Оқушының тәрбиелілігін диагностикалау әдістемесі.

1. Диагностика дегеніміз не?

2. Әртүрлі әдістерді қолданып өзіңіздің тобыңыздың тәрбиелілік деңгейін зерттеңіз.

3. Үзіліссіз практика барысында белгілі бір сынып оқу шыларына арнап диагностикалық зерттеу жұмысын жүргізу, оның нәтижесіне арналған баяндама әзірлеу.

4.Қандайда бір оқушы тұлғасына арнап психология лық-педагогикалық портрет құру. «Жобалау».

5.Сынып жетекшісі жұмысында оқушы отбасының тәрбиелік жүйесінің диагностикалық картасын жасау.

Тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру

Егер мен сынып жетекшісі болсам» эссе жазу.

2. Тәрбиешінің білімін жетілдіру жолдары қандай?

Дебиеттер

Негізгі:

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

 

Қосымша:

1. Конвенция о правах ребенка. Учитель Казахстана. 5.07.1999.

2. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

3. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

4. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

5. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

6. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

7. Иванов и.П. Энциклопедия коллективных творческих дел.. М. 1989.

8. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

9. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

 

 

 

Кіріспе

 

2005 жылдан бастап Қазақстан ЖОО оқыту кредиттік технология жүйесінде жүруде. Кредиттік технология оқытудың дербестігін, студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) мәні жоғары сапада болуын талап етеді. СӨЖ ұйымдастырудың негізі студенттердің дәрісханадағы және дәрісханадан тыс жұмыстарын тұтас, үздіксіз жүйесіне айналдыруды көздейді.

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінен жүргізілетін СӨЖ негізгі міндеттері:

1. Студенттердің лекция барысында алған білімдерін бекіту, тереңдету және кеңейту.

2. Студенттерде ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен, анықтамалықтармен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

3. Студенттерді негізгі педагогикалық іскерліктермен қаруландыру.

4. Студенттердің шығармашылық қабілеттері мен педагогикалық бағытта ойлауын дамыту.

5. Студенттердің болашақ мұғалім ретінде педагогика ғылымына, педагогикалық қызметке деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

СӨЖ дайындалғанда әр студент:

- ұсынылған әдебиеттерді оқып-үйренуге;

- реферат, баяндама дайындауға;

- практикалық тапсырманы орындауға;

- өз пікірін қорғауға;

- тақырып бойынша қосымша материалдар жинақтауға міндетті.

 

Студенттердің өзіндік жұмыстары қамтиды:

- реферат, кейс, кроссворд, проблемалық міндеттерді шешу, т,б, үй тапсырмаларын орындауды көздейді (Үй тапсырмаларын студент кітапханада, т,б, орындарда орындайды).

- оқытушының тапсырмаларды орындау жайлы кеңес пен ұсыныстары. Бұл жерде семестр бойы жүйелілікті сақтау керек. СӨЖ тиімділігі оның әдістемелік қамтылуына байланысты. Ең алдымен, оқулықтар мен оқу құралдары, оқытушылар құрастырған әдістемелік нұсқаулар, Интернет ресурстары, оқу залының мүмкіндігі, т.б. құралдар.

Тапсырмаларды орындағанда оқулықтармен қатар сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар, т.б. құралдарды пайдаланып, соңында көрсету керек.

СӨЖ тапсырмалары

Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары

 

Сабақ тақырыбы СӨЖ тапсырмалары Ұсынылатын әдебиеттер СОӨЖ бақылау формасы Тапсыру уақыты
№ оқу құралы Беті, тарау
Тәрбие үдерісі-тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі Әртүрлі әдебиеттерден «тәрбие жұмысы», «тәрбиелік жүйе», «тәрбие үдерісі» ұғымдарына анықтама беріңіз Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8 жазбаша ІХ
Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі И.П.Иванов, Л.И.Новикова, В.А.Караковский, Ю.П.Сокольников, Н.Е.Щуркова тәрбиелік жүйелерін салыстыру және талдау. Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8 жазбаша ІХ
Қазіргі мектептің тәрбие жұмысы процесіндегі педагогикалық қолдау Оқушылардың әртүрлі категорияларымен жүргізілетін педагогикалық қолдаудың өзіндік өзгешелігі бар екендігін дәлелдеңіз Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8 жазбаша ІХ
Тәрбие технологиясы – тәрбие жұмысындағы кәсіптік шеберліктің элементі Басылым беттерін оқып, мына сұраққа жауап беріңіз: Технология және тұлға, олардың қанадй мәселесі бар және оны қалай шешуге болады? Н.Ә. 3,4,5. Қ.Ә. 7,8,9 жазбаша ІХ
Мектепте, сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлау Мектептің тәрбиелік жүйесіне мысал келтіріңіз Н.Ә. 3,4,5. Қ.Ә. 7,8,9 жазбаша Х
Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің технологиялық картасын құрастырыңыз. Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 2,8 жазбаша Х
Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері Жеке сыныптағы балалар қарым-қатынасын психологиялық жағдайын байқау және талдау негізінде өзіңіздің пікіріңізді білдіріңіз Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8,9 жазбаша Х
Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыстарының жүйесі Қиын балалармен тәрбие жұмысының технологиялық картасын құрастырыңыз Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8,9 жазбаша Х
Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі Дарынды балалармен тәрбие жұмысының технологиялық картасын құрастырыңыз Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8,9 жазбаша ХІ
Саламатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі Тақырып бойынша тәрбиелік іс-шаралардың педагогикалық картасын құрастыру Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8,9 жазбаша ХІ
Кәсіби бағдар беру жұмысының әдістемесі Кәсіби бағдар беру мақсатымен сауалнама құрастырыңыз Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8,9 жазбаша ХІ
Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы Ата-аналарға арналған баяндама дайындаңыз Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8,9 жазбаша ХІ
Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің технологиялық картасын құрастырыңыз. Н.Ә. 3,4,5. Қ.Ә. 7,8,9 жазбаша ХІІ
Оқушының тәрбиелілігін диагностикалау әдістемесі Сынып жетекшісі пайдаланатын диагностика әдістеріне сипаттама беріңіз Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8,9 жазбаша ХІІ
Тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру Сынып жетекшілеріне арналған семинардың жоспарын құру Н.Ә. 3,4,5. Қ.Ә. 7,8,9 жазбаша ХІІ
             

Реферат тақырыптары

1. Қоғамның дамуы және тәрбиенің ролі

2. Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері

3. Тәрбие және жеке баланың дамуы

4. Мұғалімнің тәрбие жұмысы

5. Тәрбие процесінің ерекшеліктері

6. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу жолдары

7. Балалар ұжымын қалыптастыру жолдары

8. Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері

9. Экологиялық тәрбие

10. Салауатты өмір салты

11. Тәрбие әдістері

12. Еңбек тәрбиесіндегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

13. Мінез-құлық эстетикасы

14. Адамгершілік тәрбиесі

15. Тәрбиенің негізгі принциптері

16. Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат-міндеттері

17. Бала дамуына әсер ететін факторлар

18. Дарынды балалар және олардың қабілеттілігінің диагностикасы

19. Оқушыларды тәрбиелеуде халық педагогикасын құрал ретінде пайдалану

20. Педагогикалық ынтымақтастықтың негізі халық дәстүріндегі бірлескен іс-әрекет

21. Қазіргі оқушы тұлғасын әлеуметтендіру мәселелері

22. Толық емес отбасындағы балаларды тәрбиелеу мәселелері

23. Сынып жетекшісінің шығармашылық іс-әрекеті

24. Тұлғаның қалыптасуындағы өзін - өзі тәрбиелеудің орны.

25. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы тұлғаның саяси және құқық мәдениетінің мәні, міндеттері, мазмұны.

26. Жеке адамның эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың міндеттері, мазмұны, ерекшеліктері.

27. Ұжым тәрбие обьектісі және субьектісі ретінде.

28. Отбасындағы бала тәрбиесі

29. Тәрбие процесінде халықтық педагогиканы қолдану.

30. Дене мәдениеті және оны тәрбиелеу ерекшеліктері.

 

 

 

 

Н.4.02-07

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

 

БЕКІТЕМІН

Кафедра отырысы шешімімен

Кафедра меңгерушісі

 
 


___________ Мурзина С.А.

(қолы) (аты-жөні, тегі)

 

5В01000 Білім бағытындағы педагогикалық мамандықтар

(мамандық шифры, атауы)

2,3,4 курс, 3,5,7 семестр

Оқыту түрі: күндізгі

 

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәні бойынша

(атауы)

 

І аралық бақылау

МАТЕРИАЛДАРЫ

«06» 10 2015 ж. № 2 хаттама


Көкшетау, 2015


І нұсқа

1. Тәрбие процесін оның мақсатына сай ұйымдастырудың тәсілдерінің жиынтығы

А) Тәрбие әдістері

В) Тәрбие принциптері

С) Тәрбие заңдылықтары

Д) Тәрбие теориясы

Е) Тәрбие әдістемесі

2. Қоғамның талаптарына сай жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыруға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы бірлескен әрекет

А) Оқыту процесі

В) Тәрбие процесі

С) Тәрбие әдістері

Д) Тәрбие теориясы

Е) Тәрбие әдістемесі

3. Тәрбие мақсатының қоғамның қажеттілігіне қарай өзгеруі тәрбиенің қай ерекшелігі

А) Біртұтас процесс

В) Қоғамдық құбылыс

С) Мақсатты процесс

Д) Көпжақты процесс

Е) Ұзақ әрі күрделі процесс

4. Тәрбие процесіне отбасы, мектеп, қоғамның қатысуы тәрбиенің қай ерекшелігі

А) Біртұтас процесс

В) Қоғамдық құбылыс

С) Мақсатты процесс

Д) Көпжақты процесс

Е) Ұзақ әрі күрделі процесс

5. Жеке адамның қалыптасуы ұзақ уақытқа созылуы тәрбиенің қай ерекшелігі

А) Біртұтас процесс

В) Қоғамдық құбылыс

С) Мақсатты процесс

Д) Көпжақты процесс

Е) Ұзақ әрі күрделі процесс

6. Тұлғаның өзінің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сын көзбен қарауы

А) Үйрету

В) Өзіне-өзі баға беру

С) Өзін-өзі тәрбиелеу

Д) Қайта тәрбиелеу

Е) Тәрбиелеу

7. Өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші

А) Мотив

В) Сендіру

С) Мақсат

Д) Міндет

Е) Сынау

8. Тәрбие процесінде тәрбиешілер ескеретін басты ереже

А) Заң

В) Заңдылық

С) Принцип

Д) Форма

Е) Міндет

9. Тәрбие процесіндегі жетекші принцип

А) Талап пен құрметтің бірлігі

В) Өмірмен байланыс

С) Еңбек арқылы тәрбиелеу

Д) Мақсаттылық

Е) Жас және дербес ерекшеліктерді ескеру

10. Тәрбие беруді қоғамдағы өзгерістермен байланыстыру принципі

А) Талап пен құрметтің бірлігі

В) Өмірмен байланыс

С) Еңбек арқылы тәрбиелеу

Д) Мақсаттылық

Е) Жас және дербес ерекшеліктерді ескеру

11. Ұжымдық әрекет арқылы тәрбиелеу принципі

А) Талап пен құрметтің бірлігі

В) Өмірмен байланыс

С) Еңбек арқылы тәрбиелеу

Д) Мақсаттылық

Е) Ұжым арқылы тәрбиелеу

12. Тәрбие шараларының сабақтастығын талап ететін принцип

А) Жүйелілік

В) Өмірмен байланыс

С) Еңбек арқылы тәрбиелеу

Д) Мақсаттылық

Е) Жас және дербес ерекшеліктерді ескеру

13. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері

А) Талап қою, жаттықтыру, үйрету

В) Әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге

С) Бұйыру, нұсқау

Д) Мадақтау, жазалау

Е) Тапсырма беру, жаттықтыру

14. Ынталандыру әдістері

А) Талап қою, жаттықтыру, үйрету

В) Әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге

С) Бұйыру, нұсқау

Д) Мадақтау, жазалау

Е) Тапсырма беру, жаттықтыру

15. Ақыл ой тәрбиесінде баланың қандай қабілеттері артады

А) Эстетикалық

В) Дене

С) Танымдық

Д) Ұйымдастырушылық

Е) Дидактикалық

16. Жағымды мінез құлық нормалары мен ережелерінің жиынтығы

А) Белсенділік

В) Қабілет

С) Еңбексүйгіштік

Д) Адамгершілік

Е) Қарым қатынас

17. Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралы

А) Өнер

В) Спорт

С) Оқу

Д) Еңбек

Е) Дін

18. Барлық сыныптарда міндетті түрде ұйымдастырылатын шара

А) Жарыс

В) Әңгіме

С) Тәрбие сағаты

Д) Сынып жиналысы

Е) Экскурсия

19. Тоқсан, жыл қорытындысын талқылайтын шара

А) Жарыс

В) Әңгіме

С) Тәрбие сағаты

Д) Сынып жиналысы

Е) Экскурсия

20. Барлық сыныптарда өтетін тәрбиелік шара

А) Жарыс

В) Әңгіме

С) Тәрбие сағаты

Д) Сынып жиналысы

Е) Экскурсия

21. Пікір алмасу арқылы өтетін тәрбиелік шара

А) Жарыс

В) Әңгіме

С) Дебат

Д) Сынып жиналысы

Е) Диспут

22. Білімділердің сөз сайысы

А) Жарыс

В) Әңгіме

С) Дебат

Д) Сынып жиналысы

Е) Диспут

23. Балалардың дене және рухани күштерін қалпына келтіретін орын

А) Демалыс лагері

В) Мектеп

С) Спорт сарайы

Д) Бассейн

Е) Мәдениет сарайы

24. Балалардың ақыл-ойын дамытатын шара

А) Тәрбие сағаты

В) Дебат

С) Экскурсия

Д) Интеллектуалдық ойын

Е) Жарыс

25. Ойынның, конкурстың нәтижесін кім анықтайды

А) Сынып жетекші

В) Мұғалім

С) Қазылар алқасы

Д) Қатысушылар

Е) Оқушылар

ІІ нұсқа

26. Тәрбиенің негізгі заңдылықтары, принциптері туралы білімдердің жүйесі

А) Тәрбие әдістері

В) Тәрбие принциптері

С) Тәрбие заңдылықтары

Д) Тәрбие теориясы

Е) Тәрбие әдістемесі

27. Тәрбие мақсатының нақты әрі айқын болуы тәрбиенің қай ерекшелігі

А) Біртұтас процесс

В) Қоғамдық құбылыс

С) Мақсатты процесс

Д) Көпжақты процесс

Е) Ұзақ әрі күрделі процесс

28. Жеке тұлғаның бірнеше қасиеттерін бір мезгілде қалыптастыру тәрбиенің қай ерекшелігі

А) Біртұтас процесс

В) Қоғамдық құбылыс

С) Мақсаты процесс

Д) Көпжақты процесс

Е) Ұзақ әрі күрделі процесс

29. Баланың мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтарды жою

А) Үйрету

В) Қайта тәрбиелеу

С) Өзін-өзі тәрбиелеу

Д) Өзіне-өзі баға беру

Е) Тәрбиелеу

30. Қайта тәрбиелеу неден басталады

А) Сенім арту

В) Жазалау

С) Мадақтау

Д) Кемшілікті сынау

Е) Кемшіліктің себебін анықтау

31. Тәрбие процесі компоненттерінің арасындағы байланыс

А) Заң

В) Заңдылық

С) Принцип

Д) Форма

Е) Міндет

32. Баланы еңбек ете білуге тәрбиелеу принципі

А) Талап пен құрметтің бірлігі

В) Өмірмен байланыс

С) Еңбек арқылы тәрбиелеу

Д) Мақсаттылық

Е) Жас және дербес ерекшеліктерді ескеру

33. Тәрбиедегі ізгілік пен ынтымақтастықты талап ететін принцип

А) Талап пен құрметтің бірлігі

В) Өмірмен байланыс

С) Еңбек арқылы тәрбиелеу

Д) Мақсаттылық

Е) Жас және дербес ерекшеліктерді ескеру

34. Тәрбиеде әр баланың көзқарасын, мінез құлқын ескеру принципі

А) Талап пен құрметтің бірлігі

В) Өмірмен байланыс

С) Еңбек арқылы тәрбиелеу

Д) Мақсаттылық

Е) Жас және дербес ерекшеліктерді ескеру

35. Қоғамдық мінез құлықты қалыптастыру әдістері

А) Этикалық әңгіме

В) Әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге

С) Талап қою, жаттықтыру, үйрету

Д) Мадақтау, жазалау

Е) Әңгіме, әңгімелесу

36. Тұлғаның ақыл ойына, санасына ықпал ететін тәрбие әдісі

А) Мадақтау, жазалау

В) Бұйыру, нұсқау

С) Талап қою

Д) Әңгіме, лекция, пікірталас

Е) Жаттықтыру, үйрету

37. Жек тұлғаның дене күштері мен ағзасын дамытудың негізгі факторы

А) Сабақ

В) Дене тәрбиесі

С) Әңгіме

Д) Еңбек

Е) Тамақтану

38. Тұлғаның мамандықты дұрыс таңдауына әсер ететін тәрбие түрі

А) Еңбек тәрбиесі

В) Дене тәрбиесі

С) Әңгіме

Д) Сабақ

Е) Тамақтану

39. Оқушылардың мемлекет заңдарына құрметпен қарауын талап ететін тәрбие түрі

А) Еңбек

В) Дене

С) Эстетикалық

Д) Экологиялық

Е) Құқық

40. Көркемөнерпаздар үйірмесі қай тәрбиені ұйымдастыру түріне жатады

А) Адамгершілік

В) Экологиялық

С) Эстетикалық

Д) Дене

Е) Құқықтық

41. Сынып жетекші мен оқушының тікелей қарым-қатынасының негізгі түрі

А) Сынып сағаты

В) Пікірталас

С) Сабақ

Д) Әңгіме

Е) Жиналыс

42. Оқушыларда адамгершілік қасиетті қалыптастыратын шара

А) Жарыс

В) Әңгіме

С) Тәрбие сағаты

Д) Сынып жиналысы

Е) Экскурсия

43. Оқу жылындағы жетістіктерді талдауға арналған шара

А) Жарыс

В) Әңгіме

С) Тәрбие сағаты

Д) Сынып жиналысы

Е) Экскурсия

44. Білімдарлардың сөз додасы

А) Жарыс

В) Әңгіме

С) Дебат

Д) Сынып жиналысы

Е) Диспут

45. Жоғары сынып оқушыларының пікір айтуын қалыптастыратын шара

А) Жарыс

В) Әңгіме

С) Дебат

Д) Сынып жиналысы

Е) Диспут

46. Демалыс лагерінде балалардың бос уақытын дұрыс өткізуге көмектесетін басты тұлға

А) Директор

В) Тәрбиеші

С) Дәрігер

Д) Мұғалім

Е) Жолдасы

47. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіретін шара

А) Тәрбие сағаты

В) Жиналыс

С) Конкурс

Д) Спорттық жарыс

Е) Әңгіме

48. Әншілер, бишілер конкурсы қай тәрбие түрін ұйымдастыру формасы

А) Экологиялық

В) Эстетикалық

С) Дене

Д) Құқықтық

Е) Адамгершілік

49. Оқушылардың денсаулығын шыңдауда маңызды

А) Тәрбие сағаты

В) Сынып жиналысы

С) Кітапхана

Д) Туристік жорық

Е) Интеллектуалдық ойын

50. «Кім миллион ұтып алады?» - қандай тәрбие шарасы

А) Тәрбие сағаты

В) Сынып жиналысы

С) Кітаппен жұмыс

Д) Туристік жорық

Е) Интеллектуалдық ойын

 


Н.4.02-07

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

 

БЕКІТЕМІН

Кафедра отырысы шешімімен

Кафедра меңгерушісі

 
 


___________ Мурзина С.А.

(қолы) (аты-жөні, тегі)

 

5В01000 Білім бағытындағы педагогикалық мамандықтар

(мамандық шифры, атауы)

2,3,4 курс, 3,5,7 семестр

Оқыту түрі: күндізгі

 

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәні бойынша

(атауы)