Бап. Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары

Осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, тiркеушi органға жарғы ұсынылады.
Шаруашылық серiктестiктерiнiң, акционерлiк қоғамдардың, өндiрiстiк кооперативтердiң және қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiктерiнiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты және жарғы болып табылады.
Бiр адам (бiр қатысушы) құратын шаруашылық серiктестiктерiнiң, акционерлiк қоғамдардың және Заңның осы бабының екiншi бөлiгiнде аталғандарды қоспағанда, заңды тұлғалардың басқа түрлерiнiң құрылтай құжаттары жарғы (ереже) және заңды тұлғаны құру туралы жазбаша түрде ресiмделген шешiм (жалғыз құрылтайшының шешiмi) болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар осы түрдегi ұйымдар туралы жалпы ереже негiзiнде әрекет ете алады.
Шағын, орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жататын заңды тұлғалар мазмұнын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын үлгiлiк жарғы негiзiнде өз қызметiн жүзеге асыра алады.
Егер заңды тұлғаның құрылтайшылары өз қызметiн үлгiлiк жарғы негiзiнде жүзеге асыруға шешiм қабылдаған жағдайда, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу процесiнде жарғыны ұсыну талап етiлмейдi.
Бұл ретте, тiркеушi органға Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтiнiштiң үш данасы ұсынылады.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Бап. Құрылтай құжаттарының мазмұны

Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген деректер болуға тиiс. Z952486, Z960003, Z980220
Филиал (өкiлдiк) туралы ережеде филиалдың (өкiлдiктiң) атауы, орналасқан жерi (банк филиалының бiр облыс, республикалық маңызы бар қала, астана шегiнде орналасқан барлық үй-жайларының мекен-жайы), қызметiнiң нысанасы, басқару тәртiбi және басшысының құзыретi, сондай-ақ филиалды (өкiлдiктi) құрушы заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, қызметiнiң нысанасы, оны мемлекеттiк тiркеу туралы деректер қамтылуға тиiс.
Ескерту. 8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.01.05 N 135, 2002.10.29 N 348, 2004.03.18 N 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), филиалдарды (өкiлдiктердi) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) және құжаттарды беру мерзiмдерi

Қызметiн үлгiлiк болып табылмайтын жарғы негiзiнде жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) қоспағанда, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу (қайта тiркеу), сондай-ақ Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш берiлген күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.
Саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ қызметiн үлгiлiк болып табылмайтын жарғы негiзiнде жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдарды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу, олардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш берiлген күннен кейiнгi он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.
Қызметiн үлгiлiк болып табылмайтын жарғы негiзiнде жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) қоспағанда, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне жататын заңды тұлғаларға, олардың филиалдарына (өкiлдiктерiне) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы, филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы беру, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы өтiнiштi қайтарып беру (қызметiн үлгiлiк жарғы негiзiнде жүзеге асырған жағдайда) қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш берiлген күннен кейiнгi жұмыс күнi жүргiзiледi.
Саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне жатпайтын заңды тұлғаларға, сондай-ақ қызметiн үлгiлiк болып табылмайтын жарғы негiзiнде жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдарға, олардың филиалдарына (өкiлдiктерiне) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы, филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы беру, сондай-ақ жарғыны (ереженi) қайтарып беру қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш берiлген күннен бастап он төрт жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
Саяси партияларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және олардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, оларда кемшiлiктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша заңды тұлғаларды мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу), олардың қызметiнiң тоқтатылуын тiркеу, филиалдарды (өкiлдiктердi) есептiк тiркеуден шығару, жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкiлдiктерi) туралы ережелерге енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу мерзiмi анықталған кемшiлiктер жойылғанға немесе тиiстi қорытынды (сараптама) алынғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.