Бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi

Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198 Заңы

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4

 

МАЗМҰНЫ

Ескерту. Актiнiң нысаны мен тақырыбы өзгердi, кiрiспе алынып тасталды - ҚР 2002.10.29 N 348 Заңымен.

Бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу ұғымы

Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексерудi, Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi берiле отырып, оларға мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама берудi, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзудi қамтиды.
Филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу есептiк тiркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкестiгiн тексерудi, Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi берiле отырып, оларға есептiк тiркеу туралы анықтама берудi, филиалдар мен өкiлдiктер туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзудi қамтиды.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудiң және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеудiң мақсаттары

Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу:
заңды тұлғаның құрылу, қайта тiркелу, құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың тiркелу, қайта ұйымдастырылу және қызметiнiң тоқтатылу, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердiң құрылу, есептiк қайта тiркелу, құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың тiркелу және қызметiнiң тоқтатылу фактiсiн куәландыру;
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта тiркелген, қайта ұйымдастырылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған, есептiк қайта тiркеуден өткен және өз қызметiн тоқтатқан филиалдар мен өкiлдiктердi есепке алу;
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргiзу;
заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы жалпыға қолжетiмдi ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өткiзу мақсатында жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Бап. Тiркеуге жататын заңды тұлғалар, филиалдар мен өкiлдiктер

Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.10.29 N 348, 2004.03.18 N 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Бап. Тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар

Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеудi әдiлет органдары (тiркеушi органдар), заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1996.01.26 N 2824 заң күшi бар жарлығымен, ҚР 1996.07.15 N 30-1, 2000.03.23 N 40-II, 2002.10.29 N 348, 2006.06.05 N 146, 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеудi жүзеге асыру кезiндегi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң құзыры

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
осы Заңға сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеудi;
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргiзудi;
заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу жөнiндегi қызметке әдiстемелiк басшылық жасауды;
Әдiлет министрлiгi аумақтық органдарының осы Заң талаптарының орындалуын бақылауды;
заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi жөнiндегi өзiнiң аумақтық органдарының iс-қимылына шағымдарды қарауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда, бақылау және қадағалау мiндеттерi жүктелген мемлекеттiк органдарға олардың сұратуы бойынша ақпарат берудi жүзеге асырады.
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi- ҚР 1997.06.19 N 132, 2000.03.23 N 40-II, 2001.03.02 N 162, 2002.10.29 N 348, 2004.03.18 N 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi

Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтiнiш берiледi және осы Заңның 7-бабында көрсетiлген, қазақ және орыс тiлдерiнде жасалған және үш данада ұсынылатын құрылтай құжаттары қоса берiледi.
Акционерлiк қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғыларын (ережелерiн) қоспағанда, орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғылары (ережелерi) мемлекеттiк тiркеу кезiнде ұсынылмайды.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу осы Заңның 6-1-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi – Ұлттық Банк) белгiлеген нысан бойынша өтiнiш берiледi. Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi әдiлет органдары Ұлттық Банк жолдаған хабарламалар негiзiнде Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзедi.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызмет нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн Ұлттық Банктiң рұқсаты қосымша талап етiледi.
Тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiн, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларды және өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк тiркеудi тiркеушi орган монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырады. Монополияға қарсы орган тiркеушi органдарға тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тiзiлiмiн және мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келiсiмiмен құрылған, олармен үлестес тұлғалардың тiзбесiн ұсынады.
Орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiсiне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу кезiнде өтiнiшке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiреуi не шетелдiк немесе шетелдiк заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мемлекеттiк органдар не Ұлттық Банк жалғыз құрылтайшы болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкiлеттiк берген адамы қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тiркеушi органға бередi.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу кезiнде өтiнiшке құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкiлеттiк берiлген адам қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тiркеушi органға бередi.
Шетелдiк қатысатын орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын мемлекеттiк тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, қосымша:
құрылтайшы – шетелдiк заңды тұлғаның шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге сауда тiзiлiмiнiң заңдастырылған үзiндi көшiрмесi немесе басқа да заңдастырылған құжат;
нотариат куәландырған қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге шетелдiк құрылтайшының паспортының көшiрмесi немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиiс.
Қоғамдық және дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеу «Қоғамдық бiрлестiктер туралы», «Саяси партиялар туралы», «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Бiр мезгiлде тiркеушi органға заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркегенi үшiн бюджетке тiркеу алымы төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге де құжат ұсынылады.
Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделгендерден басқа қандай да бiр құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi айқындайтын тәртiппен Интернет желiсi арқылы берiлген электрондық өтiнiш негiзiнде жүргiзiлуi мүмкiн.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.