Бап. Заңды тұлғаны мемлекеттiк қайта тiркеу, филиалды (өкiлдiктi) есептiк қайта тiркеу

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда заңды тұлға, филиал (өкiлдiк) мемлекеттiк (есептiк) қайта тiркелуге жатады.
Бұл ретте, тiркеушi органға:
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтiнiш;
2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкiлдiк) туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу көзделетiн, мемлекеттiк (есептiк) қайта тiркеу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрiмен бекемделген шешiмi не шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары (өкiлдiктерi) үшiн енгiзiлген өзгерiстерiмен және толықтыруларымен құрылтай құжаттарының (ережелерiнiң) үш данасы;
4) жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлiк қоғамның бұрынғы құрылтай құжаттарының, олардың филиалдары (өкiлдiктерi) туралы ережелердiң түпнұсқалары;
5) заңды тұлғаны мемлекеттiк қайта тiркегенi немесе филиалды (өкiлдiктi) есептiк қайта тiркегенi үшiн бюджетке тiркеу алымы төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге де құжат ұсынылады.
Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеруi негiзi бойынша шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттiк қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық серiктестiгiнiң шығатын қатысушысының серiктестiк мүлкiндегi (жарғылық капиталындағы) үлесiне немесе оның бiр бөлiгiне құқығының иелiктен шығарылғанын (бiреуге берiлгенiн) растайтын құжат ұсынылады.
Егер шаруашылық серiктестiгiнiң шығатын қатысушысының серiктестiк мүлкiндегi (жарғылық капиталындағы) үлесiне немесе оның бiр бөлiгiне құқығын иелiктен шығару (бiреуге беру) шартының тарапы жеке тұлға болып табылатын жағдайда, жеке тұлға қолының түпнұсқалығын нотариат куәландыруға тиiс.
Табиғи монополия субъектiлерiн мемлекеттiк қайта тiркеу үшiн табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның келiсiмi талап етiледi; тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiн, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларды және өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта тiркеу үшiн монополияға қарсы органның келiсiмi талап етiледi.
Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тиiсiнше Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкiлдiктерi) туралы ережелерге енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды мемлекеттiк тiркеу

Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкiлдiктерi) туралы ережелерге мемлекеттiк (есептiк) қайта тiркеуге әкеп соқпайтын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайда заңды тұлға, филиал (өкiлдiк) тiркеушi органға бұл жөнiнде жарғыға (ережеге) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай мерзiмде хабарлайды.
Хабарламаға заңды тұлға мөрiмен бекемделген, құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешiмi не шешiмiнен үзiндi көшiрме, сондай-ақ жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкiлдiктерi) туралы ережелерге енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың мәтiнi қоса берiледi.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкiлдiктерi) туралы ережелерге енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды мемлекеттiк тiркеу орналасқан жерi өзгерген, жарғы (ереже) жаңа редакцияда қабылданған жағдайларда жүргiзiледi.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкiлдiктерi) туралы ережелерге енгiзiлген, мемлекеттiк (есептiк) қайта тiркеуге әкеп соқпайтын өзгерiстер мен толықтыруларды мемлекеттiк тiркеу үшiн тiркеушi органға:
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтiнiш;
2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкiлдiк) туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрiмен бекемделген шешiмi не шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) заңды тұлға мөрiмен бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкiлдiк) туралы ережеге енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар мәтiнiнiң үш данасы немесе жаңа редакцияда ресiмделген, заңды тұлға құрылтай құжаттарының, филиал (өкiлдiк) туралы ереженiң үш данасы;
4) заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиал (өкiлдiк) туралы ереженiң түпнұсқалары;
5) нақты орналасқан жерiн (орналасқан жерiн өзгерткен жағдайда) растайтын құжат ұсынылады.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкiлдiктерi) туралы ережелерге енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды мемлекеттiк тiркеуден бас тарту:
1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкiлдiк) туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi бұзылған, құрылтай құжаттары (ереже) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмеген;
2) сот актiлерi және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдарының қаулылары (тыйым салулары, қамауға алулары) болған жағдайларда жүзеге асырылады.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкiлдiктерi) туралы ережелерге енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған жағдайда, тiркеушi орган оған ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамалық актiсiнiң талаптарына сәйкес келмейтiндiгiне сiлтеме жасалған жазбаша түрдегi дәлелдi бас тартуды осы Заңның 9-бабында көзделген мерзiмдерде бередi.
Акционерлiк қоғамды қоспағанда, жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жататын заңды тұлғаның, олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) орналасқан жерi ауысқан кезде заңды тұлға, филиал (өкiлдiк) нақты мекенжайы бойынша тiркеушi органға бұл жөнiнде орналасқан жерiн ауыстыру туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай мерзiмде хабарлайды.
Ескерту. Заң 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру

Тiркеушi орган заңды тұлғаның өтiнiшi бойынша үш жұмыс күнi iшiнде жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын бередi.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру үшiн:
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтiнiш;
2) жарғының (ереженiң) телнұсқасын алу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрiмен бекемделген шешiмi не шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) жарғы (ереже) түпнұсқасының жоғалғаны туралы ақпараттың мерзiмдi баспасөз басылымында жарияланғанын растайтын құжат ұсынылады.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.