Ажарлап кесу режимін белгілеу және өзіндік жұмыс тапсырмалары

7 мысал. 3К228В іштей ажарлайтын білдектін ұзындығы l=60 мм диаметрі D=60Н7(1+0,03) өтпелі тесік ажарланады. Өңделген беттің кедір-бұдырлық параметрі Ra=0,63 мкм. Радиустық әдіп h=0,2 мм. Дайындаманың материалы – шыңықтырылған болат 45, қаттылығы HRC45 19суретте өңдеу нобайы көрсетілген.


19-сурет. Ажарлап өңдеу нобайы

 

Қажетті: ажарланғыш шарықтасты таңдау, оның сипаттамаларын анықтау; мөлшерлік кестелерді пайдаланып кесу режимін тағайындау, кесуге жұмсалатын қуатты және негізгі өңдеу уақытты анықтау.

Шешімі ([5] мөлшерлікпен). 1)Ажарлау шарықтасты тағайындау. 169 беттегі 14 картамен шарықтастың сипаттамасын белгілейміз. Қаттылығы HRC30-50 конструкторлық болаттарға, өңделген беттің кедір-бұдырлық параметрі Ra=0,63 мкм сәйкес сипаттамасы 23А, 24А16С25К шарықтасты қабылдаймыз. Сипаттамада: қажақ түйіршектің материалы-ақ электрокорунд 24А; түйіршектігі 16; қаттылығы С2, құрылымы №5 және К-қыш біріктірме. Шарықтастың типін анықтаймыз. Іштей ажарлау білдектерінде кәдімгі ПП (тік пішінді жазық) және ПВ (ойықталған) типті ажарлағыш шарықтастар қолданылады ажарлау айналдырығына бекітуі ыңғайлы және сенімді ПВ типті шарықтасты таңдаймыз. Шарықтастың сыныбы-А. Шарықтастың шақтамалы айналу жылдамдығы – 35 м/с (кәдімгі ажарлау).

Шарықтастың толық сипаттамасының таңбасы – ПВ 24А16ПС25К8А, 35 м/с. П – түйіршіктің көрсеткіші (16 түйіршіктің көлемі 55%). К8-қыш біріктеменің түрі.

Шарықтастың диаметірнін Dшт және биіктігін Bшт анықтаймыз. Ішкі беттей ажарлауда Dшт/Dтес=0,8...0,9 ұсынылады (169 бет, 14 карта). Dтес – ажарланатын тесіктің диаметрі. Көрсетілген қатынасты 0,85-деп аламыз. сонда Dшт=0,85 · Dтес=0,85*60=51 мм. [11] анықтамалықтың 32 беттегі келтірілген шарықтастардың стандарттық негізгі өлшемдерінің сипаттамаларына сәйкес Dшт=50 мм-деп қабылдаймыз.

Ұзындығы l=25…75мм өңделетің тесіктерге шарықтастың биіктігін (енін) BK 10…15мм кем қабылданады, яғни . өлшемдер стандартпен қарастырылған. 3К228В білдектің паспорттағы мәліметтері бойынша , яғни шарықтасты 3К228К білдегіне қондыру мүмкін.

2) Кесу режимін тағайындау. Қабылданған кесу жылдамдығына сәйкес ажарлау шарықтастың айналу жиілігін анықтаймыз:

3К228В білдегінің паспорттық мәліметтерімен nш=13000 мин-1 деп қабылдаймыз.

Өңделетін дайындаманың айналу жиілігін анықтаймыз (172-173 бет, 15 карта, 1 табақ). Қаттылығы HRC 30...50 болатын диаметрі Dтес=63 мм тесікті ажарлауға nD=200 мин-1. nd

3К228В білдегінің айналдырықтың айналу жиілігі 100...600 мин-1 шекте сатысыз реттелінеді. Сондықтан nD=200 мин-1-деп белгілеуге әбден болады. Шеңберлік берістің қозғалысының жылдамдығы:

Бойлық берістің қозғалысының жылдамдығын анықтаймыз:

(мөлшемдіктерде минуттік бойлық беріс деп аталған Sш). 172-173 беттегі, 15карта, 1 табаққа сәйкес және .

Бойлық берістің түзету коэффицентерін ескереміз.

Өңделген беттің кедір-бұдырлык параметрлерінен тәуелді түзету коэффицентіне КSM=0,77 (Ra=0,63 мкм-ге сәйкес. 177 бет, 15 карта, 3 парақ)

Дайындаманың қалпынан тәуелді түзету коэффициенті КSM=1 (178 бет, 15 карта, 4 парақ)

 

Сонымен

Бойлық берістің жылдамдығы 3К228В білдегінде сатысыз реттеледі (білдекте ), яғни мүмкін.

Шарықтастың көлденең берісін анықтау. Дайындаманың диаметрі Dd=63 мм шарықтастын ені Вш және nd=200 мин-1 (173 беттегі, 15 карта, 1 табақта) Sекі.ж=0,004 мм/екі.ж. Көлденең берістің түзету коэффициенттерін ескереміз. Өңделгеннен материалмен өңделудің дәлдігінен тәуелді түзету коэффициенті КSt=1 (175 бет, 15 карта, 2 парақ). Бұл мән көміртекті құрылымдық болатқа және Н7 (ескі белгілеу – 2-ші сынып дәлдігі) шақтама өрісіне сәйкес.

Әдіптен тәуелді түзету коэффиценті КSt2=0,93-деп аламыз, (неге десеніз) өйткені шарт бойынша радиустық әдіп 0,2мм (диаметрлік – 0,4мм). (КSt2=0,93 мәні 0,3мм мен 0,5мм әдіптерге сәйкес КSt2=0,87 және КSt2=1,0 коэффиценттерді интерполиралаумен табылған, яғни ; )

Ажарлау шарықтастың диаметрінен тәуелді түзету коэффициентінен, алынған қатынасқа сәйкес, КSt3=1 деп аламыз (176 бет, 15 карта,3парақ).

Өлшемді бақылау тәсілінен тәуелді түзету коэффициенті КSt4=1,2 (177 бет, 15 карта, активті бақылау).

Дайындаманың қатаңдығы мен бетінің пішінінен тәуелді түзету коэффиценті КSt5=1 (177 бет, 15 карта, және цилиндрік бет).

Өңдеу дәлдігі мен білдектің қатаңдығынан тәуелді түзету коэффициенті Кж=1 (110 бет, 2 карта, іштей ажарлау білдегі 3К22В).

Ажарлау шарықтастың қаттылығынан тәуелді түзету коэффиценті К=1 (169 бет, 14 карта, шарықтастың қаттылығы С2).

Түзету коэффицентердің ескерумен, Sекі ж мәнін анықтаймыз:

3К228В білдегінің паспорттық мәліметтеріне сәйкес S=0,004мм/2ж – деп қабылдаймыз.

Кесуге жұмсалатын қуатты анықтау. Өңделетің дайындаманың материалы өңделетін материалдардың бірінші тобына жатады (109 бет, 1 карта).

және мәндерге сәйкес, бірінші топтағы өңделетін материалдарға, (179 бет, 16 карта).

Қуаттың түзету коэффиценттерін ескеріп, Nкесу қуатын анықтаймыз. Шарықтастың ені Вшт=50мм, қаттылығы С2.

Бұл мәндерге сәйкес қуаттың түзету коэффициенті КN1=1,16 (180 бет, 16 карта, 2 табақ).

.

Ажарлау айналдырықтың жетегінің қуатының жеткіліктігін анықтау. 3К228В білдегінің Nж=5,5кВт, (пайдалы әсер коэффиценті).

.

Na ≥ N кесу; ; 4,7>3,85, яғни өңдеу мүмкін.

Негізгі өңдеу уақытын анықтау. Негізгі өңдеу уақыты төменгі формуламен анықталады [ ]:

Мұнда: L – үстелдің жүрісінің ұзындығы мм. Шарықтастың әрбір жаққа асыпкескіштігі 0,5 Вш мм.

 

7- тапсырма. 3К228В іштей ажарлайтын білдікте диаметрі Dd және ұзындығы өтпелі тесік ажарланады. Өңдеуге берілген әдіп (12-кесте). Білдек өңделетін дайындаманы активті бақылау құралмен жабдықталған.

Қажетті: ажарлағыш шарықтасты таңдау, оның сипаттамаларын анықтау; мөлшерлік кестелерді пайдаланып кесу режимін тағайындау, кесуге жұмсалатын қуаты және негізгі өңдеу уақытын анықтау. Өңдеу нобайын көрсету.

 

 

12 кесте – Жетінші тапсырмаға мәліметтер

Вари-анттың номері Дайындама материалы Өңдеу, өңделген беттің кедір-бұдырлығының параметрі, , мкм Дайындаманың параметрлері, мм
Dd, мм h
У7А шынықтырыл-ған, HRC61 тазалай, 1,0   0,22
40Х шынықтырылған, HRC53 тазалай, 0,5 0,15
Бт5 шынықтырылмаған алдын-ала, 2 0,25
45Х шынықтырылған, HRC46,5 тазалай, 1,0 0,18
40 шынықтырылған, HRC36,5 тазалай, 1,0 0,2

 

12 кестенің жалғасы

35 шынықтырылмаған алдын-ала, 2 0,25
45 ХН шынықтырылған, HRC43,5 тазалай, 0,5 0,15
40 шынықтырылмаған тазалай, 1,0 0,2
40 шынықтырылмаған алдын-ала, 2 0,25
40ХНМА шынықты-рылған, HRC56 тазалай, 0,5 0,2
Болат 45 шынықтырылған, HRC41,5 тазалай, 0,63 0,3
Сұр шойын, НВ180 тазалай, 1,25 0,25
40Х шынықтырылмаған тазалай, 0,63 0,25
40 шынықтырылған, HRC5,5 тазалай, 1,25 0,15
Сұр шойын, НВ200 тазалай, 1,25 0,25
Бт5 шынықтырылмаған тазалай, 0,63 0,15
40Х шынықтырылған, HRC53 тазалай, 0,63 0,25
Сұр шойын, НВ220 алдын-ала, 2 0,25
35 шынықтырылмаған тазалай, 1,25 0,2
30 ХГС шынықтырылған, HRC56 тазалай, 0,63 0,25
             

 

8-мысал. 3П722 тік бұрышты үстелді жазық ажарлайтын білдегінде ені В═110мм, ұзындығы ℓ═280 мм, биіктігі h═20-0,05 мм тақтайшаның жазық беті ажарланады. Алынатын әдіп h ═0,35 мм. Өңделген бетінің кедір-бұдырлығынын параметрі Rа═1,25 мм. Дайындаманың материялы – шынықтырылған болат 45 XH, қаттылығы HRCэ 51,5. Білдектің магниттік үстелінде 6 дайындама (Бір қатарда 3 дайындамадан) қондырылған.Өңдеу нобайы 20 суретте көрсетілген.


20-сурет. Жазық ажарлайтын білдегіндегі өңдеу нобайы

 

Қажетті: Ажарлағыш шарықтасты және оның сипаттамаларын анықтау, кесу режимін тағайындау, кесу қуатын және негізгі өңдеу уақытын анықтау. Өңдеудің нобайын келтіру.

Шешімі: ([5]мөлшерлікпен) Ажарлағыш шарықтасты таңдау.1)Шарықтастың сипаттамаларын белгілейміз. Кедір-бұдырлық параметрлері Rа═1,25, шарықтастың шеттілігімен ажарлауда қамтамасыз етуге 14А25СМ26-7к шарықтасы ұсынылады [190 бет, 18 карта]. Ұсынылған шарықтасты қабылдаймыз.

Шарықтастың сипаттамалары: ажарлау түйіршіктің материялы-қалыпты электрокорунд 14А, түйіршіктігі 25, қаттылығы СМ2, құрылымы №7, біріктірме-қышбұйымдық.

Түйіршіктік көрсеткіш (индексі) П (негізгі бөлікшенің мөлшері-55%). Электрокорундық шарықтастың шеттігімен жұмыс жасауда, жазық ажарлайтын білдекте кәдімгі ПП (жазық тік пішінді) типті шарықтасты қол-данады. Қабылданған шарықтастың толық сипаттамасының таңбасы – ПП14А25 ПСМ27К1А – 35м ⁄с.

3П722 білдегінде (паспорттық мәліметтерге сүйенгенде) жаңа шарықтастың диаметрі Д═450 мм, биіктігі В═80 мм.

2)Кесу режимін тағайындау. 35 м⁄с кесу жылдамдығына сәйкес шарықтастың айналу жиілігін анықтаймыз:

3П722 білдектің паспорттық мәлеметтері бойынша Пш═1500 мин-1

Бойлық беріс қозғалысының жылдамдығын анықтау. (Мөлшерліктерде бойлық беріс дайындаманың жылдамдығы деп аталады) (194-195 беттер, 19 карта, 3 табақ). Қаттылығы HRC≤56 конструкторлық болаттарға

Шарықтастың көлденең берісін анықтау.(194 бет, 19 карта, 3 парақ). Өңделген беттің кедір-бұдырлық параметрі Ra═1,25мкм және ені В═80мм ажарлау шарықтасына S ═32мм/ж.

Өтпелі тереңдіктің берілісін анықтау. 194-196 бет, 11карта, 3 парақ). Өтпелі тереңдіктің беріліс қозғалысы (шарықтастың тік берілісі) көлденең беріліс қозғалысының кері қимылдау кезеңінде жүзеге асырылады. Конструкционды болаттың қаттылығы 51,5 HRC, өңделуге берілген әдіп 0,35мм, көлденең берілісі S≤38мм/ж, S═0,014мм (ажрлау тұғырдың кері қимылдауында). Берілістің түзету коэфициенттерін ескереміз. Өңдеу материялы және өңдеу дәлдігіне тәуелді түзету коэфициенті Кst1═1,5, болат 45ХH, тақтайшаның биіктігінің ауытқу шақтамасы 0,05мм, өңделген беттің кедір-бұдырлығының параметрі Ra═1,25мкм-ге сәйкес, (195 бет, 19 карта, 3 парақ). Кst1═0,71 түзету коэфициенті шарықтастың өлшемдеріне үстелдің дайындамаларымен толтырылу дәрежесі –

∑F3-ажарлау беттерінің қосынды ауданы, мм2; Вd,Ld-станоктың үстелінде орналасқан ажарланатын дайындамалардың габариттік ені мен ұзындығы. Демек, ; ; . Үстелдің толтырылу дәрежесі. – .

Өңдеудің дәлдігі мен білдектің қатаңдығына тәуелді түзету коэффициенті - Кж═1 (110 бет, 2 карта).

Ажарлағыш шарықтастың қаттылығына тәуелді түзету коэффициенті; К1═1 (190 бет, 18 карта).

Түзетілген коэффициенттері қосып санағанда:

білдектің паспортында келтірілген.

Кесуге жұмсалатын қуатты анықтау.

S≤35 мм/ж,Stx=0.015мм режимдік параметрлерімен өңделетін екінші топтағы материалдарға Nк =8.4 кВт (198-199бет, 20 карта, 1 парақ ). Қуаттық түзету коэффицентін ескереміз KN =1,05 (200 бет 20карта 2парақ ).

Кесу қуаты –

Ажарлау айналдырықтың жетек қуатының жеткіліктігін анықтаймыз.

3П722 білдегінің ажарлау айналдырығының қуаты:

яғни өңдеу мүмкін.

Негізгі өңдеу уақытын анықтау.

Мұндағы: H-шарықтастың көлденең беріліс бағытына қарай жылжуы, мм (H=Bq+Bш+5мм; Bq – үстелде қондырылған дайындамалардың ажарланатын беттерінің қосынды ені, мм; Вшт – ажарлау шарықтасының ені Вшт=80мм).

L-үстелдің бойлық жүрісінің ұзындығы L=Lq+(10…15).

Lg=үстелде қондырылған дайындамалардың қосынды ұзындығы, ; h=0,35мм – бетке берілген әдіп: q– үстелде қондырылған дайындамалардың саны – 6 дана.

 

8-Тапсырма.3П722 жызық ажарланған тікбұрышты үстелді станокта ені ұзындығы биіктігі h1 тік бұрыш қалыпты дайындаманың жазық беті ажарланады. Бір жақты әдіп h1 білтіктің магниттік үстелінде дайындама орнатылған (8-кесте).

Табу керек: ажарлағыш шарықтасты таңдау, оның сипаттамасын анықтау. Мөлшерліктермен кесу режимін тағайындау, негізгі өңдеу уақытын анықтау.

 

13 кесте – Сегізінші тапсырмаға мәліметтер.

Вар-тың номе-рі Дайындама материалы Беттің кедір-бұ-дырлығы, ,мкм Дайындаманың параметрлері, мм Дайындамалардың үстел үстінде орналасу тәсілі
, мм , мм , мм h, мм q, мм
Болат Бт5 шынықтырыл-маған 1,25 25-0,05 0,5  
Сұр шойын, НВ220 1,25 50-0,05 0,45 2 қатар
Болат 45ХН шынықтырыл-ған, HRC53 0,63 20-0,02 0,25 4 қатар
Сұр шойын, НВ190 1,25 45-0,05 0,4 1 қатар
Болат 45Х шынықтырыл-ған, HRC41,5 0,63 30-0,03 0,35 2 қатар
Болат 35 шынықтырыл-маған 1,25 22-0,05 0,30 2 қатар

 

 

13 кестенің жалғасы

Сұр шойын, НВ170 1,25 60-0,07 0,5  
Болат У7А шынық-тырылған, HRC56 0,63 10-0,02 0,2 5 қатар
Болат 45 шынықтырылмаған 1,25 15-0,05 0,3  
Болат 40 шынықты-рылған, HRC36,5 0,63 12-0,03 0,25 3 қатар
Болат 40Х шынықты-рылған, HRC53 0,50 15-0,08 0,25 2 қатар
Болат 40ХНМА шы-нықтырылған, HRC56 0,50 30-0,03 0,4 2 қатар
Сұр шойын, НВ220 1,0 25-0,05 0,35 2 қатар
Болат 12Х18Н9Т 1,0 40-0,04 0,45 2 қатар
Болат У7А шынық-тырылған, HRC61 1,25 24-0,03 0,35 5 қатар
Болат 30 ХГС шы-нықтырылған, HRC56 0,63 20-0,02 0,5 4 қатар
Болат 40 шынықты-рылған, HRC41 1,25 30-0,06 0,4 -
Сұр шойын, НВ190 2,0 50-0,05 0,4 Бір қатарда
Болат 45 шынықты-рылмаған 2,0 20-0,05 0,3 Екі қатарда 3 дана
Болат 40Х шынықты-рылған, HRC51 0,50 1508-0 8-0,02 0,2 6 қатар

Ажарлау- қатты және жұмсақ күйдегі металдарды өңдеудің соңғы түрі болып табылады.Ажарлаумен қарапайым цилиндр біліктерді, саңлауларды жазық беттермен қатар күрделі қырпішінді беттерді, мәселен тісті доңғалақтарды, оймакілтекті біліктерді бұрандаларды бұрамдықтарды, бағыттауыш тұғырларды өңдеуге болады.

Осы процестерді ажарлау құралдары бір-біріне байланысты қимыл жасайды. Олардың әртүрлі бағыттары төмендегі суреттерде көрсетілген. Сыртқы дөңгелекті ажарлау көбінесе дөңгелекті ажарлайтын білдектерді қалыптастыруда қолданылады.Бұл ажарлау көлденең және бойлай болып екіге бөлінеді.

Көлденең тартып ажарлау келесі әрекеттер арқылы орындалады: ажарлау дөңгелегін (1) айналдыра кесудің ең басты жұмысы, өңделген қалыптың өз өсі бойынша (2) айналдыру қалыпты айналдыра тарту: қалыптың өз өсін жағалата (3) бойлай қайта қайту жұмыстары қалыптың көлденең бойлай тартуы: ажарлау доңғалағының (4) қалыпқа көлденең жақындауы қалыпты көлденең тарту немесе терең ажарлап тарту. Ажарлаудың көлденең тартуы (4) білдектің бір немесе екінші реттік жұмысында қайталанып отырады.

Қазіргі уақытта көлденең тартуда бүкіл ауытқуларды бір өшіргенде жою үшін тереңдеп ажарлау немесе доңғалақша орнатылған ажарлау әдісі көбірек қолданылады. Бұл әдісте бір жақа ғана жіберу орындалады. Қалыпты ажарлағаннан кейін, үстел келесі қалыпты орнату үшін бастапқы орынға келеді. Бұл тәсілде ажарлау қондырғысының бөлігі өзгермейді,сонымен қатар ажарлаған бөлшектердің өлшемдері тұрақты болып қалады.

Сыртқы бойлай ажарлауда қалыптар көлденең орналаспайды, олар ұзындығы бойынша бірақ ажарланады. Бұл жерде доңғалақтың екі қалыптың ұзындығына тең немесе одан өсуі керек. Бойлай ажарлау әрекеттері толасыз жүріп тұрады. Ауытқулардың басты бөлігін үлкен бойлаумен (0,6......мм) минут, ал қалған бөлігін.... минут бойлай ажарлаудан алады.Содан кейін бойлай ажарлау жұмысының беріліс қозғалысы қосылады да,содан кейін шарықтас кейін қайтады да, жаңа дайындама қондырылады.

Осы тәсілмен сатылы тетіктер мен қырпішін ажарлауға болады, осы уақытта ажарлағыш шарықтас алынатын бұйымның қырпішініне сәйкес болуы керек.

 

21-сурет. Ажарлау қозғалысының сүлбесі.

 

Орталық ажарлау ажарлайтын шарықтас кесу процесі арқылы қарапайым орталықты ажарлайтын білдектер секілді іске асырылады.

Бұл процестің ерекшелігі ажарланатын дайындаманың беріліс қозғалысымен бекітілуі анықталынады. Орталықсыз сыртқы ажарлауда ажарланатын дайындама 2 шарықтастың ортасында тіреуіш пышаққа орнатылады.

Орталықсыз ажарлау процесі орындалу үшін келесідей қозғалыстар қажет: 1 ажарлайтын шарықтастың айналымы, берілетін шарықтастың айналымы (4), дайындаманың дөңгелек және беріліс қозғалысы. Берілген шарықтастың айналымы ажарлайтын шарықтастың өсіне ... бұрышы арқылы орнатылады. Өңделетін дайындамаға айналмалы-2 дөңгелек беріліс қозғалысы және өс бойынша орын ауыстыру 3- бойлық беріс қозғалысы арқылы жүргізіледі. Егер бұрыш болса, онда дайындаманың бойлық беріліс қозғалысы қатыспайды және ажарлау кірекесу болып табылады.

Дөгелек ішкі ажарлау бойлық қозғалыс беріс ажарлағышы мен центірсіз ажарлау болып бөлінеді.

Дайындаманы қысқыға дөңгелек шарықтастың ішкі ажарлауында бойлық қозғалыс берілісі келесі қозғалыспен орындалады.1-ажарлау айналым бойлық қозғалыс берілісіне 3 шеңбер көлденең қозғалыс берілісі, 4 ажарлау шарықтасын бекітеді.

Ішкі ажарлауда бойлық қозғалыс берілісі 1ажарлау айналым қозғалысымен орындалады.

Жазық бетті ажарлау екі түрге бөлінеді: шеттік ажарлау және шарықтастың бүйіржағымен ажарлау .

Тегіс ажарлайтын білдектер үшін бұл екі түрдің алатын рөлі ерекше, сонымен қатар білдектер түзусызықты шарықтастың үстелдермен ажыратылады.

Тегіс ажарлауға төмендегідей қозғалыс қажет;

Айналымы 1ажарлау шеңбері ең негізгі кесу қозғалысы, 2 дайындамасы қозғалыстың бойлық беріс беру (турасызықты қайта түсетін немесе үстелдің айналым қозғалысы) қозғалыс ажарлауышын тереңдікке беру. Көлденең қозғалыс беру дайындамасы (шарықтас ажарлауышы) бір бағытта бойлық беру 2 перпендикулярға тең. Егер ажарлауыш шарықтас барлық ажарлау бөліктерін жауып тастаса, онда көлденең беріс қозғалысы шығып қалады.

Машинажасау, білдекжасау,құралжасау өндірістерінде жоғарыда айтылған ажарлау түрлерімен қатар шетжақ ішкі,сыртқы конус тәрізді бетті ажарлау түрлері де кеңінен таратылған. Конус тәрізді бетті сыртқы ажарлау тәсілдері көп жағдайда жонғыш білдектердігі өңдеулермен ұқсас келеді. Бұрыштарының конус тәрізділігіне байланысты, дайындаманы өңдеу мынандай тәсілдермен қолданылады. Егер конусты бұрыш 15::::аспаса, онда үстелдің үстіңгі бұрышы бөлігін ажарлау әдісімен қолданады .

Білдектің үстіңгі үстел бұрышы бұрылады, сонда дайындаманың конустық бұрышы тең болады. Мұндай конус түзілетін үстіңгі үстелдерді қондырған кезде шарықтасқа қатысты білдек үстелінің қозғалысын паралелді орналастырады. Ажарлау бойлық өтпемен жүргізіледі. Ажарлау басшасының көлденең орын ауыстыруы цилиндр тәрізді беттерді ажарлау кезіндегідей жүзеге асырылады. 15:::: жоғары конус тәрізді бұрышпен дайындама алдыңғы басша бұрылысын немесе ажарлайтын басшаны ажарлайды.

 

 

22-сурет.Сыртқы конусты беттерді ажарлау тәсілдері.

 

Алдыңғы басшаға орнатылған өңделетін дайындаманы қысқыға қысады. Ажарлау процесі көлденең беріс қозғалысы және бойлық цилиндр тәрізді бетті ажарлаудағыдай жүзеге асырылады.

 

23-сурет. Ішкі конусты беттерді ажарлау тәсілдері

 

Ажарлаушы маман дөңгелек пішінді, 11-ші дәрежелі(4-ші класты) жоғары сапалы болаттың қарапайым орнықты өңделген сыртқы бетін ажарлай білуі керек. Өлшемі,беті кедір-бұдырлығы Rz = 20 мкм ден Ra = 0,8 мкм аралығында.

24 -сурет. 3М151моделді дөңгелей ажарлайтын білдектің негізгі бөліктері мен басқару органдары.

 

АБ-ажарлайтын басша,ТҒ-тұғыр; АБ-алдыңғы басша МБ-көлденең беріс механизмі; ГБ-гидравликалық басқару аспабеті; ҚМ-қондырғыны қолмен қозғалту механизмі; 1- сұйықтықты суытатын басқыш тұтқа; 2- жергілікті жарық қосқышы; 3-автоматты беріліс қосқыш тұтқасы; 4- қатаң тіреу қосқыш тұтқасы; 5- көлденең тегершік қозғалысының берілісі; 6- таза беріліс кедергіші; 7-бастапқы береліс кедергіші; 8-гидросорғы қосқышы; 9-тегіс аудан қосқыш көрсеткіші; 10-дайындама айналымының таза көрсеткіші;. 11-қосу желісі; 12-тегістелеген механизм майының жоқтығы; 13-бағыттаушы қондырғының майының жоқтығы; 14-гидрожүйенің қоқым сүзгісі; 15-тездетілген беріліс; 16-бастапқы беріліс; 17-таза беріліс; 18-шығу; 19-бақылауларының бастырмалары, белгілер тізбегі; 20-алғашқы тегістегенде дайындаманың айналу дәлдігін өңдеу; 21-таза тегістегенде дайындаманың айналу дәлдігін өңдеу; 22-беріліс қозғалысы жылдамдығының жапсырма қосқышы; 23- қондырғының әр жүрісіндегі беріліс; 24-ажарлай кесу кезіндегі уақытты реттеу; 25-кезеңдік беріліс қозғалысын қайта қосу; 26-жалпы тоқтау бастырмасы; 27-ажарлау тетіктерін қайта қосу; 28-қондырғының тіреуге дейінгі жүріс саны; 29-ажарлайтын тұғыр бастырмасы; 30-қолмен беріліс жалғастырғышын ауыстырып-қосу;31-ажарлайтын тұғырды қайтару бастырмасы; 32- тегістеу әдісінің қосқышы (кесілген,); 33-беріліс жылдамдығының төменгі бастырмасы; 34-жұмыс істеу тәртібін ауыстырып қосу; 35. «тоқта». дайындама айналымы; 36-дайындаманың айналу қосқышы (қолмен, автоматты); 37- дайындаманың айналуын қосу; 38- тегістелген ауданның айналуын қосу; 39-алдыңғы тұғыр қолсапты ретке келтіру; 40-ажарлайтын дөңгелек қолсабы; 41-алдыңғы тұғыр қолсабын қысу; 42-түзету үстелінің орын ауыстыру жылдамдығын реттеу кедергіші; 43-қондырғының таза тегістелген кездегі орын ауыстыру жылдамдығының бақылау кедергіші; 44-ажарлайтын тұғырды тез арада қайтару қолсабы; 45-қондырғының оң жақ кешігу керіқимылын анықтау; 46-алдыңғы тұғырды қайтару басқышы; 47-қондырғының бастапқы тегістелген кездегі орын ауыстыру жылдамдығын бақылау кедергіші; 48-қондырғының сол жақ кешігу резервін бақылау кедергіші; 49-үстелдің керіқимыл тұтқасы; 5-үстелдің қолмен орын ауыстыру тегершігі; 51-үстіңгі үстелдің айналу бұрамасы.

Тегіс тегістелген, айнала тегістелген және центрсіз тегістелген қондырғыда келесідей өңдеу ескеріліп және кесу тәртіптерін технологиялық карта бойынша тегістелген дөңгелектерді түзеу. Тегістелген және жоғары сапалы дөңгелекті болатты тегістеуге жіберу.

Айнала тегістелген қондырғының моделі 3М151 кинематикалық кестесі.

Пішіні 8 бен 9 квалитетті (3-класты) өлшемі кедір-бұдырлы Ra=1,25...0,4мкм аралығында.

 

25-сурет. 3М151моделді дөңгелей ажарлайтын білдектің кинематикалық сүлбесі

 

Арнайы автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған қондырғыда белгіленген дайындамаларды өңдеуде ыңғайлы құрылғылар пайдаланылады.

Басты-қозғалыс тегістелген айналдырықтың айналуы, электрқозғалқыштары және клиномерді беріліс көмегімен ажарлайтын тұғырда орындалады.

Екі ауыспалы тегер диаметрі 177мкм (жаңа дөңгелек үшін) және 128мкм айналдырықтың екі таза айналымын қамтамасыз етеді. Тегістелген дөңгелек п, және пг, жаңа тегістелген дөңгелекте жұмыс істегенде диаметрі Dн =600 мыңның таза айналымы.

мұндағы, 0,985 белдік үйкелісінің еселеуіші, ол ең басты бөлектегіш қозғалысының ең жоғарғы жылдамдығы

 

Диаметрі Dн =450мм тең тозған өңдеуші дөңгелектің жүрмеген кезіндегі айналу жиілігі

 

 

ал, ең басты бөліктегіш қозғалысының ең төменгі жылдамдығы

 

 

Өңдеуші дайындамасының айналуы кезінде 220-2200 айн/мин тең, айналу жиілігіндегі сатысыз реттеу электрқозғалтқыш немесе екі сына белдікті беріліс арқылы айналмалы үстелдің ретін айналымға келтіреді.

Центрі орналастырылған алдыңғы қоспаны айналдыру бастапқы процесінде айналмайды. Яғни, бастапқы дайындамасының айналу жиілігін сатысыз nmin-нен nmax дейін реттеуге болады,

оның мәні:

 

Осыған байланысты білдектерде шарикты бұрағыш жұп қолданылады, оның ерекшелігі, аса жоғары дәлдігінде, қиындыққа төтеп беруі және қаттылығы; сомынды алдын ала қатайту және диаметрі үлкен бұрағыш арқылы осының бәрі жүзеге асады соңғы ретте, бұранда өс бағытымен бекітіледі, оған күшті құрылғы арқылы алдын ала қатайтып барып қолданады.

Білдектерді дәстүрлі білдектермен салыстыратын болсақ, оның кинематикалық ерекшелігі қозғалтқыштан қабылдағыш механизміне қозғалуы, ол автоматтың жұмысынан әлдеқайда аз, барлық жұмыс қозғалысы үшін де, жонғыш білдектің жылдамдық қорапшасы қатты айналдырықты, кең диапазонды жиілігінің айналуына ие; айналдырыққа қозғалыс арнасы арқылы беріледі, айналу жиілігін әсер ету автоматты қорапша жылдамдығы арқылы жүзеге асады, ол айналдырықтан бөлек орналасады. Осы сияқты құрылғылау ерекшеліктері статистикалық және динамикалық қаттылық жетегінің артуына мүмкіндік береді.

Білдектердің күштілігі соншалық, ол қабылдағыш механизмінің аса жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар көзге көрніксіз механикалық арна арқылы іске қосылады.

Жұмыс процесінің өзгеру дәлдігі көбінесе механизмді тоқтату уақытының жасалу дәлдік дәрежесіне байланысты: электромагниттік жалғастырғыш, электрқозғалтқыш, тежеуіш құрылғыларының да рөлі ерекше орын алады. Тежеуіш уақытты азайту және құрылымдаушы қосқыш тербеліс массасының айналу болшегін азайту үшін және уақыт жетегінің электромеханикалық тұрақтылығына тәуелді.

Реттеушінің жұмысы. білдектегі, аса жоғары дәлдік пен өндіргіштік құрылғыны, оның құрылысымен алынатын күрделі жұмыстың нәтижесі ең негізгі болып саналады. Оны сапалы дәрежеде қолдану ұжымның жұмысына және өндірістік техникалық құрал-жабдықтарына байланысты. білдекті реттеуші келесідей жұмыстарды атқара білуі керек; білдектер техникалық жарамды әрі жұмыс күйінде болуы тиіс; білдектердің тұрып қалмайтындый етіп сенімді жұмыс атқаруын бақылау; еңбек өндіргіштігін арттыру, еңбек сыйымдылығының таратылуын бақылау.

Бұл салада есептегіш техника ретінде, автоматтандырлған басқару жүйесі; электр және гидрожетектермен жұмыс істеу қағидаларын жан-жақты меңгерген мамандар қызмет атқарады.

Жоғары дәрежелі реттеуші, астарлы жүйесін білу үшін теориялық білімі тәжірибелік біліміне сай келуі керек, өйткені ол білдек бұзылған жағдайда дереу керекті шаралар қолданады. Реттеуші бір ғана білдектің емес, бүкіл білдектердің жүйесіне қоса, қызметтік сәйкестігін де бақылауы тиіс.

 

 

А – ТІРКЕМЕ

Кейбір металлкескіш білдектердің паспортық мәліметтері

16К20 модельді жонғыш – бұрамакескіш білдек

Центрлердің биіктігі – 215 мм;

Центрлердің ара қашықтығы – 710, 1000, 1400, 2000 мм;

Қозғалтқыштың қуаты Nқ=10 кВт;

Білдектің ПӘК-і ;

Айналдырықтың айналыс саны, мин-1; 12,5; 16; 20; 25; 31.5; 40; 50; 63; 80; 100; 120; 160; 200; 250; 315; 400; 500; 630; 800; 1250; 1600.

Бойлық берістер, мм/айн: 005; 006; 0,075; 0,09; 0,1; 0,125; 0,15; 0,175; 0,2; 0,25; 0,3; 0,35; 0,4; 0,5; 0,6; 0,7; 0,8; 1,0; 1,2; 1,4; 1,6; 2; 5,4; 2,8.

Көлденең берістер, мм/айн: 0,025…1,4.

Беріс механизімінен жіберілетін максималды өстік кесу күші, P=6000Н

 

16Б16П модельді жоңғыш-бұрамакескіш білдек

Болат дайындамада өңделетін тесіктің ең үлкен диаметрі, мм: тұғырдың үстінен 320, құралкүймешектің үстінен – 180;

Өңделетін дайындаманың ең үлкен ұзындығы – 1000 мм;

Кескіш тұтқасына орналатын, кескіштің биіктігі – 25 мм;

Айналдырықтың айналу жиілігі, мин-1: 20; 25; 31,5; 40; 50; 60; 80; 100; 125; 160; 200; 250; 315; 400; 500; 630; 800; 1000; 1250; 1600; 2000.

Бойлық берістер, мм/айн: 0,05; 0,06; 0,07; 0,08; 0,1; 0,12; 0,15; 0,17; 0,2; 0,25; 0,3; 0,35; 0,4; 0,5; 0,6; 0,7; 0,8; 1,0; 1,2; 1,4; 1,6; 2; 2,24; 2,8.

Көлдененең берістер, мм/айн: 0,025...1,4.

Беріс механизімінен жіберілетін максималды өстік кесу күші, P=6000Н

 

2Н125 модельді тікбұрғылайтын білдек

Болат дайындамада өңделетін тесіктің ең үлкен диаметрі – 25 мм;

Қозғалтқыштың қуаты - Nқ=2,8 кВт;

Білдектің ПӘК-і ;

Айналдырықтың айналыс саны, мин-1: 45, 63, 90, 125, 180, 250, 355, 500, 710, 1000, 1400, 2000.

Беріс, мм/айн: 0,1; 0,14; 0,2; 0,28; 0,4; 0,56; 0,8; 1,12; 1,6.

Беріс механизімінен жіберілетін максималды өстік кесу күші, P=9000Н

 

6Т82Г горизонталь жоңғылау білдегі

Үстел бетінің ауданы 320*1250 мм2;

Қозғалтқыштың қуаты – Nқ=7,5 кВт;

Білдектің ПӘК-і ;

Айналдырықтың айналыс саны, мин-1: 16; 20; 25; 31.5; 40; 50; 63; 80; 100; 125; 160; 200; 250; 315; 400; 500; 630; 800; 1000; 1250.

Бойлық және көлденең беріс қозғалыстарындағы үстелдің жылдамдығы, мм/мин: 12,5; 16; 20; 25; 31.5; 40; 50; 63; 80; 100; 125; 160; 200; 250; 315; 400; 500; 630; 800; 1000; 1250.

Тік берісті пайдаланбағандықтан ол туралы мәліметтер берілмейді.

 

6Т13 модельді тік жоңғылау білдегі

Үстел бетінің ауданы 400*1600 мм2;

Қозғалтқыштың қуаты - Nқ=11 кВт;

Білдектің ПӘК-і ;

Айналдырықтың айналыс саны, мин-1: 16; 20; 25; 31.5; 40; 50; 63; 80; 100; 125; 160; 200; 250; 315; 400; 500; 630; 800; 1000; 1250.

Бойлық және көлденең беріс қозғалыстарындағы үстелдің жылдамдығы, мм/мин: 12,5; 16; 20; 25; 31.5; 40; 50; 63; 80; 100; 125; 160; 200; 250; 315; 400; 500; 630; 800; 1000; 1250.

Тік берісті пайдаланбағандықтан ол туралы мәліметтер берілмейді.

 

3К228В модельді іштен ажарлау білдегі

 

Ажарлайтың тесіктің ең үлкен диаметрі 200 мм;

Өңделетін беттің ең үлкен ұзындығы 200мм;

Ажарлағыш бастиек қозғалқышының қуаты – Nж=5,5 кВт;

Білдектің ПӘК-і 5;

Ажарлағыш шарықтастың айналу жиілігі мин-1: 4500; 6000; 9000; 13000;

Өңделетің дайындаманың айналу жиілігі (сатсыз реттеу), мин-1: 100...600;

Ажарлағыш басшаның бойлық жүрісінің жылдамдығы 1...7 м/мин (сатсыз реттеу);

Ажарлағыш дөңгелектің көлденең берісі, мм/ж: 0,001; 0,002; 0,003; 0,004; 0,005; 0,006;

Ажарлағыш дөңгелектің ең үлкен өлшемдері: Dшт = 175мм; Bшт = 63мм;

 

3П722 модельді жазық ажарлайтын білдегі

Үстел жұмыс бетінің ауданы: 320*1250 мм2

Ажарлағыш бастиек қозғалтқышының қуаты - Nқ=15 кВт

Білдектің ПӘК-і 5

Ажарлағыш шарықтастың айналу жиілігі – 1500 айн/мин

Үстелдің бойлық жылдамдығы (сатысыз реттеу) – 3...45 м/мин

Шарықтастың көлденең берісі – 2...48 мм/ү.ж.

Шарықтастың ажарлағыш бастиегінің периодвна сәйкес тік берісі, мм: 0,004; 0,005; 0,01; 0,02; 0,025; 0,03; 0,035; 0,04; 0,045; 0,05; 0,055; 0,06; 0,065; 0,07; 0,075; 0,08; 0,085; 0,09; 0,095 және 1

Жаңа ажарлағыш шарықтастың өлшемдері: Dш=450 мм; B=80 мм


Б – ТІРКЕМЕ

КЕЙБІР ӨҢДЕУЛЕРДЕ ПАЙДА БОЛАТЫН КЕДІР-БҰДЫРЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА СӘЙКЕС ДӘЛДІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСКІ ЖАҢА БЕЛГІЛЕУЛЕРІ

Өңдеу тәсілдері Кедір-бұдырлық Дәлдік
Сала стандарты МСТ 2789-73 Дәлдік сынып 1 – ССТ жүйесі бойынша Квалитет МСТ 25347-82
  Ra   Rz
Токарлық өңдеу Алдын ала өңдеу (қаралтым) Жартылай таза өңдеу Таза өңдеу Алмасты жұқалай өңдеу   3- 5   6- 7     8- 9   20...3,2   2,5...0,8     0,63...0,20   80...12,5   10...4,0     3,2...1,0   4...7   4, 5     3, 4   11, 12   10, 11     7, 9
Бұрғылау 4- 6 10...1,6 40...8,0 4,5 10...12
Жонғылау Қаралтым өңдеу Таза өңдеу Жұқалай өңдеу   3- 5 6- 7 8- 9   20...3,2 2,5...0,8 0,63...0,20   80...12,5 10...4,0 3,2...1,0   5, 7 1, 2   12...14 10, 11 6, 7
Ажарлау Қаралтым өңдеу Таза өңдеу Жұқалай өңдеу   8- 9 9- 11 10- 12   0,63...0,20 0,32...0,05 0,16...0,025   3,2...1,0 1,6...0,25 0,8...0,125   2, 2а 1, 2   8, 9 7, 8 5, 6

 

В – ТІРКЕМЕ