Бірмәнділік шарттары дегеніміз не? Шекаралық шарттарға сипаттама беріңіз

Идеал газ» ұғымының негізгі анықтамалары

Идеал газ – бөлшектерінің өзара әсері ескерілмейтін газдың теориялық моделі. Ол классикалық идеал газ және кванттық идеал газ болып ажыратылады. Классикалық идеал газдың қасиеттері классикалық физика заңдарымен – Клапейрон теңдеуімен, сондай-ақ оның дербес түрлері Бойль–Мариотт заңы және Гей-Люссак заңымен сипатталады. Классикалық идеал газ бөлшектерінің энергиясы Больцман үлестірілуіне сәйкес болып үлестіріледі. Жеткілікті дәрежеде сиретілген реал газдар классикалық идеал газдың моделімен жақсытүсіндіріледі. Газдың температурасы төмендеген немесе оның тығыздығы артқан кезде идеал газ бөлшектерінің толқындық (кванттық) қасиеттері елеулі рөл атқара бастайды.

Шартты отын» және «калориялық эквивалент» ұғымдарын түсіндіріңіз

Отынның қандай түрін қолдану тиімді екенін салыстыру және өнім бірлігін өндіруге отын шығынын бағалау үшін шартты отын деген ұғым енгізілген. Шартты отын деп жану жылуы 29330 КДж/кг тең отынды атау қабылданған (мысалы, жақсы тас көмір бола алады). Қатты және сұйық отынды шарттыға есептеу үшін калориялық эквивалент ұғымы қолданылады:

Эк = /Qш.о = /29330, кг ш.о./кг.

Абсолютті ақ, қара және мөлдір денелер мен сұр денелер туралы анықтамалар мен ұғымдарды түсіндіру

A + R + D = 0. - Қатынастың бірінші мүшесі дененің сіңіру қабілеттілігін А, екіншісі – шағылыстыру қабілетін R және үшіншісі – өткізу қабілеттілігін D сипаттайды. Бұл шамалардың барлығы нөлдік мөлшерлі және 0-мен 1 дейінгі шекте ғана өзгереді. Егер А = 1, онда R = 0 және D = 0; бұл түскен барлық сәулелі энергияның денемен толық сіңірілетінін көрсетеді. Мұндай денелер абсолютті қара денелер деп аталады. Егер R = 1, онда А = 0 және D = 0; бұл түскен барлық сәулелі энергияның денемен толық шағылатынын көрсетеді. Егер шағылған сәуле дұрыс болса дене айналы деп, ал шағылу диффузиялы болса – абсолютті ақ дене деп аталады. Егер D = 1, ал А = R = 0 болса, онда түскен сәуле толығымен дене арқылы өтеді деген сөз, мұндай денелер мөлдір немесе диатермиялық деп аталады. Егер сәулелену спектрі үздіксіз болса, ал Еλ = ƒ(λ) қисығы сол температурадағы абсолютті қара дене үшін сәйкес қисыққа ұқсас болса, яғни толқынның барлық ұзындығы үшін Еλ/Еoλ = const болса, онда мұндай сәулелену сұр деп аталады.

Авагадро заңы

Авогадро заңы — идеал газға қатысты негізгі заңдардың бірі; температурасы (Т) мен қысымы (p) бірдей әр түрлі газдың бірдей көлеміндегі (V) молекулалар саны да бірдей болады.

1.бірдей жағдайларда кез келген газдың бір молі бірдей көлемге жайғасады. 2.бірдей температура мен газдың тығыздығы олардың молекулалық массасына тура пропорционал . Оны 1811 жылы Италян ғалымы А. Авогадро (1776 — 1856) ашқан. АВОГАДРО ЗАҢЫ бойынша 1 кмоль-ге тең кез келген идеал газ қалыпты жағдайда (р=101325 Па=760 мм сынап бағанасы және Т=0 C) 22,4136 м³ көлемді алады. Ал 1 мольдегі молекула саны Авогадро тұрақтысы деп аталады.

Бірмәнділік шарттары дегеніміз не? Шекаралық шарттарға сипаттама беріңіз

Бірмәнділік шарттарына кіретіндер: дененің мөлшері мен пішінін сипаттайтын, геометриялық шарт; материалдың физикалық параметрлері, яғни К, р, с; бастапқы шарт, яғни есептеу бастауы ретінде қабылданған, кейбір уақыт кезеңінде дене көлемінде температураның таралуы; қоршаған ортаның дене беттігімен өзара жылулық әрекеттесуін сипаттаушы, шекаралық шарт. Шекаралық шарттар үш негізгі әдістермен беріле алады:

1.бірінші текті шекаралық шарт. Бұл кезде дененің бүкіл беттігінде температураның таралуы мен осы таралудың уақыт бойындағы өзгерісі беріледі, яғни келесі функция беріледі:

Tw = Tw (x, у, z, τ).

2.екінші текті шекаралық шарт. Бұл кезде дененің бүкіл беттігі бойынша жылу ағыны тығыздығының таралуы мен осы таралудың уақыт бойындағы өзгерісі беріледі. Фурье постулатын ескере отырып, екінші шекаралық шартты келесідей жазуға болады:

– λ(∂T/∂n)w = qw(x, у, z, τ),

3.үшінші текті шекаралық шарт. Бұл жағдайда қоршаған ортаның температурасы немесе сыртқы жылу көзі және орта мен дене беттігі арасындағы жылуалмасу заңы беріледі.