Олданымдағы құрылымы белгілі машиналар мен жабдықтарды талдау

Аннотация

В механизированных складах и элеваторах для очистки зерна от легких примесей использовали аэродинамические сепараторы, отличающиеся большими габаритными размерами, малой производительностью и низкой технологической эффективностью. Использование подобных машин для первтчной обработки зерна не выгодно. При приемке и транспортировании зерна в элеваторах легкие примеси отделяются из состава зерна и распространяется в окружающую среду. Легкие примеси в виде микроорганизмов проникает в ядра зерна через наружные оболочки зерновок, что снижает выход и качество продукции. Предлагаемая машина – пневмоустройство предназначено для аэродинмической очистки зерна от легких примесей при приемке путем установления его в пункте непрерывной загрузки конвейера, или норий. Принцип работы машины основан на целесообразное использование свойства сыпучести зерна при очистке от легких примесей. Имеет простую консрукцию, энергозатраты низкие, может обеспечить производительность непрерывной транспортно-технологической линий элеваторов.

 


 

Мазмұны

    бет
  Кіріспе …………………………………………………………………
1. Қолданымдағы құрылымы белгілі машиналар мен жабдықтарды талдау........................................................................................................  
2. Дән массасын жеңіл және енімен қалыңдығымен ерекшеленетін қоспалар мен тозаңнан тазалау процесін жетілдіру және машинаның тиімді құрылымын іріктеу. Техникалық ұсыныс.........    
2.1. Жеңіл қоспаларды бөліп алуға арналған машиналарды талдау жолымен машинаның тиімді құрылымын іріктеу..............................  
  Техникалық ұсыныс................................................................................
3. А1–БИС–12 ауалы–торлы сұрыптағышының сипаттамасы.............
  Машинаның құрылымы мен жұмыс істеу принципі, жалпы суреттеу
4. Есептеу бөлімі............................................................................................
5. Экономикалық бөлім.................................................................................
6. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру
7. Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау..........................................................................................  
  Қорытынды................................................................................................
  Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................

 

 


 

Кіріспе

 

Қоймалар мен элеваторларға дәнді қабылдау алдында алғашқы өңдеуден өткізеді. Алғашқы өңдеу процесі – дәнді жеңіл және енімен қалыңдымен ерекшеленетін қоспалардан тазалау, қажет болса кептіру болып табылады. Ауыл шаруашылығындағы жағдайда дәнді сақтау технологиясымен танысып, шағын шаруашылықтар үшін тиімді шешімдер қабылдау қарастырылумен келеді. Еңбек өнімділігін сақтай отырып, жұмыс орнындарында санитарлық-гигиеналық ахуалды көтеру жолдары да маңызды мәселенің бірінен саналады.

Дәнді алғашқы өңдеу кезінде орындалатын негізгі технологиялық процесстерге дән массасын жеңіл қоспалардан тазалау жатады. Дәнді жабық қоймалар мен элеваторларға жеткізегенде қолданымдағы алғакшқы тазалау машиналарының технологиялық тиімділіктері төмен, процесстің өзіндік құны жоғары болғандықтан, тазалаудан өткізбеген қалпы үйме күйінде шанақтарға орналастырады /силос/. Нәтижесінде жеңіл қоспалардағы тозаң микроорганизмдерге айналып, дән ядроларына енеді де, бактериялық бүліну құбылысы орын алады. Астық шіри бастайды, қоректік сапасы төмендеп, бағасы күрт арзандайды.

Дипллом жұмысында тиімді ұсыныстар қарастырылып, дәнді қоймаларда сақтау үшін алғашқы өңдеу процесінің ішінде жеңіл қоспалардан және енімен қалыңдығымен ерекшеленетін қоспаларды тазалауда техникалық-экономикалық тиімділікті көтеру жолдары талданды. Жоғарыда көрсетілген факторлардың алдын-алу мақсатында өндіріс орындарында дән тазартуға арналған көптеген машиналардың торлы-теңселмелі, аэродинамикалық псевдоқопсыту т.б. түрлері қолданылып келді. Олардың негізгі кемшіліктері:

- өнімділіктері дән қабылдау пункттері мен элеваторлардағы тасымалдау жүйесінің өнімділіктеріне сәйкес келмейді;

- өнім бірлігіне шаққанда жұмсалатын меншікті шығын мөлшері өте көп;

- дәнді қоспалардан тазалау тиімділіктері төмен.

 


 

олданымдағы құрылымы белгілі машиналар мен жабдықтарды талдау

 

Дән ағын түрінде қоймаларға жеңіл және ауыр қоспалардан тазартылмаған күйде жеткізіледі. Нәтижесінде қоймаларда сақталу процесі кезінде мынадай теріс факторларға жол беріледі:

а/ тасымалдау процесі кезінде қоршаған ортаға көп мөлшерде шаң-тозаң бөлініп, адам ағзасына зиян келтіреді;

б/ шаң-тозаңның әсерінен тасымалдау механизмдері істен тез шығады. Өйткені мойынтұрықтардың ішіне енген шаң олардың бөлшектерінің үйкеліске төзімділігін кемітеді;

в/ дән құрамындағы шаң-тозаң әсерінен сақтау процесі кезінде микроорганизмдердің өсіп-өнуіне жағдай жасалады. Микроорганизмдер дәннің сыртқы қабығы арқылы ядросына еніп кеткен жағдайда қайта өңдеу өнімдерінің қоректік сапасының төмендеуіне әкеп соғады.

Торлы пневмосұрыптағыштардың құрылымы мен жұмыс істеу принципін талдау. Машинаның ауамен тазалау бөлігі екі аспирациялық каналдан тұрады. Бұл каналдар ауа жолы құбыры арқылы желдеткішпен, тұндырғыш камерамен, жалюзді инерциялық шаңбөлгішпен және пневмотранспортермен жалғасады.

Тұндырғыш камераның қимасы трапециялы пішінді, төменгі жағында қоспаларды түсіріп алуға арналған клапандар қарастырылған. Шығар тұстағы пневмотранспортер жеңіл қоспаларды қажетті жаққа қарай бағыттауға арналған тетікпен /носок/ қамтамасыз етілген. Машина екі торлы тұрқымен жабдықталған. Бұл торлы тұрқылар қатар жұмыс істейді, олардың әрқайсысында төр-төрттен тор қойылған. Торлы тұрқылар ағаш жақтауға серіппе арқылы ілініп тұрады және эксцентрикті бас біліктен шатун арқылы қозғалысқа келтіріледі.

Процесс барысында туындайтын инерциялық күштерді теңестіру мақсатында тұрқылар 8о көлбеулік құрап, 7,5 мм амплитудамен тербеледі. Торлар 128 мм амплитудамен, 30 терб/мин жиілікпен ілгерілемелі-кейінді қозғалыс жасайтын түрпілердің көмегімен тесіккөздерге тұтылып қалған қоспалардан тазартылады. Жұмысшы камерадағы түрпілердің жалпы саны – 24. Түрпілер жұлдызшаға бекітілген кривошипінен шатун, қосиіндер мен жалғасқан шығырлы сырғыма /поводка/ көмегімен қозғалып, торларды тазалайды.

1.1 суретте ОВП-20А таңбалы ауалық торлы машинаның функциялық нобайы көрсетілген. Машина мынадай ретпен жұмыс істейді:

Тиегіш конвейер арқылы дән массасы қабылдағыш камераның таратқыш шнегіне беріледі. Шнек үздіксіз айналып, түсіп жатқан дән массасын камераның ені бойынша бірқалыпты тарата алады. Камерадан екі қоректендіргіш білеулердің көмегімен дән массасы ауалық каналдарға 1,2 / 1.1 суретті қараңыз/ беріледі де астынан ауа ағынының әсеріне ұрынады. Жеңіл қоспалар ауа ағынына ілесіп, желдеткіштен өтіп, шаңбөлгішке түседі.

 

 

1.1 ОВП-20А таңбалы ауалық торлы машинаның функциялық нобайы

 

 

1.2 сурет. А1–ЗСШ машинасы

 

Шаңбөлгішке келгенде аэроқоспаның жылдамдығы кілт төмендеп, инерциясымен цилиндрлік бөліктің қабырғасына ұрылады.

Ауадан сәл ауырлау жеңіл қоспалар цилиндр қабырғасы бойымен сырғанап, төменгі конустық бөлікке жинала береді де төмендегі пневмотранспортерға 5 /1.1 суретті қараңыз/ тиеледі. Ал ауыр қоспалар дәнмен бірге тұндырғыш камераға 3 түседі. Қабылдау камерасында екіге бөлінген дән тектес қоспалар жоғарғы және төменгі торлы тұрқыларға тиеледі. Дәннің майда қоспалы жартысы Б1 тор тесіктерінен өтеді, ал ірілеу қоспасы бар екінші жартысы Б11 торлардың тербелісі нәтижесінде дән тазартылады. уа инерциясымен торға келіп түседі. Ірі қоспалар Б жоғары түтіктен атмосфераға бағытталады. Дән қабатының бір бөлігі тор бетімен сырғанап бөлінеді де, арнайы шнектің 6 көмегімен сыртқа шығарылады. Тесіккөздерден өтіп кеткен дән сырғанатқыш тақтайдың 4 бетімен сырғанап, В торға, сосын Г торға тиеледі: мұнда майда қоспалар тесіккөздерден өтіп, төмен бағытталады. Тазартылған дән Г торының бетімен сырғанап қабылдағыш арқылы Б2 торынан түскен дән ағынына қосылып, түсіргіш конвейерге тиеледі. Майда қоспалар сырғанатқыш тақтай 7 бетімен сырғанап, әкетуге арналған сол шнекке 6 бағытталады. Тазаланған дән массасын түсіргіш конвейер арнайы шанаққа төге береді. Ал тұндырғыш камерадан, тордан шыққан қоспалар шнек 6 көмегімен қоспаларға арналған шанаққа тиеледі.

Дәнді тазалауға арналған торлы ауалық А1 –ЗШС машинасы дәнді элеваторларда кептіру алдында жуықтап жеңіл қоспалардан бөлуге арналған. Негізгі жұмысшы органдары: ауамен тазалауға арналған бөлік, қабылдау камерасы, торлы тұрқы. Қабылдау камерасының жоғарғы жағында тиегіш терезе орналасқан, ал төменгі бөлігінде – қоректендіргіш бұдырлы біліктер. Дән ағынының мөлшерін реттеу үшін білеулердің астыңғы жағында серіппелі клапандар орнатылған. Білеулердің айналым саны 98 айн/мин. Ауамен тазарту бөлігінің аспирациялық екі каналы бар: каналдар тұндырғыш камераға, айналмалы торлы барабан мен желдеткішке ауа жолы құбыры арқылы жалғасады. Бөлінген жеңіл қоспалар тұндырғыш қамераның конустың бөлігіндегі клапан арқылы шнекке (пшн=110 айн/мин) тиеледі.

А1–ЗСШ машинасының функциялық нобайы 1.2 суретте көрсетілген. Дән ағынын жеңіл қоспалардан тазарту процесі мына ретпен орындалады:

Қабылдау камерасына тиелген тазартылуға тиісті дән ағыны бұдырлы білеулердің көмегімен бірқалыпты мөлшерде аспирациялық каналдарға беріледі. Ауамен үрлеу нәтижесінде бөлінген жеңіл қоспалар тұндырғыш камерада ауадан ажырап, тұна бастайды. Тұнба төменгі шнекпен сыртқа шығарылады. Дән мен ауырлау қоспалар аспирациялық каналдардан Б1 және Б2 торларына тиеледі. Ірі қоспалар тормен сырғанап, сыртқа бағытталады. Тесіккөздерден өтіп кеткен дән массасы сырғанатқыш тақтай бетімен сырғанап, бөлек люктен сыртқа қарай бағытталады. Нобайлардан көріп отырғандай, жоғарыда сипатталған екі машинаның жұмыс принциптьері ұқсас, айырмашылығы ЗД машинасының өнімділігі тор саны екеу ғана болғандықтан алдыңғы машинадан екі есе төмен /10 т/сағ./

 

1.3 сурет. А1–ЗШС сұрыптағышы: 1–корпус; 2–білем; 3–есікше; 4–арқан; 5– инерционды қозғалтқыш; 7– қабылдау қорабы; 8–аспирациялық құбыр; 9 – ағызу құбыры; 10 – скоба; 11 – рама; 12 – сұрыптағыш; 13 – скалтператор.