Жонғыш кескіштердің түрлері және олардың құрылымдық ерекшеліктері және геометриялық параметрлері

 

Жонғыш білдектерде орындалатын көпсанды әртүрлі технологиялық операциялар, пайдаланылатын кескіштердің көп бейнелі құрылымдарын шарттайды.

Жонғыш кескіш күрделі пішінді кеңістік геометриялық дене болып ұсынылады. Кескіш кесуші бөлігінен (бастиектен) және тұрқыдан (ұстағыш), саға тұрады. Кескіштің тұрқылары құрылымдық болаттардан (болат 45, болат 40, 40Х және т.б.) жасалады және оны бекітуге істеледі.Жонғыш кескіштер біреу немесе бірнеше кесу жиектерінің (түзу сызықты немесе қиысқ сызықты) бар болуы мүмкін (2- сурет).


а) жұмыс бөлігі (Г), тұрқы (К) б) кескіштің алдыңғы бетінің пішіні.

2- сурет. Жонғыш кескіштердің алдыңғы бетінің пішіні.

 

а) суреттегі – ab – көмекші кесу жиегі; bc – негізгі кесу жиегі; b – кескіштің төбесі; - алдыңғы бет; - негізгі артқы бет; - көмекші артқы бет; I – жазықты алдыңғы бет, II – қиық жиекті жазықты алдыңғы бет; III – теріс бұрышты қисықсызықты (радиусты) қиықжиекті бетті ( ) кескіш.

Кескіштер тағайындалуы қозғалыс бағытына, кесу бөлімінің пішініне және құрылысына қарай бөлінеді. Тағайындалуына қарай (3- сурет) : өтпелі 6;8 және өтпелі таяныш 4; бүйіршектейтін (тілімдейтін) 1; қиғыш және кертік кескіш 5; кеңей жоңғы 9,10; фасонды (сұлбалы) 2; бұрандакескіш, таза өңдеуге сай кескіштер.


3- сурет. Жонғыш кескіштердің негізгі түрлері.

 

Қозғалыстың бағытымен: оңды және солғы 6, радиалды және тангенциалды.

Бастиектің пішінімен: түзу 6,3; бүгілген 8,9,10; тартылған 5,7 және иілген.

Конструкциясымен: тұтас және құрастырылған (әртүрлі әдістермен кесуші тілімдерді бекіткен күрделі конструкция) және кескіш жиынтықтар.

Тұтас кескіштер тез жоңғыш болаттардан (сирек қоспаланған болаттардан) жасалады, құрастырылғандар – тез жоңғыш болаттардың, қатты қорытпалардың, минералоқыштардың тілімдерімен жабдықталады және де өте жоғары қатты материалдардан (ӨЖКМ – көпкристалды синтетикалық алмас, бор нитриді (эльбор)) жабдықталған. Кескіштердің конструкциялық типтері технологиялық және экономикалық көрсеткіштерді ескеріп таңдалынады (операция сипаттамасы, материалдардың қасиеттері, аспаптың геометриялық параметрлері, қайраудың өзгешелігі және басқалары).

Қазіргі жонғыш кескіштердің жоғары өнімділігі мен экономикалық өңдеуге сәйкес конструкциялары жақсы жұмыс қабілетіне, едәуір ұзақ тұрақтылыққа,сенімділікке және басқа пайдалану сипаттамаларына ие болуы керек. Көп жағдайда кескіштер құрастырылған болады және олардың айырмашылығы кесу тілімдерінің бекіту әдістеріне және кесу бөлігінің конструкторлық жасауында жатыр.

Қазіргі уақытта тілімдердің механикалық бекітілген кескіш ұстағыштары кең пайдаланылады. Қатты қорытпалы тілімдердің механикалық бекітілген кескіштердің бірнеше стандарттары бар.

Геометриялық параметрлер. Кескіштің бұрыштарын анықтауға кесу жазықтығы негізгі кесу жиегінен берілген нүктесінен өту уақытының олездегі жағдайы қаралады. 4- суретте кескіштің және дайындаманың негізгі жазықтықтағы проекциясы көрсетілген. - кесу жазықтығының ізі; I - -өңделетін бет; II - өңделген бет; R – кесу беті. Жонуда негізгі жазықтық жұмыс жазықтығына тік болады.


4- сурет. Жонғыш өтпелі кескіштің геометриялық параметрлері.

 

Жұмысшы жазықтық – кесуші жиегінің қаралған нүктесінен өтетін және де кесу және беріс қозғалыстарының жылдамдықтарының векторлары жататын жазықтық. Кескіштің негізгі бұрыштары ( ) негізгі жазықтықта қаралады.

Алдыңғы бұрыш - негізгі қиюшы жазықтықтағы N-N жүзінің алдыңғы беті мен негізгі жазықтықтың арасындағы бұрыш.

Негізгі артқы бұрышы - жүздің артқы беті мен кесу жазықтығы арасындағы қиюшы жазықтығы N-N бұрышы.

Алдыңғы бұрыш жоңқа пайда болу процесіне және кесуші жүздің беріктігіне әсер етеді. Егер алдыңғы беттің жағдайы негізгі жазықтықтың бағытымен түзу келсе, онда болады. Үйкелісті азайту үшін артқы бұрыш нөлден үлкен болу керек.

Үшкірлену бұрышы - қиюшы жазықтықтағы жүздің артқы және алдыңғы беттерінің арасындағы бұрыш. Артқы және үшкірлену бұрыштарының қосындысын кесу бұрышы деп атайды.

Пландағы негізгі және көмекші бұрыш - негізгі жазықтықта өтпелі берістің жылдамдығының векторы мен негізгі және көмекші кесу жиектерінің проекцияларының арасындағы бұрыш.

Төбесіндегі бұрыш - негізгі жазықтықтағы негізгі және көмекші кесу жиектерінің проекциялары арасындағы бұрыш, .

Кесу процесіне едәуір әсер ететін кесуші жиегінің көлбеу бұрышы . Көлбеу бұрышы - негізгі кесу жиегі мен кесу бөлімінің төбесінен горизонталь жазықтыққа параллель өтетін M-M – жазықтықтың арасындағы бұрыш.

Егер кескіштің төбесі кесуші жиегінің ең төмен нүктесі болатын болса, бұрышы оң деп саналады. бұрышының мәні мен белгісі жоңқаның жүріс бағытына және кесуші жүзінің бойындағы жүктеменің таралуына әсер етеді.

Сыдыру жұмыстарында оң белгісі бар бұрышы пайдаланылады ( -қа дейін). Бұл жағдайда жоңқа тетіктің өңделген бетіне бағытталады. Сондықтан таза өңдеуде теріс белгісі бар бұрышты ( -қа дейін) кескіштерді пайдалануды жоңқа өңделетін бетке I бағытталады. Бөліп жонуда және кескіштер қолданылады.

Үшкірлену бұрышының мәніне өңдеудің шарты, дайындама мен аспаптың материалдарының қасиеттері әсер етеді. Қатты және беріктік материалдарды жонуда болатын бұрышты кескіштер пайдаланылады (кесуші бөлігінің беріктігі өседі). Жоғарғы өнімділікті және өңдеу үнемділігін қамтамасыз етуге және бұрыштардың оптималды мәндерін алу қажет. Негізгі артқы бұрыштың әртүрлі типті токарлық кескіштерге -тен -қа дейін өзгереді.