Жұмыстың орындалу реті

12.4.1. Жарық көзін қосып, гониометр алиадасын бақылау тұрбасының осі коллиматор осімен сәйкес келетіндей деңгейге дейін бұрыңыз. Окулярдың бақылау өрісінде коллиматордың кіріс саңылауының кескіні пайда болуы тиіс.

12.4.2. Коллиматор мен бақылау тұрбасының фокусын тексеріп, қажет болған жағдайда келесі алгоритм бойынша баптаңыз:

- Оптикалық стендте автоколлиматор көмегімен тұрба фокусын «шексіздікке» баптаңыз. Автоколлиматор жоқ болған жағдайда, тұрбаны алыс орналасқан затқа визуальды түрде фокустауға болады.

- Гониометр алиадасын коллиматордың осімен бірдей қылып орналастырыңыз; Коллиматордың фокустаушы қозғалтқышын бұрау отырып ойықтың нақты кескінін алыңыз.

12.4.3. Зерттелуші объектіні үстелшеге қойып дифракцияланған немесе ауытқыған сәуленің болуын қадағалаңыз.

12.4.4. Призманың сындырушы бұрышы А мәнін анықтаңыз (жұмыста АР-90, бұрыштары 45 болатын призма қолданылады, 12.3-суретке қараңыз). Призманы тәжірибелік үстелшеге оның марғау бұрышының биссектрисасы шамамен жарық түсіп тұрған коллиматордың бiлiгiмен дәл келетiндей етiп орналастыру қажет. Бұл жағдайда призманың бүйiр қырлары айна тәріздес қызмет атқарады. Бастапқыда жай көзбен, кейін окуляр арқылы призманың бүйiр қырларынан шағылған сәулелердiң бағыты бойынша жарықтандырылған коллиматордың кiріс саңылауының кескінін алу. Окулярды коллиматордың оптикалық өсiне қатысты бұра отырып, оны алдымен өстің оң, кейін сол жағы арқылы саңылау кескінімен туралау. Гониометрдiң лимбқа және нониусы бойынша өлшеулерді жүргізіңіз ( және ). Призма осылай оналастырылған жағдайда iзделiп отырған А бұрышы келесі түрде анықталады: . Егер окулярды коллиматордың оптикалық өсiне қатысты сол жақтан оңға ауыстырған жағдайда лимба нөл көрсеткіші арқылы өтсе, онда . Призманың марғау бұрышының мәнін кемiнде үш рет анықтап, орташа мәнін табыныз.

12.3-сурет. Бұрыштары 45 болатын АР-90 призмасының сұлбасы

 

12.4.5. Шамның спектрiнiң әр түрлi толқын ұзындықтары үшiн ауытқу бұрышының ең кiшi мәнін өлшеу. Ең алдымен шамның сызық спектрiн окуляр арқылы көріп алыңыз. Ол үшін қондырғының элементтерiн келесi ретпен орнату қажет: призманы тәжірибелік үстелшеге 12.2-суретте көрсетiлген түрде орналастыру (бұл жағдайда коллиматор-объектив және окуляр арасындағы бұрыш шамамен 21-25 градусқа тең болады). Призмасы бар үстелше және окулярды бұра отырып спектр сызықтарының айқын кескініне қол жеткiзу керек. Бұдан кейін призмасы бар үстелшенi бір бағытта бұра отырып спектр сызықтарының қозғалуын бақылаңыз. Призмаға түсетін сәулелердің белгілі бір бұрыштық мәнінде бақыланып отырған спектрлық сызықтардың қозғалысы окулярдың көріну аймағында тоқтайды да, керi бағытта қозғала бастайды. Спектрлiк сызық қозғалысының тоқталу кезіндегі жағдайы ауытқу бұрышының ең кiшi мәніне сәйкес келедi. Окулярдың санақтық жіпшесін ең кіші ауытқудың жағдайындағы спектрдi сызығына сәйкестендіріп, N3 мәнін лимба және нониус бойынша есептеп өлшеңіз. Сәулелердiң бұрыштық координатасын өлшеу үшін призманы үстелшеден түсіріп, окулярды коллиматордың оптикалық өсімен сәйкестендіру, ал есептік жіпшені кіріс саңылауының кескінімен сәйкестендіріп және N4 мәнінің көрсеткішін анықтау. Онда кез келген спектрлiк сызық үшiн ең кiшi ауытқудың бұрышының мәні келесі түрде анықталады: (12.1-суретті қараңыз). Өлшеу жұмыстарын барлық спектрлiк сызықтар үшiн кемiнде 3 рет қайталау қажет. Алынған мәндердің орташасын анықтаңыз.

12.4.6. Тәжiрибеде анықталған А және бұрыштарының мәндері арқылы барлық көрcетiлген толқын ұзындықтары үшiн призманың оптикалық шынысының сыну көрсеткiшін есептеу.

12.4.7. Призманың оптикалық шынысындағы жарықтың дисперсиясын суреттейтiн графигін құрастыру.

12.4.8. Шынының сынуын көрсеткiші үшiн қателiктi анықтау формуласын қорытып шығару.

12.4.9. Оптикалық шынының сарғылт-жасыл спектрлік облысындағы дисперсиясын формуласы бойынша есептеу.