Негізгі режимдік параметрлерді алдын-ала таңдау

Әдетте негізгі режимдік параметрлерді таңдау кесу тереңдігін анықтаудан басталады. Кесу тереңдігінің мағынасы тап осы технологиялық операцияны орындауға қалдырылған металдың әдібімен байланысты. Кесу тереңдігі жонуда, бұрғылауда, фрезерлеуде, тұрақтылыққа және кесу жылдамдығына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан қаралтын өңдеуде мүмкін болғанша кесу тереңдігін үлкен, өңдеуге қалдлырылған әдіпке сәйкес тағайындауға мүмкіндік бар. Ақырғы операцияларда әдіптің мәні 0,5 мм-ден аспайды. 7 мм-ден аз әдіп кескіштің бір өтуімен алынуы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыстың кесу тереңдігі өңдеудің әдібіне тең, кесу тереңдігі сыни мәндерден асса, барлық технологиялық жүйеде діріл пайда болуы мүмкін.

Сондықтан әдіп 7 мм көп болса оны кескіштің бірнеше рет өтуімен алады және де кесу тереңдігі әр өтуде бірдей болады немесе оның тізбегін анықтайды.

Берістің мәні, кесу тереңдігі сияқты, технологиялық операцияның түрімен анықталады. Қорытынды өңдеу операциялар /айн берістермен өткізіледі. Аралық пішін құрастыру операцияларда берісті көлемінде тағайындайды. Өңдеу уақытын қысқарту мақсатында әзірлеу операцияларды берістермен жүргізуге ұмтылады. Ауыр білдектерде өңдеуді 30 мм-ге дейін тереңдікте және 1,5 мм/айн беріспен жүргізеді.

Жалпы жағдайда алдын ала берісті таңдауда арақатысты пайдалануға болады. Егер де операцияны орындауда басты назар өңделген беттік сапасына бөлінсе, онда арақатынаспен шектелуге болады, яғни берістің мәнін көлемінде таңдайды. Егер де өңдеу өнімділігі маңызды параметр болса, арақатынасты пайдаланылған жөн, яғни берістің алдынала мәні құрайды және сол кесу жылдамдығымен өткізілген жұмыс өнімділікті болады.

Сонымен алдынала кесу тереңдігінің мәнін таңдап, технологиялық операцияның тағайындалуына тәуелді, жоғарыда келтірілген ұсыынстарды ескере отырып, берісітң алдын-ала мәндерінің аралығын белгілеуге мүмкіндік бар.

Кесу жылдамдығының алдынала мәнін (1) теңестіруімен есептейді:

(1)
мұндағы: кесу тереңдігі және берістің таңдалған аралығы белгілі.

Тұрақтылықты Т (мин) орындалатын операцияларының сипаттамасына және аспаптың материалына тәуелді, анықтамалық матералдардың нұсқауына байланысты тағайындалады. Сонымен бірге тұрақтылықтың кейбір мәндерінің аралығын алады. Мысалы, пішін беру аралықты операцияларды орындауда қатты қорытпалы кескіштердің тұрақтылығын алдын-ала кезеңде 30-45 мин аралығында тағайындауға болады.

(1) теңдеуімен кесу жылдамдығының екі мәнін есептейді: үлкені – беріс және тұрақтылықтың кіші мәндеріне сәйкес; кішісі – беріс және тұрақтылықтың үлкен мәндеріне сәйкес. Анықталған кесу жылдамдығының мәндеріне сәйкес, берілген дайындама диаметріне (D, мм) байланысты (2) теңестіруімен айналдырықтың екі айналым жиіліктерінің мәндерін табамыз:

(2)
Сонымен, айналдырықтың айналу жиілігінің аралығын анықтаймыз. Осы аралықтан білдектің кинематикасымен қамтамасыз етілетін, белгілі айналу жиілігінің мәнін таңдауға болады.