бап. Субъектiлердiң және лауазымды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi

1. Субъектiлердiң, лауазымды тұлғалардың:
1) өтiнiштердi белгiленген тәртiппен қарау үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
2) көрiнеу жалған мәлiметтерден тұратын өтiнiштердi тексеруге байланысты тартқан шығындарды өндiрiп алу туралы сотқа жүгiнуге құқығы бар.
2. Субъектiлер мен лауазымды тұлғалар:
1) осы Заңда белгiленген тәртiппен әрi мерзiмде жеке және заңды тұлғалардан өтiнiштер қабылдауға және оларды қарауға;
2) заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
3) қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
4) жеке және заңды тұлғаларға қабылданған шешiмдер туралы жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында хабарлауға;
5) жеке тұлғаларды, соның iшiнде заңды тұлғалардың мүддесiн танытушы тұлғаларды, олардың отбасы мүшелерiн субъектiлерге және лауазымды тұлғаларға олардың қызметiн сынап не құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында өтiнiш беруiне байланысты қудалаудың жолын кесуге;
6) шағымдарды iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғалардың қарауына жiбермеуге;
7) оларға қатысты мәселенi объективтi шешуге мүдделiлiк бiлдiрмейдi деп пайымдауға негiз болған адамдарға тексеру жүргiзудi жүктеу жағдайларын болғызбауға;
8) өтiнiш берген немесе оның мүддесi үшiн өтiнiш берiлген адамға жеке және заңды тұлғалардың зиян келтiретiн өтiнiшiне жол бермеуге;
9) жеке тұлғалардың, соның iшiнде заңды тұлғаның мүддесiн танытушы тұлғалардың келiсiмiнсiз олардың жеке өмiрi туралы мәлiметтердi немесе мемлекеттiк не заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге; жеке тұлғаның жеке басы туралы өтiнiшке қатысы жоқ деректердiң анықталуына жол бермеуге;
10) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, олардағы сын ескертпелердi талдауға және қорытуға, жұмысты жетiлдiру әрi жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын туғызатын себептердi жою мақсатында қоғамдық пiкiрдi зерделеуге;
11) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау жөнiндегi жұмыстың жай-күйiн жүйелi түрде тексеруге;
12) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыретi шегiнде статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган белгiлеген мерзiм мен көлемде келiп түскен, қаралған өтiнiштердiң саны мен оларды қараудың нәтижелерi туралы мемлекеттiк құқықтық статистикалық ақпаратты беруге мiндеттi. Осы тармақшаның талабы ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс қағаздарын жүргізу

Мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, мемлекет жүз пайыз қатысатын не мемлекеттік тапсырыс және (немесе) мемлекеттік сатып алу шарттарына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсынатын заңды тұлғаларда жеке тұлғалардың өтініштері бойынша іс қағаздарын жүргізу және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс қағаздарын жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен іс қағаздарын жүргізудің басқа түрлерінен бөлек, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде іс қағаздарын жүргізу жөніндегі ішкі регламентке сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

17-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
тәртібі туралы Қазақстан Республикасының
заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

Бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2340 заң күші бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 71-құжат) күші жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының
Президенті