Р.Г.Амосов бойынша озат педагогикалық тәжірибелерді зерттеу мен жинақтаудағы негізгі жұмыс сатылары.

Тәрбие жұмыстарында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және қолдану

5. Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жинақтау бойынша ұсынымдар.

Тапсырма:

Тәрбие жұмыстарында бір озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау бойынша баяндама.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша

1. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

2. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

4. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

5. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

6. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

7. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

8. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978.

10. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының

қалыптасуы. – Алматы, 1976.

11. Ш.Амантурин. Мұғалім және оқу-тәрбие жұмысы. – Алматы, 1978.

12. Ұстаздық шеберлікке жету жолдары (Методикалық нұсқау). /

Құрастырған: Ж.Н.Нұржанова, - Алматы, 1991.

 

 

 

Кіріспе

Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) –кредиттік жүйедегі оқытудың бір формасы. Ол дәрісханада өтеді. СОӨЖ екі функцияны атқарады:

1. Кеңес беру функциясы:

· Оқу жұмыс жоспарына енетін пән бойынша студенттің өзіндік жұмысын орындауға педагогикалық мақсатта көмек көрсету. Оқу материалын меңгеруде студентке жұмыс әдістерін таңдауға көмектеседі. Оқу материалын бекіту тапсырмаларын орындау мүмкіндігі бар.

· Оқу материалын тереңірек түсінуге ықпал етеді. Талап бойынша, студенттер алдын-ала дайындалатын нақты тақырыппен өтеді.

· Студенттің өзін қызықтыратын ғылыми жұмыспен терең айналысуына ықпал етеді.

2. Бақылау функциясы:

· Студенттердің білімін күнделікті тексеру. Осы сабақта студент бағдарлама бойынша бақылау жұмыстарын, СӨЖ тапсырмаларын тапсырады.

· Неғұрлым жоғары балл алу үшін нақты мүмкіндік туады.

Кейбір студенттер, әсіресе 1-курстағылар өздігінен білім алуға әлі дайын болмайды. Біреулері көмек сұрамайды, екіншілері өздерінің оқудағы кемшілігінің себебін білмейді, үшіншілері өздерінің жұмыстағы кемшіліктерін көрмейді. Тек оқытушының басшылығымен, оқытушымен бірлесіп қана туындаған қиындықтан шығатын жолды табуға болады.

СОӨЖ сабақ кестесіндегі уақытқа сәйкес, көрсетілген дәрісханада өтеді. Алайда ол өздігінен жақсы жұмыс істей алатын студенттер үшін міндетті емес. Сондықтан оқытушының міндеті студенттердің оқудағы жетістігінің мониторингін жүргізіп, олардың бәрі де оқу курсын толық игеріп, емтиханды табысты тапсыруын қадағалау. Сол үшін де СОӨЖ жүргізіледі.

СОӨЖ жүргізудің формалары әр түрлі. Сұрақ-жауап формасы: бір немесе бірнеше студенттер сұрақ қойып, оқытушы оларға жауап береді. Немесе қойылған сұраққа байланысты оқытушының студенттермен әңгімелесуі түрінде өтеді. Алайда студенттердің оқуын тексеруге бағытталған оқытудың белсенді әдістері - СОӨЖ өткізудің негізгі формасы болып табылады. СОӨЖ әрбір сабағы жоспарланып, сабақтың әр элементі алдын-ала ойластырылғаны жөн.

СОӨЖ әр сабағына қажетті көрнекі құралдар дайындалады (кейстер, рольдік ойындар, тестілер, кроссвордтар, т.б.). Олар кезінде лекцияда көрсетуге мүмкін болмаған материалдар және кейбір сұрақтарды кеңітіп тереңдетеді, ұсынылған жағдаяттарды талдауға, қойылған міндеттерді шешуге, шешім қабылдауға көмектеседі.

Оқытушыда СОӨЖ тиімді өткізуге қажетті әдістемелік материалдар, әдебиеттер жеткілікті болуы керек.

СОӨЖ тапсырмалары

СОӨЖ –ның оқу-тақырыптық жоспары