Жонғылап өңдеудің кесу режимін есептеу және өзіндік жұмыс тапсырмалары

 

5 мысал. 6Т13 тік-жонғыш білдегінде ені В=100мм ұзындығы ℓ=320мм жазық бетте түпбетті жонғылау жүргізіледі. Өңделуге берілген әдіп h=4 мм. Өңделетін дайындаманың материалы—сұр шойын СЧ 25, қаттылығы 210 HВ. Қабыршақты бетті қаралай өңдеу. Өңдеу нобайы 14-суретте келтірілген.


14-сурет. Өңдеу нобайы

 

Қажетті: кесу аспабын таңдап, оның жұмыс бөлігінің материалын, конструкторлық және геометриялық параметрлерін анықтау. Аналитикалық тәсілмен кесу режимін, негізгі кесу күшін, керекті кесу қуатын есептеу және негізгі өңдеу уақытын анықтау.

Шешімі: ([10] анықтамалықтан). Жонғышты таңдап, оның геометриялық параметрлерінің мәндерін белгілейміз. Қатты қорытпалы тілімшелерімен жабдықталған салмалы жүздері бар түпбетті жонғышты қабылдаймыз. (187 б., 94-кесте)

Жонғыштың диаметрі , D=160мм, Z=16 стандартты жонғышты қабылдаймыз. Жонғыштың кесу бөлігінің материалы — ВК8 қатты қорытпа (117-бет, 3-кесте). Қолданған анықтамалықта жонғыштың геометриялық элементерін таңдау ұсынылмағандықтан, оларды [7] анықтамалықтың (192 б., 15-кесте) бойынша қабылдаймыз.

Қаралтын жонғылауда кесілетін қабаттың қалыңдығы а > 0,08 мм деп ескеріп деп аламыз. Өңделетін материалдың қаттылығы 210 HB болғандықтан - =0; ; ; .

2 Кесу режимін белгілеу:

Кесу режимі [10] анықтамалықпен тағайындалады.

2.1 Кесу тереңдігін тағайындаймыз. Әдіпті бір жүріспен алуға мүмкін, демек t=h= 4мм.

2.2 Жонғыштың тістік берісін тағайындау. Шойынды қаралтым жонғылауда, 6T13 білдектің қуаты , және өңдеу BK8 қатты қорытпамен өткізілуіне сәйкес), (283 б., 33-кесте). Технологиялық жүйесі қаттаңды деп санап берістің үлкен мәнін аламыз.

2.3 Жонғыштың тұрақтылық кезеңін тағайындау. Диаметрі 150... 200 мм қатты қорытпасы тілімшекті түпбетті жонғыларға мөлшерікте [] (290 б., 40-кесте) Т=240 мин тұрақтылық кезеңі ұсынылады. Алынған жонғыштың диаметрі D=160 мм, сондықтан Т=240 мин қабылдаймыз.

2.4 Негізгі кесу қозғалысының жылдамдығын анықтау. Кесу козғалысының жылдамдығы жонғыштың кесу қасиеттеріне шақтамалы анықталады.(282 бет):

Формуладағы коэффициенттердің, дәреже көрсеткіштердің мәндерін өңделетін материалға, аспаптың материалы мен типіне байланысты б кестеден аламыз -

Кесу жылдамдығын есептеу үшін түзету коэффицменттерді ескертеміз –

(262 бет, 2кесте),

Knv=0.8 (263 бет, 5 кесте).қабыршықты шойын құйма өңделеді. Kuv=0,83 (263 бет, 6 кесте). Кесу бөлігінің материалы – BK8.

290-беттегі 39-кестенің қосымшасына сәйкес пландағы бұрыш болса, онда қосу жылдамдығының түзету коэффициенті

Анықталған кесу жылдамдығына сәйкес,айналдырықтың айналу жиілігі;

Айналдырықтың айналу жиілігін білдектің паспорттық көрсеткіштерімен түзетіп, ақиқат айналу жиілігін nа=125 мин-1 тағайындаймыз.

Негізгі кесу қозғалысының ақиқат жылдамдығы

2.5 Минуттық берілісі қозғалысының жылдамдығы;

Анықталған жылдамдықты білдектің көрсеткіштерімен түзетіп, оның ақиқат мәнін белгілейміз:

=Sм=500 м/мин

Жонғыштың тістік берілісінің ақиқат мәні:

2.6 Негізгі кесу күшін анықтау. Негізгі кесу күші:

Формуладағы коэффициенттердің, дәреже көрсеткіштерінің мәндерін, мысалдың шарттарына сәйкес, 291 б., 41-кестеден аламыз - Cpz=54,5; xpz=0,9; ypz=0,74; Upz=1; pz=0; qpz=1.

Түзету коэффициенттерін ескереміз (264 б., 9-кесте):

Біздің шартқа байланысты , HB= 210

Негізгі кесу күші:

2.7 Кесуге кететін қуатты анықтау

Білдектің айналдырқтағы қуатты тексеру

6T13 білдегінің жетекшісінің қуаты Nж=10 кBт, пайдалы әсер коэффициенті =0,8, яғни Naйнал.=10*0,8=8 кВт болады. Nкес=7.8 кВт < Naйнал.=8 кВт, демек өңдеу мүмкін.

2.8 Негізгі өңдеу уақытын анықтау

Түпбетті жонғыштың қаралтым өңдеуде кіре кесу ( ) мм, яғни мм деп қабылдаймыз. Жонғыштың жұмыс жүрісінің арақашықтығы –

5 тапсырма.6Т13 тік-жонғылау білдегінде ені В, ұзындығы L жазық бетке, түпбетті жонғымен өңдеу жүргізіледі; өңдеу әрпі h (5 кесте).

Қажетті: кесу аспапты, оның кесу бөлімінің материалын, аспаптың конструктивтік және геометриялық параметрлерін таңдау; аналитикалық тәсілмен кесу режимін, негізгі құрастыру күшін және кесу қуатын есептеу, негізгі кесу уақытын анықтау. Өңдеу нобайын беру.

 

5 кесте – бесінші тапсырмаға мәліметтер

Вар-тың нөмірі Дайындамның материалы Дайында-ма Өңдеу,беттің кедір-бұдырлығы, мкм Өңдеу бетінің параметрлері, мм
В l р
Болат Б.т.З, Соғылма Қаралай, 3,5
Сұр шойын НВ160 Құйма -//-//-
Алюминий АК8, Қалыптанған Жартылай таза, 1,5
Сұр шойын, НВ180 Құйма Қаралтым, 3,5
Болат 40х, Соғылма Ақырғы, 1,6
Сұр шойын, НВ200 Құйма Қаралтым, 3,5
Болат 4хН, Соғылма Қаралай,
Болат 30хгс, Қалыптанған Жартылай таза, 1,5
Сұр шойын, НВ220 Құйма Қаралтым, 3,5
Болат 12х18 Н9, НВ143 Соғылма Ақырғы, 1,5
Болат 65Г, Соғылма Жартылай таза 2,0
Болат 45хН, Соғылма Қаралтым,
Сұр шойын,НВ200 Құйма Қаралтым, 3,5
Қола Бр.08Ц4,НВ70 Құйма Жартылай таза, 2,5
Болат 40хс,НВ225 Соғылма Ақырғы, 1,8
Болат 35х, Соғылма Тазалай, 2,1
Болат 40х, Соғылма Жартылай таза, 2,5
Болат 60, НВ225 Соғылма Ақырғы, 2,0
Қола БрА7,НВ 90 Құйма Қаралтым,
Шойын С430, НВ220 Құйма Қаралтым, 3,0

 

6 мысал.6Т12 тік-жонғыш білдегінде ойықты жонғышпен тереңдігі h=15 мм, ұзындығы l=300 мм өтпелі ойықты жонғылайды. Өңделетін дайындаманың материалы – болат 45, = 650 МПа ( 65 кгс/мм ). Өңдеу – жартылай таза, беттің кедір-бұдырлығының параметрі =3,2 мкм. Эмульсиямен салқындатылады. Өңдеу нобайы 15-суретте келтірілген.


15-сурет. Жонғышпен өңдеу нобайы

Қажетті: кесу аспабын таңдау, оның кесу бөлімінің материалын және конструкторлықпен геометриялық элементтерінің мәндерін анықтау. Мөлшерлік кестелерді пайдаланып кесу режимін тағайындау, негізгі кесу күшімен кесу қуатын есептеу және негізгі өңдеу уақытын анықтау.

Шешімі: ([4] мөлшерлікпен ).

1 Жонғышты таңдау, кесу бөлігінің материалын және оның конструкторлық, геометриялық элементтерін белгілеу.

Р6М5 тез кескіш болаттан жасалған қалыпты тісті саусауқты жонғыны қабылдаймыз. Жонғыштың диаметрін ойықтың еніне тең деп аламыз, яғни D=B=32 мм, жонғыш тісінің саны Z=6, (174 бет, 66 кесте). Жонғыштың геометриялық элементтері (365 бет, 2 тіркеме); =15 ,

2. Кесу режимін тағайындау. Кесу тереңдігін белгілеу.

2.1 Кесу тереңдігін белгілеу. Ойықты саусақты жонғышпен өңдегенде кесу тереңдігі ретінде ойықтың енін алады. Осы жағдайда t=В=32 мм болады. Бір жүріспен жонғылауда ойықтың тереңдігі жонғылаудың ені деп алынады. Осы мысалда жонғылаудың ені h=15 мм деп айтуға болады.

2.2 Жонғылаудың тістік берісін тағайындау (293 бет, 161 карта).

Болаттарды жоңғылауда D=32 мм, тісінің саны Z = 6, ені =15 мм жоңғышқа тағайындалған тістік берісі мм/тіс. Технологиялық жүйе қатты деп есептеп, мм/тіс деп аламыз.

Жонғыштың тұрақтылық кезеңін тағайындау (204 бет, 2 кесте). Саусақты жоңғышқа диаметрі D=32 мм болатын Р18 тез кескіш болатқа тұрақтылық кезеңі Т= 90мин деп аламыз. Жоңғыштың тістерінің артқы беттерінің тозу шақтамасы һ=0,15 мм (372 бет, 3 тіркеме).

Жонғыштың шақтамалы ерекшеліктеріне қарап кесу жылдамдығының негізгі қозғалысын анықтау (294 бет, 162 карта).

Қалыпты тісті жонғылауға қарап D= 32 мм, Z=6, ойықтың ені 32 мм, ойықтың тереңдігі 30 мм – ге дейін және мм/тіс, мм/ммн ұсынылған.

162 картаның (қосымшасында көрсетілген) тағайындалған кесу режимі өңделген беттің кедір – бұдырын (бұрынғысы 5 сынып), яғни қазіргі кедір – бұдыры мкм – ге сәйкес болаттың тобымен механикалық сипаттамасы тәуелді ( ) түзету коэффициентін ескереміз (230 бет, 120 карта). Болат 45, деп қабылданған Сондықтан

м/мкм.

Негізгі кесу қозғалсының жылдамдығына сәйкес, айналдырықтың айналу жиілігі:

Айналдырықтың айналу жиілігін білдектің паспортымен түзетіп ( ) ақиқат кесу жылдамдығын табамыз.

.

Беріс қозғалысының жылдамдығын анықтаймыз:

Бұл мәнді білдек паспортымен түзетіп беріс қозғалысының ақиқат жылдамдығын белгілейміз:

Кесуге жұмсалатын қуатты анықтаймыз (295 б., 163-карта). , ені 32 мм, тереңдігі 15 мм ойыққа және . Берілген шартқа қуаттың түзету коэффициенті . Онда .

Білдек жетегінің қуатының жетегінің қуатының жеткіліктігін тексереміз. 6Т12 білдекте Яғни өңдеу мүмкін.

Негізгі өңдеу уақытын анықтау

;

Ойықты саусақты жонғышпен жонғылауда кірекесу

Асып кеткіштік ; деп аламыз. Сонда L=300+16+3=319

мин

6 тапсырма. 6Т82Г горизонталь – жонғылау білдегінде ені В және ұзындығы l жазық бетті цилиндрлік жонғышпен өңдеу жүргізеді, өңдеу әріпі h (6 кесте).

Керек: кесу аспапты, оның кесу бөлімінің материалын аспаптық конструктивтік және геометриялық параметрлерін таңдау. Мөлшерліктерді қолданып кесу режімін тағайындау. Негізгі кесу уақытын анықтау. Өңдеу нобайын беру.

 

6- кесте . 6 тапсырмаға мәліметтер

Вар-тың нөмірі Дайындаманың материалы Дайындама Өңдеу, беттің кедір-бұдырлығы,мкм Өңдеу бетінің параметрлері, мм
В l h
Болат Б.т 5, Соғылма Қаралтым, суытумен
Сұр шойын, НВ150 Құйма Жартылай таза, ,суытусыз 1,5
Болат 35, Илем Қаралтым, суытумен
Алюминдік қортпа АЛ5, НВ065 Құйма Ақырғы, , суытусыз 1,5
Қола БрАЖ9-4 НВ 120 Құйма Қаралай, қабыршықтымен, суытусыз
Болат 45х, Соғылма Ақырғы, , суытумен 1,5
Сұр шойын, НВ200 Құйма Қаралтым, суытусыз 4,5
Сталь 40х НМА, Қалыптанған Жартылай таза, , суытумен 1,5
Жез ЛК80-3, НВ 110 Құйма Ақырғы, , суытусыз
Сұр шойын, НВ220 Құйма Қаралтым, суытусыз
Болат 20х, Илем Қаралай, суытумен 4,2
Сұр шойын, НВ160 Құйма Жартылай таза, ,суытусыз 2,5
Болат 50, Илем Ақырғы, суытумен 1,7
Сұр шойын, НВ180 Құйма Қаралтым, суытусыз 2,7
             
Қола БрАЖ 10-4 НВ 170 Құйма Жартылай таза, , суытусыз
Болат 30хм, Илем Ақырғы, , суытумен 2,8
ЖеЗ ЛМцЖ52-4-1 НВ 100 Құйма Жартылай таза, , суытусыз 2,5
Сұр шойын,НВ200 Құйма Қаралай, суытусыз 3,5
Болат 30хНЗА, Қалыптнған Ақырғы, суытумен
Сұр шойын, НВ220 Құйма Қаралтым, суытусыз
               

Ажарлау

Ажарлау – металдарды өңдеуде тетіктерді өте сапалы беттер мен жоғары дәлдік өлшемдермен қамтамасыз ететін технологиялық әдіс. Ажарлау кесіп өңдеу түрінің бірі деп мамандандыру (квалифицирлеу) – ол тетіктерді өңдеу процесінде жоңқаның пайда болуы.

Ажарлау аспаптың айрықша түрімен – ажарлағыш шарықтаспен іске асады. Бұрынғы қаралған аспаптардан шарықтастың айырмашылығы – егер де жүзді аспаптардың кесу жүздері сызықпен анықталған пішіндер болса, ажарлау шарықтастар кездейсоқ пішіндер бар және өзара кездейсоқ жайғастырылған, минералдар мен жоғары қатты металдардың қажақ түйірмешіктерімен металды кеседі. Кесуде бір мезгілде әдеттегідей көп санды қажақ түйіршіктер қатысады. Түйіршіктер бір-бірімен қосылып, кесу бетін құрайды.

Ажарлаудың өзгешелігі, оның әрбір қажақ түйіршіктері кесу тіске ұқсас шағын металл қабатын кеседі. Осының нәтижесінде, тетіктің бетінде шектелген ұзындық пен көлденең қималы аз аймақта сызат қалдырылады. Ажарлап өңделген тетіктің беті көптеген сызаттардың бірігуімен пайда болады.

Машина және керек-жарақтардың тетіктерін дайындауда таза өңдеуді ретінде ажарлау пайдаланылады. Ажарлау өлшемдері 6...7 квалитет дәлдігімен, ал өңделетін беттің кедір-бұдырлығы Rа=0.08…0.32 мкм-мен қамтамасыз етеді.