Заңды тұлға ұғымы және құқық субъектілігі

Заңды тұлға қайнар көздері

Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.[1]

Заңды тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның мүлкіне заттық құқықтары болады. Құрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион. қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады. Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады. Құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар) жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды көздейтін коммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да Заңды тұлғаға жатады.[2]

Заңды тұлғаға өзінің меншігінде, немесе, шаруашылық пайдалануында, ақшалай мүлігі болатын және өздерінің міндеттері үшін осы мүлік мөлшерінде жауап беретін, ұйымдар жатады. Заңды тұлғаға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар жатады.

Коммерциялық ұйымға пайда табуды қызметтерінің негізгі мақсаты деп түтатын ұйымдар жатады.

Коммерциялық емес ұйымдарға пайда табумен, оны мүшелерінің арасында болуді мақсат етпейтін ұйымдар жатады.

Коммерциялық ұйымдардың формалары:

• шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар;

• өндірістік кооперативтер;

• мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар.

Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдардың мынадай формалары болады:

• толық серіктестік:

• сөнімді серіктестік (коммандиттік серіктестік);

• жауапкершілігі шектелген коғам;

• қосымша жауапкершілігі бар қоғам;

• акционерлік қоғам (ашық, жабық);

• балалық және тәуелді қоғамдар.

Заңды тұлға ұғымы және құқық субъектілігі

Азаматтық құқықтың негізгі субъектілерінің бірі заңды тұлғалар болып саналады.

Жоғарыда айтылып кеткен анықтама тым дәстүрлі болып табылады. Салыстыра

Сонымен, жаңа Кодексте ұсынылған анықтама іс жүзінде 1963 жылғы

Заңды тұлға – мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған

Құқұқтық санат ретінде заңды тұлғаның әдебиеттерінде бір мағыналы анықтамасы

Кеңес мемлекеті өмір сүріп тұрған кезеңде азаматтық құқық теориясында

Мемлекеттік ұйымдарға қатысты алғанда, заңды тұлғаның академик А.В. Венедиктов

Қазіргі уақытта тұлғаның мәні жөніндегі мәселе ғалымдардың теориялық пікір

Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең таралған

Заңды тұлғаның жалған теориясы герман заңгері XXI ғ. пайда

Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жалған теориядан туындайтын заңды тұлға

Жалған теория Англия мен АҚШ-та кең таралған.

Заңды тұлғаның өмір сүруін мойындау Англия мен АҚШ-та корпорация

Шындық теориясы, немесе XIX ғ. герман заңгері Гиркенің есімімен

Шын мәнінде, Гирке де «нақты» одақтас тұлғаны адамға ұқсас

Батыстағы құқықта заңды тұлғаны азаматтық-құқықтық қатынастардың дербес қатысушысы ретінде

Заңды тұлғаның барынша толық анықтамасын Латын Америкасы елдерінің Азаматтық

Жоғарыда келтірілген заң тәжірибесінің негізінде заңды тұлға институты азаматтық

Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың ұйымдық

Сонымен жоғарыда айтылып кеткендей заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР

Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс.

Азаматтық құқық заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды:

1) ұйымдық бірлігі;

2) мүліктік оқшаулығы;

3) дербес мүліктік жауапкершілігі;

4) азаматтық айналымға өз атынан түсуі

 

Заңды тұлғаның қайнар көздеріне мыналар жатады:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі

3. Арнаулы нормативтік актілер

4. Шаруашылық серіктестік заңдары

5. Президентінің Заң күші бар Жарлығы;

6. «Шаруашылық серіктестік»туралы ҚР-сы Президентінің жарлығы;

7. Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік туралы ҚР-ның серіктестігі;

8. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

9. «Банкроттық туралы»Қазақстан Республикасының Заңы ;

10. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ;

11. «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы т.б

12. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. Нормативтік актілер жиынтығы. – Алматы:

13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.12.2001ж. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу

14. Қазақстан Республикасының 16.01.2001ж. «Өндірістік кооператив туралы» Заңы.

15. Қазақстан Республикасының 25.12.2000ж. «Ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары

16. Қазақстан Республикасының 26.07.1999ж. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары

17. Қазақстан Республикасының 21.07.1999ж. «Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы

18. Қазақстан Республикасының 09.04.1993ж. «Кәсіби одақтар туралы» Заңы.

19. Қазақстан Республикасының 31.05.1996ж. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңы.

20. Қазақстан Республикасының 15.01.1992ж. «Діни сенім бостандығы және діни

21. Қазақстан Республикасының 08.05.2001ж. «Тұтыну кооперативі туралы» Заңы.

22. Қазақстан Республикасы Президентінің 19.06.1995ж. «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заң

Қазақстан Республикасының Конституциясы:

6-бапта:

«Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс,

Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықырын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.

Жеп мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.

Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін – меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінің) заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қауымдастық (одақ) нысанындағы өзге де ұйымдық- құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін –– құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін –– жарғы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.

Басқа да заң актілері.

Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттің және оның палаталарының қаулылары, т.б. жатады.

Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер.

Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі министрліктердің, атқарушы органдардың, жергілікті органдардың азаматтық қатынастарды реттеуге арналған нормативтік құқықтық актілері жатады.

Әдеттегі құқықтар.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3-бабының 3-тармағында: «Азаматтық қатынастар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін» деп көрсетілген.

Халықаралық шарттар (конвенциялар).

Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады. Осы шарттардың азаматтық қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық құқықтың негіздерінің бірін құрайды. Халықаралық шарттардың еліміздегі ішкі заңдарға қарағанда басымдылығы бар. Сол себепті ішкі заңдар халықаралық заңдарға қайшы келмеуі керек. Егер қайшылық туып жататын болса, халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.

Сонымен, азаматтық құқық дегеніміз — тараптардың бір-біріне тәуелсіздігіне, теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынасы, басқа да мүліктік қатынастарға тікелей байланысты жеке қатынастарды реттеуге арналған құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, заңдар, заңға негізделген актілер, әдеттік құқық, т.б. жатады.[3]

Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары:

1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.

2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.

3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.

Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады.

3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.

4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 110-бабы).

5. Заңды тұлға осы Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi.

Заңды тұлғаға қатысты халықаралық жеке құқық теориясында 2 ұғым қолданылады:

1. Заңды тұлғаның жеке мәртебесі

2. Заңды тұлғаның ұлттылығы.

Заңды тұлғаның жеке мәртебесі дегеніміз – ол заңды тұлғалардың құқықтық жағдайын анықтау.

Заңды тұлғаның ұлттылығы дегеніміз – ол белгілі бір заңды тұлғаның, белгілі бір мемлекетпен байланысын білдіреді.

Заңды тұлғаның ұлттылығы жөнінде халықаралық жеке құқықта 4 доктрина қалыптасқан.

1. Инкорпорация – заңды тұлға қай мемлекетте тіркелсе, онда, сол мемлекеттің заңы қолданылады. Яғни, заңды тұлғаның жеке жерінің заңы қолданылады.

2. Отаршылдық немесе тұрақтылық доктринасы – заңды тұлғаның басты органы қай мемлекетте орналасса, сол мемлекеттің заңы қолданылады. Яғни, оның әкімшілік органы орналасқан жерінің заңы қолданылады.

3. Қызмет ету немесе шаруашылық жүргізу доктринасы. Заңды тұлға қай мемлекетте нақты жұмыс істесе, сол мемлекеттің заңы қолданылады.

4. Бақылау доктринасы – бір мемлекетте орналасқан кәсіпорынның құрылтайшысы қай мемлекеттің тұлғасы болса, сол мемлекеттің заңы саналады.

Қазақстан заңы бойынша, заңды тұлға құрылған елдің құқығы осы заңды тұлға заңы болып саналады.

Заңды тұлғаның азаматтық құқық қабілеттілігі де осы заңды тұлғаның жеке заңымен реттеледі.

Заңды тұлға дегеніміз – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi [4]

Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтiнiш берiледi және осы Заңның 7-бабында көрсетiлген, қазақ және орыс тiлдерiнде жасалған және үш данада ұсынылатын құрылтай құжаттары қоса беріледі.

Акционерлiк қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғыларын (ережелерiн) қоспағанда, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғылары (ережелерi) мемлекеттік тiркеу кезінде ұсынылмайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу осы Заңның 6-1-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) белгiлеген нысан бойынша өтiнiш берiледi. Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi әдiлет органдары Ұлттық Банк жолдаған хабарламалар негiзiнде Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзедi.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызмет нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу үшiн Ұлттық Банктің рұқсаты қосымша талап етiледi.

Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады. Монополияға қарсы орган тіркеуші органдарға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін және мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімімен құрылған, олармен үлестес тұлғалардың тізбесін ұсынады.

Орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу кезiнде өтiнiшке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiреуi не шетелдiк немесе шетелдік заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мемлекеттiк органдар не Ұлттық Банк жалғыз құрылтайшы не құрылтайшылардың бірі болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкiлеттiк берген адамы қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тiркеуші органға бередi.

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішке құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тіркеуші органға береді.

Шетелдік қатысатын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:

құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;

нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.

Қоғамдық және дiни бiрлестiктердi мемлекеттік тiркеу «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Саяси партиялар туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Бір мезгілде тіркеуші органға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат ұсынылады.

Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделгендерден басқа қандай да бір құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен Интернет желісі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізілуі мүмкін.