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі.

Бәсекеге барынша қабілетті қоғамға ену мақсатын алға қойып отырған еліміздің білім беру саласында нәтижелі ізденістер бастау алуда. Білім сапасын арттыру мақсатында білім мен тәрбие беру технологияларын ендіру мен тиімді жұмыс тәсілдерін кеңінен қолдану мәселелері бой көтеруде.

Балалардың білім беруде, адамгершіліктің ең құнды қасиеттерін бойына сіңіріп тәрбиелеуде, білім мекемелерінен, тәрбиешілердің, әрине ата-аналардан шығармашылық себептерді талап етеді.

Адамгершілік- қоғамдық өмірдің тарихи-әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатын қауымдық, халықтық игі-іс әрекеттер, мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылықты, әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады.

Біз осы бағдарламаны мектепке дейінгі естиярлр тобы (4-жас) және мектепке дейінгі ересектер тогбы (5-жас), мектепалды даярлық топ (6-жас ) шамасындағы балалармен бастағанды жөн көрдіп әр халықтың этномәдениетін, тілін үйрету, өнеріне, салт-дәстүріне тәрбиелеу әр тәрбиешінің міндеті.

Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасы балалардың жан-жақты дамуын,олардың мектепке деген дайындығын қарастырады. Шағын орталық эксперимент бағдарлама жұмыстарын қыркүйек айынан бастады.

2012-2013 (дайындық кезеңі)

2013-2014 (іске асыру кезеңі)

2014-2015 (қорытынды кезеңі)

Онда ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері күннің екінші жартысында балалар ұйқыдан тұрғаннан кейін болады. Аптасына 1сағат-этнопедагогика, 1сағат- орыс тілі,1 сағат-ағылшын тілі өтеді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері балалармен ойын түрінде өтеді.

Қыркүйек айында тілдер мерекесі қарсаңында ересектер тобында этнопедаг балаларға әр халықтың ұлттық ойындарын ойнатып, оларды ойын арқылы қимыл –қозғалыстарын дамыта білді. Екінші сәбилер тобында орыс-тілі сабағы бойынша орыс халқының «Шалқан» ертегісі арқылы қуыршақ театры арқылы көрсетіп, балалардың тілін дамытты.

Ересектер тобында ағылшын тілі сабағы бойынша балалар Балқаштың 75-жыл туған күніне арналған сурет салды, тақпақтар айтты.