ЖЖ сұлбасы және жұмыс істеу принципі

Соңғы он жылдықта өкпені жасанды ветиляциялауға деген көзқарас өзгерді. Бұл жағдай бізге тыныс алу жолдарындағы ауруды емдеуге деген мүмкіншілігімізді арттырды.Дегенменен өкпені жасанды вентиляциялау интенсивті терапияның ең қиын аймақтарының бірі болып қала бермек. Бұл саладағы терминология өте қиын болғандықтан, көптеген авторлар бірдей терминдерді қолдана береді – «control», «assisted», «spontaneous», «mandatory» әр түрлі түсінікті анықтау үшін қолданылады.Біз қарапайым өкпені жасанды вентиляциялау аппаратының принципиалды сұлбасын қарастырайық.

1-сурет. ӨЖВ аппаратының приципиалды сұлбасы.

А – Басқару жүйесі. Тыныс алу контуры:1 – жоғары қысым камерасы,2 – ағын реттегіші, 3 – сервопривод,4 – тыныс алу контурындағы қысымды шектеуші клапан, 5 - тыныс алу клапаны,6 – у әрпі тәріздес үшайыр, 7 – ағын датчикі, 8 – тыныс шығару клапаны.

Суретті жеңіл түсіндіру үшін бактериалды сүзгі және ылғалдатқыш элементтері көрсетілмеген.

Өкпені жасанды вентиляциялау үшін жаңа заманға сай аппараттың принципиалды сұлбасы жоғарыдағы суретте көрсетілген. Келтірілген құрылғы екі бөліктен тұрады: басқарушы (А) және орындаушы (Б).

Басқарушы бөлігі атына сай керекті программалық бағдарламалармен қамтамасызданжырылған компьютерден тұрады. Орындаушы бөлік – газдық қоспа ағынын ретке келтіретін датчиктер мен клапандар жүйесінен тұратын тыныс алу контурынан тұрады. Тыныс алу контурындағы ауа мен оттектің қысымын тұрақты қылып ұстап тұратын, ағынды болдыратын құрылғы екі камерадан тұрады. Ағын көлемі мен оттектің пайыздық мөлшері толықтай қуыстың геометриялық сипаттамасымен анықталады. Қуыстың көлемі арнайы сервопривод арқылы өзгертіліп отырады. Сонымен, тыныс алу контурының негізгі компаненттері болып:клапан, қысым реттеуші және тыныс шығару клапаны жатады.Тыныс алу клапаны газдық қоспа ағынын реттеу жүйесін орындап отырады. Контур құрылғысын жеңілдетіп және тыныс қоспасының шығынын біршама азайтады. У әрпі тәріздес үшайырдан ағын датчигін шыгарсақ, контур аппаратына және науқастың тыныс жолдарына газдық ағынды дифференциалдауға жеңіл тасымалдауға мүмкіндік береді, бірақ бұл жағдай датчиктің науқастың тыныс жолдарынан бөгде заттардың шығып ластануына акеп соқтырады.

Өкпені жасанды вентиляциялау аппаратының құрылғысының сұлбасы бізге:

1.Тыныс алудан тыныс шығаруға ауысуға және кез-келген уақытта қарама-қарсы жағдайға ауысуғу мүмкіндік береді.

2.Қарама-қарсы байланыс науқастың ыңғайсыз тыныс алуна байланысты газдық ағынды басқаруға мүмкіндік береді.

Вентиляциялау тәртіптеме түсінігі тыныс аппаратының контурындағы газдық ағынды басқару алгоритміне әкеп соқтырады.

Қазіргі таңда өкпені вентиляциялаудың көптеген тәртіптемелері көрсетілген. Көбіне қолданатын сәтті тәсіл терминологияда берілген үш негізгі сипаттамаға тоқталады:

1.Беріліс механизм (немесе тригер) – тыныс алу клапаны ашылып және тынысталу циклы іске қосылатын сигнал.

2.Шек – өкпеге тыныс алатын тыныстық қоспа ағынын шектеуші фатор.

3.Ауыстыру – тыныс алуды тоқтатын және белгілі бір уақыт кідірісінен соң экспираторлы клапан ашылуына тікелей қатысты сигнал.

Мұндай көзқарас жеткілікті қарапайымдылықта тыныстық циклдың барлық терминдерін қамтуға мүмкіндік береді.

Тыныстық циклының бастамалау механизмы бойынша өкпені жасанды вентиляциялауды мәжбүрлі және көмекші деп блуге болады. Мәжбүрлі вентиляцияның тыныстық кезеңінде аппаратпен берілген тыныс жиілігі бойынша бастамалайды. Көмекші түрінде науқастың тыныс алу әрекетін әр түрлі механизмдердің қолданылуып анықтауы мүмкін. Бұрынғы желдеткіштің үлгілері контурдағы қысымның өзгеруіне әсер еткен, қазіргілері ағынның өзгеруіне жауап береді. Мұндай әсермен науқастың тыныс алуына кетіретін күшін төмендетуге болады. Дегенмен мұндай бекітімнің әр кезде дұрыс бола бермейтіндігі туралы ақпараттар бар. Тыныс алу кезінде өкпеге баратын газдың мөлшерін реттеу үшін, арандатушы ағын шектеуші қолдануы мүмкін (шектелген ағын вентиляциясы) немесе қысым(қысым бойынша шектелген вентиляция), және де осы екі механизмнің байланысы.

Ауыстыру процесі біршама қиыныдау, себебі тыныс алудың тоқтатылуы мен тыныс шығарудың басталуыны (экспираторлы клапанның ашылуы) аралығында белгілі бір уақыт аралығы болуы мүмкін, немесе арандатушы үзіліс болуы мүмкін. Ауыстырылу келесідегідей негізде болуы мүмкін:

1.Көлем негізінде – белгіленген тыныстық көлемге жеткенде тыныс алу тоқтатылады. Бұдан соң (аз уақыттан соң) тыныс шығару бастамаланады.

2.Уақыт негізінде – тыныс алу және тыныс шығару ұзақтығы тапсырылады, әдетте тыныс жиілігі негізінде тыныс алу мен тыныс шығарудың арақатынасы I:E болады.

3.Ағын негізінде – арандатушы ағынның көлемі берілген деңгейге жеткенде тыныс алу тоқталады.

4.Қысым; қазіргі кезде кысым өздігімен, тыныс алудан тыныс шығаруға ауыстыратын сигнал ретінде қолданбайды.

Негізгі көп тараған вентиляция сипаттамасы төменде таблицада көрсетілген.

 

Таблица-2. Көбірек таралған вентиляция тәртіптемесінің баяндамасы.

Тәртіптеме Триггер Шек Ауыстыру
Берілген көлемді вентиляция CMVa - Continuous Mechanical Ventilation assist синонимы: А/С - Assist Control. VCa - Volume Control assist Аппарат немесе науқас Ағын Көлем(тыныс алу және арандатушы үзіліс)
Берілген көлемді вентиляция PCV - Pressure Control Ventilation Аппарат немесе науқас Қысым Уақыт (тыныс алу уақыты беріледі)
Синхрондалған перемежающаяся мәжбірлеуші вентиляция - SIMV (Synchronised Intermittent Mandatory Ventilation): SIMV с заданным объемом Аппарат немесе науқас Ағын (мәжбүрлі тыныс алу кезіндегі) Көлем (мәжбүрлі ауа кезіндегі)
SIMV с заданным давлением Аппарат немесе науқас Қысым(мәжбүрлі тыныс алу кезіндегі) Уақыт (мәжбүрлі ауа кезіндегі)
Қысым демеуі PS - Pressure Support Науқас Қысым Ағын
Тұрақты болымды қысым вентиляциясы СРАР - Continuous Positive Airway Pressure Науқас Қысым Ағын
Тәртіптемелер үйлесімділігі СРАР и PS Науқас Қысым Ағын
Тәртіптемелер үйлесімділігі SIMV и PS Синхронды қозғалыстың мәжбүрлі вентиляциямен үйлесімі (мәжбүрлі тыныс алудың берілген сипаттамалары и қысым демеуі (сәйкесті параметрлермен). SIMV кез келген түрі қолданыла алады.
СРАР тәртіптемесі мен көмекші вентиляция үйлесімдігі қолданған жерде, есімін әдетте СРАР жоғарғы қысым есімін тыныс шығару соңында алап жүреді «PEEP» (Positive End-Expiratory Pressure).