Ртке қарсы су құралы

Өртке қарсы шаруашылық су жабдығы шаруашылық – ауыз су және өндірістік қажеттіліктен басқа, тәуліктің кез-келген уақытында өртті сөндіруге ғимараттың ішінен де сыртынан да сумен көп мөлшерде қамтамасыз етілуі қажет.

Өртке қарсы су жабдығының көзі жасанды және табиғи болып бөлінеді. Табиғи көздеріне өзен, көл, теңіз, көлшіктер жатады. Оның өрт шыққан жерге жақындығы 200 м болғаны жөн. Жасанды су жабдығы – су құбырлары, жасанды су қоймалары өртке қарсы су құбырларының мөлшері бойынша төмен әрі жоғары ағынды деп бөлінеді. Төмен қысымды су құбырында ағын өрт автосорғышпен немесе мотопомпамен жасалады. Ол гидраттан суды өрт болған жерге жібереді. Осыдан бос су ағыны су құбырында әсер деңгейімен салыстырғанда 10 м-ден аз болмауы керек.

Жоғары қысымды су құбырында ағын стационарлы өрт сорғыштың көмегімен құрылады. Ол тұрақты су құбыр құрылысына кіреді және сорғыш станциясының мекемесінде орналасады. Өрт болған соң сорғыш 5 мин ішінде іске қосылуы керек те, ең жоғарғы қабатқа 10 м ағынды қысыммен көтерілуі керек.

Өртке қарсы су құбырының жүйелері негізінде сақиналы жабдықталады және үздіксіз су беріп тұрады. Жеке тұрған құрылыстарға ұзындығы 200 м иілген су құбырлары қолданылады.

Өртке қарсы су құбыры өзара жалғасқан шойын және электрмен дәнекерленген түтіктер арқылы байланысады.

 

Түтіктің ішкі диаметрі:

(5.4.2)

 

мұнда, Q – бір өртті өшіруге кеткен су шығыны, м3/сағ; V – түтіктегі қозғалған су жылдамдығы, ол 4>V>2, м/с тең.

Түтік қабырғасы қалыңдығы мына өрнекпен анықталады:

 

(5.4.3)

 

мұнда, D – түтіктің сыртқы диаметрі, мм; P – құбырдағы қысым, Па; K – жүк тиеу коэффициенті, 1,1-ге тең; R –үзілгендегі құбыр материалының қарсылығы.

Магистральды құбырларға қабырға қабаты өсуі, коррозияға 10 жылға дейін 2 мм, ал одан көп мерзімге 8 мм болып қабылданады.

Өрт сөндірудің өнеркәсіптік объектідегі есептелген ұзақтығы 3 сағатты құрайды, ал су шығыны өрт сөндіруге жұмсалған құрылыстың өртке қарсы бұру дәрежесіне тәуелді. Су шығыны 5-тен 40 л/с арасында болады (2-кесте).

Гидранттар жолдарда бір-бірінен 100 м ара қашықтықта, ғимараттан 5 м, жолдан 2 м ары орналасу керек. Гидранттар мен өрттің арасы жоғары қысымды су құбыры үшін 150 м, ал төменгі су құбыры үшін 100 м-ден аспауы тиіс. Сыртқы су құбыры нүктелерін әр бөлікте 5 гидрант бөліп тұрады. Гидранттардың өздері өрт көтергіш ретінде келтіріледі. Олар су құбыры нүктесінде немесе жер астында және жер үстінде орналасады.

Өрт бағанашығы өрттің жолын және жер асты гидрантын жабуға арналған. Ол бас жағымен сыртқы қабықтан тұрады. Қабықтың төменгі бөлігінде өрт гидрантқа бағанашықты жалғау үшін өрнекті сақина болады. Өрт бағанашығының басында жалғасқан гайка, ашып жабуға арналған айналдырық және өрт гидрантын ашып, жабатын кілт болады.

Өртке қарсы сорғыш шлангтар су көздерінен суды қалқалауға және спиралі бар резеңкелі бірнеше қабатты шүберектен тұрады. Сорғыш шлангтардың диаметрі сорғыш өнімділігіне тәуелді 65-125 мм құрайды

 

5.4.1- кесте. Өрт сөндіруге қажетті су шығыны жайлы мәліметтер

 

Ғимарат-тың өртке төзімді дәрежесі Өндірістік жарылыс қаупінің санаты Ғимараттың сыртқы ауданын сөндіруге кететін су көлемі, мың. м3 Өрт сөнді-рудің ішкі ауданы
Дейін 3-5 5-20 20-50 50-200 200-400 400 жоғары
I және II I жәнеII III III IV-V IV-V Г.Д.Е. А.Б.В. Г.Д. В Г.Д. В - - - - - - - - - - - -

 

 

Қазіргі уақытта өнеркәсіпте капронды және резеңкелі шлангтар шығарылады. Олар 35 атмосфералы қысымға арналған.

Біріктіруші сомындар, өзгерткіштер, судың сорғыштарынан оқпанға дейінгі жолын жалғастыруға арналған.

Ең көп таралған тез жалғанатын өрт сомындары екі бірдей жартылай бұрағыштан тұрады. Ол (3) тығынмен жалғасқан бір-бірімен бірдей қашықтықта орналасқан. Ең көп Богдановтың жартылай гайкалары қолданылады. Оларды бір-бірімен жалғастыру қиын емес (№ 4-плакат).

Біріктірілген немесе бөлшектенген су ағынын түзіп, бағыттау үшін күйіп жатқан затқа өрт оқпандары қолданылады.

СА-2,5 қол өрт оқпаны жанып жатқан заттың бетіне біріккен су ағысын жібереді. Ал біріккен оқпан арқылы біріктірілген су жылудан сақтайтын су қалқандарына беріледі. КР-Б оқпанында тығынды көтергіш болады, ол су құбырының бұрағышын жаппай суды реттейді немесе мүлде тоқтатады.